Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2012 в 17:45, реферат
Жұқпалы аурулар - жұқпалы (инфекциялық) аурулар ерте заманда-ак олардың жаппай таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр түрлі атаулармен белгілі болды (індет, жаппай аурулар). Бұл аурулар ерекше "миазма" — ауаның улы булануымен байланыстырылады. Жұқпалы аурулар туралы ғылымның дамуында өр түрлі қоздырғыш микробтардың ашылуы үлкен рөл атқарды. "Іnfесіо" деген латын сөзі "ластану" дегенді білдіреді. Жұкпалы аурулар адам ағзасына қоздырғыштың енуінен кейін пайда болады. Қоздырғыш-микробтар ауру адамнан сау адамға беріле алады. Белгілі бір жағдайларда ауру жаппай таралады (індет).
Ауру туғызатын микробтар бактериялар, вирустар, спирохетар, саңырауқұлақтар болуы мүмкін
Тексеру кезінде СД мүшелері жергілікті тұрғындардың нақты кұрамын анықтайды, ата-анасыз қалған балалардың барлығын біледі, температураны өлшеу мен ауызша сұрау арқылы ауруларды аныктайды, тұрғындарды шұғыл сақтандыру есеп карточкасын, температура қағазын толтыруға, ағымдағы дезинфекция және ауру болған кезде күту ережелеріне, ауру пайда болған кезде және көшеде, үйде өзін ұстау режіміне үйретеді.
Қайта тексеру белгіленген шаралардың орындалуын тексеру және ауырғандарды анықтау мақсатында жүргізіледі. Ауырғандығы анықталған жағдайда СД жұқпа ауруларының негізгі белгі беруші — сұрыптау белгілеріне: бас ауыруы, калтырау, ысу, әлсіздік, көрудің бұзылуы, іш өту, құсу, сондай-ак тексеру кезінде байқалған бет түсінің өзгеруі, денедегі бөртпе, тамыр соғысының жиілеуі, тілдегі өңездер жөне т. б. сүйенеді.
СД анықталған ауруды пәтер мүмкіншілігімен пайдалана отырып, уақытша оқшаулау үшін шаралар жүргізеді (бөлек бөлме немесе перде немесе жаймамен оқшауланған бұрыш). Ауруға жеке төсек, сүлгі, ыдыс-аяк беріп, оларды жиі-жиі залалсыздандырып отырады.
Аурулармен қатынаста болған адамдардың ауыз шырышты қуысын екі пайыз сода ерітіндісімен 1 пайыз сутегі аскын тотығымен немесе калий перманганатының әлсіз ерітіндісімен емдейді. Бөлмедегі шыбындар мен баска да жәндіктерді жояды. Аурудың бөлінісін (қакырығын) аузы тығыз жабылатын ыдысқа жинайды, үстіне хлораминнің 3 пайыз ерітіндісі немесе хлорлы ізбестің 20 пайыздық ерітіндісін құяды. Дезинфекциялау кұралдарын қолдана отырып, бөлме ішіне ылғалды тазалық жұмысын жүргізеді. Аурумен карым-қатынасқа түскен бір пәтерде тұрушы адамдарға жұмысқа шығуға, басқа пәтерлерге баруға тыйым салынады, пәтердің есігіне "Кіруге тыйым салынады, жұкпалы ауру!" деп жазылады.
Тексеру кезінде СД жұмысының індетке карсы режимін катаң сақтауы тиіс. Егер жұқпалы ауру анықталса немесе ауру күдігі туса, онда сандружина мүшесі арнайы киімді ауыстырып немесе оны дезинфекциялап, басқаларына кіруіне болады. Сандружина мүшесінің баяндауы бойынша, буын командирі ауру туралы хабарламаны толтырады, ал оны содан кейін СД командиріне және диспетчер пунктіне, ал аурудың пәтеріне учаскелік бригада дәрігерін жібереді. Тұрғындардың індетке қарсы режим ережелерін орындауын бақылауды КСК белгіленген санитариялық өкілетті адамдар жүзеге асырады, қайталап тексеруді СД тәулігіне 2 рет жүргізеді.
