Топырақтың ластану дәрежесін интегралды бағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 15:58, контрольная работа

Описание

№1 жағдайлық есеп
Қарағанды қаласы және облыс аумағы жоғары өндірістік аймақ санатына жатады. Осы аймаққа ауыл және орман шаруашылығында, өндірістік құрал тұрғысында, топырақтың сапасын салыстырмалы бағалау, ол топырақ қасиеттері мен өнім деңгейін есептеуге негізделген және санды көрсеткіштері есептелінді. Зерттеу нәтижесінде бұл аймақта қысқа тамырлы дәнді дақылдарды өсіруге қолайл, топырық сапасы әлсіз химиялық ластанған, сұр-құмайтты топырақ, яғни құнарлылығы төмен. Осы типтік зерттеу түрі қалай аталады және осы терминге берген әртүрлі ғалымдардың анықтамасына тоқталыңыз?

Работа состоит из  1 файл

ТОпырақтың ластану дәрежесін интегралды бағалау.docx

— 50.45 Кб (Скачать документ)

                                                                                                 Тағамтану және гигиеналық пәндер  кафедрасы


Семей мемлекеттік медициналық университеті



ТОпырақтың  ластану дәрежесін интегралды бағалау


Жағдайлық есеп


    

Семей, 2013ж

    


Орындаған:


Тексерген:

 

№1 жағдайлық есеп

Қарағанды қаласы және облыс аумағы жоғары өндірістік аймақ санатына жатады. Осы аймаққа  ауыл және орман шаруашылығында, өндірістік құрал тұрғысында, топырақтың сапасын салыстырмалы бағалау, ол топырақ қасиеттері мен өнім деңгейін есептеуге негізделген және санды көрсеткіштері есептелінді. Зерттеу нәтижесінде бұл аймақта қысқа тамырлы дәнді дақылдарды өсіруге қолайл, топырық сапасы әлсіз химиялық ластанған, сұр-құмайтты топырақ, яғни құнарлылығы төмен. Осы типтік зерттеу түрі қалай аталады және осы терминге берген әртүрлі ғалымдардың анықтамасына тоқталыңыз?

Жауабы: Бонитеттеу (латынша bonitos – жақсы).

- Карманов  И – «Бонитировка деген – ықтималды егіншіліктің қарқынды деңгейіндегі топырақтарды өнімділігі тұрғысынан салыстырмалы бағалау».

- Гаврилюк Ф – «Бонитировка деген өнімділік қабілетіне қарай топырақ-тардың қасиеттерін салыстырмалы бағалау; ол деген топырақтарды тектік - өндірістік жіктеу; олардың құнарлығы балл арқылы есептеледі; топырақтар сапасының өнімділігі мен оңтайлылық көрсеткіші».

- Соболев С – «Бонитировка немесе топырақты сапалы бағалау деген түсінік – топырақтарды өнімділігі тұрғысынан арнаулы жіктеу; ол топырақтардың, ауылшаруашылық дақылдарының өсіп-дамуына оңтайлы және  олардың орташа көпжылдық өніктілігіне сай (корреляция)  келетін, ең маңызды белгілері мен қасиеттері негізін құрайды».

 

№2 жағдайлық есеп

ҚР солтүстік  аймақтарда 1953-1954 жылдары жер игеру  жұмыстары қарқынды жүргізілді. Бұл  істегі басты мақсат тың жатқан жерлерден  сапалы бидай дақылын алу. Бірақ  көптеген жыртылған жерлер бос қалып, топырақтың эрозиясына алып келді. Бірақ  тек бұл емес, сонымен қатар  топырақ эрозиясының қарқындылығы жер бедеріне, беткейлердің тік болуына, жауын-шашынның түсу мөлшеріне, топырақтың түйіршікті құрамына, су сіңіргіштік қабілетіне, өскен өсімдіктеріне, т.б. байланысты. Осындай жағдайлардың алдын алу шараларын көрсетіңіз?

