Шаңды бронхит

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 16:09, реферат

Описание

Шаңды бронхит (ШБ) —құрылымды өзгерістермен перибронхиалды қабынулардың дамуымен ірі дисперсті шаңдардың әсерінен пайда болатын баяу үдемелі эндобронхит. Кейбір шаңдар пневмокониозға қарағанда жиі сүлелі бронхиттің дамуын тудырады.
Бұлар құрамында аз мөлшерде кварцтары бар дөрекі дисперсті шаңдар (цемент, өсімдік, ағаш). Сүлелі эндобронхитті ең алдымен бронх ағаштарында орналасқан шаңдар тудырады. ШБ дамуында құрамындағы SiO2 қарағанда шаңның мөлшерінің маңызы зор.

Работа состоит из  1 файл

Шаңды бронхит МАДИНА.ppt

— 3.16 Мб (Скачать документ)

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік  Фармация Академиясы

 

Терапия және бакалавриат кафедрасы

 

Орындаған : Исахова М

Тобы : 314 ҚДС

Қабылдаған: Умиралиева Г.А.

 

Шаңды бронхит

Шаңды бронхит 

 

  • Шаңды бронхит (ШБ) —құрылымды өзгерістермен перибронхиалды қабынулардың дамуымен ірі дисперсті шаңдардың әсерінен пайда болатын баяу үдемелі эндобронхит. Кейбір шаңдар пневмокониозға қарағанда жиі сүлелі бронхиттің дамуын тудырады.
  • Бұлар құрамында аз мөлшерде кварцтары бар дөрекі дисперсті шаңдар (цемент, өсімдік, ағаш). Сүлелі эндобронхитті ең алдымен бронх ағаштарында орналасқан шаңдар тудырады. ШБ дамуында құрамындағы SiO2 қарағанда шаңның мөлшерінің маңызы зор.

Шаңды бронхитті дамуына сыртқы факторларда әсер етеді 

 

  • темекі шегу, қоршаған ортаның ластануы. әр түрлі өндірістік шаңдардың әсерінен шаңды бронхит дамуы мүмкін: көмір, мақта, ұн, дән, цемент, абразивті.
  • ШБ дамитын негізгі мамандықтарға жатады: шахтерлар, цемент зауытының жұмысшылары, тігінші фабрикаларының, мақтаны тазартатын зауыттар, құрлысшы жұмысшылары және т.б.
  • ШБ жоғарғы шаңды жағдайларда ұзақ жыл бойы жұмыс істеген адамдарда дамиды. Көбінесе орта немесе егде жастағы ер адамдар ауырады.

Патогенез:

 

  • Шаңды бронхиттер патогенезі бойынша көпжағдайларда сүлелі бронхиттің обструктивті түріне жатады. Ұзақ шаңның әсерінен бронх ағашында пайда болған өзгерістер аурудың ерте кезеңінде обструкцияға әкеледі.
  •          Шаң мен жұмысты жалғастыра берген жағдайларда ауру өрши түседі. Бұндай жағдайларда шаңды бронхиттің мүгедектік түрінің айқын клиникасы дамиды. Дискриния мен дискинезия бронх ағашындағы қабынулық өзгерістердің дамуына әсер етеді, ол обструкцияны үдете түседі. Обструктивті өзгерістердің өршуі, бролнх оспазмдардың пайда болуы, өкпе эмфиземасымен тыныс жетіспеушілігіне әкеледі. Аурдың бастапқы кезеңдерінде тыныс қызметтерінің бұзылыстарыныңдамуы, жүрек тамыр жүйесіндегі өзгерістерді тудырады,
  • ол шаңды бронхит кезінде ерте және кіші, үлкен қан айналымдарда ерте басталады. Аурудың басында жүректің соққылық және минуттық көлемі ұлғаяды, ал айқын өкпе эмфиземасымен тыныс жетіспеушілігі бар науқастарда ол шамалы түрде төмендейді. Өкпедегі процестердің өршуі кіші қан айналым шеңберінде гипертензияның дамуымен өкпелік жүректің қалыптасуына әкеледі. Миокардтың жиырылу қызметінің жағдайына және тыныс бұзылыстарының ерекшеліктеріне байланысты, өкпелік жүректері бар науқастардағы гемодинамикалық көрсеткіштер біршама өзгерістермен сипатталады.
  • Инфлюенц таяқшалары мен пневмококтардың шаңды бронхитпен ауыратын науқастарда бронхтарында қабыну процестерін тудыруда маңызы зор. Клиникасында айқын демікпелік синдромдары бар науқастарда осы микробтардың ағзаға сенсибилизациясы серологиялық әдістермен дәлелденген.

