Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 11:48, доклад
Жұқпалы аурулар - жұқпалы (инфекциялық) аурулар ерте заманда-ак олардың жаппай таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр түрлі атаулармен белгілі болды (індет, жаппай аурулар). Бұл аурулар ерекше «миазма» — ауаның улы булануымен байланыстырылады. Жұқпалы аурулар туралы ғылымның дамуында өр түрлі қоздырғыш микробтардың ашылуы үлкен рөл атқарды. «Іnfесіо» деген латын сөзі «ластану» дегенді білдіреді. Жұкпалы аурулар адам ағзасына қоздырғыштың енуінен кейін пайда болады. Қоздырғыш-микробтар ауру адамнан сау адамға беріле алады.
Жұқпалы аурулар - жұқпалы (инфекциялық) аурулар ерте заманда-ак олардың жаппай таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр түрлі атаулармен белгілі болды (індет, жаппай аурулар). Бұл аурулар ерекше «миазма» — ауаның улы булануымен байланыстырылады. Жұқпалы аурулар туралы ғылымның дамуында өр түрлі қоздырғыш микробтардың ашылуы үлкен рөл атқарды. «Іnfесіо» деген латын сөзі «ластану» дегенді білдіреді. Жұкпалы аурулар адам ағзасына қоздырғыштың енуінен кейін пайда болады. Қоздырғыш-микробтар ауру адамнан сау адамға беріле алады.
Ауру туғызатын микробтар,
өдетте, сыртқы ортада тез өледі. Олардың
өмір сүріп, көбейетін жері — адам немесе
мал ағзасы, сондыктан адам жұқпалы көзі
болып табылады. Зооноздардың көпшілігі
табиғи-ошактық аурулар туғызады, яғни
белгілі бір климаттык географиялык жағдайларда
кездеседі, бұл жерде қоздырғыштарды табиғи
сақтаушылары жабайы аңдар мен қоздырғыштардың
ерекше тасымалдаушылары — жөндіктер
мен кенелер өмір сүреді.
Тұмау (грипп) — өте жұқпалы ауру.Кейде ол асқынып кетіп
тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды,
жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды
қоздыратын вирустар (микробтар) тыныс
жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді.
Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде,
түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға
таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың
ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және
т.б. арқылы жұғады. Тұмау вирусы өте тез
тарайды. Бір мезгілде бір болыс, өлке,
тіпті бүкіл жер жүзі адамдарының жаппай
ауруы мүмкін. Бір ауырған адам бір-екі
жылға дейін қайтып тұмаумен ауырмайды.
Тұмау салқын кезде жиі, ыссыда сирек кездеседі.
Кейде адамға суық тиіп, тыныс жолының
жоғарғы бөліктері қабынып, оның тұмауға
ұқсауы да мүмкін. Бірақ бұл тұмау емес.
Ол салқын тигенде мұрын, көмей, жұтқыншақтарды
жайлайтын басқа микробтардың әрекеті.
Тұмау вирусы күн сәулесіне және зарарсыздандырғыштар
(хлор, қышқылдар, спирт және т.б.) әсерінен
тез қырылады.
Тұмау басталғанда адамның денесі дел-сал
болып, көңіл-күйі нашарлайды және тағамға
тәбеті шаппайды. Бір-екі күннен кейін
дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, бұлшық
еттері сыздап, буын-буыны сырқырайды,
мұрны бітеді, дауысы қарлығып, жөтеледі,
тамағы қызарып, жұтынғанда ауырады, көзі
қызарып жасаурайды. Адам дереу дәрігерге
көрініп, емделсе, үш-бес күннен кейін
дене қызу төмендеп, сауыға бастайды.
Емі — дәрігердің бақылауында
болып, оңаша, ауасы таза бөлмеде жатып
емделу. Дене қызуын, дене сырқырауын,
аспирин, пирамидон және т.б. дәрілер тез
басады. Тұмау вирусына антибиотиктер
пайда етпейді. Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде
аузы-мұрнын қолымен немесе орамалмен
(шүберекпен) жабуға тиіс. Науқастың тек
өзіне арналған ыдысы, орамалы т.б. болуға,
олар жиі қайнатылып, жуылуға тиіс
Тұмауды алдын-алу шаралары
Тұмау - ауа арқылы жұғатын респираторлық ауру түрі.
Оған ұқсас басқа ауруларға қарағанда өте қатты болып табылады. Көбінесе үлкен жастағы адамдарға, кішкентай балаларға, жүрек, бауыр және бүйрек ауруы асқынған адамдарға тұмау жұққыш келеді.
Алдын-алу шаралары
1. Ауру белгілері көріне бастағанда міндетті түрде дәрігерге көріну керек.
2. Оксалин майын күніне 2 рет мұрынға жағу керек.
3. Қолды сабынмен мұқият жуып, орамалмен сүрту қажет.
4. Көз бен мұрын көп қол тигізе беруге болмайды.
5. Тұтқаға қол тигізуге болмайды.
6. Түшкіріп және жөтеліп жүрген адамдармен қарыс-қатынасты болдырмау керек.
7. Алақанға емес тек шынтаққа ғана түшкіру керек.
8. Қоғамдық телефонмен қолдануға болмайды.
9. Салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс ұйқы, дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік керек.
10. Көбінесе сұйық тамақаты қабылдау керек.
11. С дәруменін қабылдау.
12. Қажет болған жағдайда бір рет қолданатын маска пайдалану керек.
Сыртқы ортада вирус өз белсенділігін 72 сағат сақтайды.
Тұмау жұқтырған адамдар қоршаған ортаға 710 күн бойы қауіп төндіреді.
Белгілері:
Қарым-қатынастан 1-5 күннен кейін дерт белгілері біліне бастайды.
Тұмау белгілері жұққан соң 24-48 сағат бойы білінбеуі мүмкін.
7 жастан асқан балалар да, үлкендер сияқты ауырады.
Тұмау нақты емі болмайды, себебі осы күнге дейін жүз пайыздық нәтиже көрсеткен дәрі жоқ. Иұмау вируспен қозады, сондықтан антибиотикпен емдеудің қажеті жоқ: олар тек бактерияға әсер етеді.
Белгілі терапия қажет ( ауруду басатын, дене қызуын түсіретін препараттар)