Қой Шаруашылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 20:13, реферат

Описание

Қой шаруашылығы ет - жүн бағытындағы және биязы, жартылай биязы жүн бағытындағы болып бөлінеді. Ет-жүн бағытындағы қой шаруашылығы ылғалы жеткілікті және климаты біршама жұмсақ аудандарда, ал биязы жүнді қой шаруашылығы неғұрлым құрғақ аудандарда таралған. Дүниежүзі бойынша қой саны 1,2 млрд басқа жетіп отыр. Қой шаруашылығының ет-жүн бағытындағы тауарлы өндірісі Солтүстік және

Содержание

1 Тарихы
2 Қой қолтұқымдары
2.1 Арқар, меринос қолтұқымы
2.2 Жартылай биязы жүнді қолтұқымдар
2.3 Ұяң жүнді құйрықты қолтұқымдар
2.4 Қылшық жүнді құйрықты қол тұқымдары
2.5 Қаракөл қойы
3 Қой шаруашылығының халық өміріндегі рөлі
4 Пайдаланған әдебиет

Работа состоит из  1 файл

Қой Шаруашылығы.docx

— 86.61 Кб (Скачать документ)

Қой шаруашылығы ет - жүн бағытындағы және биязы, жартылай биязы жүн бағытындағы болып бөлінеді. Ет-жүн бағытындағы қой шаруашылығы ылғалы жеткілікті және климаты біршама жұмсақ аудандарда, ал биязы жүнді қой шаруашылығы неғұрлым құрғақ аудандарда таралған. Дүниежүзі бойынша қой саны 1,2 млрд басқа жетіп отыр. Қой шаруашылығының ет-жүн бағытындағы тауарлы өндірісі Солтүстік және Оңтүстік Американың, Аустралия мен Оңтүстік Еуропаның, Орталық және Орта Азияның, Оңтүстік Африканың қоңыржай және субтропиктік белдеулерінің құрғақ аудандарында жақсы дамыған. Биязы жүнді қойлар өте сапалы жүн береді, ол жүн маталарын жасау, кілем тоқу мен тері-былғары өнеркәсібінде қолданылады. Алдыңғы Азия, Орта Азия және Оңтүстік Африка елдерінде қаракөл елтірісін дайындау жолға қойылған. Дүниежүзіндегі қойы ең көп ел — Аустралия (130 млн астам), одан кейін Қытай (112 млн-нан астам). Ал Қазақстандағы қойдың саны 2008 жылы 16 млн-нан сәл ғана асты. Жүн өндіруден жетекші елдер қатарына Аустралия, Қытай, Жаңа Зеландия, Уругвай және Ресей жатады.[1]

Қой шаруашылығының дүниежүзіндегі аса  ірі аймағы — Аустралияның шөлейтті аудандары. Қойдың басым көпшілігі  жеке иелерге немесе компанияларға  қарайтын ірі қой шаруашылығында өсіріледі. Ондай шаруашылықтар "шипстейшнз" деп аталады. "Шипстейшнз" ондаған, кейде тіпті жүздеген мың гектарды алып жатады. Оның ең үлкенінің ауданы 2 мың км2-ден асады. Мұнда бір  мезгілдегі қой басы 10—20, тіпті 50—100 мыңға дейін жетеді. Қой бүкіл  жыл бойы табиғи жайылымдарда жайылып  бағылады. Көбінесе жоғары сапалы жүн  беретін биязы жүнді қой тұқымы — Аустралия мериносы өсіріледі. Гоулберне қаласында осы қойға "Үлкен Меринос" деп аталатын ескерткіш орнатылған.[1]

Қой сүтқоректілердің жұптұяқтылар отрядының  күйіс қайыратындар тобына жатады. Қой мен ешкілерді ұқсастық белгілеріне  сәйкес бір топқа біріктіреді. Екеуін төрт түліктің бірі деп есептейді.

Қой бұдан 10-11 мың жыл, ешкі 11-12 мың  жыл бұрын қолға үйретілген. Қойдың жабайы арғы тегі - жабайы қой муфлон және арқар таулы алқаптарда таралған. Қойдың алғаш қолға үйретілген орталықтарын Жерорта теңізінің маңы, Орта Азия, Қазақстан, Орталық Азия, Оңтүстік Африка.

Қой шаруашылығы - мал шаруашылығының басты саласының бірі. Қойдан күнделікті тұрмысқа қажетті жүн, тері, елтірі және тағамдық өнімдер - ет, май, сүт  алынады. Халық шаруашылығында қой  жүнінің алатын орны ерекше.

