Жара инфекциясы. Асептика және антисептика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 19:38, автореферат

Описание

Жараға шаң-тозаңмен, медициналық құрал-жабдықтармен түскен микробтың өсіп-өнуінен пайда болатын ауруды жара инфекциясы деп атайды.
Жара инфекциясы іріңді, анаэробты, аэробты инфекциясына бөлінеді. Іріңді инфекцияның қоздырғышы стафилококк, стрептококк, диплококк таяқшалары. Олар түскен жер қызарады, ісінеді, кейіннен іріңдейді. Мұндай адамның ыстығы көтеріледі, жара сыздайды, тамаққа тәбеті болмайды, ұйқысы қашады. Жараның жазылуы ұзаққа созылады.

Работа состоит из  1 файл

Жара инфекциясы.docx

— 19.38 Кб (Скачать документ)

Жара инфекциясы. Асептика және антисептика

Жараға шаң-тозаңмен, медициналық құрал-жабдықтармен түскен микробтың өсіп-өнуінен пайда болатын ауруды жара инфекциясы деп атайды.

Жара инфекциясы іріңді, анаэробты, аэробты инфекциясына бөлінеді. Іріңді инфекцияның қоздырғышы стафилококк, стрептококк, диплококк таяқшалары. Олар түскен жер қызарады, ісінеді, кейіннен іріңдейді. Мұндай адамның ыстығы көтеріледі, жара сыздайды, тамаққа тәбеті болмайды, ұйқысы қашады. Жараның жазылуы ұзаққа созылады.

Іріңді жара инфекциясы жергілікті және жалпы болып бөлінеді. Жергілікті ірінді инфекцияға абцесс, флегмона, тілме қабынуы және т.б. жатады. Жалпы іріңді инфекция кезінде қоздырғыштар қанға түседі де бүкіл ағзаға тарайды, оны сепсис деп атайды. Бұл жағдайда сырқаттың жағдайы нашарлайды – ыстығы 39-40 градусқа дейін қөтеріледі, жүрегінің жұмысы мен демі бұзылады, қанның құрамы өзгереді, тері қанағыш келеді, бауыр және көкбауыр қабынады, емдемесе сырқат өліп кетуі мұмкін. Емдеуі: антибиотиктер, сульфаниламидтер, жылу басу, физиотерапия, ауыр жағдайда – қан, плазма құю. Ірің түзелген кезде хирургиялық жолмен емдеу.

Сіреспе

Бұл анаэробты инфекцияға жатады. Қоздырғышы – сіреспенің таяқшасы, ол жараға жарақаттаушы заттармен, топырақпен түседі. Жарада ауа жоқ жерде өсіп өнеді де, тетаноспазмин және тетанолизин токсиндер бөледі, олар орталық жүйке жүйесінін зақымдайды.

Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан бір айға дейін созылады. Аурудың белгісі жарақат маңындағы бұлшық еттің тартылуы, ауызды ашу және шайнаудың қиындауы. Сырқат жарықтан қорқады, ұйқысы қашады, дененің ыстығы көтеріледі, қатты терлегіш, беттің тамақ шайнайтын және мимикалық бұлшық еттерінің дірілдеуі пайда болады, арқа мен мойын бұлшық еттерінің басты артқа шалқайта қатты тартуы (опистотонус), дем алудың да тоқтап қалуы мүмкін.

Алдын алу шаралары: сіреспеге қарсы егу. Барлық зардап шеккендердің терілердің астына сіреспеге қарсы сыворотка және анатоксин жіберілуге тиіс. Емі емханаларда жүргізіледі.

Газ гангренасы

Бұл да анаэробты жара инфекциясына жатады. Жараға жарақаттанушы заттармен, ластанған киіммен, шаң-тозанмен түседі. Соңымен қоса, ауыр жарақаттанғанда, алғашқы хирургиялық көмекті дер кезінде жасамағанда, бұрауды аяқ-қолға көп уақыт қойғанда, дұрыс зардап шегушіні тасымалдамағанда газ гангренаның қоздырғышы қатпарланған жараға түсуі мүмкін. Бұған аурудың ауыр жағдайы да себеп болады: көп қан кету, жарақаттық шок, сәуле ауруы, ауыр жарақаттар.

Қоздырғыштар жараға түсіп, өсіп-өнеді де некротоксин бөледі, бұл токсиндер өте ұлы келеді. Ауру 3-6 күннен кейін басталады. Жара сыздап қатты аурады, жараның шеті ыдырайып шығады. Жара өте құрғақ, түсі сұрғылт, кейіннен ісінеді. Сырқаттың ыстығы 38-39 градусқа дейін көтеріледі, ұйқысы бұзылады, тамыры жиі соғады, артериялық қысым төмендейді. Жағдайы нашарлайды, жараның маңындағы бұлшық ет жансызданады, қараяды, емдемесе ол ұлғая береді, тер астына газ жиналады, зақымдалған жер ісіп үлкейіп кетеді. Токсиннен бүкіл ағза ұланады да сырқат өліп кетуі мүмкін. Емдеуі: гангренаға қарсы сыворотка егу, жараны қайтадан хирургиялық тазарту арқылы өңдеу, антибиотиктер (пенициллин, стрептомицин) беру, қан және басқа ерітінділер (реополиглюкин, гемодез и т.б.) құю. Егер емі болыспаса онда ампутация жүргізу.

 

Асептика және антисептика

Асептика - жараны микробтардың зақымдануынан қөрғау шаралары. Олар алдын ала жасалынады. Микробтар жараға ауа, кір қол, жарамен түйісетін заттармен түседі, сондықтан ауаны тазарту, еденді хлор қосылған сумен жуу, ауаны үльтра күлгін сәулемен заласыздандыру, бөлмені жиі желдету, қолды жақсы жуып спиртпен тазарту, тырнақтың шетін йодпен өңдеу, шприцті, бинтті, мақтаны, дәкені, инструментті залалсыздандыру шаралары жатады.

Антисептика - бұл жараға түскен таяқшаларды, микробтарды өлтіру немесе олардың тіршілігін әлсірету. Антисептика механикалық, химиялық, биологиялық және физикалық тәсілдермен жүргізіледі.

Механикалық тәсіл - жараны жуу, тазарту, жарқаттанушы заттарды, ластанған киымді алып тастау жене алғашқы хирургиялық өңдеуден өткізу.

Физикалық тәсіл - бұл жарадағы микробтарға қолайсыз жағдай жасау: жараны құрғату, іріңін, сары суын сыртқа шығару. Микробтарды күн сәулесі мен жасанды үльтра күлгін сәулесімен өлтіру шаралары жатады.

Биологиялық тәсілге микробтарға қарсы дәрі - дәрмектер антибиотиктер, сульфаниламидтер, бактериофагтар, витаминдер жатады.

Химиялық тәсілге микробтарға қарсы қолданылатын, жараны өңдейтін, тазартатын дәрі - дәрмектер жатады: йод тұнбасы, этил спирті, хлорамин, риванол, калий перманганаты, фурациллин сияқты антисептиктер.

 

 

 


Информация о работе Жара инфекциясы. Асептика және антисептика