Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 18:43, аттестационная работа
Патронаж – емдік профилактикалық мекеменің жұмыс формасы. Негізгі мақсаты үйде емдік және профилактикалық іс-шараны жүргізу. Өзіндік гигиена және санитарлық гигиенаны тұрмыстық жағдайға енгізу.
Патронаж ана және бала денсаулығын сақтау мекемесінде кеңінен қолданылады.
СТУДЕНТТІҢ
ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы:
Жүкті әйел және босанған әйелге патронаж
жасау. Құжаттарды толтыру.
Алматы 2012
Жүкті әйел және босанған әйелге патронаж жасау
Патронаж – емдік профилактикалық мекеменің жұмыс формасы. Негізгі мақсаты үйде емдік және профилактикалық іс-шараны жүргізу. Өзіндік гигиена және санитарлық гигиенаны тұрмыстық жағдайға енгізу.
Патронаж ана және бала денсаулығын сақтау мекемесінде кеңінен қолданылады.
Жүкті әйелдер мен босанған әйелдердің патронажы санитарлы-мәдениет сипатында, мақсаты: ана денсаулығын нығайтуға, сақтауға және қалыптастыруға бағытталған, аурулар мен жүктілік асқынуларындың алдын алып немесе ерте анықтап, емдеп және ұрықтың дұрыс дамуына жағдай жасау. Оның негізгі міндеттері келесі:
Әйелдер кеңесі басты міндеті – жүктілерді диспансеризация. Есепке алуға берілетін мерзім – жүктіліктің 12 аптасына дейін. Бірінші қатысудың өзін «Жүкті және босанатын әйелдің жеке картасын» толтырады (форма 111у), мұнда сұрақтардың барлық жауаптары, тексерулер, әрбір келген кездегі белгілеулер жазылады. Клиникалық және лабораториялық тексерістен кейін (12 аптаға дейін) жүктіліктің тәуекелділіктің қандай да бір тобына жататындығын анықтайды. Тәуекелділік факторларын сандық бағалау үшін «Баллдарда тәуекел пренатальдық факторларын бағалау» (бұйрық №430) шкаласы қолдыналды.
Әйелдер кеңесінде жүргізілетін жүкті әйел денсаулығы мен ұрықты антенатальды қорғау шаралары жүктіліктің ерте кезеңінен басталып, соңына дейін жалғасса жақсы нәтиже береді. Сонымен қатар бұл дәрігерге жүктілік мерзімін және декретті демалысты дұрыс анықтауға мүмкіндік береді. Жүктіліктің физиологиялық ағымында әйел акушер-гинекологқа орта есеппен 14 рет қаралуы тиіс. Бірінші қаралудан кейінгі келуі 7-10-шы күніне тағайындалады (анализ нәтижелерімен, терапевт және басқа мамандар өорытындысымен); жүктіліктің бірінші жартысында – айына 1 рет, 20 аптажан соң – айына 2 рет, 32 аптадан соң – айына 3-4 рет.
Жүкті әйел әйелдер кеңесінде қаралғанда дәрігер және акушер оның дене салмағы, АҚ деңгейі, зәр анализі және т.б. арқылы динамикалық жағдайын бағалай алады. Ал ұрықтың жағдайын УДЗ және арнайы зерттеулер арқылы біле алады. Егер жүкті әйел әйелдер кеңесіне уақытылы келмесе, әсіресе жүктілік патологиясы болса, акушер патронаж жасап, келмеу себептерін анықтап, дәрігерге шақырады. Патронаж нәтижелері жүкті әйелдің жеке картасына толтырылады.
Босануға дейінгі патронаж
Босануға дейінгі патронаж
аймақты профилактиканың
Патронаж жасағанда
Бірінші босануға дейінгі патронаж жүкті әйелге алғашқы 10 күнде жасалынады, яғни жүктілігі туралы әйелдер консультациясынан ескертпе қағазы келгеннен соң. Күнделікті күн тәртібі мен ұрықтың дамуы үшін қалай тамақтану, гигиена туралы әңгіме шаралары жүргізледі.
Әңгіме шараларының тезисі:
Екіншілік босануға дейінгі патронаж 32 апталық жүктілік мерзімінде жасалынады.
Отбасының баланың дүниеге келуіне дайындығын тексереді. Жаңа туған нәрестенің күтіміне қажетті жағдайдың бар-жоқтығын қарайды. Жаңа туған нәрестені үйде күту, қалай емізу және қалай тамақтандыру керектігі туралы кеңестер беріледі.
Біріншілік және екіншілік босануға дейінгі патронаж нәтижелері медициналық құжатқа толтырады.
Босанудан кейінгі патронаж
Жаңа босанған әйел перзентханадан шыққан соң алғашқы 3 тәулікте әйелдер консультациясының медициналық қызметкерлері келіп қарайды: дәрігер (патологиялық босанудан кейінгі) немесе акушер (табиғи, физиологиялық, асқынусыз өткен жағдайда). Босанудан кейінгі патронажды уақытылы жасау үшін әйелдер консультациясы босанатын стационармен тұрақты байланыста болу керек. Перзентханадан босанған әйелген екі шығару қағазын береді. Біреуі әйелге, екіншісі балаға арналған. Біріншісінде жүктілік қалай өтті, асқынулар болды ма, болса қандай және дәрігер қандай жағдайға маңызды көңіл аудару керек туралы мәліметтер болады. Осы шығару қағазы әйелдер консультациясына беріледі. Акушер-гинеколог шығару қағазын алғаннан соң патронаж жасайды. Анасының жағдайын алғашқы 3 күнде, алғашқы бірінші айында 1 рет патронаж жасалынады.
Әйелдер консультациясында мекен-жайы бойынша тіркеуде болса, жүктілік картасын уақытша тіркеуге алады. Босанудан кейінгі 42 күннен соң медициналық мекемеден тіркеуден шығарылады.
Әдебиеттер
Информация о работе Жүкті әйел және босанған әйелге патронаж жасау