Темекі мен ішімдік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 22:54, реферат

Описание

Темекі мен ішімдіктің зиянын барлық мамандандырылған дәрігерлер айтып әлек. Темекіге әуес әйелдің етеккір циклі өзгеріске ұшырап, жатырдан тыс жүктілік қауіпі күшейеді, жатыр түтікшелері түрлі ауруға шалдығады.
Репродуктивты технологияны көмекші ретінде пайдаланатындар осы темекі тартатын әйелдер. Жүктілік кезінде дүние есігін ашатын балаға темекінің залалды екені мәлім. Бұл дәлелденген де. Темекі тартқан келіншектен салмағы жетпей қалған сәби туылады. Толғақ кезінде ана қатты қиналады. Ал, еркектерді аталық ұрықтары әлсізденіп, оның қызметі төмендейді.

Работа состоит из  1 файл

Темекі мен ішімдік.docx

— 746.56 Кб (Скачать документ)

Темекі мен ішімдік

Темекі мен ішімдік 
Темекі мен ішімдіктің зиянын барлық мамандандырылған дәрігерлер айтып әлек. Темекіге әуес әйелдің етеккір циклі өзгеріске ұшырап, жатырдан тыс жүктілік қауіпі күшейеді, жатыр түтікшелері түрлі ауруға шалдығады.  
Репродуктивты технологияны көмекші ретінде пайдаланатындар осы темекі тартатын әйелдер. Жүктілік кезінде дүние есігін ашатын балаға темекінің залалды екені мәлім. Бұл дәлелденген де. Темекі тартқан келіншектен салмағы жетпей қалған сәби туылады. Толғақ кезінде ана қатты қиналады. Ал, еркектерді аталық ұрықтары әлсізденіп, оның қызметі төмендейді. 
 
