Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 09:07, реферат
Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын вирустар (микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т.б. арқылы жұғады.
Тұмау (грипп) — өте жұқпалы ауру.
Кейде ол асқынып
кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін,
қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады.
Тұмауды қоздыратын вирустар (микробтар)
тыныс жолының кілегей
Тұмау басталғанда адамның денесі дел-сал болып, көңіл-күйі нашарлайды және тағамға тәбеті шаппайды. Бір-екі күннен кейін дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, бұлшық еттері сыздап, буын-буыны сырқырайды, мұрны бітеді, дауысы қарлығып, жөтеледі, тамағы қызарып, жұтынғанда ауырады, көзі қызарып жасаурайды. Адам дереу дәрігерге көрініп, емделсе, үш-бес күннен кейін дене қызу төмендеп, сауыға бастайды.
Емі — дәрігердің бақылауында болып, оңаша, ауасы таза бөлмеде жатып емделу. Дене қызуын, дене сырқырауын, аспирин, пирамидон және т.б. дәрілер тез басады. Тұмау вирусына антибиотиктер пайда етпейді. Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде аузы-мұрнын қолымен немесе орамалмен (шүберекпен) жабуға тиіс. Науқастың тек өзіне арналған ыдысы, орамалы т.б. болуға, олар жиі қайнатылып, жуылуға тиіс
Тұмауратқан кезде ауырған адам тәулігіне 2 литр сұйықтық ішкені дұрыс. Ол ағзадан вирустың тезірек шығып кетуіне көмектеседі. Сондай-ақ, тұмау эпидемиясы басталған кезде қолды тәулігіне сабындап 5-6 рет жуу керек. Бұл тұмаудың жұғуын 2 есеге төмендетеді.
Тұмаудың тағы бір емі - балды сүт. Антибиотиктер алынатын ең соңғы шара десек, тұмауға қарсы ең жақсы ем - бал қосылған сүтті шай немесе кішкентайымызда ішуден қашатын - сары май қосылған сүт! Ыстықтай ішілуі керек. Бір стакан ыстық сүтке бір шай қасық бал, ұсақталған немесе үккіштен өткізілген сарымсақтың бір бөлігін араластырыңыз. Дәмді болмаса да бұл тәсіл тұмауды бірден жоюға көмектеседі.
Бұл дертке қарсы сонымен
Мұрныңыз бітіп қалса, шикі
қылшаның шырынын тамызуға
Тазартылған 50 грамдай өсімдік
майына сарымсақ (екі-үш бөлігін)
пен орташа көлемдегі бас
5 ас қасық суға шыланған 1 грамм
мумие ерітіндісін күніне
А.А. Сүлейменов,
М. Исамбаев. Медициналық анықтама.
«Қазақстан» баспасы,
Алматы, 1968 ж.
Қояншық (эпилепсия) — Сырт қарағанда дені сап-сау адам кенет талып қалады — бұл қояншықтың белгісі. Талманың қайталауы сағаттарға, күндерге, апталарға, айларға созылуы мүмкін. Кейбір адамдар есінен танып, селкілдеп, алас ұрады. Көбіне көзі айналып кетеді. Жеңіл қояншық талмасында адам кенет бір минуттай есінен айрылып, оқыс қимыл-әрекет жасап, өзін біртүрлі ұстауы мүмкін. Қояншық тұқым қуалайды. Бұл аурумен көбіне қояншықпен ауыратын туыстары бар адамдар ауырады. Сонымен қатар сәби туылған кезде алған зақымнан, жоғары температурадан, ленталы құрттардың аяқшаларының мига жабысуынан да қояншық болады. Қояншық жұқпалы емес, онымен адам емір бойы ауыруы мүмкін. Кейде сәбилер бұл аурудан мүлде айығып та кетеді. Э. туралы алғашқы деректер Гиппократ еңбектерінде “қасиетті ауру” деген атпен, әр түрлі себептермен туындайтын бас миының ауруы ретінде айтылған. Әбу Әли ибн Сина ұстамалы аурудың клиник. көріністері мен емін толық сипаттап жазған. Э. белгілі бір мерзімде қайталанып, науқас есінен танады, кейде тұнжырап, мінезі өзгеріп, ой-қабілеті төмендейді. Э. ауруының себебі әлі толық анықталмаған. Көбінесе, сәби құрсақта жатқанда не туылғаннан кейін миында ісік болуынан, ми шайқалғаннан немесе қабынуынан, мидың әр түрлі ауруларынан (менингит, арахноидит, арахноэнцефалит), т.