Азаматтық құқық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Мая 2013 в 12:49, реферат

Описание

Қазақстан Республикасының бір тұтас құқық жүйесі бірнеше салаға бөлінетіндігі бәрімізге мәлім. Сол салалардың бірі болып табылатын – азаматтық құқық. Азаматтық құқық сала ретінде елімізде қалыптасып келе жатқан нарықтық экономиканың бірден – бір негізі десекте болатын шығар. Өйткені, бұл саламаен реттелінетін құқық қатынастарының шеңбері кең.
Азаматтық құқығымен реттелінетін қатынастардың түсінігін беру үшін құқық теориясында қолданылып жүрген ережелерге сүйенуіміз қажет. Яғни айтқанда, реттеу пәні мен реттеу тәсілдері. Осы жоғарыда көрсетілген екі категорияның негізінде азаматтық құқығына сала ретінде тек анықтамаға ғана емес, оның басқа құқық салаларынан ерекшелігін де көрсетуге болады.

Содержание

1. Азаматтық құқық ұғымы.
2. Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері мен объектілері.

Работа состоит из  1 файл

Азаматтық құқық негіздері..doc

— 56.50 Кб (Скачать документ)

Лекция: 7.

Тақырып  7.

 

Азаматтық құқық негіздері.

 

Жоспар:

 

1. Азаматтық құқық  ұғымы.

2. Азаматтық құқық қатынастарының  субъектілері мен объектілері.

 

1. Қазақстан Республикасының бір тұтас құқық жүйесі бірнеше салаға бөлінетіндігі бәрімізге мәлім. Сол салалардың бірі болып табылатын – азаматтық құқық. Азаматтық құқық сала ретінде елімізде қалыптасып келе жатқан нарықтық экономиканың бірден – бір негізі десекте болатын шығар. Өйткені, бұл саламаен реттелінетін құқық қатынастарының шеңбері кең.

Азаматтық құқығымен реттелінетін қатынастардың түсінігін беру үшін құқық теориясында қолданылып жүрген ережелерге сүйенуіміз қажет. Яғни айтқанда, реттеу пәні мен реттеу тәсілдері. Осы жоғарыда көрсетілген екі категорияның негізінде азаматтық құқығына сала ретінде тек анықтамаға ғана емес, оның басқа құқық салаларынан ерекшелігін де  көрсетуге болады.

Азаматтық кодексінің 1- бабының 1- тармағанда көрсетілгендей, азаматтық заңдар мен  тауар- ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліетіе қатынастар, сондай – ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі.  Сонымен қатар, мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес мүліктік емес жеке қатынастар да азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды.

Жоғарыда көріп отырғанымыздай, азаматтық құқығы мен ретелінетін  қоғамдық қатынастардың негізгісі  болып табылатыны- мүліктік қатынастар. Сондықтанда айтып кеткен жөн  болар, кез келген мүліктік қатынастар емес, қоғамның негізін қалайтын тауар – ақша қатынастары, яғни азаматтық құқық субьектілерінің кез келгенінің қатысу мен және әр түрлі көрінестерде ( мүлік беру, жұмыс, қызмет) байқалатын мүліктік қатынастар.

 

Мүліктік қатынастарға негізінен, қоғамдағы өндіріс құрал жабдықтарына, мүліктік игіліктеріне және басқа да материалдық тыңғылықтарға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жатады.

Мүліктік емес жеке қатынастар,  мүліктік қатынастарға тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар болып екеі топқа бөлінеді. Азаматтық заңдар мен реттелерін мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарға құндық маңызы жоқ қатысушылардың қоғамдық сипатын белгілейтін материалдық құндылықтар жатады. Мәселен, әдеби шығарма мен, ғылыми еңбекпен айналасушылар немесе өнер тапқыш өзінің авторлығын анықтау туралы мәселе қойса, өзінің жекелегін қорғай отырп, бұл мәселе бойынша  қоғамдық дербес қатынасқа түседі. Бұл қатынас мүліктік боп табылмасада, мүлікпен тығыз байланысты, өйткені өнер табыс иесінің өнер табысын пйдаланғаны үшін онда авторлық сиақы алу құқығ пайда болады.

Азаматтық заңдармен ретелетін  мүліктік қатынастарға байналысы жоқ  мүліктік емес жеке қатынастарға азаматтық есімі, жеке келбет құқығы, жеке өмірінің құпиялығы, тұрғын үйге қол сұқпаушылық, азаматтың немесе заңды түлғаның абройына, қадір –қасиетіне, іскерлік беделіне байланысты туындайтын құқықтық қатынастарды жатқызуға болады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 9- бабында азаматтың ар – намысы мен қадір қасиетіне қол сұғылмаушылық атап көрсетілген.

Сондай – ақ Ата Заңның 33- бабы  “азаматтың жеке өміріне қол сұғуға болмайтын” атай келе, “азаматтың жеке өмірінен араласуға, оның ар-намысы мен қадір –қасиетіне қол сұғуға тиім салынады” десе, ос баптың келесі тармағында “тұрғын үйге қол сұғуға болмайтындығы” атап көрсетілген. Жоғырда көрсетілген  мүліктік қатынастар мен байналысы жоқ жеке қатынастар, мүліктік емес жеке қатынастардың екінші тобын құрайды.

