Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 17:56, реферат
Орталық нерв жүйесінің негізгі бөлігі – ми. Ол им сауытында орналасқан. Ересек адамда мидың салмағы 1400-1450 г құрайды. Мидан 12 жұп нервтер тарап, миды көптеген ішкі мүшелермен, беттің, мойынның еттерімен, тілмен, көзбен байланыстырады жєне сезім мүшелерінен келген ақпаратты миға жеткізеді. Бұларға I — иіс, II — көру, III — көз қимылдатқыш, IV — шығыршық, V – үшкіл, VI – бұру, VII – бет, VIII – дыбыс, IX – тіл-жұтқыншақ, X – кезеген, XI – қосымша, XII – тіласты нервтері жатады. Ми артқы ми, (сопақша ми мен варолий көпірі), мишық, ортаңғы ми, аралық ми жєне екі ми сыңарларынан тұрады.
Артқы ми. Артқы мидың құрамына сопақша ми және Варолий көпірі кiредi. Артқы мидың тiршiлiктегi маңызы өте зор. Мидан шығатын 12 жұп нepвтepдiң сегiзi артқы мидан тарайды. Олар мыналар үштармақты, көз алмасын кейін тартатын, бет, есту, жұтқыншақ, кезеген, қосымша және тiл асты нepвтеpi. Осы нервтердің қатысуымен тыныс алу, журек соғу, қан айналымы, тамақтану, түшкiру, құсу, терлеу, жылау, кiрпiк қағу, жөтелу сияқты тiршiлiкте маңызды рефлекстер орталықтары бар.
Орталық нерв жүйесінің негізгі
бөлігі – ми. Ол им сауытында орналасқан.
Ересек адамда мидың салмағы 1400-1450 г құрайды.
Мидан 12 жұп нервтер тарап, миды көптеген
ішкі мүшелермен, беттің, мойынның еттерімен,
тілмен, көзбен байланыстырады жєне сезім
мүшелерінен келген ақпаратты миға жеткізеді.
Бұларға I — иіс, II — көру, III — көз қимылдатқыш,
IV — шығыршық, V – үшкіл, VI – бұру, VII –
бет, VIII – дыбыс, IX – тіл-жұтқыншақ, X –
кезеген, XI – қосымша, XII – тіласты нервтері
жатады. Ми артқы ми, (сопақша ми мен варолий
көпірі), мишық, ортаңғы ми, аралық ми жєне
екі ми сыңарларынан тұрады.
Артқы ми. Артқы мидың құрамына сопақша
ми және Варолий көпірі кiредi. Артқы мидың
тiршiлiктегi маңызы өте зор. Мидан шығатын
12 жұп нepвтepдiң сегiзi артқы мидан тарайды.
Олар мыналар үштармақты, көз алмасын
кейін тартатын, бет, есту, жұтқыншақ, кезеген,
қосымша және тiл асты нepвтеpi. Осы нервтердің
қатысуымен тыныс алу, журек соғу, қан
айналымы, тамақтану, түшкiру, құсу, терлеу,
жылау, кiрпiк қағу, жөтелу сияқты тiршiлiкте
маңызды рефлекстер орталықтары бар.
