Спид ауруы туралы жалпы мәлімет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 18:47, реферат

Описание

Зерттеу жұмысы Қазақстан тарихындағы әлі күнге дейін зерттелмеген тақырыптардың бірі. Тақырып мазмұнында тікелей қазіргі кезеңдегі шығыстану мен арабтану ғылымына тарихнамалық зерттеу жұмыстары жүргізілген. Елімізде шығыстану ғылымының іргесін кеңейтіп, жас ізденушілердің араб әдебиетін зерттей алатын жаңа шоғырын қалыптастыру маңызды. Қазіргі таңда елімізде шығыстанудың туын берік ұстап өзге де мемлекеттердегі шығыстанушылармен қатар тұрған ғалымдарымыз баршылық.

Работа состоит из  1 файл

Жунусбекова-stat'ya.doc

— 91.50 Кб (Скачать документ)

Дуанаев Е. Қазақстан  мұсылмандарының рухани басқармасында, Дадебаев А. көп жылдар «Мектеп» баспасында араб тілі оқулықтарын шығарумен  айналысқан. Айранбаева Б. мен Тазабекова Р. мектепте араб тілін оқытса, Абидинова ҚазҰУ-де оқутышы қызметін атқарды. ҚазМУ-дың филология факультетінде араб тілі бөлімі осылайша қалыптаса бастаған. Алғашында араб тілін оқытушылар жалпы тіл білімі кафедрасының құрамында болып, кейін, яғни 1984 жылы жеке бөлініп шығып, өз алдына шығыс филологиясы кафедрасын құрған. Жалпы шығыстану факультетінің негізін қалаған профессор Ә.Б. Дербісәлиев болған. Осы Орта Азия және Африка елдері тарихы кафедрасында шығыстану факультетінің негізі қаланған болатын.

Ұлы ойшылдарымыз өздерінің атақты шығармаларын араб тілінде жазған. Қазақтар өздерін дәстүрлі түрде мұсылман санап, дін туралы көбірек білгілері келген. Араб тілін білетін адамдар да өте аз болды. Кеңес өкіметі кезінде шығыстанушыларды Мәскеу Мемлекеттік Университеті жанындағы Азия және Африка елдері институты. Ленинград мемлекеттік университеті және Ташкент мемлекеттік университеті дайындады. Әрине, оқуға ынталары болғанымен, республикадан тысқары жерлерде оқуға мүмкіндік аз болды. Осының бәрінің Ә.Б. Дербісәлиевтің бастамасымен, ҚазМУ ректоры Ө.А.Жолдасбековтың қолдауымен ҚазМУ-де алғашында филология кафедрасының, одан кейін шығыстану факультетің ашылуына септігі тиді. Бұған және де сол кездегі ҚКП ОК-нің 1975 жылғы 29 сәуірдегі «Араб тілін кейбір орта білім беретін мектептерде оқыту және осы мектептерге педагогикалық кадрларды даярлау» туралы қаулысының шығуы сол кездегі ең маңызды оқиға болды. Бұл шешім 1977-1978 оқу жылында араб тілін оқыту жалпы білім беретін 10 орта мектепте және мектеп-интернатта шет тілі ретінде, оның 5-еуі 2-сыныптан бастап тереңдете оқытуды, 1976-1977 жылдан бастап С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде «Шығыс тілдері және әдебиеті» мамандығы бойынша филология факультетінде араб және қазақ тілін оқыту, Қазақ КСР Ғылым академиясы жанындағы тіл білімі институты араб тілін оқытуды ұйымдастырудың тізбесін жасады. Аталған қаулы Қазақстандағы арабтану, жалпы шығыстанудың негіздерін қалады.

1997 жылға дейін Әбсаттар  Дербісәлі осында қызмет атқарады. 1997 жылы оның басқа жұмысқа  ауысуына байланысты кафедра меңгерушілігін филология ғылымдарының кандидаты, доцент Надирова Гүлнар Ермұратқызы басқарды. Кафедрада шығыстану факультетін үздік бітірген Ташкент және Ленинград университеті түлектері әлі де жұмыс жасауда [10; 16-23].

Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан кейін елімізде жақсы кадрларға қажеттілік туындады. Көптеген жас келешегінен зор үміт күтетін оқытушылар ҚР ІІМ-не қызметке шақырылды. Олардың қатарында ҚР-ның Сауд Арабиясындағы өкілі Бағдат Әмреев [11; 200], ҚР-ның Араб әмірліктеріндегі консулы Алмас Абдраманов, түлектер Азамат Бердібаев (Таяу Шығыс департаменті басшысы), Қайрат Ламашариф (Египеттегі Қазақстан елшілігінің Кеңесшісі), Расул Жұмалы (ІІМ жауапты маманы), Ержан Мұқашев (ҚР Анкарадағы консулы), Исағалиев Арман (Египеттегі Қазақстан елшілігінің бірінші хатшысы), Берік Арын (Египеттегі Қазақстан елшілігінің кеңесшісі), Алмат Өмірзақов (консул), Ержан Қалекенов (ҚР-ның Сауд Арабиясындағы елшілігінің бірінші хатшысы), т.б.

