Тұмау туралы не білесің?

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 14:53, лекция

Описание

Тұмаудың жедел түрімен ауырған адамдар өте қауіпті, себебі олар ауырса да жұмыстарына, дүкенге, мектепке және басқа да жерлерге барып жүреді. Осыған байланысты олар көптеген коллективтерге инфекция таратып және аурудың шығу көзі болуы мүмкін.
Тұмаудан кейін иммунитет тұрақсыз, 1-3 жылдай сақталады. Әдетте тұмау вирусы өзгеріп отырады. Сол себепті жыл сайын тұмау вирусы әртүрлі болып отырады, түзілген иммунитеттің шамасы келмейді.
Тұмаумен ауырған адамды тез арады басқа отбасы мүшелерінен оңашалау керек. Оның бөлмесінде залалсыздандыру жүргізу керек. Науқас үйден шықпағаны дұрыс, әсіресе халық жиналған жерлерге, қоғамдық ұйымдар, тарнспортта, балалар бөліміне бармауы керек.

Работа состоит из  1 файл

Тұмау.doc

— 66.50 Кб (Скачать документ)

Тұмау туралы не білесің?

 

         Тұмаудың жедел түрімен ауырған адамдар өте қауіпті, себебі олар ауырса да жұмыстарына, дүкенге, мектепке және басқа да жерлерге барып жүреді. Осыған байланысты олар көптеген коллективтерге инфекция таратып және аурудың шығу көзі болуы мүмкін.

 

Тұмаудан кейін иммунитет  тұрақсыз, 1-3 жылдай сақталады. Әдетте тұмау вирусы өзгеріп отырады. Сол  себепті жыл сайын тұмау вирусы әртүрлі болып отырады, түзілген иммунитеттің шамасы келмейді.

 

      Тұмаумен ауырған адамды тез арады басқа отбасы мүшелерінен оңашалау керек. Оның бөлмесінде залалсыздандыру жүргізу керек. Науқас үйден шықпағаны дұрыс, әсіресе халық жиналған жерлерге, қоғамдық ұйымдар, тарнспортта, балалар бөліміне бармауы керек.

 

Науқасты төсекке жатқызып, көп мөлшерде ыстық сусыдар: шәй, кофе, қайнаған сүт береді. С витаминінің  жоғары мөлшерін қабылдаған жақсы. Дәрігерді үйге міндетті түрде шақыру керек. Дәрігердің нұсқауына дейін науқасқа ешқандай дәрілер, соның ішінде егер температурасы 39 С градустан аспаса, дене қызуын төмендететін дәрілерді беруге болмайды.

Оқушылар тұмау туралы не білгісі келеді.

Оқушыларға тұмау туралы жаңа мағұлмат беру және одан сақтану  жолдары.

 

Тұмау , грипп (лат. grіppus фр. grіpper – “бас салу, шап беру”), инфлуэнца  – тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Аурудың қоздырғышы – ортомиксовирустар, олардың үш типі: А, В, С бар. Өте жұқпалы ауру. Тұмау вирусының сыртқы қабыршағының құрамында гемагглютицин (оны Н әрпімен белгіленеді) және нейраминидаза (N әрпімен белгіленеді) болады. Олар әр түрлі факторлардың әсерінен өзгеріп, тұмау вирусының жаңа вариантын түзуі мүмкін.

Эпидемиолог мамандар бүгiнгi таңда әлем бойынша вирустық аурудың 200 түрi бар екенiн зерттеп, дәлелдедi. Ол – адамның инфекциялық патологиясында маңызды рөл атқарып, ерекше орынға ие болған ауру түрi. Тұмау вирусы домалақ немесе сопақша пішінді, диаметрі 80-100 нм. Құрамында РНҚ бар. Бөлме температурасында тұмау вирусы бірнеше сағаттан кейін өзінің белсенділігінен айырылады, ал 65 С градусқа дейін қыздырғанда 5-10 минут аралығында өледі. Ол қышқыл тез бұзылады, кептіргенге шыдамайды, эфир, спирт және басқа залалсыздандыру ертінділерінде жойылады. Ультракүлгін сәуле мен ультрадыбыстар тұмау вирусын тез жояды.

 

      Тұмау  вирусы көптеген үй жануарларын  да зақымдауы мүмкін, бірақ бұлардың адамның эпидемиялық зақымдануында маңызы шамалы. Жұқтыру көзі болып  ауру адам саналады. Вирус жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде ауадағы тамшы бөліктерімен беріледі. Аурудың жасырын кезеңі жұқтырған күннен бастап 1-2 күнге созылады.