Ауруды ауруханаға орналастырғаннан кейін онымен қатынаста болған барлық адамды дереу толық санитариялық өңдеуге жібереді, осыдан кейін олар үй обсервациясында немесе арнайы оқшаулауда болады, оларды бақылау медбикеге немесе СД мүшесіне жүктеледі. Пәтерлердің кірер есіктерінде тұрғындардың аты-жөні, тегі жазылған температура парақтары ілінеді, оған күніне 2 рет температура өзгерісінің нәтижелері жазылады.
Шаруашылық объектілерінде ауруларды анықтауды СП жеке құрамы жұмысшылар мен қызметкерлердің денсаулығы туралы ауызша сұрау және жұмыс күшінің (ауысымының) басы мен аяғында 3 рет дене температурасын өлшеу жолымен және нашар көңіл күйге шағымдану болған кезде жүргізеді. Нәтижелер арнайы журналға жазылады.
Биологиялық зақым ошақтарында жүргізілетін бірінші кезектегі іс-шаралар қатарына дезинфекция, дератизация жұмыстарын ұйымдастыру жатады.
Дезинфекция дегеніміз — сыртқы ортаның әр түрлі субстраттары мен әр түрлі объектілерінде жұқпалы ауру қоздырғыштарын жою құралдары мен тәсілдері. "Дезинфекция" түсінігі үш бөлімді біріктіреді; дезинфекция — залалсыздандыру, дезинсекция — жұқпалы ауруларды тасушы, буынаяқтыларды (жәндіктерді) жою және дератизация—бірқатар аурулардың қоздырғыш көздері— кеміргіштерді жою.
Залалсыздандыру мақсатына байланысты: алдын алу, ағымдағы, корытынды (ағымдағы және корытынды дезинфекция эпидемиялық ошақта жүргізіледі) болып бөлінеді. Алдын алу дезинфекциясы қоғамдық орындарда: асхана, монша, кір жуу, вокзал, шаштаразда және т.б жерлерді жүйелі түрде залалсыздандыру жолымен жергілікті жерлерді сауықтыру және жұқпалы аурулардың пайда болу немесе таралуының, олардың бар-жоқтығына карамай, алдын алу мақсатында жүргізіледі.
Бұған бөлмені желдету, ылғалды тазалау, су тартқыш станциясындағы су құбырларының суын тазалау және хлорлау, сүтті пастеризациялау және қайнату, дәретханаларды залалсыздандыру, жеке гигиена ережелерін сақтауға жағдайлар жасау және т.б. кіреді.
Жатақхана, пәтерлерде, балалар мекемелерінде аурудың бары анықталса, онда ошактық дезинфекция жасалады. Қай кезеңде жүргізілуіне байланысты ол: ағымдағы және қорытынды болып бөлінеді. Ағымдағы дезинфекцияны жұқпа ошағында, емдеу мекемелерінде немесе үйде ауру қоздырғыштарын ауру ағзасынан бөлінгеннен кейін дереу жою үшін жүргізіледі, ол үшін ауру бөліністерін, төсек-жаймасын, ыдыс-аяқтарын, қолданған заттарын залалсыздандырады, еден, қабырға, кереует, тумба, ойыншықтарды жиі-жиі дезинфекциялаушы ерітіндімен жуады. Ағымдағы дезинфекцияның мақсаты — жұкпаның таралуының алдын алу. Дезинфекцияны ауруды күтетін адамдар жасайды.
Қорытынды дезинфекция ауруды көшірген, ауруханаға орналастырған соң, айыққаннан немесе өлгеннен кейін жүргізіледі. Оның мақсаты — ауру қол тигізген жиһаздар, төсек, бөлме заттарындағы жұқпалы ауру қоздырғыштарын толық жою.
Дезинфекциялаушы кұралдар: механикалык, физика-лық жөне химиялык больш бөлінеді. Механикалык кұрал-дар — бұл бөлмені ылғалды тазалау, желдету, шаңын қағу, іш киімдерді жуу, қолды, денені жуу. Ол тек қосымша мәнге ие, өйткені жиналған кірмен бірге ауру қоздырғыштары ішінара ғана жойылады және толық залалсыздандыру қамтамасыз етілмейді.
Залалсыздандырудың физикалық құралдарынан: от, ыстық ауа, қайнаған су, сумен канықтырғыш бу, ультра-күлгін сәулелер қолданылады.
