Ветеринариялық санитариялық сараптаудың
қазіргі кездегі әдістері
Тексерген: Шалқарова
Дариға
Орындаған: Абенбаева
А.Б.
ВС-310
- Ветеринариялық санитариялық сараптау – мал шаруашылығы өнімдерін дайындау технологиясын қадағалай отырып, алынған ет пен ет өнімдері сүт пен сүт тағамдары және шикізаттарды, сондай-ақ тағам ретінде пайдаланатын балық, көкөніс, бал т.б. өнімдерді тиісті сантариялық тексеруден өткізіп, олардың сапасына нақтылы баға беру
- Мал өнімдерін дайындау кезеңінде, оларды өңдегенде, тасымалдағанда, сақтағанда, сондай-ақ тамақ кәсіпорындарында тағамдар мен жартылай фабрикаттар дайындағанда тиісті ережеге сай мал дәрігерлік-санитарлық сараптау жүргізіледі. Дұрыс ұйымдастырылған және мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттардың талаптарына сай жүргізілген жұмыстар санитарлық-тазалық сапасы жоғары, тағамдық қасиеті мол, адамның денсаулығына ешқандай нұсқан келтірмейтін тағамдық өнімдерді дайындауды қамтамасыз етеді.
- Ет-сүт комбинаттары, темір жол, тағамдық базарлардың мал дәрігерлік-санитарлық зертханалары, ауданның мал дәрігерлік – санитарлық сарапшы болып қызмет атқаратын адамдарға тағамдардың сапасының жоғары болып және олардың адам денсаулығына ешқандай зиян келтірмеуін әрдайым қатаң бақылап отыру жүктеледі.
- Ветеринариялық – санитариялық сараптаудың негізгі міндеттері:
- Адаммен малдардың біріккен ауруларын зертханаларда зерттеу өткізу арқылы азық- түлік пен мал өнімдерінің, және жем – шөптердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауыл-шаруашылық және азық-түлік өнімдерін зерттеу қызметін көрсету, олардын ветеринарлық- санитарлық қауіпсіздігін қамту
- Тағамдық өнімдер мен шикізаттар арқылы таралатын инфекциялық және инвазиялық аурулардан сақтау
- Қазіргі заманғы әдістері халықаралық ветеринариялық санитариялық талаптарына сай мал, өсімдік өнімдерінің қауіпсіздік ережелерін бағалауға қойылатын нормативтік құжаттар. Тағамдық өнімдер мен шикізаттарды ветсансараптаудың жаңа әдістері, соның ішінде ксенобиотиктерді (уытты заттар, пестицидтер, антибиотиктер, стероидтар, гормондар, тиреостатиктер) анықтаудың (спектрометрия, иммуноферменттік талдау,ДНК балау) экспресс әдістері
- ҚР Денсаулық қорғау министрінің лауазымы атқарушысы № 611 бұйрығымен 2010 ж 6 тамызында бекітілген «Санитарно-эпидемиологические требования к пищевой продукции» атты санитарлық ережелері, жұмыс атқару кезінде жүгінетін нормативті құжаттарға жатады. Осы аталған құжатта қауіпсіздік көрсеткіштері және олардың белгілі деңгейі көрсетілген
Қазіргі заманғы зерттеу әдістері:
- Химико-токсикологиялық зерттеулер – күшән, сынап, кадмий, қорғасын токсикологиялық элементтерін анықтау.
- Сынама дайындау «Минотавр-2» атты микротолқынды пеш пайдалану арқылы жүргізіледі. Жүйені қолдану саласы; сынама заттарының органикалық құрылысын бұзу – объектті сынау кезінде минерализациямен органикалық синтез өткізу
«Минотавр-2»
- Қорғасын мен кадмийдын массалық концентрациясын вольтамперлік СТА комплексінде немесе АВС-1.1 полярографында анықтайды. Сынама объектілері болып азық-түлік, су, топырақ, биологиялық объектілер(зәр, қан, сарысу) және тағы басқа материалдар болады, егер оларды белгілі әдіспен сыныма даярлаудан өткізсе
АВС-1.1 полярографы
- Сынаптын массалық концентрациясын анықтау үшін атомды-абсорбциялы сынап анализаторы F732-VJ, қолданылады. Ол алдын-ала тығыз түрден сұйық түрге сынама даярлау арқылы айландырған және газды орталар мен сұйық орталарды жоғары жылдамдықта анықтау үшін арналған.
Атомды-абсорбциялық спектрометр novAA 400 70 түрлі
элементтердің сұйық және тығыз түрдегі
металдар мен метал емес сынамаларда іздері
мен ультра-іздерін анықтау үшін арналған..