 

      Тұмау кенеттен басталады. Әдетте ауру дене қызуының тез жоғарылауымен, бастың қатты ауруы, жалпы әлсіздік, ұйқының бұзылуы, тамаққа тәбеттің болмауы сияқты белгілермен көрінеді. Кішкентай балаларда құсу және тырысу байқалуы мүмкін. Бірнеше уақыттан кейін мұрыннан су ағу, жөтел, кейде дауысының қарлығуы қосылады. Жиі бүкіл денеде сырқырау, буындарда ауырсыну байқалады. Осы кезеңде ауру адам басқаларға жұқпалы болады. Ауру ағымы сәтті жағдайда 3-5 күнге созылады, одан кейін жазылады.

Таралуы

 

Бір мезгілде бір болыс, өлке, тіпті бүкіл жер жүзі адамдарының  жаппай ауруы мүмкін. Бір ауырған  адам бір-екі жылға дейін қайтып тұмаумен ауырмайды. Тұмау салқын кезде жиі, ыссыда сирек кездеседі. Кейде адамға суық тиіп, тыныс жолының жоғарғы бөліктері қабынып, оның тұмауға ұқсауы да мүмкін. Бірақ бұл тұмау емес. Ол салқын тигенде мұрын, көмей, жұтқыншақтарды жайлайтын басқа микробтардың әрекеті. Тұмау вирусы күн сәулесіне және зарарсыздандырғыштар әсерінен тез қырылады.

 

Тұмау вирусы өте тез  тарайды. Инфекцияны қоздырушы –  тұмаумен ауырған адам. Қоздырғыштар науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде және қақырық, сондай-ақ науқас адам пайдаланған заттар, т.б. арқылы таралады. Ауалы-тамшылы жолмен түскен вирус жоғ. тыныс жолдарының беткей клеткаларына еніп, өсіп-өнеді де мұрынның шырышты қабаттарын зақымдайды, қанға сіңіп, жалпы организмді уландыра бастайды. Аурудың жасырын кезеңі 1 – 4 күнге созылады. Тұмау кезінде науқастың денесі дел-сал болып, тамағы мен С-қа дейін), асқа тәбеті°тыныс жолдары ашиды, дене қызуы көтеріліп (38 болмайды. Басы ауырып, бұлшық еттері сыздайды. Адамға тұмау тигеннен кейін бірнеше сағ-тан соң (кейде 1 – 2 күннен кейін) мұрыннан су ағады, даусы қарлығып, жөтеледі, қақырық пайда болады, иіс сезуі нашарлап, көзі қызарады. Тұмау, әсіресе, емшек еметін сәбиді қатты әлсіретеді. Баланың танауы бітеліп, демалысы қиындайды, мазасызданып, ұйқысы бұзылады. Тұмау ересек адамдар үшін де қауіпті, ол құлаққа, тамаққа, тыныс жолдары мен өкпеге зақым келтіруі мүмкін. Т-дан жазылғаннан кейін организмде иммунитет пайда болады, ол А типінен кейін 1 – 2 жылға, В типінен – 2 – 3 жылға созылады, С типінен кейін тұрақтанады. Сондықтан С типімен ауырған адамдар тұмаудың бұл түрімен қайталап ауырмайды.

 

Алдын ала емдеу       

 

 Тұмау және  ЖРВИ  маусымдық аурулар болып  табылады, сондықтан маусым сайын  профилактикалық шараларды, сонымен қатар иммунитетті нығайтуға бағытталған жалпы сауықтандыру шараларын өткізу лазым. 

Жыл сайынға иммунитеттеу (вакциналау). Мақсаты вирусты жою  болып табылатын антиденелер - жұқпалы  агенттерді өндіруді қамтамасыз ететіндіктен, екпелер тұмаудың алдын алатын арнайы құрал болып табылады. Алайда бұл тәсіл алдын ала қолданылады – ағзадағы қорғаныс кедергілері мен вирусқа қарсы реакциялар қалыптасып үлгеру үшін індет басталғанға дейін бірнеше ай бұрын. 

Жыл ішінде ағзаны шынықтыру. Жыл ішінде иммундық қорғаныс механизмдерін  мықтау қажет, әсіресе жұқпалы аурулардың күзгі-қысқы өрлеуі алдында. 

