Топырақтың өзара тазартылуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 17:56, курс лекций

Описание

определениеТопырақтың өздігінен тазаруы (Самоочищение почвы) — топырақтағы жылыстау, айналу, ыдырау, шіру процестері нәтижесінде ондағы ластағыш заттектердің мөлшерінің азаюы.[1]
Топырақтың өздігінен тазару уақыты (Время самоочищения почвы) — топырақты ластағыш химиялық заттектердің массалық үлесінің бастапқы мәнінен немесе оның аялық құрамынан 96%-ға азаюы өтетін уақыт аралығы.[1]

Работа состоит из  1 файл

Топырақтың өзара тазарылуы.docx

— 16.96 Кб (Скачать документ)

Топырақтың өзара тазарылуы. Топырақты зарарсыздандыру

Топырақтың  өздігінен тазаруы (Самоочищение почвы) — топырақтағы жылыстау, айналу, ыдырау, шіру процестері нәтижесінде ондағы ластағыш заттектердің мөлшерінің азаюы.[1]

Топырақтың  өздігінен тазару уақыты (Время самоочищения почвы) — топырақты ластағыш химиялық заттектердің массалық үлесінің бастапқы мәнінен немесе оның аялық құрамынан 96%-ға азаюы өтетін уақыт аралығы.[1]

Зарарсыздандыру, дезактивация (лат. de, франц. des – болмау, болдырмау, жою, төмендету және лат. actіvus – белсенді)

Зарарсыздандыру механикалық (жартылай) зарарсыздандыру және химиялық (толық) зарарсыздандыру болып бөлінеді.

Зарарсыздандырушы заттар зарарсыздандырушы  материалдар және зарарсыздандырушы  техникалық құралдар болып бөлінеді. [1]

Зарарсыздандырушы материалдарға: су, топырақ, құм, хим. ерітінділер, т.б. жатады. Зарарсыздандырушы техникалық құралдарға автозарарсыздандырғыш  машиналар, автоматты су құйғыш стансалар, грейдерлер, бульдозерлер, қар тазалағыш  және өрт сөндіргіш машиналар, ауыл шаруашылық соқалары, тырмалар, т.б. жатады.

Зарарсыздандыру мөлшері радиометрдің көмегімен бақыланады.

Зарарсыздандыру (Стерильдеу)- әртүрлі заттарды, тағамдарды және т. б. бұйымдарды тірі микроорганизмдерден физикалық немесе химиялық факторларды қолданып аластау.         

 Адамның жерді өңдеуінің  нәтижесінде, топырақ құрғақта, ылғалды  да құнарлы не құнарсыз да  болуы мүмкін. Бірақ, қандай жағдайда да тегі әр түрлі минералды және органикалық бөлшектерден тұрады. Қабат-қабат болып жатқан бөлшектердің аралығында ауа, су және көптеген организмдер толы саңылаулар болады. Осы бөлшектердің үлкен-кішілігіне қарай ірі және ұсақ түйірлі топырақ деп бөлінеді. Ұсақ түйірлі топырақтар саңылаулығы ірі түйірлі топыраққа қарағанда жоғары болады. Егер ұсақ түйірлі топырақ саңылаулығы 85 пайызға жетсе, ірі түйірлі топырақ саңылаулығы 30 пайыздан кем.

Саңылаулықтың санитариялық мәні зор. Мәселен, жекелеген саңылау  көлемі мен топырақ бөлшектерінің  көлемі үлкен болған сайын ауа  және су жақсы өтеді. Дәлірек айтқанда, ірі түйірлі құмдақ топырақтың су өткізгіштігі ұсақ түйірлі сазды  топыраққа қарағанда көп есе  артық. Ірі түйірлі топырақтан белгілі  бір уақыт өлшемінде ұсақ түйірлі  топыраққа қарағанда ауа көптеген есе көп өтеді.Топырақ саңылауы 60-65 пайыз болса онда биологиялық  және химиялық ластанудан өздігінен  тазару процестері үшін қолайлы жағдай туады.               

 Топырақтың ылғал тартқыштық  қасиеті. Топырақ түйірлерінің  беткейі ауадағы су буын, яғни  ылғалдылығьш тартатын әрі топырақ  саңылауларында кептіретін қабілеті  бар үлкен жазықтықты құрайды.  Топырақ қаншалықты ұсақ түйірлі  болса, оның ылғал тартқыштығы  соншалықты жоғары болады. Сондай-ақ, топырақта шірінді және коллоидты  заттар көп болса да және  ауаның атмосфералық ылғалдылығы  жоғары болса да өседі. Органикалық  заттармен ластанған сазды топырақтың  да ылғал тартқыштықтары жоғары  келеді.Топырақтың коллоидты заттары  суды өзіне ең көп сіңіреді. Фермалардың ластанбаған территориялары  мен шаруашылықтардың жайылымдық  учаскелерінің ірі түйірлі топырақтарының  ылғал тартқыштығы өте аз.        