б. жағдайлардан болады. Сондай-ақ әке-шешесі маскүнем болса, олардың балаларының да Э-ға шалдығуы мүмкін. Кейде бұл ауру тұқым қуалайды. Э. 10 – 15 жастағы балаларда байқалады. Ауру ұстар алдында адамның басы ауырып, мең-зең болады, қолы дірілдеп, көзі қарауытады, бір жерді шыр айналып, айқайлап, есінен танып құлайды. Аузынан көбігі ағады, басын соғып, тілін шайнайды. Денесі сіресіп, көгеріп қатып қалады да, бірнеше секундтан кейін басын соққылап, селкілдей бастайды. Бұдан кейін науқас адам біразға дейін есін жия алмай, ұйықтап кетеді. Оянғанда не істеп, не қойғанын білмейді. Кейде ауру жеңіл ұстап, селкілдемей-ақ есінен танып құлайды, ұстама тез басылады. Э-ның қайталап ұстауы көбіне ешбір себепсіз болады. Кейде қорыққанда, бір нәрсеге ашуланғанда, шаршағанда жиілеуі мүмкін. Э-ның ұзақ уақыт ұстайтын түрі де болады. Мұндай кезде науқас адам селкілдеп құламайды. Бірақ псих. әрекеті өзгеріп, мінез-құлқы бұзылады. Науқас тұнжырап, айналасында болып жатқан жағдайға көңіл бөлмей, өзіне қойылған сұраққа жауап бермейді. Оның көз алдына әр түрлі зат елестейді, дыбыс естіледі, әр жерден бірдеңе іздеп әуреге түседі. Қасындағы адамға ретсіз тиісіп, ұрысады, үйден шығып кетуі де мүмкін. Кейде өзін-өзі жұлып, бетін тырнайды, қолына түскен затты сындырады, айқайлап, жылап, қатты күйзеледі. Ұстама біткеннен кейін осы істегендерінің біреуін де есіне ала алмайды. Э. асқынған сайын жиі ұстап, науқас адамның мінезі, жүріс-тұрысы, ой-өрісі өзгеріп, ойын дұрыстап жеткізе алмайтын болады. Ұмытшақ болып, сәл нәрсеге ренжіп қалады. Өзін ренжіткен адамға өшігіп, ол адамды ешқашан ұмытпайды. Емі аурудың түрі, себебі және ағымына қарай тағайындалады. Аурудың белгісі білінісімен емдеуді ерте бастаған тиімді болады. Ең алдымен Э-ға не себеп болғанын анықтап алады. Ауру ұстаған кезде оны тарқататын препараттармен қатар, науқасқа организмін әлдендіріп, иммунитетін көтеретін дәрі-дәрмек беріледі. Ауру адамға дұрыс тамақтану, мезгілімен ұйықтау, диета сақтау, отбасындағы және еңбек ұжымдағы жағымды жайлардың маңызы зор.
Ескерту: Бұл дәрілер эпилепсияны емдемейді, тек талманы болдырмауға көмектеседі. Көбіне дәріні ғұмыр бойына ішуге тура келеді.
Қазақстанда
қояншық ауруына (эпилепсия) шалдыққандарды
әлеуметтік тұрғыдан қорғайтын «SVS
Nevro» деп аталатын жалғыз ғана бірлестік
бар. Одан өзге не мемлекеттік, не қоғамдық
ұйым атымен жоқ. Ал елімізде бұл диагнозбен
өмір сүріп жатқан 300 мыңнан астам адам
бар.
Осыдан-ақ науқастардың құқығы шектеліп,
оларға көрсетілуі тиіс медициналық көмектің
де жетпей жатқанын аңғаруға болады. Өзгені
былай қойғанда, сырқаттың дерекнамасы
да жоқ, соған орай, қояншық ауруының 250-ден
аса түрі болса да, бәріне бір ғана «эпилепсия»
деген диагноз қойылады.
