Азаматтардың меншік құқығы ұғымы, оның түрлері мен туындау негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 01:31, реферат

Описание

Адамзат тарихының көпшілік бөлігін әр түрлі дәрежедегі қақтығыстар, халықтар арасындағы соғыстар мен шабуылдар құрайды. Осыған байланысты соғыс қарулары қарапайым түрлерден бастап күрделі түрлерге дейін пайда болу, даму сатыларынан өтті. Заманауи технологияның қарыштап дамуына орай соғыс қаруларының жетілген түрлері пайда болуда. Солардың бірі – химиялық қару.

Содержание

Кіріспе.
1.Химиялық қару.
2. Химиялық қарудың жіктемесі мен түрлері.
3. Химиялық қарудың әскери іс-қимылдарда қолданылуы.
4. Қазақстан полигондары
Қорытынды.

Работа состоит из  1 файл

r.docx

— 98.86 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ 

Кіріспе.

1.Химиялық қару.

2.  Химиялық қарудың жіктемесі мен түрлері.

3. Химиялық қарудың  әскери іс-қимылдарда қолданылуы.

4. Қазақстан полигондары

Қорытынды. 

                                                
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе    

Кіріспе

 Адамзат тарихының  көпшілік бөлігін әр түрлі дәрежедегі қақтығыстар, халықтар арасындағы соғыстар мен шабуылдар құрайды. Осыған байланысты соғыс қарулары қарапайым түрлерден бастап күрделі түрлерге дейін пайда болу, даму сатыларынан өтті. Заманауи технологияның қарыштап дамуына орай соғыс қаруларының жетілген түрлері пайда болуда. Солардың бірі – химиялық қару. Алайда мұны жаңа пайда болған қару деп айта алмаймыз. Ол ерте кезде улы өсімдіктерді жағып, түтету арқылы жауды тұншықтыру, көзінен жас ағызып, көрсетпеу үшін пайдаланылған. Бірте-бірте дами отырып, түрлі формада пайдаланылатындай дәрежеге жетті. Әсіресе, химиялық қарудың барынша көп қолданылған кезі бірінші дүниежүзілік соғыс болды. Соңғы жылдары химиялық қаруды пайдалануды шектеу, химиялық қарусыздану мәселесі күн тәртібіне өткір қойылып, шешімін табуды күтуде. Осы мәселелерді қарастыру, атап айтқанда, химиялық қару, оның түрлері, қолданылу барысы, қарусыздану, оны шешу бағытында атқарылып жатқан істер жайында рефераттық деңгейде қарастыру өзекті болып табылады.

      Реферат негізінен үш тараудан тұрады. «Химиялық қару» деп аталатын алғашқы тарауда химиялық қару дегеніміз не деген сұраққа жауап қарастырылған. «Химиялық қарудың жіктемесі мен түрлері» деген екінші тарауға оның түрлері мен жіктелуі, жасалатын формасы, пайдаланылатын улағыш заттары туралы мәселе өзек болып, үшінші тарауда химиялық қарудың іс жүзінде, атап айтқанда әскери ұрыста пайдаланылу тарихы, бірінші дүниежүзілік соғыста қолданылуы сөз болады. Қорытындыда осы тарау бойынша тұжырым жасалып, химиялық қарусызданудың жүру барысы баяндалады.