Жауабы: топырақ эрозиясының алдын алу  шараларына қорғаныш орман алқаптары, егістіктерді қорғайтын орман шаршылары отырғызылады, жайылымдық жерлер мен құмды жерлерге ағаштар отырғызу, топырақты қорғау үшін ауыспалы егіс жүйесін енгізу, топырақты аудармай өңдеу, тұқымды қатарлап себу әдісі, шатқалдарды сатыларға бөлу, су тоқтатын каналдар салу, т.б. шаралар жүргізіледі.

 

      

 

        №3 жағдайлық есеп

Шығыс Қазақстан  облысы биогеохимиялық провинцияға жатқызылады. Негізгі жетіспеушілік йод тапшылығы. Сонымен қатар осы облыста егілген бидайдағы клейковина мен ақуыздың мөлшері  бірлік массасымен салыстырғанда төмендемеген. Ал күнбағыс құрамындағы қатты қалдықтың маймен салыстырғандағы мөлшері де көбейген. Бұл нақты зерттеу көрсеткен деректер. Осындай жағдайдарлың себебін айтыңыз?

          Жауабы: Ядролық апат салдарына сай радиоактивті заттардың белсенділігі. Олардың ДНК құрамының өзгеруі. Йод 131, стронций, цезий радиоактивті заттарды тежеу мүмкіншілігі жоғары.

 

 

№4 жағдайлық есеп

Топырақтың  жалпы экологиясын оның жыл сайынғы  өзгерісін, жер беткі бедерін  бағалап отыру маңызды орынға ие. Елімізде жыл сайын орта есеппен 1-2% жер эрозияға ұшырауда. Оның басты себебі ауыспалы егіншіліктің болмауымен түсіндірілуде. Бұл мәліметтері «Экологиялық бақылау» арқылы аламыз. Осындай зерттеулер мен сараптаманы жүргізітен уәкілетті органдарға тоқталыңыз?

       Жауабы: Қазақстанда экологиялық бақылау (ЭБ) мемлекеттік және өндірістік болып бөлінеді. Мемлекеттік ЭБ-ды әрбір аймақтағы экологиялық сараптама филиалдары жүргізсе, өнідірістік ЭБ-ды жекеменшік тәуелсіз ұйымдарда жүргізе алады. Барлық сараптау нәтижесі «Қоршаған ортаны қорғау» министрлігі базасында талқыланып, керекті іс-шаралар жүргізіледі.

       Сонымен қатар жергілікті әкімшіліктегі  жер ресурстарын басқару бөлімі  мен ауыл шаруашылығы министрлігіде жауапты.

 

 

№5 жағдайлық есеп

Жер бетіндегі  космостық немесе авиациялық аппараттардан алынған мәліметтерді нақтылау үшін, және де басқа әдістермен орындауға болмайтын бақылаулар үшін, мысалы, жер бетіне жақын қабаттағы ауа мен топырақтың, өсімдіктер немесе судың химиялық және физикалық сипаттамаларын анықтау маңызды болып табылады. Мысалы космостан айқын көрінетін Арал теңізі шекарасының жылдан-жылға тарылуы және ондағы топырақтың тұздану мөлшері. Осындай зерттеулерден қандай әдіс нақты ақпарат береді?

Жауабы:  Жер бетіндегі мониторинг және оның биологиялық, физикалық әдістері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

    • Галанин А.В., Галанина И.А. Динамическая парадигма в геоботанике и ботанической географии. Москва 2002г
    • http://kk.wikipedia.org/wiki/Топырақ_эрозиясы
    • http://kk.wikipedia.org/wiki/Топырақ_түзуші_факторлар
    • http://geobotany.narod.ru/nach_06.htm
    • http://dic.academic.ru/dic.nsf/ecolog/1267/Бонитет

Информация о работе Топырақтың ластану дәрежесін интегралды бағалау