Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2011 в 11:33, реферат
1505Соңғы кезде тұтынушылар назарына дәстүрлі дәрі-дәрумендермен бірге биологиялық белсенді қоспалар жиі ілігетін болды. Дәріханаларда және маркентингтік жүйе арқылы сатылымға түсетін препараттардың сапасы көп жағдайда сын көтермей жатыр. Ел аузында «БАД» деп аталып кеткен бұл препараттар жарнамасы көбіне шындыққа жанаспай жатқандығы уақыт өте түсінікті болды. Десек те «мың ауруға, бір дауа» деп жар салатын қоспалардан алар пайдамыз бар ма, соған көз жүгіртейік.
«Жылтырағанның бәрі алтын емес»
немесе биологиялық
активті қоспалардың да «құпиясы» ішінде
1505Соңғы кезде тұтынушылар
назарына дәстүрлі дәрі-дәрумендермен
бірге биологиялық белсенді қоспалар
жиі ілігетін болды. Дәріханаларда және
маркентингтік жүйе арқылы сатылымға
түсетін препараттардың сапасы көп жағдайда
сын көтермей жатыр. Ел аузында «БАД» деп
аталып кеткен бұл препараттар жарнамасы
көбіне шындыққа жанаспай жатқандығы
уақыт өте түсінікті болды. Десек те «мың
ауруға, бір дауа» деп жар салатын қоспалардан
алар пайдамыз бар ма, соған көз жүгіртейік.
Биологиялық активті қоспалар неліктен тез арада жұртшылықты жаулап алып, кең сұранысқа ие болды? Дүниежүзілік медицина орталығының мәліметі бойынша, аурудың 35-40 пайызы тағамды дұрыс пайдаланбағандықтан болады екен. Мәселен, медицинаның тигізетін көмегі -12 пайыз, ал қалғаны салауатты өмір салтын ұстанғанға байланысты. Көп ауру астан болып отыр деген мамандар елімізге сырттан келетін түрлі газдалған сусындар мен шектен тыс тазартылған тағамдар адам ағзасының қалыпты жағдайын бұзады дейді. Бір сорақысы, аталмыш тағамдарға жұртшылық та үйір. Ағза осылайша тағам арқылы қажетті дәрумендерді алмаған соң, биологиялық активті қоспа-ларға жүгінуге тура келеді. Осы ретте медициналық түсіндірме сөздікте препараттарға берген анықтамаға назар аударайық. «Биологиялық белсенді қоспалар – тұрақты тұтынған кезде денсаулықтың жай-күйін жақсартуға арналған және адамның тамақтану рационын табиғи немесе табиғимен бірдей биологиялық белсенді заттармен байыту мақсатында олардың компоненттерін қамтитын қоспалар». Маңызды екі жайтқа көңіл бөлейік, біріншіден биологиялық белсенді қоспаларды ұзақ уақыт және тұрақты қолдану қажет. Екіншіден, денсаулықты жақсарту үшін көмекші құрал ре-тінде ғана қолданылады. Алайда, көп жағдайда шетелден Қазақстанға ағылып келіп жатқан препараттарды отандастарымыз дәстүрлі дәрі орнына қолданып жүргенін Алматы қалалық денсаулық сақтау департаменті директорының орынбасары Роза Қуанышбекова да айтады. «Егер дәрінің кері әсері белгілі бір науқаста байқалса оны дәрігерге айту керек. Ол арнайы сары кітапша толтырып, дәріні қайта зерттеуге жібереді немесе науқастың жеке кітапшасына «аллергиялық әсері бар» деп толтыралады. Сондықтан дәрігердің жазған дәрілерінің орнын ештеңемен алмастырмаған абзал», – деп берген дәріні қолдану маңыздылығын түсіндіреді. Сондай-ақ биологиялық активті қоспалар кедендік бақылаудан өткен кезде тек қауіпсіздігі ғана тексеруден өтеді екен. Демек тексеру жүргізетін мамандар қорапта жазылған мәлімет белгілі бір аруруға шипа екенін я емесін тексеріп жатпайды. Тек қауіпсіз болса болғаны. Жылтырағанның