Шаңды бронхиттердің дамуы 

 

  • Шаңды бронхиттердің дамуы мен өршулерінде ағзаның жеке ерекшеліктерінің маңызы зор. Шаңды бронхиттердің бастапқы кезеңдерінде ағзаның жалпы резистенттілігі төмендейді. Аурудың өршуінің дамуы кезіндегі клеткалық және гуморалды иммунитет сүлелі аурулармен бірге иммунологиялық жетіспеушіліктің екінші типі бойынша жүреді. Бронх ағашындағы қабыну процесінің сипатымен белсенділігіне байланысты иммунологиялық тәуелділік анықталған.

Клиникалық симптомдар 

 

  • Шаңды бронхит кезіндегі маңызды клиникалық симптомдарға — өкпенің жетіспеушілігінің дамуы мен өкпенің басқада сүлелі ауруларын көрсететін ентігудің пайда болуы жатады. Шаңды бронхит кезінде обструктивті синдром басым болған жағдайларда анықталынатын, тыныстың қиындау сезімімен жүретін, ұстама тәрізді ентігулерге шаңды бронхитпен ауыратын науқастың анамнезіне ерекше көңіл аудару керек.
  • Шаңды бронхиттің айқын түрі бар науқастар үшін жалпы дегбірсіздік, тез шаршағыштық, әлсіздік шағымдары тән. Жиі сүлелі шаңды бронхиті бар науқастар кеудесіндегі ауырсынуларға, кеудесіндегі ауырлық және басылу сезімдеріне шағымданады.
  • Сүлелі бронхиті бар науқастарды қарап тексерген жағдайларда бронхиалық синдромдардың барлығын дәлелдейтін, өкпе эмфиземасы, өкпелік жетіспеушілік белгілеріне ерекше көңіл аударамыз.

Клиникалық диагностикасы анамнезіне 

 

  • Шаңды бронхиттердің клиникалық диагностикасы анамнезіне, науқастың шағымдарына, клиникалық зерттеулер мен қосымша зерттеу әдістеріне негізделген. Шаңды бронхиттерді сүлелі бронхиттерден ажырататын себептердің ерекшеліктеріне клиникалық симптомдардың баяу дамуы және аурудың нақты морфогенезін көрсетуі жатады. Шаңды бронхит құрғақ немесе аз мөлшердегі қақырықтың бөлінуімен жүретін жөтелмен басталады. Бұл симптомдарға науқас аурудың басында көңіл аудармайды. Кейде науқастар ауруларын жедел басталды деп есептейді (кенеттен температурасының жоғарлауы, жөтелдің күшеюі). әдетте бұндай жағдайларда жедел бронхит немесе жоғарғы тыныс жолдарының жедел катары диагнозын қояды. Сәйкес емді жүргізгеннен жедел көріністер басылады, бірақ жөтел кейде аздаған ентігу қалады.
  • Егер анамнезін мұқият жинайтын болсақ, науқастарда жедел аурулардың дамуына дейін науқастарды жөтел мазалағанын анықтауға болады. Жөтел аурудың бастапқы кезеңдерін санамаған кезде сирек құрғақ болады, әдетте қақырықтың бөлінуі болады, басында шырышты, жабысқақ, соңыра брохтардың зақымдалған жағдайларында іріңнің нәтижесінде сарғыш немесе жасыл түсті болады. Өте сирек жағдайларда шаңды бронхитпен ауыратын науқастарда қақырықтың болмауы бронхтарда қақырықтың жабысқақ және қою, сонымен қатар шырыштың шығуын қиындататын бронх ағашының дистониясымен деформациясымен түсіндіріледі.