Мазмұны  

[жасыру] 

  • 1 Тарихы
  • 2 Қой қолтұқымдары
    • 2.1 Арқар, меринос қолтұқымы
    • 2.2 Жартылай биязы жүнді қолтұқымдар
    • 2.3 Ұяң жүнді құйрықты қолтұқымдар
    • 2.4 Қылшық жүнді құйрықты қол тұқымдары
    • 2.5 Қаракөл қойы
  • 3 Қой шаруашылығының халық өміріндегі рөлі
  • 4 Пайдаланған әдебиет

[өңдеу]Тарихы

Жеңіл өнеркәсіп үшін шикізат (жүн, тері, елтірі), бағалы азық-түлік (ет, май, сүт) өнімдерін береді. Қой өсіру адамзат тарихында неолит дәуірінен басталады. Қола дәуірінде ОрталықАзия тайпалары қылшық жүнді қой өсірген. Биязы және биязылау жүнді қой тұқымдары осы кезеңде Кіші Азияда шығып, дүние жүзіне тараған.

Қой өсіру қазақ халқының ата кәсібінің бірі болып табылады. Төрт түлік малдың ішінде жылқы мен қойға ерекше мән берген қазақ халқы қой жаюдың, оны көбейту мен тұқымын асылдандырудың өзіндік әдіс-тәсілдерін қалыптастырған. Мал шаруашылығына қолайлы табиғи ортаның мол болуы, соған орай қыстау, көктеу, жайлау, күзеумен байланысты көшпелі өмір салтының орнығуы қазақ халқының дәстүрлі қой шаруашылығын берік қалыптастырғандығының айғағы. Қазақстанда негізінен қылшық жүнді қазақы қой өсірілді.

19 ғасырдың соңына қарай Ақмола, Семей, кейінірек Торғай және Жетісу өңіріне орыс шаруалары меринос қой тұқымдарын ала келді. 1913 жылы қазіргі Қазақстан жерінде 19,6 миллион уақ мал болды. Азамат соғысы жылдары өзге түліктермен бірге қой саны да барынша азайып (1920 жылы – 8,8 миллион), елдегі мал шаруашылығына үлкен нұқсан келтірілді. Кеңес өкіметінің жаңа экономикалық саясатына байланысты 1928 жылға дейін дәстүрлі мал шаруашылығының ерекшеліктері ішінара сақталып қалды. Сол жылғы үкімет қаулысынан кейін елдегі ірі байларды жаппай кәмпескелеудің соңы мал шаруашылығын, оның ішінде қой шаруашылығын да қатты күйзеліске ұшыратып, 1930 – 32 жылдардағы ашаршылыққа алып келді. 1936 жылы республикада небәрі 4,3 миллион қой қалды.

Күштеп ұжымдастыру науқанынан кейін қазақ халқының дәстүрлі қой шаруашылығының қарқынды дамуына тежеу салынып, 1928 – 85 жылға дейінгі аралықта қой шаруашылығының кеңестік жүйесі қалыптасып, дамыды. Қой тұқымдарының санымен қатар сапасын да көтеру шараларының нәтижесінде 1960 жылы республикадағы барлық койдың 84,6%-ы, 1974 жылы 99,99%-ы, 1980 жылы 100%-ы асыл тұқымды мал тобына жатқызылды. Сондай-ақ, 1966 – 70 жылы уақ малдан алынатын ет өнімдері орта есеппен – 471,3 мың тонна, 1981 – 83 жылы – 493,3 мың тоннға жетті. Қойдың мол өнімді жаңа тұқымдары – қазақтың биязы жүнді қойы, қазақтың арқар-мериносы, солтүстік қазақ мериносы, қазақтың оңтүстік мериносы, дегерес қойы, тағыда басқа шығарылды. 1984 жылдың басында Қазақстанда 36567,8 мың (барлық шаруашылық түрлерінде) қой болды. 
Қой саны жағынан Қазақстан КСРО бойынша 2-орын (Ресейден кейін), қаракөл елтірісін дайындау жағынан 1-орын алды. Қой шаруашылығы, әсіресе, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан (Семей), Жамбыл, Алматы облыстарында қарқынды дамыды. Жаңа тұқым шығару мақсатында Қазақстандағы таңдаулы қой тұқымдары мен шетелдік тұқымдар: австралия мериносы, австралия корриделі, линкольн қойы, ромни-марш қойлары, тағыда басқа пайдаланылды.