Сопақша ми жұлынмен тікелей байланысқан жєне екі түрлі қызмет өткізгіштік жєне рефлекторлық қызмет атқарады. Сопақша ми мидың сұр заты жұлындағыдай бiр ғана жерге топтаспай, ақ зат аралықтарында жеке-жеке шоғырлар құрып, көптеген ядроларға, кызметi әр түрлi орталықтарға айнaлған. Ақ зат нерв тaлшықтарынан тұрады. Бұл талшықтар қозуды жоғары және төмен қарай өткiзетiн жұлын жолдарының жалғасы және жұлынды мидың басқа бөлiмдерiмен, сопақша мимен байланыстырып тұрады. Сопақша ми арқылы өтетін кейбiр жұлын жолдары осы мида бiр-бiрiмен айқасып оң жақтан келген тaлшықтар сол жаққа, сол жақтан келген талшықтар оң жаққа шығады. Бас сүйектен шығатын 12 жұп ми нepвтepiнiң. соңғы бесеуiнiң (VIII, IX, Х, XI, ХII) ядролары мен бiрқатар аса маңызды рефлекстердi icкe асыратын орталықтар және жұлын қызметiн реттеуде маңызды торлы құрылымның бiр бөлігi сопақша мида орналасқан. Сопақша мидың нерв орталықтары адамның өмірiн қамтамасыз етуде үлкен мєн атқарады. Сопақша мида тыныс, ас қорытуға қатысы бар (шайнау, жұту, сiлекей шығару, қарын сөлi мен ұйқы безi сөлiн шығаратын және құсу), қан тамырларын тарылтып, кеңейтетiн (қозғалтатын), жүректiң соғуын баяулатып, сирететiн (тежейтiн) жєне көптеген қорғаныс (көз жасын шығару, кipпiк қағу, жөтелу, түшкiру, тер шығару) рефлекс орталықтары бар. Сопақша мидың мойын және көз еттерiнiң тонусын өзгертетiн көптеген қозғалтқыш ядролары көпір және ортаңғы мимен бiрге статикалық және статокинетикалық (вестибұлярлық) рефлекстердің жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Сопақша мида демдi iшке алу және сыртқа шығару рефлекстерiнiң орталықтары бар. Олар үздiксiз кезектесiп, бiрi серпiлгенде екiншici тоқырайды. Бұлардың ауыспалы кезектесуi тыныс алу ырғағын үйлестіредi.
Сопақша мидың рефлекстерi туа бiткeн рефлскстер болғанымен бұлардың орталықтарына ми қыртысы әсер ете алады. Әpтicтep сахнада жүрiп, қажет болса, көз жасын төгіп жылай алады. Бұл айтылғандар сопақша мидын қызметiн ми қыртысы реттейтiнiн керсетедi.
Варолий көпірінiң қызметi осы күнге дейiн толық анықталмаған. Ми көпiрінiң құрамында ақ зат көп. Ақ заты жоғары бағытталған және мидың жұлынға қарай (төмен) бағытталған жолдарын құрады.
Ақ заттар аралығында бөлек-6өлек нейрон шоғырлары жайылған Бұлардың iшiнде бас сүйек, ми нервлерiнiң V,VI,VII жұптарының ядролары, көлденең жолақ еттердi ширықтыруға қатысатын рефлекс орталықтары, ұйықтау және ұйықтамау (сергек болу) тәртiбiн реттейтiн торлы құрылым нейрондары бар. Бұлармен қатар көпiрде дем алуды дем шығарумен алмастырып отыратын пневмотаксикалық орталық пен тыныс орталығында зат алмасуын реттейтiн орталық орналасқан.
Артқы мидың бүкіл бойында көптеген талшықтары бар нерв жиынтықтары орналасқан. Осы нерв пен жасушалар жиынтығын – тор тәрізіді (ретикульді) туындылар деп атайды. Торлы құрылым екi түрлi кызмет атқарады
а) жұлынның қызметiн күшейтiп,
не әлсiрететiн төмен қарай
ОРТАҢҒЫ МИ. Варолий көпiрi және сопақша мимен бiрге ортаңғы ми ми діңінің негiзiн құрады. Оның сырт жағындa ми қақпағы, iшкi жағында ми аяқшалары орналасқан. Opтaңғы мидың негізгі құрлымдарына төрт төмпешiк, қара зат(субстанция), қызыл ядро, III және IV жұп ми нервтерiнiң түйiнiсi мен торлы құрылым болады. Ортаңғы ми арқылы жоғары қарай таламусқа, мишыққа баратын жолдар, ми қыртысынаң жолақ денеден гипоталамустан төмен қарай бағытталған ортаңғы миға, сопақша миға, жұлынға баратын жолдар өтедi.
Төрт төмпешiк пен көз алмасын көзғайтын ІІІ жұп нервтер түйiндерi ортаңғы мидың сырт жағына, ал iшкi жағында қара зат, қызыл ядро және IV жұп шиыршық нервтің нейрондары орналасқан.