                          1. Химиялық қару                    

     Химиялық қару дегеніміз уландыратын заттар мен құралдар, олар ұрыс алаңында қолданылады. Химиялық қарудың қырып-жоятын әсерінің негізін уландырғыш заттар құрайды. Уландырғыш заттар (УЗ) дегеніміз химиялық түзілістерді білдіреді, олар қолданылған кезде қорғанышсыз тірі жандарды қырады немесе олардың соғыс қабілетін әлсіретеді. УЗ өзінің қырып-жою қасиеті бойынша басқа соғыс құралдарынан ерекшеленеді: олар ауамен бірге әртүрлі ғимараттарға, танкке және басқа әскери техникаға енуге қабілетті және олардың ішіндегі адамдарды қырады; олар өзінің жойғыш қасиетін ауада, жерде және әртүрлі жерлерде бірқатар уақыт, кей жағдайда ұзақ уақыт сақтайды; ауада және ауқымды аумақты ірі көлемде тарай отырып, ол қорғау құралдары жоқ сол жерлердегі барлық адамдарға әсер етеді; УЗ сол сияқты ауа райына байланысты таралады. Мысалы ауа райы желді болса, уландырғыш заттардың таралатын аймағы ұлғайып, жел тымық болса, уландырғыш заттар бір жерде ұзақ тұрып қалады. Химиялық қаруды алғаш немістер 1915 жылы 22 сәуірде Шпредегі (Бельгия) шайқаста қолданды. Содан кейін басқа армиялар да қолдана бастады. 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында тек ағылшын, француз және АҚШ армияларында ғана Химиялық қарудан 450 мыңдай адам шығын болды. 1925 жылы Женева хаттамасы бойынша Химиялық қаруды қолдануға тыйым салынып, оған бірнеше мемлекеттер қосылды. Бірақ кейбір мемлекеттер бұл хаттаманы бұзып (мыс, Италия Эфиопияға қарсы соғыста (1935 — 36), Химиялық қаруды қолданды. Тыйым салынғанына қарамастан 1- және 2-дүниежүзілік соғыс аралығында Химиялық қару көптеп шығарылды. 1943 жылға қарай фашістік Германия уландырғыш заттар әзірлейтін химиялық өнеркәсібінің қуатын жылына 180 мың тонна өнім шығаратындай дәрежеге жеткізді. Дегенмен, көп ұзамай Германия қарсыластарының да Химиялық қаруды қолданатынын ескеріп, бұдан бас тартты. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Германияның трофейлік Химиялық қаруы (300 мың тоннаға жуық) теңізге батырылу арқылы жойылды. Соғыстан кейін көптеген елдер Химиялық қарудың жаңа неғұрлым апатты түрлерін шығарды. Химиялық қару, әсіресе, артиллерия, авиация саласында одан әрі өрістеді. Артиллерия Химиялық қаруға жаудың жердегі күштерін атқылауға арналған химиялық снарядтар, миналар; авиациялық Химиялық қаруға әр түрлі улы заттармен толтырылған бомбалар, т.б. құрал-жабдықтар жатады. Белгілі бір аймақты улау үшін арнаулы химиялық машиналар қолданылады. Химиялық қарудан қорғану үшін әскерлер мен тұрғын халық арнаулы дайындықтан өтуі тиіс. Париж конвенциясына (1993) сәйкес, Химиялық қару табиғат пен адамзатқа тигізетін аса ауыр зардабына байланысты жойылуға жатқызылған. Химиялық қаруды жою арнайы нысандарда жүзеге асырылады. 1993 жылы Ресейдің Химиялық қару қоры 40 мың тоннаны, ал АҚШ 29 мың тоннаны құрады.

                       2.  Химиялық қарудың жіктемесі мен түрлері.

     Химиялық оқ-дәрілерді мынадай сипаттамалары бойынша бөлуге болады: - қолданылатын УЗ-дың тұрақтылығы – УЗ-дың адам ағзасына физиологиялық әсер ету сипаты – қолданылу құралдары мен тәсілдері – тактикалық арналуы – басқыншылық әсерінің жылдамдығы.     

1. Тұрақтылығы. Қолданылғаннан кейін қанша уақыт өзінің улағыш күшін сақтай алатынына қарай ол: - тұрақты және тұрақсыз деп шартты түрде екіге бөлінеді. Улағыш заттардың тұрақтылығы олардың физикалық және химиялық құрамына, қолдану тәсілдеріне, метеорологиялық талаптарға және жердің ыңғайына байланысты болады. Тұрақты УЗ өзінің жою күшін бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін сақтайды. Олар баяу буланып, ауа мен ылғалдың әсерінен әлсіз өзгереді. Тұрақсыз УЗ ашық жерде өзінің қырғыш күшін бірнеше минут қана сақтайды.

      2. Физиологиялық  ықпал етуі. Улағыш заттар адам ағзасына әсер ету сипатына қарай бес топқа бөлінеді: - жүйкені істен шығару – теріге әсер ету – жалпы улы – тұншықтыратын – психохимиялық әсер ету.

      3. Қолдану  құралдары мен тәсілдері. Әскери  мамандардың көзқарасы бойынша улағыш заттар мынадай міндеттерді шешуге қолданылады: - тірі күштерді жою немесе қатардан шығару мақсатында; - белгілі бір уақыт ішінде жау әскерін әлсіздендіру, бұл теріге әсер ету, жүйкені істен шығару арқылы жасалады; - жауды бұғаулап қою, бұл тұрақты улағыш заттарды қолдану арқылы жасалады; - осы міндеттернді шешу үшін : - ракеталар – авиация – артиллерия – химиялық фугастар пайдаланылады.