Қазақстанда қой шаруашылығының дамуында негізгі үш бағыт айқындалды. Олар елдің табиғи климаты, жем-шөп, жайылым жағдайы, қойдың биологиялық ерекшеліктері, тағыда басқа байланысты төмендегіше 3 аймаққа бөлінді: 1) далалық, қуаң-шөлейт аймақтар мен оңтүстік таулы өңір. Мұнда биязы және биязылау жүнді қой тұқымдары (барлық қойдың 65%-ы) өсірілді. 2) шөл және шөлейт аймақ. Бұл жерлерде негізінен етті-майлы, ұяң не қылшық жүнді қойлар (барлық қойдың 16%-ы) шоғырланды. 3) Қаракөл қойлары өсірілетін оңтүстік және батыс аймақтар. 1990 жылдың басында 1250, оның ішінде 702 арнайы мамандандырылған ірі қой шаруашылығытары болды.

Алайда экономиканың өзге салалары секілді қой шаруашылығы да кеңестік науқаншылдыққа ұрынып, қой санын 50 миллионға жеткізу туралы елдің нақтылы мүмкіндіктеріне сай келмейтін қисынсыз жоспарлар жасалынды. Жоспарды орындау мақсатында қойды қолдан жасанды ұрықтандыру тәсілі кең етек жайып, асыл тұқымды қойлардың азып-тозуы мен миллиондаған елтірінің шын мәнінде жарамсыз қалуына, кеңестік жалған ақпардың белең алуына алып келді. Мал өнімдерін өңдеу, жаңа технологияларды игеру,тағыда басқа мәселелер кенже қалды.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдардағы экономикалық дағдарыстар мен қой шаруашылығындағы кейбір сәтсіз реформалар нәтижесінде қой шаруашылығыелеулі түрде құлдырады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 12,3 миллион уақ мал бар (2004). Мұның негізгі бөлігі жеке меншік иелікте өсіріледі. Республикада қой шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеулер жұмыстарымен Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ қой шаруашылығы технологиялық ғылыми-зерттеу институты, Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институты, тағыда басқа айналысады.

[өңдеу]Қой қолтұқымдары


Ертеде кең тараған қойдың қолтұқымдары етті- майлы бағытта өсірілген. Тарихи деректер бойынша Қазақстанның әрбір  табиғи аймақтарын бейімделіп, қолтұқымдар  өсірілген. Халықтық сұрыптау арқылы шығарылған қолтұқымдарға - еділбай, баданалы, ырғыз, сарысу, қарқаралы қойлары жатады. Еділбай қойы Бөкей ордасында  өсірілген. Денесі ірі және салмақты. Жетісу мен Шу өңірінде кетпен құйрықты қоңыр қой өсірілді. Әрбір аймақтық табиғи жағдайына бейімделген қолтұқымдарын  халық ғасырлар бойы іріктеп, сақтап отырған. МонғолиядағыБаян-Өлгей аймағында VI ғасырдан әйгілі болған қолтұқым - қазақы қызылқой. Басқа мал шыдамайтын қыстың қатаң аязына бейімделген. Оны жергілікті халық өте жоғары бағалап, әлі күнге дейін сақтап, өсіріп келеді.

Бір қора қой.

Қазақстан жерінің жусанды жайылымды  «қара отты» жерлері түйе мен  қой өсіруге өте қолайлы. Еліміздің  қой шаруашылығы саласында ерен еңбегімен құрметке бөленген, Еңбек  Ері атағын екі рет алған Жазылбек Қуанышбаевты мақтан етеміз.

Қазақстандағы қой шаруашылығы  әрбір аймақтық табиғат ерекшеліктеріне  сәйкес 4 бағытта жүргізіліп келеді. Биязы жүнді қолтұқымдар жүні өте сапалы әрі жіңішке салалы биязы жүнді. Осы бағытта сегіз  қой тұқымы өсіріледі. Әлемдік сұрыптау жетістіктердің бірі - Қазақстанда  шығарылған арқар-меринос қойы. Ол 1934-1950 жылдары арқардың құлжасы (қошқары) мен жергілікті саулық қойларды жұптастыру арқылы алынды. Бұл - қазақстандық ғалымдар И. С. Бутарин, Ө. Есенжолов, А. Жандеркин, т.б. ұзақ жылғы ғылыми еңбектерінің жемісі.

[өңдеу]Арқар, меринос қолтұқымы


Арқар, меринос қолтұқымы.

