Вирусологияның маңызы
Вирустар қоздыратың
өімдіктер, жануарлар және адамдар
ауруының көбеюіне байланысты вирусология
ғылымынын маңызы өте зор. Кейбір
жүқпалы ауруларды емдеу сақтану
жағдайлары шешілгенмен, ішінде вирус
тарататын ішек аурулары, респираторлы
аурулары әлі көп.Бұл аурулар әсіресе
жас мал арасвшда жиі кездеседі. Ол аурулардың
қоздырушысын табуда қиын. Себебі клиникасы
бірдей ауруды бірнеше вирустар қоздыруы
да мүмкін. Тіпті кейбір жағдайларда, малдын
жұқпалы ауруы онша білінбей өтеді немесе
бір ғана вирус әрбір ауырған малды әр
түрлі күйге душар етеді. Соңғы кезге дейін
адамның және малдың жұқпалы ауруларының
вирустары әр түрлі деп вирусология ғылымын
медицина және малдәрігерлігі вирусологиясына
бөліп келдік. Ал қазір ондай бөлудің қажеті
жоқ екені белгілі болды. Себебі кейбір
қоздырушылар адамдардан жануарларға
және керісінше жұғады. Мысал ретінде
адамдардың аденовирус жұқтыратын ауруын
айтсақ осы күнде аденовирус жұқтыратын
ауру ірі қарада да, шошқада да, қой мен
құста да бар екені белгілі болды. Немесе
тұмау ауруын алайық.Онымен тек адамдар
ғана ауырады деп келгенбіз. Қазір тұмау
ауруымен құстың да, жануарлардың да ауыратыны
белгілі болды. Құстардың тек құс тұмауының
вирусын емес, адам тұмауының вирустарын
да тарататыны белгілі болды. Демек, вирустардың
көзі табиғатта.Соңғы кезде жұқпалы аурулар
тарататын жаңа бір топ агенттер ашылды
— приондар. Олардың малдәрігерлігіне
көп катынасы бар. Бұл агенттер тарататын
приондық аурулар малды көп шығынға ұшыратады
(малдың 100 пайызы қырылып қалуы мүмкін).
Ірі қарада кездесетін кеуекті энцефалопатия,
қойда — скрейпи осындай ауруларға жатады.
Бұл індеттерден сақтандыру үшін ауырғаны
не күдіктенген малдың бәрін өлтіріп қана
құтылу мүмкін. Осындай ауруларға қойдың
висна маеди ауруы да жатады. Адамдар арасында
осыған сәйкес —Крейцвельд — Якоб, жанұялық
фатальдық ұйқы кашу, ұмытшақтық т. б. кездеседі.Вирустардың
организмде көпке дейін сақталуының да
себебі бар. Ондай кезде адам ауру екенін
білмейді, тек нәжісі мен дәреті арқылы
вирус таратады. Соның бір түрі — адамдарда
кездесетін жел шешек вирусы.Экологиялық
факторларды да ескерген жөн. Себебі, табиғаттағы
қоңыз тәріздес жондіктер мен кемірушілер
тарататын вирустар да кебейіп келеді.
Мұндай аурулар ретіне Африкада кездесетін
безгек ауруын, Денге ауруын, жапон энцефалиттерін
айтуға болады.Вирусология ғылымының
маңызы аса қатерлі ісік ауруларын — лейкозды
зерттеу үшін де зор. 1911 жылы американдвіқ
ғалым П. Раус тауықтардың аса қатерлі
ісік ауруының саркома вирус арқылы жұғатынын
дәлелдеді. Содан кейін оның жерлесі Р.
Шоуп кояннвщ қауіпсіз ісігінің (фиброма)
қоздырушысы вирус екенін анықтады. Қатерлі
ісік тудыратын вирустар тышқандарда
да, бақаларда да, мысықтарда да бар екені
белгілі болды. Құстарда және ірі қарада
жиі кездесетін аса қатерлі қан ауруының
(лейкоз) қоздырушысы да вирус екені белгілі
болды.Вирустардың молекуларлық биология,
генетика, гендік инженерия ғылымдары
үшін маңызы өте зор. Себебі көрсетілген
ғылымдардағы зерттеулерде вирустарды
негізгі модель етіп қолдануға болады.
Нуклеин кышқылының нәсілдік функциясы
— нәсілдік (генетикалвіқ) кодты шешу
және клеткадағы макромолекулалардың
құралуын зерттеу тек вирустардың көмегімен
шешілді.Нәсілдік инженерияда вирустарды
қолданудың теория және практика үшін
де маңызы зор. Себебі нәсілдік қасиеттер
зертханалық жағдайда зерттеген кезде
нуклеин кышкылының фрагменттерін ферменттер
арқылы кез келгең жерінен кесіп, керекті
генді ғана алып, оны басқа организмнің
нәсілдік нұсқасына еңгізуге болады.Мысалы:
кұтырық вирусының генін алып, Е. сол микробының
клеткасына енгізсе, ондай микроб вирустың
белогын шығарады. Осының арқасында қауіпсіз
вакцина алуға болады. Мұндай вакциналарды
гендік инженерия арқылы алынған вакцина
деп атайды.Вирусология ғылымының өсіп-жетілуі
жаңа вирустар ашуға әсер етті, олардың
саны өсті. Осыған байланысты вирус сақтайтын
музейлер салына бастады. Мұндай музейлер
бізде де, шет елдерде де бар.Москвадағы
вирусология институтыпда 1965 жылы вирусология
коллекциясы, 1959 жылы АҚШ-та Вашингтонда
вируетар коллекциясы ашылды. Чехияда,
Прагада — эпидемиология, микробиология
институтында, Жапонияда, Англияда, Швейцарияда
вирустардың халыкаралық каталогі бар.Қазіргі
кезде вирусология жалпы және жеке болып
бөлінеді. Жалпы вирусология вирустардың
табиғатын, шығу тегін, физикалық құрылымын,
химиялық құрамын, өсіп-жетілуін, нәсілдік
қасиеттерін зерттейді және вирустардың
клеткалармен өзара байланыстарын, вирусқа
қарсы иммунитетті, вирус ауруларын зертханалық
тәсілдер арқылы зерітеумен айналысады.