      4. Негізгі улағыш заттардың сипаттамасы. Қазіргі уақытта УЗ ретінде мынадай химиялық заттар пайдаланылады: - зарин – зоман – V-газдар – иприт – синильді қышқыл – фосген – диметиламид лизергинді қышқылдар.

Барлық УЗ организмге улылық әсерінің сипаты бойынша мынадай топтарға бөлінеді:  
♦ жүйкені жансыздандыратын УЗ - фосфорорганикалық заттар  
(ФОЗ) тобы - зарин, зоман, V - газдар;  
♦ жалпы улағыш әсері бар УЗ - көгілдір қышқылы, хлорциан;  
♦ терінің қүрысуына әсер ететін УЗ - иприт, люизит;  
♦ түншықтырғыштық әсердегі УЗ - фосген, дифосген;  
♦ көздің жасын ағызатын және тітіргендігіштік әсері бар УЗ - хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит СЗ (си-эс);  
♦ психохимиялық әсер ететін УЗ - ДЛК және В2 (би-зет) лизергин қышқылының диэтиламиді;  
Улылық әсерін анықтау уақытына байланысты жылдам әсер ететін УЗ (зарин, зоман, V -газдар, көгілдір қышқылы) және баяу әсер ететін УЗ болып бөлінеді (иприт, фосген).  
УЗ улылық жіктелісі бойынша былай бөлінеді:  
♦ өлімге ұшырататын - (зарин, зоман, V - газдар, көгілдір  
қышқылы, иприт, люизит, фосген);  
♦ уақытша есті тандыратын - ДЛК, В2;  
♦ тітіркендіретін - хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит СЗ.  
УЗ төзімділігі бойынша төзімді және төзімді емес болып бөлінеді. Төзімді УЗ-ға иприт, заман, V - газдар жатады, олар жерді бірнеше сағаттан бастап бірнеше тәуліктерге дейін, кейде тіпті айлар бойы зақымдайды. Төзімді емес УЗ-ға зақымдағыш әсері бірнеше минуттан бір сағаттқа дейін созылатын заттар жатады (көгілдір қышқылы, фосген).

            3. Химиялық қарудың әскери іс-қимылдарда қолданылуы

        Улы газдарды пайдалану алғашқы кезде бейбіт мақсатта болған. Мысалы, қансорғыш жәндіктерді қыру, жемістерді кеміргіш жәндіктерді жою, т.б. Египетте, және Қытайда осыған арнап тұрғын үйлерді улаған. Қытай бірінші болып осы шаруашылықты жетілдірді. Б.з.д. 4 ғасырдағы мәтіндерде улы газдарды бекініс қабырғаларының түбіндегі жаумен күрес үшін пайдаланғаны жайлы деректер келтіріледі. Жауды горчица мен жусанның түтінін құбыр арқылы жібере отырып, ығыстырды. Улы газдар тұншықтырып тастады кейде өлтіріп те жіберетін. Біртіндеп соғыс алаңында у, оқдәрі мен смола қоспасынан жасалған бомбалар сынақтан өткізіле бастады. Сондай-ақ Еуропада да УЗ-ды соғыс барысында пайдалану қадамдары жасалды. Улағыш түтін б.з.д. 431-404 жылдардағы Пелопоннеск соғысында пайдаланылды. Улы заттардың қоспасынан жасалған улағыш заттар жайлы Леонардо да Винчи де жазған. 1855 жылы Қырым науқаны кезінде ағылшын адмиралы лорд Дэндональд газбен шабуылдау идеясын жасады. Дегенмен әскерилер арасындағы жаппай қырып-жоятын осы қаруға деген теріс көзқарас оның ХХ ғасырдың басына дейін кең қолданылуын тежеді. Бірінші Дүниежүзілік соғысты толықтай «ГАЗ СОҒЫСЫ» деп атауға болады. Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі және содан кейінгі соғыстардың ешқайсысында 1915-1918 жылдарда қолданылғандай көлемде уландырғыш заттар қолданылған жоқ. Бірінші дүниежүзілік соғыс барысында химиялық заттар ірі көлемде қолданылды: мысалы 12 мың тонна иприт қолданылып, 400 мың адамды қырды. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары ішінде улағыш заттар қосылған әртүрлі типтегі барлығы 180 мың тонна оқ-дәрі шығарылып, оның 125 мың тоннасы соғыста қолданылды. УЗ-дың 40-аса түрі сынақтан өткізілді. Химиялық қарудан қайтыс болған адамдардың жалпы саны 1,3 млн. адам деп есептелді.