Алкоголь, марихуана, есірткі заттарды пайдалағандар мен түрлі дәрілерді ішкендер белдеулікке жиі ұшырайды. Өйткені бұлар ұрықтың жиналуына себепкер болатын гармондар мен хромосомалардың қызметін бұзып, сексуалдықты төмендетеді. 
Кофе 
Кофені құмартып ішетін аруларда денеге бала біту мүмкіндігі аз. Аяғы ауыр әйелге кофеден бас тарту оңайға соқпас, әлбетте оны аз мөлшерде ішу қажет. Кофеинді кофенің де зияндары жетерлік. Газдандырылған сусындар мен шоколод құрамында да кофеиннің бар екенін естен шығармаңыз. 
Бүгінгі таңда медицина қарқынды дамып кеткен. Бала сүю мәселесі де дұрыс жолға қойылуда. Бедеулікке шалдыққандар күйзелмей медикаментозды терапия және репродуктивты технология көмегіне жүгінуге болады-дейді дәрігерлер. 
Әйел мен баланың денсаулығын жақсарту. Ана мен баланың денсаулығын қорғау біздің мемлекетіміздің, денсаулық сақтау органдарының, жұртшылықтың тікелей назарында болуға тиіс. Уақыт өтіп, қазына кірісі өскенде мемлекет үшін де, отбасын қолдауға тиімді демографиялық саясат үшін де қолайлы нысанда аналар мен балаларға мемлекеттік қолдау көрсетуге қаражат табамыз. Біз бұрынғы уақыттан бері және қиындықтарға қарамастан бүгін де осындай көмекті көрсетіп келеміз. Мен балалы болғысы келмейтіндерге салық енгізу туралы ұсынысты көпшілік талқысына саламын. Одан түскен қаржыны көп балалы отбасыларды қолдауға жұмсар едік. 
Бізге жергілікті деңгейде де отбасын, әйелдің жүкті кезін және балаларды тәрбиелеуді қолдаудың жаңа жолдарын табу керек. Неке мен отбасы институтын нығайтудың жолдарын мұқият талдау, жалғызбасты аналар проблемасын шешу керек. Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ал ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз. Ата-аналар балаларына, ал балалар өздерінің қартайған ата-аналарына қамқор болғанда, әйел отбасы мен қоғамда құрметке ие болғанда - еліміз үшін алаңдамауға да болады. Бұл ұсыныстар Қазақстан халқына қашанда тән болған, оларды жандандырып, жан-жақты қорғау қажет. Жұртшылық мұнда дұрыс шешімді көрсетіп, ол отбасы туралы заңда бейнеленуге тиіс. 
Салауатты тұрмыс құрып, сол арқылы балаларына үлгі көрсетіп отырған ата-аналарды айрықша атап көрсету қажет. Мен компаниялар мен жұмыс берушілерге осы тұрғыдан көтермелеудің тиісті нысандарын іздестіруді ұсынар едім. 
Елімізде жыл сайын 200 мың аборт жасалады. Қоғамда абортқа тыйым салу керек пе, жоқ па деген мәселе пікірталасына түсуі керек. Мұндай өте нәзік мәселеде де, басқа мәселелерде де мен көпшілікті қолдаймын. Қандай жағдайда да, әйелдің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін отбасын жоспарлаудың өркениетті жолына түсуіміз керек. 
Жас шамасына қарай жүргізілетін саясатта біз жастар мен жеткіншек ұрпаққа, сондай-ақ жас отбасыларға көңіл бөлуді күшейтуге тиіспіз. 
Тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту. 
Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20 процентіне себеп болып отыр, ал кейбір аймақтарда жағдай мұнан да қиын. Отандастарымыздың үштен бірі сапасыз ауыз-суды пайдаланады. Жеткілікті және дұрыс тамақтанбау да теріс демографиялық салдарға әкеп соғады. 
Сондықтан біздің әрқайсымыз тамақтану мен ауызсуға ерекше көңіл бөлуге тиіспіз. Біздің мамандарымыз қалай дұрыс тамақтану керек екенін, табыс дәрежесіне қарай өз рационын қалай құру керек екенін қазіргі заманғы жеке басының тазалығы ережелерін орындауды, сапасы төмен ауызсудың зиянын қалай тигізбеуді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндіруден жалықпауы керек. Экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер мен стандарттау органдары қойылған мақсаттардың басымдығына сәйкес жұмыс жүргізуге тиіс. Кез келген сапасыз тамақ өнімдерін өткізушілер мен жасап шығарушыларға, табиғи ортаны ластаушылардың бәріне берік және қат-қабат тосқауыл қойылуы қажет. 
Мемлекеттік ведомстволардың басшылары осының бәрінде де үлгі көрсетуге тиіс. Сонымен қатар дінбасылар мен қоғамның басқа да құрметті адамдарын осы процеске қосылуға шақырамын. Бұл - маңызы зор мәселелер. Адамдардың денсаулығы мен оны мыңдаған отандастарымыздың өмірі осы шараларға тікелей байланысты 
Ащы судың азабы көп 
Енді этил спиртінің (“самопалдағы” мұнайдан жасалған техникалық спиртті қоса алғанда) адам ағзасына тікелей қалай әсер ететінін білгіңіз келсе, мынаған назар аударыңыз: 
1. Рактың тууына бірден бір себепкер – алкоголь. Көптеген зерттеулердің қорытындысына сүйенсек, арақ ауыз, өңеш, жұтқыншақ, кеңірдек, асқазан, ішек рактарымен қоса, тері рагінің 50-70 пайыз, қалқанша безі рагінің 100-150 пайыз, әйелдерде сүт безі рагінің 60 пайыз жиілікте пайда болуын арттырады.  
2. Жүректі жегідей жейді.  
Адамның “моторы” айталықтай өзгеріске ұшыраса, оның өмірі де қысқаратыны белгілі. Дәрігерлер “алкогольдік кардиомиопатия” диагнозын қойса, осы бастан жақындарыңмен қоштасып, ахиретке дайындала беруіңе болады.  
3. Бауырды езеді. Арақты “жақсы көретіндер” әлі емі табылмаған цирроз ауруына, сонымен қатар гепатит, бауырдың майлы дистрофиясы сырқаттарына жиі, ерте ұшырайды. Ондай адамдардың бауыры бүрісіп, езіліп кетеді.  
4. Тамырларды тарылтады, қуысын бітейді. Негізінен, қан қысымының жоғарылауы тамырлардың тарылуынан, оның қуысының атеросклероздық әктенуі салдарынан бітелуінен болады. Бұндай адамдардың инфаркт, инсульт алу мүмкіндігі жоғарылайды.  
5. Шұғыл өліп кетсең, арақтан көр. Маскүнемдер арасындағы тұтқиыл өлімдер арақ ішпейтін адамдардан әлдеқайда көп кездеседі. Ол жүректің ырғағынан жаңылысуынан, өкпе артерияларының қан ұйындыларымен бітелуінен т.б. болады.  
6. Ақылдан адастырады. Психиатриялық емханаға түсетіндердің көбі – маскүнемдікке салынғандар. Галлюцинация, сандырақтау, иллюзия, құтыру, есте сақтау қабілетінің төмендеуі – осының бәрі арақтың кесірі.  
7. Иммунитет төмендейді. Араққа құмар адамдар жұқпалы ауруларға, соның ішіндегі қауіптілері туберкулезге, тұмауға жиі шалдығады.  
8. Қабыну процестерін қарқындатады. Өңештің, асқазанның, ұйқы безінің, өкпенің, бүйректің, жүйкенің қабыну аурулары да осы арақтың кесірі. 
9. Астың сіңірілуін азайтады. Мальабсорбция процесі жүрсе, яғни ас сіңірілмесе, тағам құрамындағы құнарлы заттар қанға өтпесе, ақуыз, көмірсу, май, витамин, минералды заттар жетіспегендіктен ағза ашығады.  
10. Кемтар ұрпақты дүниеге келтіреді. Спиртті ішімдіктерді “сүйетіндерден” туған балалар өле-өлгенше ата-аналарын қарғап өтетін шығар (егер оған ақылдары жетсе!).  
 
