Суррогат ана

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 16:49, доклад

Описание

Бүгінгі күні «бедеулік» атты проблема бүкіл әлемді мазалап отырғаны белгілі. Қаншама отбасы бала сүю бақытынан айырылған. Барлық жер шары болып бүгінгі таңда осы проблемадан шығу жолдарын қарастырып, зерттеп жатыр. Бұл біздің халқымызға көп ғасырлар бойы жат дүние болып келді, алайда өзіміз егемендігімізді алғаннан кейін біздің еліміз қандай да болмасын саланы құқықтық реттеу үшін басқа мемлекеттердің қалыптасқан нормаларын өзіне қабылдады. Сол шешімдердің бірі – суррогаттық ана. Суррогаттық ана дамыған елдерде біраз қарқын алған, суррогат ананың көмегіне жүгініп жатқандардың саны күн санап артуда. Мұндай норма немесе ұғым бұған дейінгі қолданыстағы заңда болмаған.

Работа состоит из  1 файл

Cуррогат ана.docx

— 23.61 Кб (Скачать документ)

Бүгінгі күні «бедеулік» атты проблема бүкіл әлемді мазалап отырғаны белгілі. Қаншама отбасы бала сүю  бақытынан айырылған. Барлық жер  шары болып бүгінгі таңда осы  проблемадан шығу жолдарын қарастырып, зерттеп жатыр. Бұл біздің халқымызға көп ғасырлар бойы жат дүние болып келді, алайда өзіміз егемендігімізді алғаннан кейін біздің еліміз қандай да болмасын саланы құқықтық реттеу үшін басқа мемлекеттердің қалыптасқан нормаларын өзіне қабылдады. Сол шешімдердің бірі – суррогаттық ана. Суррогаттық ана дамыған елдерде біраз қарқын алған, суррогат ананың көмегіне жүгініп жатқандардың саны күн санап артуда. Мұндай норма немесе ұғым бұған дейінгі қолданыстағы заңда болмаған. Заңда болмаған десек те, бұл – кейінгі жылдары біздің қоғамның да тіршілігіне еніп келе жатқан, түрлі себептермен балалы бола алмай жүрген ерлі-зайыптылардың қосалқы репродуктивтік технологиялар әдісін қолдану арқылы бала сүюіне мүмкіндік беретін медицинаның жаңа бір тармағы. Суррогат ана, яғни құрсақ ана, ғылымда соңғы он бес жылда қарқынды дамыған медициналық құбылыс болып есептеледі. Баланы тоғыз ай көтеруге келісім берген ананың құрсағына сәбидің биологиялық ата-анасының гаметалары енгізіледі. Кез-келген адам суррогат ана бола алмайды. Оған қойылатын талаптар, қолданыстағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 56-бабында көрсетілген. Атап айтатын болсақ, «Суррогат ана болуға тілек білдірген әйел жиырмадан отыз беске дейінгі жаста, медициналық ұйымның қорытындысымен расталған, қанағаттанарлық тән денсаулығы, психикалық және репродуктивтік денсаулығы, сондай-ақ өзінің дені сау баласы болуға тиіс.»  Осылайша әйел нәрестені тоғыз ай көтеріп, ата-анасына аман-есен табыс етуі тиіс. Әлемде бұл әдіспен қанша сәби дүниеге келгені туралы ресми мәлімет жоқ, алайда бейресми сараптамаларға сенсек, дүниежүзінде суррогат ананың көмегімен 220 мыңдай сәби туылыпты. Бүгінде жастайынан «құрсағы тарылып», бала сүю бақытынан айрылғандардың саны ғылым мен технология дамыған шақта артып келе жатқаны еліміздің демограф-ғалымдарын алаңдатып отыр. Олардың айтуынша, қоғамымызға дендеп енген­ «батыстық дерттің» әсерінен тәуелсіз еліміздің халық саны күрт азайып­, дамыған әрі гүлденген Қазақстанда демографиялық дүмпудің орнына, әлеумет­санының төмендеуі басымдық танытуда. Елімізде суррогат ана қызметі іс жүзінде қарқынды дами қоймасада, заңмен реттелген. Жаңадан қабылданған «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексте суррогаттық ана туралы бап қарастырылған. Аталған заңда «суррогат ана» - ға арнайы анықтама берілген, онда «суррогат ана - суррогат ана болу шартына сәйкес тапсырыс берушілер үшін қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологиялар қолданылғаннан кейін құрсақ көтеретін және бала (балалар) туатын әйел. Суррогат ана болу - сыйақы төлене отырып, суррогат ана мен ерлі-зайыптылар арасындағы шарт бойынша, күні жетпей босану жағдайларын қоса алғанда, бала (балаларды) көтеру және туу» Ол заңда барлық жағдайлар қарастырылып, көрсетілген. Атап өтетін болсақ:

  1. Суррогат ана болу шарты
  2. Суррогат ана болу шартының мазмұны
  3. Суррогат анаға қойылатын талаптар
  4. Суррогат ана болу шарты тараптарының  құқықтары мен мiндеттерi
  5. Қосалқы репродуктивтiк әдiстер мен технологияларды қолдану
  6. Суррогат ана болу шартының немесе қосалқы репродуктивтiк әдiстер мен технологияларды қолданудың құқықтық салдары.