          Әскери УЗ-ды өндіру орталығы Леверкузен болды, онда материалдардың ірі көлемі өндірілді, бұған 1915 жылы Берлиннен Әскери химиялық мектеп көшірілді – онда 1 500 техникалық және басқарушы қызметкерлер болды. Оның Гюштедегі лабораториясында тоқтаусыз 300 химик жұмыс істеді. Улағыш заттарға арналған тапсырыстар әртүрлі зауыттар арасында бөлінді. «N2 снаряды» деп аталған әскери УЗ қолдану бойынша алғашқы тәжірибені германдықтар жасады. 1914 жылғы 27 қазанда осындай снарядтардың 3 000 Батыс фронтта Нев-Шапельге шабуыл барысында қолданылды. Снарядтардың тітіркендіргіш күші соншалықты мықты болмаса да, оның Нев-Шапельді алуда көмегі қомақты болды. Кейіннен ол қолданыстан алынып тасталды. 1914 жылдың соңында Германияда әскери УЗ-ды, әсіресе артиллериялық оқ-дәрілерді іздестіру жөніндегі жұмыстар басталды. Бұл әскери УЗ снарядтарын жабдықтаудың алғашқы талпынысы болды. Дегенмен снарядтар өндірісінде дағдарыс орын алды, ал жоғары әскери басшылық газ снарядтарын жаппай дайындаудың тиімілігіне күманмен қарады. Сол кезде доктор Габер газды газ бұлты ретінде пайдалануды ұсынды. Мұны жасаудағы алғашқы тәжірибелер аз ауқымда жасалды. 1915 жылы 22 сәуірде Германия хлорлы шабуылды көбейтуге күш салды, 5730 баллон хлор шығарды. 

      5-8 минут ішінде 6 км фронтта 168-180 тонна хлор шығарылды – 15 мың солдат жарақат алып, олардың 5 мыңы опат болды. Неміс үгітшісі мұндай снарядтардың соншалықты зиянды емес екендігін мәлімдеді. Одақтастардың әскері мұндай газды шабуылды күтпеген еді, 1915 жылғы 25 қыркүйекте Британ әскері өзінің хлорлы шабуылын бастады. Кейіннен газобаллонды шабуылда хлор да, сол секілді хлордың фосгенмен қоспасы да пайдаланылды.

          Фосгеннің хлормен қоспасын УЗ ретінде алғаш рет 1915 жылғы 31 мамырда Германия орыс әскерлеріне қарсы пайдаланды. 12 км фронтта – Болимиовтың түбінде (Польша) осы қоспаның 264 т шығарылды. 2 орыс дивизиясында қатардан 9 мың адам шықты – 1200 опат болды. 1916 жылдың басында француздар хлордан, фосгеннен және дифосгеннен қорғайтын «Маска М-2» противогазымен әскерін жабдықтады. 1916 жылы германиялық противогаз фосгенді жұтып алатын үш қабатты патронды алды.

1915 жылғы германиялық  противогазы. Ресейде жетілдірілген ылғалды маска Зелинский-Куммантаның противогазы және Горный инститтуттың шамалы нашарлау противогазы қолданысқа енді.Зелинский-Куммантаның противогазы.

4. Қазақ полигондары.