Спирттік ішімдіктердің қауіптілігі мен тигізетін зардаптарына көзің жетті ме? Бұл әңгімемізде тек оның ағзаға ғана әкелер зиянын айтып өттік. Ал, харам сусыннан қоғамға келер моральдық, қылмыстық т.б жайттар өз алдына бөлек тақырып. Ендеше одан отбасыңды, жақындарыңды сақтандыр, өзгелерге де осыны айт! Ұлт болашағына қауіпті осы құбылыспен қоғам болып күресейік. 
Осыдан он жыл бұрын “Қазақстан-2030” стратегиясындағы 7 басым бағыттың ішінде денсаулық сақтау және білім беру, адамдардың өсіп-өнуі өміршең міндеттер екені белгілі. Бірінші кезекте сырқаттың алдын алу және дені сау болып, жақсы өмір сүрудің берік дағдысын күнбе-күнгі әдетке айналдыру, нашақорлық, арақ ішу, темекі шегу секілді теріс құбылыстарға қарсы күрес жүргізу, ана мен баланың денсаулығын қорғау, дұрыс тамақтану, қоршаған орта мен экологияның таза болуына күш салу секілді міндеттерді жүзеге асыру бағытында әлі де көп істер атқарылуы тиіс. Бұл ретте медициналық қызметтің сапасын халықаралық стандарттарға сәйкес ету, озық та жаңа технологияларды дамыту асығыс-үсігіс реформалар жасауды емес, байсалды көзқарастарды және мәселеге ғылыми саралау тұрғысынан келуді қажет етеді. Нарық жағдайында жеке меншік медициналық қызметтің де дамуына жол ашылды. Бір ғана мысал. Қазір ірі қалалар мен облыс орталықтарында тіс емханасының көптігінен аяқ алып жүре алмайсыз. Бұл жақсы ма, жаман ба? Егер әр адам өз денсаулығын күйттеп, шын кәсіби дәрігер таңдауға жүгіне алатынын ойласақ және санның сапаға айналмай тұрмайтынын, ол қолайлы қызмет көрсету бәсекелестігіне жетелейтінін ескерер болсақ, бұл жағымды көрінеді. Ең өткір мәселе, соған қарамастан ауру біткеннің алдын алу, адамдардың өзін-өзі күту жағдайы медициналық білім мен қолжетімді ақпарат болуымен байланысты екені дау туғызбайды. 
Сондықтан да қоғамда саламатты өмір салтын қалыптастыру аясында жаңа міндеттерді шешуіміз керек. Оны медициналық сауаттылық және өз денсаулығын ойлау жолындағы сауаттылық және мәдениеттілік десек

 

 

 

 

 

 

