Жасуша органеллаларының қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 18:45, доклад

Описание

Эндоплазмалық тор — ұзынша келген қуысты түтікшелер мен өзекшелерден тұратын, қабырғасы биологиялық жарғақтармен шектелген жасуша цитоплазмасының органелласы.
Эндоплазмалық тор -дәншелі (гранулалы) және дәншесіз (агранулалы) эндоплазмалық тор болып екіге бөлінеді.
Гранулалы эндоплазмалық тор жарғақтарының қабырғаларында рибосомалар орналасады, ал агранулалы эндоплазмалық тор қабырғаларында рибосомалар болмайды. Эндоплазмалық тор жасуша цитоплазмасында жеке не топтаса орналасады.

Работа состоит из  1 файл

Жасуша органеллаларының қызметі.pptx

— 1.21 Мб (Скачать документ)

Жасуша органеллаларының қызметі

Жоспары:

 

 

    • Эндоплазмалық тор
    • Гольджи кешені
    • Лизосома

Эндоплазмалық тор

 

    • Эндоплазмалық тор — ұзынша келген қуысты түтікшелер мен өзекшелерден тұратын, қабырғасы биологиялық жарғақтармен шектелген жасуша цитоплазмасының органелласы.
    • Эндоплазмалық тор -дәншелі (гранулалы) және дәншесіз (агранулалы) эндоплазмалық тор болып екіге бөлінеді.
    • Гранулалы эндоплазмалық тор жарғақтарының қабырғаларында рибосомалар орналасады, ал агранулалы эндоплазмалық тор қабырғаларында рибосомалар болмайды. Эндоплазмалық тор жасуша цитоплазмасында жеке не топтаса орналасады. Бауыр гепатоциттерінде және кейбір нейроциттерде агранулалы эндоплазмалық тор жеке аймақтарға жинақталып жатады. Гранулалы эндоплазмалық торда ас қорыту ферменттері, жарғақтық интегральды протеиндер түзіледі.
    • Агранулалы эндоплазмалық торда полисахаридтер (гликогеннің түзілуі мен ыдырауы), жасуша жарғағы құрамына кіретін липидтер мен стероидты гормондардың түзілу процестері жүреді. Бұнымен қатар, органелла әртүрлі иондар мен қоректік заттарды тасымалдайды, зиянды заттарды бейтараптандырып, сыртка шығарады (гепатоциттерде), ядро қабықшасы — кариолемманы плазмолеммамен байланыстырады

Эндоплазмалық тор

 

    • Эндоплазмалық торды 1945 жылы К. Портер электронды микроскоптың көмегімен тауық балапандарының фибробластарынан тапты. Фибробластарды бекітіп және бояп барып жарық микроскопымен қарағанда оның цитоплазмасындағы эндоплазма аумағы эктоплазма аумағына қарағанда бояуды жақсы қабылдайтыны анықталды. Ал эндоплазма аумағының қуыстар мен каналдардан тұратынын және олар бір-бірімен байланысып барып, күрделі тор түзетіні байқалды, 1950 жылдары өте жұқа кесіндіні жасау әдісі жетілгеннен кейін эндоплазманың құрылысы толық анықталды. Эндоплазмалық тор негізінде барлық эукариотты клеткаларда жақсы жетілген.

 К.  Портер 

Гольджи жиынтығы

 

    • Гольджи жиынтығы - ядроға жақын, жасуша орталығын (центриоль) айнала қоршап жататын көпіршік, түтікше тәрізді түзіліс. Жасушада заттардың тасымалдануына, қажетсіз соңғы өнімдердің жасушадан шығарылуына қатысады.

 

    • К. Гольджи 1843 ж солт.Италияда, Кортена ауылында дүниеге келген. Оның әкесі доктор болған, ал анасы уй шарауасымен айналыскан.Мектебін аяқтап болған соң, Павия каласындагы Медицина институтына туседі.

 

    • Гольджи жиынтығын еткен ғасырдың соңында италиялық ғалым К.Гольджи (1882—1885) жүйке жасушаларынан тапқан. Ол AgNOg және 0в04-пен боялатын торлы жиынтықка бірінші болып сипаттама берген. Содан кейін баска жасушалардан да табылған бұл жиынтықты диктиосома (грек. "диктиес" — тор) немесе Гольджи жиынтыгы деп атаған. Гольджи жиынтығы дөңгеленіп иілген қос мембранамен шектеліп, топтаса орналасқан қуыстардан, қуыстармен байланыса орналаскан ірі түтікшелерден тұрады. Қуыстардың ұштарынан ауалы көпіршіктерді байқауға болады. Кейбір жасушаларда бұл жиынтық тор түрінде кездеседі де, олардың қуыстары бір-бірімен байланысып жатады. Кейде жеке түйір денешік немесе орак төрізді больш келеді. Мұндай формалары диктиосома (лизосома) деп аталады. Жасушаның қызметіне карай бұл жиынтық үнемі өзгеріп отырады, әсіресе секрет бөлетін жасушаларда жақсы жетіледі

 

Гольджи жиынтыгы

         Камилло Гольджи

Лизосома

 

    • Лизосома– жануарлар мен саңырауқұлақ клеткасының органелласы, клетка ішінде ас қорыту қызметін атқаратын және гидролиттік ферменттердің қор ретінде жиналатын орны. Оның диам. 0,2 – 0,7 мкм.

 

    • Лизосома — торшалар органоиды. Олардың құрамына гидролиттік ферменттер тобы — қышқыл фосфатаза, нуклеаза, протеазалар, гликозидазалар т. б. (барлығы 20-дан астам) кіреді. Лизосома торшаның өзінің (аутолиз) және оның ішіне кірген заттардың ыдырауына қатынасады. Лизосома құрамына кіретін ферменттер торша және белоктарының жетілуіне (процессинг) қатынасады

Лизосома

            Кристиан Де Дюв

 Жасуша  органеллалары


Информация о работе Жасуша органеллаларының қызметі