Көз алмасын қозғайтын ІІІ жұп нерв аралас нерв тармақтары арасында көздiң қиғаш eттеpiнен басқа еттердi жиырылтатын талшықтармен қатар көз етерінен орталыққа тебетiн сезгiш талшықтары бар. Мұнымен қатар, бұл нерв арасында ортаңғы мида орналасқан парасимпатиқалық түйiндердiң прегaнглиялық талшықтары бар. Бұл нерв серпiнiстерiн кірпіктік түйiннен екiншi нейронға жеткiзедi. Бұл түйiннен басталған постганглиялық талшықтар көздiн қарашығын тарылтатын еттi жиырылтатын эфференттiк нерв. Ми нерв терінің IV жұп нервісi де аралас нерв. Талшықтар арасында көздiң жоғарғы қиғаш eтiн жиырылтатын қозғалтқыш талшықтармен қатар еттiң сезгiш талшықтар да бар.
Төрт төмпешiктiң алдыңғы екі төбешігі көрудің алғашқы рефлекторлық орталығы. Осы орталықтың арқасында көздiң, бастың, дененiң жарық түскен жаққа қарай бұрылуы, көз қарашығының тарылуы және аккомодация рефлекстерi пайда болады. көру орталығында орналасқан. Ми сыңарын алып тастағанда да аталған рефлекстер жойылмайды.
Артқы төмпешiктер естудің алғашқы рефлекторлық орталығы. Бұлардың қатысуымен eң алдымен есту, соған орай жөн табу рефлeкстepi, яғни құлақ жарғағы, бастың қатты дыбыс шыққан бағытқа бұрылуы. Бұл рефлекстер үлкен ми жарты шарын алып тастағанда жойылмайды.
Төрт төмпешiк кенеттен әсер еткен тiтiркендiргiшке жауап ретiнде қорғаныс рефлекстерiн тудырады, осыған байланысты олар сақтық рефлекстерi деп аталдаы. Мысалы, ыдыстағы сұйықтық байқаусызда төгiлгенде адам оның қayiптi eкeнiн түciніп үлгермей-ақ лезде бiр жаққа қарай ығысады.
Қызыл ядро орталық нерв жүйесiнiң барлық бөлiмдерiмен және ми қыртысымен тығыз байланыста болады. Ол бұлшық еттердiң тонусын реттейтiн қозғалыс орталығы. Мысалы, мысықтың ми бағанасын қызыл ядродан жоғарырақ жерден көлденең тiлiп жiберсе, оның жүріс-тұрысында айтарлықтай өзгерiстер пайда болмайды. Ал миды қызыл ядродан төмeнipeк тiлгенде мелшию пайда болады. Барлық бұлшық еттер, әcipece жазылу еттерi ширығып, қатаяды. Сондықтан, мысықтың басы қақиып, шалқаяды, жотасы созылып, сирақтарының буындары жазылып тiкiрейе cipecіп, қатаяды, құйрығы тiк көтерiледi. Мысықта мұндай құбылыс қызыл түйiн мен жұлынды қосатын жол — Монаков буданы бұзылғанда байқалады.
Қызыл ядро мен артқы мидағы Дейтерс түйiнiнiң жұлынға әcеpi бiр-бiрiне қарама-қарсы. Қызыл ядродан басталатын Монаков буданы жұлынның бүгу орталығының a және ¡ мотонейрондарын қоздырады немесе жазылу орталығын тежейдi. Ал Дейтерс түйiнiнен шығатын кiреберiс жұлындық жол жазылу орталығын қоздырады да бүгу орталығын тежейдi. Сондықтан, Монаков түйiнi зақымдалғанда Дейтерс түйiнi ғана әсер етедi. Дейтерс түйiнiн зақымдаса, мелшию жойылады. Қара зат — нейрондарында қара пигмент көп болғандықтан солай деп аталады. Қызметi, қыртыс және қыртыс асты түйiндерiмен торлы құрылыммен бiрге, бұлшық еттердiң әcipece, нәзiк және нақты қимыл-қозғалыстарды реттеу.