Оттегі

Оттегі OОттегі (латынша Oxygenium), O – элементтердің периодты жүйесінің VI-тобындағы химиялық элемент. Реттік нөмірі 8, атом массасы 15,999. Оттегі –химияның ең маңызды элементі және Жер бетіндегі көптеген тірі ағзалардың тыныс алуын қамтамасыз етеді. Оттегісіз біз бірнеше минут қана өмір сүре аламыз. Жасушалар мен талшықтар өмір тіршілігіне қажетті өздеріндегі энергияны босата отырып, органикалық заттарды тотықтыру үшін оттегіні пайдаланады. Оттегінің физиологиялық әсері өте көп қырлы, алайда, оның емдік әсерінде маңызды рөлді ағза талшықтардағы оттегі жетіспеушілігін орнына қайта келтіру қабілеті атқарады.Адам ағзасының барлық мүшелері мен талшықтары қалыпты жұмыс істеуі үшін біздің айналамыздағы ауаның құрамында кем дегенде 21% таза оттегі болуы керек. Үлкен қала – бұл өте жылдам өмір ырғағы (біз күн сайын энергия жоғалтамыз), газдалған ауа (созылмалы гипоксия)! Ірі мегаполис тұрғындарының оттегіне мұқтаждықтары орасан зор. Экологиялық ахуалдың жалпы деңгейде нашарлауы ірі қалаларда ауадағы таза оттегі мөлшері кейде 10-12%-дан артпауына алып келді. Осының салдарынан гипоксия (оттегі жетіспеушілігі) туындайды.

Мазмұны:

1 Оттегінің алынуы

2 Оттегінің қасиеттері

    • 2.1 Физикалық қасиеттері
    • 2.2 Химиялық қасиеттері
      • 2.2.1 Жай заттармен әрекеттесуі
      • 2.2.2 Күрделі заттармен әрекеттесуі
  • 3 Оттегінің табиғаттағы айналымы және қолданылуы
  • 4 Оттегінің аллотропиялық түр өзгерістері. Озон
    • 4.1 Озонның химиялық қасиеттері
  • 5 Пайдаланылған әдебиет

 


 

Оттегінің алынуы


Оттегін өнеркәсіпте ауаны қысып сұйылтады да, азот пен оттегінің қайнау температураларының айырмашылығына қарай буландырып бөліп алады. Осылайша алынған оттегі көгілдір түсті баллондарда сақталады, себебі сұйық оттегі ашық-көгілдір түсті болады. Ал зертханалық алу әдістері кейбір оттегіге бай күрделі қосылыстарды айыруға негізделген (8-сурет).

  1. Тұрмыста жиі қолданылатын «марганцовканы» айыру. Ол үшін құрғақ сынауыққа аздаған түйірлерін салып, оның аузын газ шығатын түтігі бар тығынмен жауып қыздырамыз. Сонда мына реакция жүреді:

Шоқтанған шырпыны түтіктің аузына апарсақ, ол лап етіп жанады, себебі оттегі жануды қолдайтынын сендер бұрыннан білесіңдер.

  1. Калий хлоратын айыру. Бұл реакцияның жүруін тездету үшін марганец (IV) диоксидін (өршіткі) қосамыз, сонда оттегі көп мөлшерде бөліне бастайды:

Өршіткі - реакцияның жылдамдығын  өзгертетін, бірақ өзі жұмсалмайтын зат (МnO— өршіткі (катализатор)).

Бөлінген оттегін екі әдіспен  жинауға болады.

  1. Ауадан сөл ауыр болғандықтан (Мr(O2)=32, Мr(ауа)=29) ауаны ығыстыру арқылы (8, а-сурет).
  2. Суда нашар еритіндігінен суды ығыстыру арқылы жинау (8, ә-сурет).

Оттегін сынап (II) оксидін (HgO) айырып ағылшын  ғалымы Д. Пристли алған (1774).

Газдарды зертханада жинайтын құрал  газометр деп аталады. Ол қалың қабырғалы  шыныдан жасалған екі бөлімнен тұратын  ыдыс, оның сол жағында табанына жақын жерде (1) және оң жақ иығында (2) тығындалатын екі тесігі бар. Ал үстіңгі  бөлігі (тубус) ұзын түтікті құйғы  сияқты болып жасалған, ол астыңғы  бөлігіне кигізілген. Оған газ жинау  үшін тубустың шүмегін (А) ашып сумен  толтырамыз. Одан кейін тубустың шүмегін  жауып, астыңғы тығынға кигізілген шүмекті ашамыз да, осы жерден оттегін  жібереміз, ол суды ығыстырып шығарады. Газды жинап болғаннан кейін  астыңғы шүмекті жабамыз. Тәжірибеге оттегі керек болғанда тубустың шүмегін  ашамыз, одан аққан су оттегін ығыстырады, ол жоғары оң жақ, иықтағы шүмектен (Б) шығады, оны бір ыдысқа жинап  алу керек (9-сурет).