Көптеген студенттер Қазақстандағы әр түрлі Жоғарғы  оқу орындарының оқытушылары қызметін атқарады. Атап айтсақ, Дина Есенжан, Гауһар Бүркітбай, Айнұр Донбаева, Саламат Қайранбаев (Абылай хан атындағы ҚазХҚУ және ХТ), Жұлдыз Мырзаханова, Элеонора Кансеитова, Рая Оразова (Абай атындағы университетінде), Болат Сарпеков, Құралай Ергалиева (Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында), Нұржамал Машкан, Роза Ескентаева, Айгуль Қабылшаева мен Айгүл Мамырханова (Гумилев атындағы ЕҰУ), Зейнелгабдина Гүлсая, Мекежанов Балтабай, Өтегенова Клара, Сегізбаева Қарлығаш (ҰҚК академиясында), Дүйсенбі Самия, Абдраманов Абдулманап (Яссауи атындағы қазақ-түрік университетінде), Тобжанов Шарибай Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде, Аубакирова Сандуғаш туризм және спорт комитетінде департамент бастығы болып жұмыс істейді. Араб тілін оқытатын мектептерде бұрынғы студенттер – Рахат Тазабеков, Бақыт Айранбаева, Манат Боранқұлова, Шарипа Қапашевалар жұмыс істейді. Сейтметова Жанетта, Сұлтанбердиева Майра, Аймағамбетова Айгүл, Имеремзаев Ділмұрат кәсіби аудармашылар болды.

Сонымен қатар, Қазақстанда арабтану ғылымының дамуына үлес қосып жүрген Б.Е. Көмеков  пен Ә.Қ. Муминов, З.-А. Әуезова сияқты біртуар ғалымдарымыздың да еңбектері зор. 1996 жылы Алматыда Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты құрылғаннан бері еліміздің төл тарихын зерттеуде ғылыми жаңалықтар ашып жатыр. Оған дәлел ретінде «Мәдени мұра» бағдарламасы арқылы Қазақстанның деректік негізін толықтыру мүмкіндігінің іске асуымен байланысты араб тілді деректер аударылды. Бұл Қазақстан тарихының әлі де болса ашылмаған тұстарын зерттеуге бірден–бір мүмкіндік болды. Қазақстан тарихына қатысты араб деректерін аса шеберлікпен Б.Е. Көмеков  пен Ә.Қ. Муминов [12] аударды.

Қоғамымызда мұсылман мәдениетіне, араб тіліне деген қызығушылық әр кезде болғандықтан Қазақстанның білім саласына араб тілінің енуі қажет болды. Өйткені қазақ халқының тарихи мәдени ескерткіштерінің көпшілігі араб тілінде және арабша қолжазбалар түрінде жазылған. Сондықтан қазір араб тілін жетік меңгерген білікті мамандарды даярлау маңызды болып табылады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Большая энциклопедия: в 62 томах. – М.: Терра, 2006 – Т.3. – 592 стр.

2. Неизвестные страницы отечественного востоковедения. – М.: «Восточная литература» РАН, 1997. – 392 стр.

3. Слово об учителях: московские востоковеды 30-60-х годов. – М.: Наука, 1988 – 344 стр.

4. Шаститко П.М. События и судьбы: из истории становления советского востоковедения. – М.: Наука, 1995 – 134 стр.).

5. Коранъ /Пер.: с араб. Г.С. Саблукова. – 3-е изд. – Казань: Центральная типография, 1907. - 1171 с.

6. Климович Л.И. Құран туралы кітап /Ауд.: О. Оралбеков. – Алматы: Қазақстан, 1990. – 272 с.

7. Боқаш Ғ. Қазақ шығыстануы туралы бірер сөз //Қазақ әдебиеті. – 2009. – 16-22 қаңтар (№1). – Б. 6-7.

8. Әбжанов Х. Қазақстан: тарих, тіл, ұлт. – Астана: «Ана тілі-ата тарих», 2007. – 272 б.

9. [Электрондық ресурс] http://kaznu.kz/kz/10830/page/. Режим доступа: 6.02.2012.

10. История факультета востоковедения /Под ред. С.М. Сыздыкова. – Алматы: Кітап, 2004. – С.16-25.

11. Дипломат-Тұлға: Бағдат Әміреев туралы // Дипломатия жаршысы. – 2008. - №4. – Б. 199-200.

12. Творческая биография доктора исторических наук Муминова Аширбека Курбановича.

 

References

1. Big encyclopedia: in 62 volumes. – М.: Terra, 2006 – V.3. – 592 p.

2. Unknown pages of domestic oriental studies. – М.: «Vostochnaya literatura» RAN, 1997. – 392 p.

3. Word about teachers: Moscow orientalists of the 30-60th years. – М.: Nauka, 1988 – 344 p.

4. Shastitko P. M. Events and destinies: from formation history of Soviet oriental studies. – М.: Nauka, 1995 – 134 p.

5. Koran /Translation from Arabic of G.S. Sablukov. – 3rd publication. – Kazan: Central’naya tipografiya, 1907. – 1171 p.

6. Klimovich L.I. The book about Koran /Tr.: О. Oralbekov. – Almaty: Kazakhstan, 1990. – 272 p.

7. Bokash G. Some words about Oriental studies //Kazakh adebieti. – 2009. – 16-22 January (№1). – P. 6-7.

8. Abzhanov H. Kazakhstan: history, language, nation. – Аstana: «Ana tili-ata tarih», 2007. – 272 p.

9. [Electronic resource] http://kaznu.kz/kz/10830/page/. 6.02.2012.

10. History of oriental studies faculty /Edited by S.M. Syzdykov. – Аlmaty: Kitap, 2004. – P.16-25.

11. Diplomat – Person : about Bagdat Amireev //Diplomatiya zharshysy. – 2008. – №4. – P. 199-200.

12. Creative biography of the historical sciences doctor Muminov Ashirbek Kurbanovich.




Информация о работе Спид ауруы туралы жалпы мәлімет