   
1.Қазақстан  полигондары  
Республикамыздың аумағында ядролық қарудың сыналғаны әлемге әйгілі. Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпия сақталынды. Тек Семей полигоны ғана көпшіліктің назарында болып, қалған сынақ аймақтарынан жұрт беймелім болды. Шын мәнінде, қазақ даласының 19 млн.га. жері 40жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр, Нарын, Тойсойған, т.б. полигондары алып жатқан табиғи әсем, щұрайлы жайылымдар еді. Осы жерлер де 1949 – 1989 жылдар аралығында болған ядролық сынақтардың 27- сі атмосферада, 183 – і жер бнтінде, қалғаны жер астында жасалды. Атом қаруы саналған елдермен салыстырсақ 225, АҚШ – та 1032, Қазақстанда 500 – ден астам жарылыс жасалған. Бұдан біз, Қазақстан жерінің қаншалықты зардап шеккендігін көреміз. Атом қаруы сол сияқты Ұлыбританияда, Қытай, Франция, Үндістан, және Пәкістанда сыналған. Оның үстіне дүние жүзіне танымал ядролық сынақтың орталықтары Капустин Яр Ресей ме Лонбор Қытай , Қазақстанға шекаралас жақын жатқан аумақтар.  
Ядролық қаруды сынау алғашында ғылым мен техниканы дамыту бағытында сипат алғанымен, кейіннен атом бомбасы соғыс мақсатында қолданылды. Атом бомбасын алғаш рет АҚШ 1945 жылы Хиросима мен Нагасаки қалаларына тастады. Адамзат тарихындағы бұл қасіреттің ізі бүгінгі дейін жапондықтарды зардап шектіріп отырғаны әлемге белгілі. Ал Қазақстан жерінде сыналған 500 – ден астам атом бомбасының зардабы айтпаса да түсінікті.  
Қазақстанда ядролық қаруларды сынау кең көлемде жүргізілді. 1990 жылғы мәліметтер бойынша сынақ жасалған жерлердің көлемі облыстар бойынша 16686,1 мың га жерді қамтыған.  
Ядролық қарудан тек атом бомбаларын сынаумен шектелмей полигондарды соғыс ракеталарын, т.б. техникаларды да сынақтан қатар өикізіп отырған. Батыс Қазақстан аумағында 1966 – 1979 жылдар аралығында 24 рет ядралық қару сыналған. Соным ішінде Азғыр полигоны ғана 6,1 мың га жерді алып жатыр. Осы аймақтарда радиактивті заттардың шекті рауалы мөлшері (камдий, стронций, қорғасын) бірнеше есеге көбейіп кеткені аныталған. Мұндай сынақтар Үстірте де 1968 – 1970 жылдары жасалған. Сол сияқты ірі полигондар қатарына Атырау облысының Тойсойған, Балқаш көлі маңында Сарышыған, Ташкент – 4 сынақ алаңдары мен Байқоңыр ғарыш айлағы да жатады. Сынақтар кезінде апатқа ұшыраған ракеталар, соғыс техникалары қоршаған ортаға өте қауіпті.  
Полигондардың ішіндегі Семей өңірі ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы орналасқан. Ол - Курчатов қаласы. Шығыс Қазақстан облысының Абай, Бесқарағай, Жаңасемей, Абыралы аудандарының аумақтары атом сынақтарының ордасы аталып, ең көп зардап шеккен эколдогиялық апатты аймаққа айналды.  
Қазақстан жерінде атом қаруларын сынау 40 жылға созылып, табиғи экожүйелер бүлдіріліп, жарамсыз етті. Жалпы полигондар көлемі 33,6 млн. Гектарға жетті. Полигондарға пайданылған жерлердің ауа, сулары арқылы мыңдаған километр жерге тарайтыны белгілі. Қазірдің өзінде Қазақстанда 2,6 млн. Адам мутагенез аурымен есепте тұр. Оның ьасым бөлігі Семей өңірінің тұрғындары. Сол сияқты қатерлі ісік, қан аурулары, сәулелік ауруымен ауырғандар санының көрсеткіші бұл аймақта ресмуплика бойынша жоғары.  
Полигондар аймағындағы жер ресурстары техногендік ластанудың әсерінен бүлініп жарамсызданған.  
1991 жылы 20 тамызда елбасының бұйрығымен Қазақстан жерінде атом қаруын сынау біржола тоқтатылды. Бұл оқиғаны дүние жүзінің қауымдастығы қуана қарсы алды. Халықаралық деңгейлегі бұл шешім “Семей – Невада” қоғамдық қозғалысының жемісі болды.  
Полигондар зардабын шешу проблемасы күн тәртібінде тұр. Осы тұрғыда “Семей полигоны аймағындағы тұрғындардың денсаулығын зертеу және сауықтыру шараларын ұйымдастыру” (1992,1995) туралы маңызды құжатар қаблыданды.