Оттегінің қасиеттері


Физикалық қасиеттері


Оттегі (O2) түссіз, суда аз еритін (20°С-та судың 100 көлемінде 3,1 көлем Oериді) газ күйіндегі зат. Қалыпты жағдайда (0°С, 1 атм=101,3 кПа) 1 л оттегінің салмағы 1,43 г, ал 1 л ауа - 1,29 г болады.

Химиялық қасиеттері


Оттегі қыздырған кезде көптеген заттармен әрекеттеседі, бұл үдеріс жану деп аталады, ол жылу мен жарықты  бөле жүреді.

[өңдеу]Жай заттармен әрекеттесуі


Бейметаллдармен әрекеттесуін көру үшін оттегі толтырылған сынауыққа көмірдің түйірін салсақ, ол жарқырап жана бастайды (10-сурет):

С + O= СO2

Түзілген көмірқышқыл газын әк суына жіберсек оның лайланатыны сендерге белгілі. Бұдан басқа күкірт, фосфор, т.б. бейметалдар да оттегінде жанады (11-сурет):

S + O= SO2

4Р + 5O= 2Р2O5

Кейбір металдар да оттегінде жанып  оксидтер түзеді. Мысалы, оттегімен  толтырылған сынауыққа магний ұнтақтарын сепсек, оның жарқырап жанғанын көруге болады.

2Mg + O= 2МgО

Болат сымның ұшына кішкентай көмір  түйірін шаншып алып, оны тұтатып  оттегімен толтырылған ыдысқа салсақ жанған көмірден бөлінген жылудың әсерінен темір жана бастайды (12-сурет).

ЗFе + 2O= Fе3O(FеO•Fе2O3)

Элементтер оттегімен әрекеттесіп  оксидтер түзеді, бұл тотығу үдерісі. 
Оксидтер дегеніміз молекула құрамы екі элементтен тұрып, оның бірі оттек болатын күрделі заттар.

Оксидтерді атағанда элемент таңбасынан кейін жақшаның ішіне валенттілігі көрсетіледі де оксиді деген сөз  қосылады. Мысалы, SO- күкірт (IV) оксиді, SОкүкірт (VI) оксиді. Халықаралық номенклатура (атау әдісі) бойынша оксидтердің құрамындағы элемент атомдарының сандары грек сандарымен көрсетіліп аталады: CO - кеміртек монооксиді, СО- көміртек диоксиді, МnO- марганец диоксиді, Мn2O- димарганец гептаоксиді.

Күрделі заттармен  әрекеттесуі


Кейбір күрделі заттар да оттегінде  жанып оксидтер береді, мысалы, тамақ  пісіргенде ас үйдегі газ пешінде  қолданылатын пропанның (С3Н8) жануы:

С3Н8+ 5O= ЗСO2+ 4Н2O

Автогендік әдіспен металдарды кесу мен жалғауда мына реакция жүреді:

2Н+ 5O= 4СO2+ 2Н2O

Металлургия өндірісінде өртеу  пештерінде күрделі заттардың тотығу реакциялары жүреді:

2ZnS+3O= 2ZnO + 2SO2

Cu2S + 2O= 2CuO + SO2

Сонымен, оттегі жай және күрделі  заттармен әрекеттескенде жану реакциялары  жүріп, нәтижесінде әр түрлі оксидтер түзіледі.

Оттегінің табиғаттағы айналымы және қолданылуы

Табиғатта оттегі негізінен фотосинтез нәтижесінде түзіледі, ол жапырақтарда және теңіз балдырларында жүретін  үдеріс.

6СO+ 6Н2O → С6Н12O+ 6O2

Осы оттегімен адамдар мен жануарлар  тыныс алады, одан басқа жер қыртысындағы минералдар түзіледі. Табиғатта оттегінің  қатысуымен тоттану, шіру, aшy сияқты бүліну үдерістері де жүріп жатады. Оттегінін, атмосферадағы қоры 1,5•1015 т, оның 1•1010 тоннасы жану үшін жұмсалады. Тыныс алу жеке ағзаның өмірі үшін, ал шіру - эволюция (даму) үшін маңызды үдерістер. 
Оттегінің қолданылуы оның қасиеттеріне негізделген, ол мына 4, 5-сызбанұсқаларда көрсетілген.


 


Информация о работе Темекі мен ішімдік