Спектрометр novAA 400 жалынды вариантта қолданылады,
ол графит пешімен гидридті тәсілімен
қолданылады
Атомды-абсорбциялық спектрометр novAA 400 70
- Газды хроматография жүйесі Agilent 6880N жоғары температураларға төзетін және бұланатын компоненттерді анықтауға арналған. Ол газдар, спирттер, пестицидтер, гербицидтер , және кейбір дәрі заттары. Оның құрамында бірнеше компонент бар - инжектор, колонка, детектор. Колонкада зеттелетін затты тасымалдайтын элюент болып газогенератор арқылы пайда болатын газ табылады. Колонкаға кіруге дейін зерттелетін затты бұландырып , оны бірқалыпты элюентпен араластырып, инжектор арқылы енгізуден анализ басталады. Колонканың аяқталу жағында атмосфераға бұланып кету алдында элюент детектор арқылы өтеді. Сигнал өнделіп компьютер дисплейінде хроматограмма шығады, ал зерттелетін зат «үшкір» түрінде көрсетіледі
- Сұйық хроматография жүйесі Agilent 1100 жоғары молекулярлы және полярлы қоспаларды (дәрумендер, антибиотиктер, дәрі дәрмектер, микотоксиндер және т.б.) анақтауға арналған. Жүйе бірнеше блоктардан құралған: автосамплер, колонка термостаты, насос, дегазатор және детектор. Барлық жүйелер өзара полимерден жасалған түтіктер арқылы қосылады. Насос сұйықты (элюентті) хроматографиялық жүйе ішінде ағу үшін қысымдықты тежейді. Автосамплер арқылы ерекше контур ішіне зерттелетін заттың белгілі мөлшері енгізіледі, осы жерде ол элюентпен араласады. Хроматографиялық колонка ішіне еңгенсоң үлгі қарапайым компоненттерге бөлінеді. Спектрофотометрлік детектор хроматографиялық колонка шетінде зерттелетін заттардың абсорбциясын өлшейді. Сигнал өнделіп компьютер дисплейінде хроматограмма түрінде көрсетіледі.
Сұйық хроматография
жүйесі Agilent 1100
- Радиологиялық көрсеткіштер (цезий – 137, стронций – 90) «Прогресс» аталатын спектрометриялық комплексте анықталады. Ол спектрометриялық әдіспен бетта мен гамма нуклидтерінің үлгіде санау үшін арналған . Комплекс зертханада азық-түлікте және мал өнімдері мен өсімдіктерде радионуклидтердін белсенділігін өлшейтін арнайы құрал ретінде пайдаланылады
«Прогресс» аталатын
спектрометриялық
комплекс
- Микологиялық зерттеулер сүт пен сүт өнімдерінде афлотоксин М1, афлатоксин В1, дезоксиниваленол, Т-2 токсинды анықтайды. Осымен қатар бидайда және одан өнделген заттарда, жемде ,т.б. өсімдік заттарында зеараленонды және жалпы уыттылықты қояндарда тері сынамасын қою арқылы анықтайды .
- Зерттеу лабараториясы мамандары микотоксиндерді имундыферметтік және иммундыхроматографиялық экспресс тәсілдерімен зеттеу әдістерін енгізіп жұмыс істеуде
- Микробиологиялық көрсеткіштер, МАФАнМС (мезофилді аэробты және факултативті-анаэробты микроорганизмдердің саны), ІТЖБТ (ішек таяқшаларына жататын бактериялардың тобы), патогенді, оның ішінде сальмонелл мен листерия моноцитогенес, патогенді стафилококк, ішек таяқшасы, сульфитредуциялы клостридиялар, ашытқылар, зеңдер санитарлық ережелер мен нормаларға жүгіне отырып анықталады
- Паразитологиялық зерттеулер – шикі етті( сиыр еті, шошқа еті, қой еті, жылқы еті) зерттеу арқылы паразитарлық аурулар қоздырғыштарын табу: финндар (цистицерктер), трихинелл мен эхинококтар, цист пен саркоцист және токсоплазм, балықтарды, су шаяны, т.б. паразиттерді анықтап табу.
Жұмыртқа
сапасын анықтауға арналған қондырғы ПКЯ-10
Овоскоп - ОН-10
Трихинеллоскопты
анықтауға арналған Стейк-Про
Трихинеллоскоп дорожный «Монократ»
Трихинеллоскопты
анықтауға арналған компрессорий МИС-7
Вискозиметрический анализатор соматических
клеток в молоке "Соматос-М"
Сүттің
сапасын анықтайтын
Анализатор EKOMILK М
Сүттің ареометрі АМ
Қосымша мәліметтер
- Орталық Азияда, Британия эксперттерінің рейтингі бойынша, ең көп етпен тамақтанатын мемлекеттердің бірі Қазақстан болып шықты.
- Рейтинг бойынша Тәджікстан ең соңғы орындардың бірін алады. Бір адамға жылына- 12,6 кг; Қазақстанда -67,2; Өзбекстанда -25,8;
Назар қойып тыңдағандарыңызға
рахмет