Ядролық «мұрадан қалған жәдігерлер» 

Ядролық қару – жалпы адамзаттың соры десек, Қазақстандағы ядролық полигондар – қазақтың 20 ғасырдағы ең ауыр қасіреті болды. Өйткені, атомдық ядролық жарылыстар бүкіл бір аймақтың қоршаған ортасы мен табиғи генофонына, адамдардың геніне әсер етіп, қалыпты мөлшерден әлдеқайда жоғары радиоактивті заттар мен рентген сәулелері тіршілік атаулыға қауіп-қатер әкеліп, өте зиянды радионуклидтер тірі клеткаларға генетикалық өзгерістер туғызды. Бұған дейін жеті атасына шейін қыз алыспай, қан тазалығын сақтап келген елдің топырағында түрінен адам қорқатын құбыжық нәрестелер дүниеге келе бастады. Қазақстанның көптеген аймақтарында ересектер ауруы мен балалар өлімінің саны көбейіп, жалпы өмір сүру жасының ұзақтығы қысқарды. Сол кездегі белгілі оқымыстылар мен саясатшылардың, қоғам қайраткерлері мен ғалымдардың пікірлері бойынша Қазақстандағы экологиялық жағдай күрделі нүктесіне, ең жоғарғы деңгейіне жеткен.

    Тек Қазақстан егемен ел, демократиялық мемлекет екенін жариялағаннан соң, 1991жылы қауіпті ядролық тажалдан құтылу мен ядролық қару-жарақты бұдан былай пайдаланудан бас тартуда батыл қадамдар жасап, оған Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол жеткізіп, «апанның» аузын жапты.

    Елбасы Н. Назарбаев 2001 жылы 29 тамызда «21ғасыр ядролық қарудан тазарған дүниені қалайды» атты халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде 1992 жылы Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде жер бетіндегі стратегиялық қару-жарақ шартына – Лиссабон хаттамасына қол қойып, ядролық қаруды таратпау жөніндегі өз міндеттемесін қуаттады. 1993 жылы біздің еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында бірінші болып ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім-шартқа қол қойып, ал 1994 жылдың желтоқсанында әлемнің ядролық державалары Қазақстанның қауіпсіздігіне кепілдік беретін Меморандумға қол қойды. Сөйтіп, 1994 жылы еліміз аумағынан бүкіл ядролық қаруды әкету аяқталса, келесі жылы бұрынғы Семей ядролық полигонында соңғы ядролық заряд жойылды. 1996 жылы Қазақстан ядролық сынақтарға толық тыйым салу жөніндегі Шартқа қол қойды. Ал 1997 жылы БҰҰ – ның Бас Ассамблеясы Қазақстанның ядролық сынақтардан зардап шеккен өңірлеріне көмек көрсету жөнінде қарар қабылдап, 2000 жылы Семей полигонында ядролық сынақтар жүргізетін ең соңғы штольня жойылды.

    Әйтсе де, ол адамдардың денсаулығы мен өміріне, өңірлегі экологиялық және экономикалық жағдайға қатерлі әсер етуінің жалғасуына қарай адамдардың және Қазақстан Үкіметінің қамқорлығымен тұрақты назар аударуын қажет етті. Мамандар белгілі мөлшерде радиациялық сәуле алған қазақстандықтардың жалпы саны жүз мыңдаған адам болады деп мөлшерлейді. Ядролық сынақтардың салдары мен зардабы біздің болашағымыз – балаларымыздың денсаулығын зақымдауда. Қазақстандықтардың туған кезде полигон дегеннің не екенін білмейтін әлі талай ұрпағы өздерінің денсаулығында ядролық сынақтардың ауыр салдарының азабын тартатын болады.

    Адамдар ғана емес, жердің өзі де азап шегуде. Сынақтар жер қабаттарының бүлінуіне ұрындырды. Ядролық жарылыстардың орнында ластанған радиациялық суға толы тұтас көлдер пайда болды. Мамандардың бағалауы бойынша жер өзінің өнімділік әлеуетін толық қалпына келтіру үшін кем дегенде 300 жыл қажет екен. Сондықтан бізге барлық стратегиялық шикізат өндіретін кен орындарының, радиоактивті әсері бар басқа да ғылыми өндіріс ошақтарының технологиялық режимін жан-жақты тексеру, ғарыш, әскери қару-жарақ, сынақ полигондарын, минералдық шикізаттардытасымалдау мен қоймалаудың экологияға әсерін жан-жақты анықтау ісін тыңғылықты қолға алып, республика көлеміндегі радиоактивті жағдайдың шын ахуалын білуіміз керек. Еліміздің экономикасын, ұлт денсаулығын, халық байлығын, ұлт мүддесі мен мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтірмейтін экологиялық залалдан аман-есен құтылатын жолмен жүруіміз қажет.