Қоғамдық
бірлестік директоры Сергей Савинов
ел медицинасында эпилепсияны
- Халық қояншықты ауру емес, тағдыр ретінде
көретіні алаңдатады. «Тағдырдың жазғаны…»
деп жатады олар. Бұл дұрыс емес. Науқасты
тексерту, емдету қажет. Бұл – бір. Екіншіден,
халық қояншықты ауру емес, мазақ көреді.
Адам ашуланса, құлап қалса, дірілдесе,
«қояншық» деп келекелейді. Бұл да дұрыс
емес. Өйткені осындай мазақтан кейін
шынымен ауруы бар жандар емделуден қашады.
Олар күлкі болғысы келмейді. Сондықтан
ең бірінші кезекте науқас бар ортада
мұндай әсіре қалжыңдардың айтылуына
жол бермеу қажет, – дейді С.Савинов.
Бұл – әлбетте, науқасқа әлеуметтік тұрғыдан
қолдау көрсетудің жайы, ал медициналық
көмекке келсек, ол – өте үлкен шаруа.
Өйткені эпилепсия – бір терлеп тұрып
жазыла салатын ауру емес. Оған шалдыққандар
ең кемі 5-10 жыл, кейі тіпті өмір бойы күтініп,
емделіп жүруге тиіс. Қояншықты – адам
ағзасына еніп алып, ішкі органдарды біртіндеп
кеміре беретін зиянкеспен салыстыруға
болғандай. Өйткені эпилепсия кезінде
науқастың жүйке жасушалары бірінен соң
бірі өліп, семіп, адамның миы өлі жасушалардың
жиынтығына ғана айналып қалады. Осылай
асқына берсе, науқастың ақыл-ой дамуы
тежеледі, психикасы бұзылады, ойлау, сөйлеу
қабілеті төмендейді не дамымайды, ең
ақыры бұл сырқат өліммен аяқталады. Дәрігерлер
қояншықтың туабітті емес, жүре пайда
болатын ауру екенін ескертеді. Сондықтан,
балаларды ауруға шалдықтырмауда ата-ананың
үлкен роль атқаратынын қаперде ұстау
маңызды.
- Көп жағдайда қояншық адамда сәби және
жасөспірім шағында туады. Сондықтан алкогольді
артық пайдалану, жетімсіз ұйқы секілді
өзге де зиянды әрекеттер бойында эпилепсияның
әлсіз белгілері бар сырқатты асқындырып
жіберуі мүмкін. Эпилепсияны болдырмаудың
негізгі жолы – салауатты өмір салтын
кешу ғана. Ол оп-оңай. Ал диагностикалау
мен емдеу – қиынның-қиыны. Эпилепсия
ауруының белгілерін екі топқа бөліп қарауға
болады – көзге көрінетін және көрінбейтін.
Біз әдетте, бала талып қалса ғана, «қояншық
шығар» деп ойлаймыз ғой, бұл аурудың тек
ең айшықты белгісі ғана, одан бөлек, жүйке
тамырларының діріл қағуы, ашушаңдық,
мазасыздық, ақыл-ойдың тежелуі де – эпилепсияның
белгілері болуы мүмкін. Дегенмен бұл
аталғандардың өзі – көзге көрінетін
белгілер, ал көрінбейтіндерін тек клиникалық
электроэнцефалография қондырғысы арқылы
анықтауға болады. Оның өзі де жақсы нәтиже
бере бермейді, одан озық бейне электроэнцефалографиясын
қолданған абзал. Алайда бұл қомақты қаражатты
талап ететін шаруа. Еліміз бойынша бұл
қондырғы бір-ақ жерде, Алматы қаласында
ғана бар. Жаңа сөзімде «эпилепсия түрлерінің
тек 20 пайызы ғана емге көнбейді» десем,
елімізде дамыған медицинаның жоқтығынан
бұл пайыз 3 есеге дейін артып кетіп отыр,
– дейді С.Савинов.
Қызылорда
медицина колледжі
Тақырыбы:
«Эпилепилепсия»
Орындаған:
38 топ «Емдеу ісі»
бөлімі
Қызылорда 2011 жыл