 Топырақтың булану  қабілеті қаншалықты нашар болса,  оның құрамындағы ылғал да  соншалықты көп ұсталады. Сөйтіп, ол анағұрлым сызды болады. Мысалы, ұсақ түйірлі өсімдік аз шығатын,  күн сәулесі нашарлау түсетін  сұр(боз) топырақта ірі түйірлі  топыраққа қарағанда ылғал тартқыш  қабілетін арттыратын еріген  тұздар болса, ауа ылғалды келсе,  жауын-шашын және қар суы топырақты  шайып жатса топырақ бетінде  ылғалдың булану деңгейі төмендейді.         

 Топырақтың ауа өткізгіштігі  деп — топырақтың өз бойынан  ауа өткізу қабілетін айтады. Ауа топырақтың су болмаған  саңылауында, ал сіңірілген күйінде  топырақ бөлшектерінің құрамында  болады. Сонымен, жер асты суында  ауа еріген күйінде болатыны  белгілі. Құрамы жағынан топырақ  ауасы атмосфералық ауадан біраз  айырмашылығы бар: мысалы топыраққа  тереңдеген сайын оттегі мөлшері  азаяды, органикалық заттарды тотықтыруға  көп жұмсалады, ал көмір қышқылы  құрамы керісінше көбейеді.

Органикалық заттарға бай  топырақтарда оттегі мөлшері 10 пайызға  дейін, тіпті одан да азаяды да, көмір  қышқылы құрамы 15 пайызға дейін  және одан да артық көбейеді. Ластанған  топырақтарда газ тәрізді қоспалар (СН4, Н28, N11,), сондай-ақ , май қышқылдары т.б. болуы мүмкін.        

 Топырақтың ауа өткізгіштігі  барометрлік қысымның өсуіне  байланысты артып, топырақтың  үстіңгі қабатының қалыңдығы  және ылғалдылығы ұлғайған сайын  кемиді. Саңылауларды толтыратын  су олардан ауаны сығып шығарады  да, ауаның топыраққа енуіне кедергі  жасайды. Топырақ ауасының құрамыңда  шаң да, микроорганизмдер де болмайды. Олар ауа топырақта сүзілген  кезде ұсталып қалады да, топырақ  бөлшектері ыдыратып жібереді.        

 Топырақтың ауа өткізгіштігінің  және оның оттегімен баюының  топырақта өтетін тотығу және  оны адам мен жануарлар енгізетін  органикалық лас затгардан босату  тәрізді биохимиялық процестерге  байланысты гигиеналық маңызы  зор. Тағы топырақ түйірлі ірі  және құрғақ болуға тиіс.Өйткені,  ылғал және ұсақ түйірлі топырақ  өте нашар желдетіледі. Сондықтан  да онда өздігінен тазару процесі  айтарлықтай жүрмейді.        

 Топырақтың жылулық  қасиеттері -топырақ негізінде күннен  қызуы. Бұл процесс топырақтың  жылу сыйымдылығына, жылу өткізгіштігіне  және радиациялау қабілетіне  көп байланысты болады.Сыртқы  ауа температурасынан топырақ  температурасының едәуір айырмашылығы  бар. Тәулік және жыл бойында  онша көп ауытқымайды және  топырақ тереңдеген сайын бірте-бірте  азая береді. Тереңдеген сайын  топырақтың тәуліктік және жылдық  ең жоғары температурасы ауа  температурасынан едәуір төмен.  Қыстыкүні топырақ температурасы  ауа температурасынан жоғары, ал  жаздыкүні керісінше салқын болады.         

 Топырақтың жылу өткізгіштігі  нашар болады. Әсіресе, борпылдақ,  ұсақ түйірлі, ылғалды шірінді  заттары  көп, ақ шағыл, шөп өспейтін түсті топырақтар аз қызады. Ірі түйірлі, құрғақ, қоңыр түсті және шөп жақсы өсетін топырақтар, сондай-ақ тасты, тығыз топырақ нағыз жылу аккумуляторы болып табылатын таулы жер топырақтары жылуды тым-тәуір өткізеді. Борпылдақ топыраққа қарағанда тығыз топырақта жылу тереңге енеді. Топырақ саңылауларын толтыратын су сол саңылауларды толықтыратын ауаға қарағанда жылуды 21-26 есе көп өткізеді екен. Жылуды ылғал топырақтың оңай да терең өткізетіні сондықтан[2].         

 Топырақ температурасының  өте үлкен  маңызы бар. Ол жергілікті жердің климатына, ал жергілікті климат-микроклиматқа әсер етеді. Топырақ температурасы ерекшеліктерінің өсімдік тіршілігі үшін маңызы зор. Олардың тамырлары қыстыгүні топырақтың жылы қабатында жатады да, суықтан сақталады. Ол, яғни топырақ температурасы сол топырақтың өзінде жүрілетін физико-химиялық және биологиялық процестеріне де әсер етеді.


Информация о работе Топырақтың өзара тазартылуы