    Осы ретте жоғарыда атап өткендей, Семей проблемасының ауыр екенін мойындап, полигон жабылғаннан кейін БҰҰ – ның Бас Ассамблеясының 52-сессиясында бірнші қарар қабылданып, халықаралық бағдарлама әзірленген болатын. Ол құны 43 миллион АҚШ доллорына жететін 38 жобаны қамтыды. Бұл мәселеге әсіресе Жапония үкіметі айрықша назар аударуда. Халықаралық бағдарлама Семей аймағының проблемалары бойынша 1999 ж ылғы Токио халықаралық конференциясында қаралды. Мұнда бірқатар нәрлендіруші елдер мен халықаралық ұйымдар жобаларды қаржыландыру жөнінде міндеттер қабылдады. Мәселен, Жапония үкіметі БҰҰ ДБ кедейшілікті азайту мен Семей аймағындағы бизнесмашықтарды дамыту жөніндегі жобаларын іске асыруға 1 миллионнан астам доллор бөлді.

    Ал басқа елдер өздерінің басына түспеген соң , бұл іске бей-жай қарауда. Оған біздің Үкіметінің де ауқымды шаралар жасай алған жоқ.Қауіпті аумақтағы халыққа әлеуметтік көмек көрсету ісі сиырқұйымшақтанып кетті.тек өткен жылдыңтамыз айында ғана Үкімет басшысының тапсырмасымен Семейдегі  жағдайға байланысты мәселелерді шешу мақсатында ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып,оның жұмысына Экономика және жоспарлау министірлігі жауапты болды.жұмыс тобы осы проблеманың өзектілігін, деңгейлігін және осы мәселелерді шешу үшін қандай бағытта жұмыс істеу керектігін анықтап, бірнеше отырыс өткізді. Онда, біріншіден, Семей төңірегінде тұратын халыққа әлеуметтік көмек көрсету, екіншіден, экожүйелік бағытта үлкен жұмыстар атқару көзделді. Өйткені, бұл мәселелерге мән бермесе су да, жер де уланып жатыр. Яғни, ол жерлерге жәндіктер мен өсімдіктер өсірілуге болмайтындықтан, оған жан-жақты кешенді түрде келу керек.

    Үшіншіден, жұмыс тобы Семей полигоны төңірегінің нақты шекарасын жасап, қанша жер қандай тереңдікте радиациямен уланғанын, уланып жатқанын анықтауды мәселе етіп қойды. Өйткені, оның салдары Семей ауиағымен қоса Павлодар, Қарағанды облысының көптеген аудандарында да қамтымақ. Сондай-ақ, осы мәселеге қажетті қаржыны есептеу үшін оның зақымының, зиянының қаншалықты мөлшерде екнін анықтауларын қажет деп тапты.

   Міне, осы ретте биылғы жылдың ақпан айында Алматыда Сыртқы істер министрлігінің бастамасымен және БҰҰ Даму бағдарламасының қолдау көрсетуімен Қазақстанда тіркелген елшіліктер басшылары мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің мәжілісі болып өтті. Онда осы мәселе жөнінде тәжірибесі бар елдерден көмек сұрап, пікір алмасылды.

    Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Қазақстан 2030 жылы жер шарындағы кең, мөлдір сумен танымал таза ел болуы керек. Өндірістік қалдықтар мен радиация, біздің үйлерімізге, бау-бақшамызға өзінің зиянымен ене алмайтын болады. Біздің балаларымыз, балаларымыздың балалары денсаулықтарына барлық жағдай жасалған ортада өмір сүреді» деді.