Дезинфекцияның химиялық құралдары әр түрлі объектілер мен қоршаған орта заттарының беткі қабаты мен ішіндегі, сондай-ақ әр түрлі субстрат (нәжіс, ірің, қақырық және т.б.) қоздырғыштарды жойып жіберетін (қатерлі) әр түрлі химиялық заттарды қолданудан тұрады. Көбіне хлорлы ізбес, хлорамин, лизол, спирт, әр түрлі сілтілер мен қышқылдар, құрамында оттек бар препараттар, сутек тотығы (0,5—6 пайыздық ерітінді түріндегі); пластмасса мен әйнектен жасалған бұйымдарды стерилизациялау үшін 0,05—0,1 пайызға дезоксон 1 ерітіндісі қолданылады.
Дератизация және дезинсекция алдын алу іс-шаралар мен жою жұмыстары негізінде жүргізіледі.
Пөтерлік ошақтарды залалсыздандыру үшін залал-сыздандыратын зат түріне байланысты өр түрлі тәсілдер қолданылады. Тұрғын жайлар 0,2 пайыз хлорлы ізбестің тұндырылған ерітіндісімен дезинфекцияланады, өңдеуді пәтердің кірер есігінен бастайды, біртіндеп барлық жайды, әсіресе ауру жатқан бөлмені ерекше өңдейді. Өңдеу үшін 0,2—1,3%-дық хлорамин ерітіндісін қолдануға болады. Ауру бөліністерін (қақырығын) залалсыздандыру үшін кұрғақ хлорлы ізбес қолданады (бөлініс көлеміне қарай препараттың 1/5 бөлігін). Хлорлы ізбес бөлінген кезде еркін оттек пен хлорды бөліп шығарады, бұл микробты клетканы өлтіреді. Ақжайманы, іш киімді 3%-дық хлорамин ерітіндісіне салады, сондай-ақ сутек тотығы, лизол, сода және т.б. қолданады. Тағам қалдықтарын, қоқысты шелекке жинап, оған дезинфекциялаушы ерітінді құяды.
Жұмыста қолданылатын препараттар мен ерітінді концентрациясын таңдауда қоздырғыштардың беріктігі (кейбіреулеріне қарсы дезинфекция жүргізіледі) анықталады, сондай-ақ өңделетін беттін ластануы дәрежесі мен сипаттамасы ескеріледі. Оның тікелей шарты бетті толық жуу болып жабылады. Дезинфекциялаушы құралдардың 1-2м залалданған ауданға дұрыс жұмсаудың маңызы зор. Өңделген беттегі микробтар бірден емес, белгілі бір уақыт өткен соң өледі.
Ылғалды дезинфекциялау арнайы аппараттар, автомакс және шлангілі гидропульт көмегімен жүргізіледі. Автомакс дезинфекциялаушы ерітінді құйылатын резервуардан, ауа сорғыштан және ұшында екі мүйізді, шатыр орналасқан металл брандспойты бар шлангіден тұрады. 1 сағ ішінде онымен 150—200 м 2 ауданды өңдеуге болады. Автомакс сыйымдылығы — 8 литр, резервуар ішіндегі ерітінді 5—7 мин-қа жетеді. Автомакс — иық баулары көмегімен жұмысшы арқасына бекітілетін тасымалданатын аппарат. Шлангті гидропульт төменгі бөліктерден тұрады: металл корпус, тұтқасы бар поршень, соратын және лақтыратын жең (сызығында шашыраткыш бар), домалақ клапан, тірек аяқтары. Аппарат шелектен дезинфекциялаушы ерітіндіні сорып алады. Жұмыс кезінде гидропульт тірек аяқтарына қойылады. Осы қалыпта аяқпен ұсталады. Жұмыс аяқталғаннан кейін аппараттарды сумен жуады, ауамен желдетеді және сүртеді, құрғақ жерде сақтайды.
СП жөне СД халық шаруашылық объектілерінде құрылады, оларды объект басшылығы ҚК және ҚЖАҚ ұйымдарымен бірлесе құрады. Екі және одан да көп ауысымда жинақталады, СД 16—55 жас аралығындағы әйелдерден, 16—60 жас аралығындағы ерлерден жинақталады. СД жөне СП кұрамына медициналық білімі барлар, оның ішінде, запастағы мейірбикелер кірмейді. Құрылған СД-ға тіркелу нөмірі беріледі. СД командирі мен СД бастығы болып оқу бағдарламасы (АҚ курстары, жиындары) бойынша даярлықтан өткен адамдар тағайындалады.