Азаматтық іс жүргізу және сарапшы мен маманның құқықтық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 13:23, реферат

Описание

Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері азаматтардың, мемлекеттің және ұйымдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады. Cот істерді азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешу кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, Азаматтық іс жүргізу кодексінің, басқа да нормативтік құқықтық актілердің талаптарын дәлме-дәл сақтауға міндетті.

Содержание

1.Азаматтық іс жүргізу қағидалары.
2. Азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі.
3. Сарапшының құқығы.
4. Маманның құқықтық жағдайы.

Работа состоит из  1 файл

Сарапшы.doc

— 74.50 Кб (Скачать документ)

   Қосымша сараптама қорытынды жеткілікті түрде айқын немесе толық болмаған, сондай-ақ бұрын зерттелген мән-жайларға қатысты жаңа мәселелер туындаған  кезде тағайындалады.

   Қосымша сараптама жүргізу сол сарапшының өзіне немесе басқа сарапшыға  тапсырылуы мүмкін.

   Қайталама сараптама сарапшының алдыңғы қорытындысы  жеткілікті түрде негізделмеген  не оның дұрыстығы күмән тудырған, не сараптама жүргізудің іс жүргізу  нормалары елеулі бұзылған кезде дәл сол объектілерді зерттеу және дәл сол мәселелерді шешу үшін тағайындалады.

   Қайталама сараптама тағайындау туралы ұйғарымда  алдыңғы сараптаманың нәтижелеріне келіспеудің дәлелдері келтірілуге  тиіс.

   Қайталама сараптама жүргізу сарапшылар комиссиясына тапсырылады. Алдыңғы сараптаманы жүргізген сарапшылар қайталама сараптама жүргізілген кезде қатысып, комиссияға түсініктемелер бере алады, алайда олар сараптамалық зерттеуге және қорытынды жасауға қатыспайды.

   Қосымша және қайталама сараптама жүргізу тапсырылған кезде сарапшыға (сарапшыларға) алдыңғы сараптамалардың қорытындылары табыс етілуге тиіс.

   Сот ғылыми-техникалық құралдарды қолдануға консультациялар (түсіндірмелер) беру және көмектесу арқылы дәлелдемелерді жинауда, зерттеуде және бағалауда жәрдем көрсету мақсатында сот отырысына немесе іс жүргізу әрекеттеріне қатыстыру үшін істің нәтижесіне мүдделі емес, арнаулы білімі бар кәмелетке толған адамды маман ретінде тартуы мүмкін.

   Сот тараптың өтінімі бойынша да мамандарды тартуға құқылы. Іске қатысатын адамдар арнаулы білімі бар нақты адамды маман ретінде тарту туралы сотқа өтініш жасай алады.

   Маманды тағайындау сот ұйғарымымен  ресімделеді.

   Маман ретінде шақырылған адамның құқығы: өзінің шақырылуы мақсатын білуге; егер арналуы білімі мен дағдысы болмаса, іс бойынша іс жүргізуге қатысудан бас тартуға; соттың рұқсатымен іс жүргізу әрекетіне қатысушыларға сұрақтар беруге; іс жүргізу әрекетіне қатысушылардың назарын дәлелдемелерді жинауға, зерттеуге және бағалауға жәрдем көрсету кезінде, ғылыми-техникалық құралдарды қолдану, сараптама тағайындау үшін материалдарды дайындау кезінде өзінің іс-әрекетіне байланысты мән-жайларға аударуға; өзі қатысқан іс жүргізу әрекетінің хаттамасымен, сондай-ақ сот отырысы хаттамасының тиісті бөлігімен танысуға және өзінің қатысуымен жүргізілген әрекеттердің барысы мен нәтижелері көрсетілуінің толымдығы мен дұрыстығына қатысты хаттамаға енгізілуге тиісті мәлімдемелер мен ескертпелер жасауға; соттың іс-әрекетіне шағым жасауға; өзінің іс жүргізу әрекеттеріне қатысуға байланысты өзіне келтірілген шығындарға өтем және іс бойынша іс жүргізуге қатысу оның қызметтік міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, орындалған жұмыс үшін сыйақы алуға құқығы бар.

   Маман болып тағайындалған адам: соттың шақыруы бойынша келуге; арнаулы білімді, дағдылар мен ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге және сот ісін қарауға қатысуға; консультациялар беруге, өзі орындаған әрекеттер бойынша түсініктемелер беруге міндетті.

   Егер  шақырылған куә, сарапшы, маман немесе аудармашы сот отырысына сот дәлелді емес деп таныған себептер бойынша келмесе, олар әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарға сәйкес әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін. Азаматтық іс жүргізу кодексінің120-бабына сәйкес олар сондай-ақ мәжбүрлеп келтірілуі де мүмкін. Сотта айғақ беруден бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін куә Азаматтық іс жүргізу кодексінің17-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 353-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылықта болады.

   Төрағалық етуші сарапшы мен маманға  олардың құқықтары мен міндеттерін  түсіндіреді, сарапшыға көрінеу  жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертеді, ол туралы сарапшыдан қолхат алынады. Қолхат сот отырысының хаттамасына қоса тіркеледі.

Информация о работе Азаматтық іс жүргізу және сарапшы мен маманның құқықтық жағдайы