    Жеріміздің экологиялық қауіпсіздігі мен мемлекеттің экономикалық тағдырына төнген қауіптің алдын алмаған жағдайда, экологиялық қатер уақыт өткен сайын шиеленісіп, келешек ұрпақ үшін шешуі табылмас, өте күрделі апатқа айналатынына күмән жоқ. Ондағы жергілікті халықтар мен олардың балалары, немерелері ядролық жарылыстың құрбандарына айналмақ. Ондай жағдайда, ядролық технология игілік емес, апат әкелмек. Ендеше барлық стратегиялық шикізат өндіретін кен орындарының, радиоактивті әсері бар басқа да ғылыми өндіріс ошақтарының технологиялық режимін, ретін жан-жақты тексеру, ғарыш, әскери қару-жарақ, сынақ полигондарын, минералдық шикізаттарды тасымалдау мен қоймалдаудың экологияға әсерін жан-жақты ісін тыңғылықты қолға алып, республика көлеміндегі радиоактивті жағдайдың шын ахуалын білуіміз керек. Сондықтан, еліміздің экономикасын, ұлт денсаулығын халық байлығын, ұлт мүддесі мен мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтірмейтін экологиялық залалдан аман-есен құтылатын жолмен жүруіміз қажет. Төсінен нәр еміп, бұлағынан су ішіп отырған туған жерімізде экологиялық жағдайдың нашарлауы, болашақ ұрпақтың денсаулығы мен өмірін ойлаған әрбір парасатты жанды ойландырар деп сенеміз.

                                                    Қорытынды

           Химиялық қарулануды жою: денсаулық сақтау, жұмыс қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін техникалық тұрғыдан қарау

      Соңғы жылдары химиялық қарудың адам ағзасына тигізер зиянының ересендігіне байланысты әлем халқы оны жою, қарусыздану мәселелерін үнемі көтеруде. Халықаралық дәрежедегі келіссөздер жүргізіліп, белгілі деңгейде жетістіктерге қол жеткізілуде.

      Химиялық  қаруды жоюдың негізгі технологиясы өртеу болып қалып отыр. Қалдықтардың қомақты көлемі аталып өтті: 1 тонна УЗ-ға 4 тонна. Ресейдің химиялық қару жою жөнінде бірде бір қолданыстағы объектісі жоқ екені атап көрсетілді, ал жұртшылықтың қарсылығына байланысты Чапаевскідегі зауыт іске қосылмады. Бірінші кезектегі объектілер – Горный және Камбарка бойынша әлі ешнәрсе де дайын емес; Ресей үшін химиялық қарусыздану бағдарламасының құны 1995 жылғы бағамен 24 трлн. рубл. Химиялық қаруды жоюдың бірден бір қолданыстағы әдісі өртеу әдісімен жою – қазіргі заманғы экологиялық талаптардың барлығына жауап беретін, пайдаланылғаннан бері алдыңғы 25 жыл ішінде  сынақтан өткен және жетілдірілген өртеу әдісі. Бұл әдіс химиялық қаруды әр түрлі нысанда – УЗ контейнерлері мен оқ-дәрілерден алынған, сол сияқты оқталмаған оқ-дәрілер, оның ішінде қашықтатылмаған жарғыштарымен, сондай-ақ ластанған орау материалдары және басқалары түрінде жоюға арналған. Осы типтегі екі ірі қондырғы кезек күттірмей жоюды талап ететін химиялық қарумен жұмыс істеуге арналған бірінші кезектегі объектілер ретінде жасалған. Осы объектілерге химиялық қарудың барлық қорының 45% келеді. Әрине, ХО жою әдісін барынша қауіпсіздендіруді табанды талап етуші қоғамдық қозғалыс та бар, бірақ бұл қолданылып жүрген әдістер экологиялық стандарттарды қанағаттандырмағанына байланысты емес. Лақтырындылары шектелетін заттарды барынша шоғырландыруға жол берілетіннен қолданыстағы ошақтарда ластану деңгейі шамамен 1/10 болады. Жұртшылықтың қысымымен әскер балама технологияларды іздестіруге және зерттеуге міндеттелді. Химиялық қару барынша қауіпсіз және қол жеткізілетін нысанда сақталатын (1 т контейнерлерде) және қарусыздандыру кестесі оны жоюды кем дегенде 5 жыл ішінде асықпауға осы 2 штат жұртшылығының ықпалымен балама технологиялар негізінде химиялық қарусыздану стратегиясы бекітілді. Химиялық қаруды жоюдың балама технологиялары. Химиялық қаруды жоюдың  осы немесе басқа технологиясын қабылдаудың шешуші сәті халық үшін қатердің ең төменгі шегін бағалау болып табылады. Қазіргі техникалық деңгейде химиялық қаруды сақтау тәуекелі оны жою тәуекелінен бірнеше мәрте асып түседі, сондықтан барынша жылдам жою соғұрлым қажетті. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Азаматтардың меншік құқығы ұғымы, оның түрлері мен туындау негіздері