Арқар, меринос қолтұқымы таулы  аймақтың табиғатына төзімді. Қазіргі  кезде Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан аймақтарында өсіріледі. Қазақтың биязы жүнді қойы - 1934-1946 жылдар аралығында қазақстандық белгілі ғалым В. А. Бальмонттың жетекшілігімен шығарылды. Қолтұқым Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде өсіріледі. Оңтүстік қазақ меринос қойы - Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстанда өсірілетін жүнді-етті бағыттағы қолтұқым. Солтүстік қазақ меринос қойы Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстанда өсіруге бейімделген.

[өңдеу]Жартылай биязы жүнді қолтұқымдар


Қазақстанда бұл бағытта дегерес, қазақтың етті-жүнді, гемпшир және кроссбред  қолтұқымдары өсіріледі. Дегерес қойы - етті-жүнді, әрі етті-майлы (құйрықты) бағытта шөл-шөлейтті жердің табиғатына бейімделген. Ол Орталық және Оңтүстік Қазақстан өңірінде де өсірілуде.

[өңдеу]Ұяң жүнді құйрықты қолтұқымдар


Қазақстанда бұл бағытта қарғалы  және саралжын қолтұқымдары өсіріледі. Қарғалы қойы қазақтың қылшық жүнді, құйрықты саулықтарын еділбай, дегерес  қойларының қошқарларымен жұптастыру арқылы шығарылған. Ол әрі етті, әрі  жүнді мол береді. Қарағанды өңірінде өсіріледі. Саралжын қойы ертеде Түрікменстанда халықтық сұрыптаудың нәтижесінде  шығарылған. Жүнінің түсі ақ, жібек  тәрізді талшықтары біркелкі, кілем  тоқуға өте ыңғайлы. Ақтөбе алқабындағы  шөлейтті жерлерде өсіріледі.

Үй қойы.

[өңдеу]Қылшық жүнді құйрықты қол тұқымдары


Қылшық жүнді құйрықты қол тұқымдары  Қазақстанда бұл бағытта еділбай, қазақтың қылшық жүнді және қаракөл  қойлары өсірілуде. Еділбай қойы еліміздің батыс аймағында ертеден  өсіріліп келеді. Еті дәмді, жүні мол, шөл-шөлейтті жерлерге бейім, ірі тұлғалы. Қазіргі кезде еділбай қойы Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды өңірінде өсірілуде. Қазақтың құйрықты қылшық жүнді қойы - Қазақстанда ертеден келе жатқан қолтұқым. Ол шөл-шөлейтті аймақта өсіруге ыңғайлы, еділбай қойынан кішілеу. Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында өсіріледі.

[өңдеу]Қаракөл қойы


Қаракөл қойы - әдемі және қымбат бағалы елтірісі арқылы дүние жүзіне белгілі  қой тұқымы. Ол бұдан 3-3,5 мың жыл  бұрын Орта Азия жерінде халықтық сұрыптау тәсілімен шығарылған. Оның 2-3 күндік сойылған қозыларының елтірісі өте сапалы болады. Қаракөл қойы құрғақ далалы, шөл-шөлейтті аймақта  өсіруге бейімделген. Қатаң ауа  райына шыдамды, тұлғасы берік, терісі жұқа, бірақ тығыз. 1990 жылдары Қазақстанда  қаракөл қойының саны 6 млн болса, 2000 жылғы саны 2 миллион шамасында. Қаракөл қойы Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында өсіріледі.

[өңдеу]Қой шаруашылығының халық өміріндегі рөлі


Қой шаруашылығы - қазақ халқының ежелден  келе жатқан тарихи дәстүрлі мал шаруашылығының саласы. Халқымыздың тұрмыс тіршілігі, күнкөріс көзі қой шаруашылығымен тікелей  тамырласып жатыр. «Мал өсірсең қой  өсір, өнімі оның көл-көсір» деген  сөздерде терең ұғым бар. Мүшел жыл  санауда қой 8-жыл. Қой да киелі  түліктің бірі. Оның пірі - «Шопан ата» (кейде «Қошқар ата») деп аталады. Сондықтан Шопан атадан тілеу  тілегенде «малды берсең, қойды бер» деп өтінген. «Бірінші байлық - денсаулық, екінші байлық - ақжаулық, үшінші байлық - он саулық» деген ұғым қойға  қатысты. Он саулықтың басын құрайтын кәсіптің иесі - қойшы (шопан).[2]