Торлы құрылым немесе ретикулярлық формация.
Торлы құрылым (ретикулярлық формация). Бұл сырт пішiнi торға ұқсайтын, бір-бірімен шырмалып жатқан нейрондардан тұрарады. Торлы құрылым ми бағанының ортаңғы бөлігін алып жатыр. Ол бірнеше нервтік жолдарды бнтнді афференттік жолдары 1) жұлын-торлы құрылым жолы, 2) ми-торлы құрылым, 3) ми қыртысы-торлы құрылым; эфференттік жолдары 1) торлы құрылым-жұлын, 2) торлы құрылым-ми жолы, 3) торлы құрылым-ми қыртысы жолы.
Торлы құрылымның физиoлoгиялық мaңызы электрофизиологиялық әдiспeн анықтaлды. Торлы құрлымның жұлынның қызметiн күшейтiп, не әлсiрететiн төмен қарай бағытталған әсері; ортаңғы мидың торлы құрылымымен бiрге мидың басқа бөлiмдерiнiң қызметiн күшейтетiн жоғары жаққа қарай бағытталған әсері болады. Торлы құрылымды ми «аккумуляторы» деп атауға болады.
Сопақша мидың торлы құрылымын электр тогымен тітіркендіргенде көптеген жұлын рефлекстерiнiң тежелгенi байқалған. Торлы құрылымды тiтiркендiргенде пайда болатын нәтиже тітіркендіргіштiң күшiне байланысты болған. Әлсiз тітіркендіргішпен торлы құрылымның бiр жақ бөлiгiне әсер еткенде жұлынның сол бөлiгiндегi нейрондар тежелген, ал күштi тітіркендіргішпен әсер еткенде екі бөлiгiнiң де нейрондары тежелген. Және де ондай нәтиже торлы құрылымның вентромедиальды бөлiмiн тітіркендіргенде ғaнa байқалады. Ал басқа жерлерін тітіркендіргенде ондай нәтиже болмаған.
Торлы құрылым тыныс еттерiн, жұлынның симпатиқалық орталықтарын және тыныс алу мен вазомоторлық жауаптарды реттейтiн мотонейрондарды қоздырады және тежейдi. Айтылғандардың барлығы торлы құрылымның төмен бағытталған әcepiнің болатындығын көрсетеді.
Торлы құрылым ми қыртысына, яғни жоғарыға қарай бағытталған белсендiру әсерін ми бағанасының және таламустың белсендiрушi жүйесiне бөледі. Ми бағанасындағы жүйе жинақталған белсендiліктi тудырады, ал таламустық жүйе жергіліктi әсер eтeдi. Торлы құрылым ми қыртысына белсендіруші әсер етеді.
Ми қыртысы өз тарапынан торлы құрылымға єс ер етеді. Торлы құрылымның нейрондарына әсер ету арқылы ми қыртысы олардың сезiмталдығын өзгертедi, яғни ми қыртысы торлы құрылымның қызметiн реттейдi және бағыттайды.
Торлы құрылым гипоталамуспен және
лимбиялық жүйемен тығыз қарым-
Торлы құрылым тітіркендіргішке баяу жауап қайтарады, бiрақ қозуы ұзаққа созылады. Ол бұлшық еттердiң ширығуын жеңiлдетедi немесе тежейдi. Ортаңғы ми мен аралық мидағы торлы құрылым жануардың рефлекторлы қимылын жеңiлдетедi.
Варолий көпiрiнiң және орта мидың торлы құрылымының бүйiр бөлiмдерi қимыл рефлекстерiн жеңiлдетiп, сопақша мидағы оның ортаңғы бөлiмдерi оны тежейдi. Жеңiлдету және тежеу торлы құрылымдағы тiтiркенiстiң жиiлігiне байланысты болады. Ол, сонымен қатар, жұлынның жоғары қарай импульстердi өткізетiн жолдарының қозғыштығын езгертедi.
Торлы құрлымның организмнің ұйқы- cepгектiк, эмоция және стрес күйлерінің көрініс беруіне қатысы бар.