бәрі алтын емес. Осыны кейде ұмытып кететін азаматтар қажетті дәрі-дәрмекті таңдау барысында көптеген қитұрқылыққа ұшырап, алданып жатады. Ал кейбір биологиялық белсенді қоспалар тіпті зиян болуы да ықтимал екен. Мамандар жарнамаланатын қоспалардың адам денсаулығына кері әсер беріп қалатынын жасырмайды, тіпті күдік тудыратын қоспалар шығып жатқанын да алға тартады. Мәселен Маңғыстау облысы есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының хабарлауынша, арықтауға арналған «Li Da», «Жуйдамин» қытайлық препараттарының құрамынан сол қоспаға тә-уелділікті арттыратын есірткі қоспасы табылған. Бұл кедендік тексерістен тұтынушыға жеткен препараттар болып отыр. Осыған байланасты тағамтану академиясының президенті Төрекелді Шарманов: «Біздің тарапымыздан анықтама болмаса, кеденнен өткізбейді, соның өзінде заңсыз өтіп кетіп, халық арасында пайдалануға рұқсат берілмеген қоспалар сатылып жатыр», – дейді. Осы пікірді қостаған Республикалық тазалық-індетті қадағалау стансасы тамақ гигиенасы бөлімінің меңгерушісі Маржан Апсеметова: «Барлық биологиялық активті қоспалар, біздің елде тіркеліп, арнайы кеңестің сараптамасынан өтуі керек. Бірақ әрбір азамат оларды сатып алмас бұрын бірінші кезекте шығарылған уақытын, тіркеу нөмірін, қай елде өндірілгенін, жарамдылық мерзімін, сақталу жағдайы мен таңбалық белгісін мұқият қарағаны абзал», – деп ескертеді. Өйткені эпидемиолог мамандар ел аумағына заңсыз әкелінетін биологиялық активті қоспаларды жиі анықтайды екен. Соның бір жарқын дәлелі қыз-келіншектердің «көмекшісі» аталған күн асты мемлекетінен заңсыз келетін «абортник» қоспасы. Аурухана табалдырығын тоздырмай-ақ, бойына біткен баладан құтылу үшін осы қоспаны ішіп, талай аруларымыз зардап шеккені белгілі. Ал бұл препарат елімізде тіркелмеген болып шыққан. Сол себепті мамандар тұрғындарға сатып алатын тауардың сапа сертификатын сұрау қажеттігін қайта-қайта ескертеді. Биологиялық белсенді қоспаларды қолданудағы бұл ең маңызды білуге тиіс жайт.
Белсенді қоспалар адам ағзасын сауықтырып, оны күнделікті тіршілікке қажетті дәрумендермен қамтамасыз ете алады. Шөптік құрамы бар қоспалар тіпті адам иммунитетін жақсартып, оны жағымсыз сыртқы факторлардан қорғай алады. Бірақ қандай да бір қоспаның сізге керек я керек емес екенін білу үшін, өз дәрігеріңізбен ақылдасқан жөн. Көбіне дәрігерлер белсенді қоспалардың жақтасы емес, десек те өз денсаулығыңыз жайлы толық ақпаратты алуға сіз құқылысыз. Содан кейін бір ғана биологиялық белсенді қоспаларды шығаратын фирмаға тоқтаңыз. Ол фирма Қазақстанда ұзақ уақыттан бері тіркелген болса, тіпті жақсы, себебі, белгілі бір дәрежеде өзінің сапасын айғақтады деген сөз. Бұл – екінші білетін жайт. Биологиялық белсенді қоспалар дәрі емес, бірақ экологияның күн санап нашарлап бара жатқанына байланысты біз олардың көмегіне жүгінеміз. Ашық нарықтық экономикаға көшкеннен бастап, жасыратыны жоқ, біздің елімізге шетелден жақсы да, жаман да тауарлар ағылып келді. Бірақ тауардың әртүрлілігі тұтынушыға тандау еркін ұсынады ал ол талғамның жоғарылауына септігін тигізеді. «Сақтықта қорлық жоқ». Қалай болғанда да, сатып алып ішуге бел буған препарат жайлы жан-жақты ақпарат алғаныңыз абзал.