[өңдеу]Пайдаланған әдебиет


Кіріспе

Кіріспе. 
Қой өсіру саласы мал шаруашылығының Қазақстандығы негізгі салаларының бірі. Оған басты себеп – елімізде табиғи жайылымдардың кеңдігі және де басқа азықтардың молдылығы. Қой шаруашылығы халқымызды етпен, сүтпен, маймен, ал өнеркәсіпті шикі заттпен: жүн, тері, елтірімен қамтамасыз етеді. 
Қазақстанда етті де,жүнді де жақсы беретін құйрықты етті – жүнді қой тұқымдарын өсіруде ерекше мән беруде. Олар сан жағынан және өнімділігі жағынан елімізде биязы жүнді қойлардан кейін екінші орын алады. Осы тұқымның ішінде ерекше орын орын құйрықты етті – жүнді дегерес қойларына берілген. Бұл тұқым алғашқы рет жиырмасыншы ғасырдың 80 – ші жылдарында сынақтан өткен. 
Құйрықты дегерес қойлары қылшық жүнді құйрықты қойлар өсірілетін шөл және шөлейттерг сол жергілікті қойларды алмастыру үшін арналып өсірілген. Сондықтан жаңа шығарылған тұқым ет өнімділігіне қазақтың құйрықты қойларынан кем болмауы керек болды. 
Шөлді аймақтарда дегерес қойлардың тірілей салмағы қазақи құйрықты қойларынан аздап кем болды. 
Қошқарлардың ең жоғарғы тірілей салмағы 146 кг, саулықтарынікі 90 кг жетті. 
Қорегі жақсы болған жылдары еркек қозылардың енесінен айрағандағы орташа салмағы 42 кг жуық, ұрғашы қозыларының салмағы 30 кг, енелерінің салмағы 67,3 кг, қошқарлардың салмағы 118 кг болды. Бір жарым жастағы тоқты қошқарлардың орташа салмағы 76,6 кг сол жастағы ұрғашы тоқтылардың салмағы 56,7 кг жетеді ал  
ересек жануарлардың 68,5 және 89,4 паыз салмағына тең. 
Екі жарым жаста қойлар өсуін тоқтатады. Олардың тірілей салмағы ересек қойларда 96,5 пайыз салмағына жетеді «Садыкулов , 1985 » 
Құйрықты дегерес қойлардың ет өнімінің ең құнды ерекшлігі ол еттіліктің жоғары коэффиенттілігін және ұшадағы еттің молдылығы. Еттілік қасиеті бір жарым жаста қалыптасады «Ахметов, Садыкулов, 1975» 
Қазіргі кезде дегерес қойлардың жүні кілем типті «тип II» ұян, сапасы 48 және 50, жеткілікті түрде жылтыр,ақ түсті «тип I»,қанағаттанарлық шайры бар.Қошқарлардан 6,6 кг,саулықтардан 3,4кг жүн қырқылады.қошқарлардың жүнінің ұзындығы 14,5 2,5см саулықттардікі 17 3см. 
Кейінгі жартты ғасырдан аса ғылыми өндірістік тәжіррибенің көрсетүінше дегерес қошқарларымен жергілікті қылшық жүнді саулықтардың будандастыру оң нәтиже беруде. 
Сондықтан жылына жуздеген бас дегерес тоқты қошқарлары сатылады екен. Олардын 3,8 кг жүн қырқылады. Олардың тірілей салмағы 15 айында 70 кг жетеді. 
Дегерес қойлардың қошқарлары Азия елдеріне - өзбекистан, Түркменистан, Манголия және кавказ елдеріне – Грузияға сатылған. 
Дегерес қойларымен оның будандары өнімділігі Алматы облысының шөл аймақтыранды өсірілетін жергілікті құйрықты қойларына қарағанда жоғары. Сондықтан бұл қойлардың өсіруде ерекше маңызы бар. 
Осы қой тұқымын асылдандыру сұрыптау жұмыстар екі бағытта жүргізүлуде: құйрықта біртекті биязылай «I тип » жүнді тұқым толтыратын және құйрықты ұян «II тип » жүнді тұқым топтарын шығару. 
Қазіргі кездегі дегерес қойлардың ең үлкен және жақсы асыл тұқымды отарлары Алматы және Қарағанды облыстарының асыл тұқымды шарушылықтарында шоғырланған.  
Бұл дипломның жұмыстық міндеті “Күнгей” асыл тұқымда шаруашылығындағы етті жүнді құйрықты дегерес қой тұқымының ішіндегі әртүрлі типтерінің өнімділігін анықтау

Информация о работе Қой Шаруашылығы