        Ағзаны нығайтып, жұқпалы ауруларға иммунитеттің қарсылығын арттыруға бағыталған бірқатар іс-шаралар бар:

1. Тұмау вирусына қарсы тұруға  көмектесетін белсенді және рационалды  ұйымдастырылған өмір салтын  жүргізу; 

2. Мақталы дәке бетпердесін тағудан,  қолды тиянақтап жуудан, әсіресе  қоғамдық орындарға барудан кейін,  жөтелген кезде ауызды жабудан,  үй-жайды желдетуден және ылғалды жинастырудан тұратын санитариялық-гигиеналық режимді сақтау. Мақталы дәке бетпердесін науқастанған және оның жанындағы адам, әсіресе үй-жайда, таққаны лазым және оны әр екі сағат сайын ауыстыру қажет; 

3. Сарымсақ және пияз  фитонцидтерімен демалу; 

4. Құрамында жеткілікті  мөлшерде дәрумендер, әсіресе аскорбин  қышқылы бар жеміс-жидектермен  және басқа тағамдармен тамақтану. 

5. Адамдар көп шоғырланатын  орындардан аулақ жүру, ойын-сауық  мекемелеріне баруды шектеу, әсіресе балалармен, мүмкіндігінше қоғамдық көлікті пайдаланбай, жаяу жүрген жөн. Жөтелгенде және түшкіргенде вирустар 10 метрден аса қашықтыққа таралатындығын еске сақтаңыз. 

6. Тұмау эпидемиясы  кезінде вирусқа қарсы қорғаныштың  маңызды компоненттері баланстандырылған, дәрумендерге бай тамақтану, жеткілікті көлемде су ішу мен толыққанды демалыс болып табылады.

 

 

Пайдалы кеңестер.

 

        Тұмауратқан кезде ауырған адам тәулігіне 2 литр сұйықтық ішкені дұрыс. Ол ағзадан вирустың тезірек шығып кетуіне көмектеседі. Сондай-ақ, тұмау эпидемиясы басталған кезде қолды тәулігіне сабындап 5-6 рет жуу керек. Бұл тұмаудың жұғуын 2 есеге төмендетеді.

 

 

Тұмаудың тағы бір  емі – балды сүт. Антибиотиктер  алынатын ең соңғы шара десек, тұмауға  қарсы ең жақсы ем – бал қосылған сүтті шай немесе кішкентайымызда  ішуден қашатын – сары май қосылған сүт! Ыстықтай ішілуі керек. Бір стакан ыстық сүтке бір шай қасық бал, ұсақталған немесе үккіштен өткізілген сарымсақтың бір бөлігін араластырыңыз. Дәмді болмаса да бұл тәсіл тұмауды бірден жоюға көмектеседі.

 

Бұл дертке қарсы сонымен  қатар үйде өсетін өсімдіктерді де пайдалануға болады. Мысалы, алоэ жапырағының  сөліне бірнеше тамшы өңделген өсімдік  майын қосып, мұрынға тамызған жөн. Егер алоэ табылмаса орнына сәбіз  шырынын да пайдалануға болады. Тек оған бірнеше тамшы сарымсақ сөлін қосуды ұмытпаңыз.

 

Сарымсақ – Тұмау  және ЖРВИ алдын алудың ең танымал  және ең «хош иісті» құралы. Сарымсақ құрамындағы  фитонцидтер тыныс жолдарының вирустарын жояды. Өкінішке орай, сарымсақтың «хош иісі» вирустарды ғана емес, сонымен қата жанындағы адамдарды да алшақтатады. Сондықтан сарымсақты негізінде үйде шектеусіз қолдануға болады. 

        Халық медицинасы пиязда, балда және татымдылықтарда вирусқа қарсы қасиеттер бар деп есептейді. Пияздың әсері көбінесе сарымсақтың әсеріне ұқсас, яғни қорғаныс фитонцидтердің вирусқа қарсы әрекетімен қамтамасыз етіледі. Бал және татымдылықтар мұрындағы және ауыз-тамақтағы қан айналымды жақсартып, жергілікті тіндік өзін-өзі қорғауды күшейтеді. 

        Қыс кезінде біздің ағза дәрумендер тапшылығын сезінуі мүмкін, бұл суық тию ауруларының қоздырғыштарына жағдай жасайды. Сондықтан поливитаминдік кешендерді қабылдау Тұмау мен ЖРВИ алдын алу үшін қолданылуы мүмкін.

 

Мұрныңыз бітіп қалса, шикі қылшаның шырынын тамызуға болады. Пияздың суы да жақсы көмектеседі. Ол үшін таза мақтаны пияздың суына шылап, бірнеше минөт мұрын қуысына салып қою керек. Оны күніне 4-5 рет қайталау қажет.