Бронхитті анықтау

 

  • Өкпе аускультациясы кезінде, тынысқа тән өзгерістер анықталынады, сонымен қатар құрғақ кейде ылғалды сырылдар пайда болады. Шаңның себебінен пайда болған сүлелі бронхит кезінде құрғақ сырылдар жайылмалы сипатта болады, және аурудың айқын түрінде өкпенің барлық аймақтарында естіледі. Шаңды бронхитті анықтау кезінде функционалды, рентгенологиялық, эндоскопиялық және басқа тексер уәдістерінің маңызы зор.
  • Рентгенологиялық әдіс пневмоканиоздардан басқа, қандайда бір шаңды бронхит кезіндегі өзгерістерді анықтамайды. Осы аурлар кезіндегі рентгенологгиялық әдістердің негізгі мақсаты өкпе ауруларын жоққашығарып, мүмкін болатын асқынуларды алдын алу: перибронхиалды пневмосклероз, өкпе эмфиземасы, перифокалды пневманиялық өзгерістер.
  • Соңғы жалдары жүргізілген зерттеулерде профессионалды емес себепті эндоскопиялық тән сипаты анықталында, ол шаңды бронхиттің обьективті эндоскопиялық критерилеріне жатады. Оларға жатады: шырышты қабаттың жоғарғы жиіліктегі атрофиялық өзгерістері, бронх бездерінің ерте және айқын атрофиясы, «жалғангиперемия» түріндегі кеңірдекпен бронхтардың шырышты қабаттарындағы тамырлар суретің өзгерістері, кеңірдек және бронхтардың мембранозды қабырғаларындағы жиі дистония (50%), бронх ағаштарының әр түрлі аймақтарындағы деформациялар, қабынуға тән белгілердің болмауы, әсіресе аурудың бастапқы кезеңдерінде, бронх ағашының зақымдануының екіжақты және төменгі сипатта болуы мүмкін.
  • Шаңды бронхит кезіндегі клиникалық диагнозды қалыптастыру кезінде, тыныс қызметінің жағдайын комплексті бағалаудың маңызы зор. әртүрлі функционалды зерттеу әдістерінің ішінде өкпенің өмірлік сиымдылығын (ӨӨС), алғашқы секундтағы форсирленген тыныс көлемі (Тиффно индексі), өкпенің максималды вентиляциясы (ӨМВ), тынысты шығару кезіндегі пневмотахометрия. Алынған көрсеткіштерді тексерілушінің жасын, жынысын, бойын ескере отырып қалыпты жағдайдағымен салыстыра отырып бағалайды.
  • Спирографиялық көрсеткіштердің барлық комплексі бойынша сапалық бұзылыстар сипаты жүргізіледі. Вентиляцияның бұзылуының үш түрін ажыратады: обструкривті, рестриктивті және аралас.
  • Обструктивті түрінде, бронхтардың өтімділігі бұзылады, форсирленген тыныс көрсеткіштері төмендейді, ӨӨС төмендеудеңгейі басым болады, ал ОФның ӨӨС пайыздық қатынасы төмендейді, осы арқылы бронх обструкциясының айқындылығы сипатталады.

Емі: 

 

  • Шаңды бронхит ауруының емі аурудың ерте кезеңдерінен басталу керек. Бұндай жағдайларда амбулаторлы түрде профилактикалық ем немесе санаторлық-профилакторияларда жүргізіледі. Профилактикалық емнің негізінде адаптогендерді, витаминдер комплексімен физиотерапиялық процедураларды тағайындай отырып ағзаның жалпы төзімділігін жоғарлату керек.

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  • 1. Л.А.Зорина, М.И. Даулетбакова – Профессиональные болезни, Алматы, 1989г.
  • 2. Н.Н.Шаталова, В.Г.Артамонова – Профессиональные болезни, М., Медицина,1996 г.
  • 3. Алексеев С.В., Усенко В.Р. – Гигиена труда: Учебник, М., Медицина, 1998
  • 4. В.Г. Артамонова  — Неотложная помощь при проф. интоксикациях, М.,1981 г
  • 5. Архипова О.Г., Шацская Н.Н., Семенова Л.С. и др. Методы исследования в профпатологии, М., Медицина, 1988

Назарларыңызға рахмет!!!


Информация о работе Шаңды бронхит