 Дегенмен, кез – келген  заттың екі ұшы болмайды емес  пе? Сол сияқты осы мәселені  де мен екі жақты көзқараспен  қарастыруды жөн көрдім.

«Суррогаттық ананың»  теріс жақтарын қарастырып көрейік. Ең алдымен мұсылман халқына қолдан ұрықтандырудың барлық түрі шариғат бойынша – харам болып табылады. Бірақ біздің елдің зайырлы мемлекет екенін ескеру қажет. Ал қарапайым адами тұрғыдан қарайтын болсақ, әйел адамның суррогат ана боламын деп келіскен күннің өзінде, баланы көтеріп жүрген шақта оның аналық махаббаты оянады, 9 ай құрсағында көтеріп, босанып, кейін ол баланы келісімшарт бойынша заңды деп саналатын әке-шешесіне табыстау моралдық - психологиялық тұрғыдан өте ауыр іс.  Екіншіден, бұл ірі бизнес көзіне айналып барады. Біреулер суррогат анаға жүгіну бала көрудің соңғы мүмкіндігі деп қараса, енді біреулер үшін жақсы қаржы табудың тиімді көзі болып отыр. Қазір тіпті сәби көре алмай келе жатқан отбасылар ғана емес, сондай-ақ тұла бойын бұзғысы келмейтін нәзік­жандылар да бой ұра бастаған. Бұл қызмет түріне жүгінгенше, балалар үйінде, көдері жаутандап, ата –аналарын күтіп отырған жетім балаларға неге ата-аналық махаббатын сыйламасқа деген пікірді де ұстанатындар баршылық.

Ал менің ойымша «суррогат  ана»-ның тиімді жақтары молырақ. Себебі, әбден үмітін үзген отбасыларға  жалғыз үміт көзі болып отыр. Статистикаға сүйенетін болсақ, біздің елде жылына 150-160мың неке қиылады екен, оның 16%  ата-ана болу бақытына бөленбейді. Оның ішінде 70%  жұптарға емделудің түрлі әдістері көмектесе алатын болса, қалған 30%  жұпқа тек қосымша репродуктивті әдістер арқылы ғана бала сыйлауға болады. Бұл елімізде бедеулікке шалдыққандардың санының күрт үскенін байқатады. Отбасын құрған жұптардың ажырасуының бірден-бір себебі – баланың болмауы. Дана халқымыз «Бай болма, балалы бол» немесе «Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар» деп тегін айтпаса керек. Бала – отбасын біріктіруші, сондықтан әрбір отбасы балалы болуға талпынады. Бұл тек бір ғана отбасының проблемасы емес, сонымен қатар бар халықтың мәселесі, себебі ғалымдардың айтуы бойынша осы проблема салдарынан Қазақстан 2050 жылға қарай қартаю қарқыны жеделдеген мемлекеттер қатарынан көрінуі мүмкін. Қазақстан – өз азаматтарына жасанды ұрықтандыру әдісін мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруды бастаған санаулы мемлекеттердің бірі болып табылады. Бұл – осы жағдайдың мемлекет үшін де маңызды екенін тағы аңғартады.

Кім балалы болып, ата-аналық сезімге бөленгісі келмейді? Кейбір жанұя бұл мәселені бала асырап алып шешеді. Ал кейбір жанұялар өздерінің  генетикалық балалары болғанын қалайды. Бұл да – табиғи құбылыс және де балалы болу  – әр адамның негізгі  құқығы және қалауы. Суррогаттық анадан туған бала өзінің тұқымы, өзінің қаны, бар болғаны, ана-ана белгілі себептерге байланысты бала көтере алмағандықтан, басқа әйел сол баланы тоғыз ай көтеріп береді, біз неге оған қарсы болуымыз керек?!

Менің пікірім бойынша, суррогаттық  ана қазіргі кезде біздің елге өте қажет және оны одан әрі  дамыта түсу керек сияқты. Заман өзгеріп, ғылым дамып, медицина өсіп жатқан дәуірде бұл қалыпты құбылыс деп ойлаймын. Бұл бақыт тек бір ғана жанұя үшін емес, мемлекет үшін маңызды, себебі, мемлекетіміздің алдында тұрған басты мақсаттарынң бірі - халық санын көтеру екені бәріне белгілі. Суррогаттық ана – аса ізгі қызмет. Баласыз отбасына нәресте сүйгізіп, ата-аналық сезімді бастан өткеруге көмектесетін, екінші жағынан, суррогаттық ананың өзгенің бақытты болуына қатысы барлығын сезіндіретін игі іс.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-IV Кодексi
  2. «Ана тілі» газеті, 19-Қаңтар, 2011жыл
  3. «Адырна» ұлттық-этнографиялық порталы: www.adyrna.kz
  4. www.nurotau.kz
  5. www.zan.zanmedia.kz

Информация о работе Суррогат ана