Тазартылған 50 грамдай  өсімдік майына сарымсақ (екі-үш бөлігін) пен орташа көлемдегі бас пияздың  төрттен бір бөлігін майдалап турап, араластырып бір түн қойып  қою керек. Ертесіне оны сүзіп, сөлін мұрын қуысына тамызасыз.

5 ас қасық суға шыланған 1 грамм мумие ерітіндісін күніне  бірнеше рет мұрынға тамызу  керек. Кеңсірік қабынғанда күніне  бір рет ертеңгісін ашқарынға  0.2 грамнан ішуге де болады. Бес  күн үзіліс. Ем 3-4 рет қайталанады.

 

Қортынды.

 

Оқушыларға  сабақ  барысында түсінген жаңа мазмұндарды  ИНСЕРТ әдісі арқылы үлестірлген  парақшаға қысқаша жаздыру және тұмаудан сақтану жолдарын,салауатты өмір салтын үстануға балаларды баулу.

 

 

 

 

 

 

 

Тұмау (грипп) — өте  жұқпалы ауру.

Кейде ол асқынып кетіп  тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды  қоздыратын вирустар (микробтар) тыныс  жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т.б. арқылы жұғады. Тұмау вирусы өте тез тарайды. Бір мезгілде бір болыс, өлке, тіпті бүкіл жер жүзі адамдарының жаппай ауруы мүмкін. Бір ауырған адам бір-екі жылға дейін қайтып тұмаумен ауырмайды. Тұмау салқын кезде жиі, ыссыда сирек кездеседі. Кейде адамға суық тиіп, тыныс жолының жоғарғы бөліктері қабынып, оның тұмауға ұқсауы да мүмкін. Бірақ бұл тұмау емес. Ол салқын тигенде мұрын, көмей, жұтқыншақтарды жайлайтын басқа микробтардың әрекеті. Тұмау вирусы күн сәулесіне және зарарсыздандырғыштар (хлор, қышқылдар, спирт және т.б.) әсерінен тез қырылады.

Тұмау басталғанда адамның денесі дел-сал болып, көңіл-күйі нашарлайды және тағамға тәбеті шаппайды. Бір-екі күннен кейін дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, бұлшық еттері сыздап, буын-буыны сырқырайды, мұрны бітеді, дауысы қарлығып, жөтеледі, тамағы қызарып, жұтынғанда ауырады, көзі қызарып жасаурайды. Адам дереу дәрігерге көрініп, емделсе, үш-бес күннен кейін дене қызу төмендеп, сауыға бастайды.

Емі — дәрігердің бақылауында  болып, оңаша, ауасы таза бөлмеде  жатып емделу. Дене қызуын, дене сырқырауын, аспирин, пирамидон және т.б. дәрілер тез басады. Тұмау вирусына антибиотиктер пайда етпейді. Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде аузы-мұрнын қолымен немесе орамалмен (шүберекпен) жабуға тиіс. Науқастың тек өзіне арналған ыдысы, орамалы т.б. болуға, олар жиі қайнатылып, жуылуға тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

1.Тұмау қоздырғыш

а) Вирус       ә) Бактерия        б)Саңырау құлақ

 

 

2.Тұмау аурумен  кімдер ауырады?

 а) балалар      ә)ересектер         б) жалпы адамдар

 

 

3.Тұмау жылдың  қай мезгіліне тән

 а)жаз        ә) күз         б) қыс         г) жылдың кез-келген мезгілі

 

 

4.Тұмау кімнен  жұғады?

 а) ауру адамнан     ә) малдан    б) жәндіктерден ( шыбын,маса,ит)

 

 

5.Тұмаудың  таралу жолдары

 а) ауа тамшылары    ә) су арқылы   б) азық-түлік

 

 

6.Тұмаудың  басты белгілері

а) түшкіру,әлсіздік,салмақ жоғалту

ә) бас ауруы,сүйек  қақсау, тершеңдік

б) дене қызуы көтерілуі, құсу, лимф бездерінің ісінуі

 

 

7.Тұмаудың  алдын-алуға қарсы қолданылатын  май

 а) оксалин    ә) тетрациклин    б) синтомицин

 

 

8.Тұмаудың  алдын алу

 а) ауруға қарсы егілу  ә) ағзаны шынықтыру   б) дұрыс тамақтану

 

 

9.Тұмау асқынғанда  қандай дертке ұрындырады

 а) туберкулез  ә)сарып   б)гастрит   г) пневмания

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Тұмау туралы не білесің?