Торлы құрылымды тiтiркендiргенде жануар оянады да, зақымдағанда — ұйқыда болады.
Симпатикалық нерв арқылы торлы құрылым бұлшық еттердiң қызметiне, нерв жүйесiне, сезiм және iшкі мүшелерге, iшкі секрециялық бездерге, олардағы гормондар мен медиаторлардың мөлшерiне әсер етедi.
Ортаңғы ми мен Варолий көпірінiң торлы құрылымының жасушаларының бiраз бөлігi адреналин мен норадреналиннiң әсерінeн қозады, ал орта ми мен аралық мидың торлы құрылымының бiраз бөлігi ацетилхолиннiң әcеpiнeн қозады. Ацетилхолиннiң торлы құрылымға әcеpi оның iшкі мүшелерге eтeтiн шеткі әсеріне қарама-қарсы.
Мишық. Мишық үш бөлімнен тұрады мишықтың құрты деп аталатын ортаңғы бөлімнен жєне мишықтың екі жарты шарларынан. Мишықтың бетінде толып жатқан иректер болады. Сондықтан ол өте үлкен болып келеді және сұр заттан немесе қыртыстан тұрады. Қыртыста үш қабат бар беткі немесе молекулалық, аралық немесе Пуркинье жасушаларының қабаты; терең я дәнді қабат.
Мишық барлық қозғалу актыларының орындалуына қатысады оған өзгерістер енгізеді, сүйтіп әрбір жеке қимылдардың нақты дұрыс орындалуын қамтамасыз етеді. Мишық – тонустық рефлекстердің жоғары дєрежелі реттеушісі болып табылады. Сонымен қатар, мишық тыныс алуды, жүректің жиырылуын қимылдың түріне байланысты лайықтап отырады.
Адамда мишықтың қызметі бұзылса қозғалу қызметінің реті бұзылады, теңдік жоғалады. Мишықты толығымен алып тастағанда атония байқалады – еттер тонусын жоғалтады. Астазия туады – бір орында басын, денесін теңселтпей тұра алмайды. Дизметрия – еттің жиырылуы күші мен орындалатын қызметтің арасында сәйкестік жоғалады.
Аралық ми. Ортаңғы ми мен ми сыңарларының арасында аралық ми орналасқан. Аралық ми төмпешіктен — таламус жєне төмпешік асты аймақтан – гипоталамустан тұрады.
Төмпешіктің құрамына шығу тегі және функционалдық жағынан өзгеше бірнеше ядролар кіреді. Төмпешік ми қыртысымен екі жақты байланыста болады. Ядроларда барлық афференттік жұйелерден үлкен жарты шарлар қыртысына баратын өткізгіш жолдардың ақырғы звеносының нейрондары орналасады. Таламус арқылы мидың барлық сезгіш жолдары (иіс сезуден басқа) өтеді. Бірақ, оны жай ғана өткізгіш қақпа ретінде қарастыруға болмайды. Таламуста импульстер өзгеріп, жаңа, түрлі комбинацияға түседі. Таламус төменгі түйсік пен эмоцияны жасауға қатысады.
Төмпешік астындағы аймақта-
Гипоталамус ортаңғы мидан өсіп жетілген. Гипоталамус жоғары дєрежелі вегетативтік орталық болып саналады. Мұнда зат алмасуын, жылу түзілуді, жылу беруді, тер бөлуді, аштық жєне шөл сезімдерін, барлық ішкі мүшелердің қызметін реттеу орталықтары бар. Сонмен қатар, гипоталамуста нейросекреттер түзіліп, гипофиз безінде белсендіріледі. Гипоталамус ішкі секреция қызметін реттеуге қатысады. Ол адамның ұйқысы мен сергектігін реттеуге де қатысады.
Қыртыс асты (базальдық) ядролар. Ми сыңарларының ақ заттарының ішінде орналасқан сұр заттың жиынтығы жатыр. Оған кіретіндер құйрықты, бұршақ тәрізді, миндаль тәрізді ядролар және қоршау.