Азаматтық заңдар мен реттелетін қатынастар жиынтығын анықтай келе, бұл қатынастардң субьектілерінде атап көрсетуге  болады.  Оларға жеке тұлғалар  ( Қазақстан  Республикасының азаматтары, шетел  азаматтары, азаматығы жоқ адамдар, заңды тұлғалар мемлекет және әкімшілік - аумақтық бөлініс. 1964 жығы Азаматтық Кодекспен салыстырғанда 1994 жылы 27- желтоқсанда  қабылданған Азамттық Коекстің ерекшелігі сол, мемлекет азаматтық- құқықтық қатынстарға осы қатынастарға өзге қатысушылар мен тең негізде түсетіндігі атап көрсетілген. Азаматтық заңдар мен тауар-ақша  қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай – ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпаушылықты, шарт  еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлық пен араласуына жол беруге болмайтығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін, оларды соттың қрғауын  қаматамасыз етуін қажеттігін тануға негізделеді.

2. Азматтық құқықтық  қатынастардың элементтері субьектілері, обьектілері мен мазмұны  ал негізгі бастаудлары Қазақстан Республикасының Конституциясының, Азаматтық Коекісінің оған сәйкес қабылданған өзге де заңдар және заңға тәуелді кесідер болып табылады.

Азаматтық құқықтың субьектілері.

Азаматтық заңдар мен  реттелетін қатынастардың субьектілеріне: жеке және заңды тұлғалар, мемлекет,  содай – ақ әкімшіліктік аумақтық, бөліністер жатады.

Жеке тұлға – Қазақстан  Республикасының азамттары, басқа  мемлекеттің азамттары, сондай –ақ  азаматтығы жоқ адамдар. Азаматтарда өз құқықтары мен іс әрекетін жүзеге асыру үшін құқықтық және әрекет қабілеттіліг болуы тиіс. Азаматтың құқықтың қабілетіндігі – азаматтық құқықпен азаматтық мітетемелерге ие болу қабілеттілігі. Ол адам туылғанда пайда болып және адам өлгенде  барып тоқтатылады.

Құқықтың қабілетіндігін негізінде азаматтар:

    1. өзінің меншігіндегі мүлікке ие бола алады;
    2. мүлікті мұрагерлікке беріп және өсиет ете алады;
    3. заңмен шектелмеген кез келген кәсіпкерлк пен шұғылдана алады;
    4. заңды тұлға құра алады;
    5. заңмен тиым салынбаған  кез келген мәмілелер жасап міндеттемелерге қатыса алады;
    6. тұрғылықты тұратын жер таңдап ала алады;
    7. әдебеитпен өнер, ғылыми еңбектердің авторы, өнертапқыштық және басқа да заңмен қорғалатын инеллектуалдық қызметке авторлық құқығы болуға;
    8. басқа да мүліктік және мүліктік емес құқықтарға ие бола алады.

Азамат өз фамилиясымен өз есімін, сондай – ақ  қаласа, әкесінің атын қоса, өз атымен құқықтар мен міндеттерге  ие болып, оны жүзеге асыра алады. Тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп танылады.

Азаматтық әрекет қабілеттілігі  – азамттың өз  әрекеттері мен  азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға өзі үшін  азаматтық міндеттемелер жасап, олрды орындауғ қабілеттілігі кәмелетке  толғанда, яғни 18-жатан пайда болды.

Жасы 18  - ге толмағандарпдың  әрекет қабілеттілігі екі топқа  бөлінеді:

    1. он төрт жасқа толғандар;
    2. он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгілер.

Он төрт жасқа толмағандар  үшін келісімдерді олардың атынан ата  – анлары, бал асырап алған адамдар немесе қамқоршылар жасайды.  Өздігінен бұл жас өспірімдер тек өздерінің жасына лайықты күнделікті тұрмыстағы жасалған кезінде орындалатын ұсақ келісімдерді жасауға хақылы. Он төрт жастан  он сегіз жасқа дейінгілер келісімді ата- аналарының, бала асырап алған адамдардың немесе қамқоршылардың ризалығымен жасайды. Өздігінен олар табысын немесе степендиясын билеуге, өзерінің шығармаларына, өнертапқыштықтарын жүзеге асыруларын, сондай –ақ күделікті тұрмыстағы келісімді жасауға хақылы.

Жүйке ауруы немесе ақыл - есінің  кемдігі салдарына өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азаматты сот әрекет қабілеттілігі жоқ деп тануы мүмкін, оған байланысты оған қамқоршылық белгіленеді.

Спирт ішімдіктеріне  немесе есірткі заттарға салыну салдарына өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабілеттілігін сот заңда көрсетілген тәртіппен шектеуі мүмкін оған да қамқоршы белгіленеді. Бірақ, ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы.

Азаматтық құқық қатынастарының обьектілері.

Мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азааматтық құқық обьектілері бола алады.

Мүліктік игіліктер  мен құқықтарға (мүлікке): заттар, ақша, оның ішінде шетел вальютасы, құнды  қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылақ инеллектуалдық қызметтің обьектіге айналған нәтижелері , фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және басқа да мүлік жатады. Заттар өз кезегінде жылжымайтын және қозғалатын мүліктер болып бөлінеді.

Жылжымайтын мүлікке: жер  учаскілері, үйлер, ғимараттар, көп жылыдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге мүлік, яғни орнынан олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкін болмайтын мүлік жатады.  Мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелері, ішкі сауда жүзу кемесі, ғарыштық обьектілер қозғалмайтын заттарға теңестілерді. Заң құжаттры бойынша қозғалмайтын заттарға  өзге де мүліктерде жатқызылуы мүмкін.

Жылжымайтын заттарға жатпайтын  мүлік, оның ішінде ақша мен бағалы қағаздар, қозғалатын мүлік деп танылады. Заң құжаттарында көрсетіленне басқа  реттерде қозғалатын мүлікке құқықтарды тіркеу талап етілмейді, ал қозғалмайтын заттарға меншік құқығы мен басқа құқықтар, бұл құқықтарға шек қойю, олардың пайда болуы, ауысуы және тоқталуы мемлекеттік тіркелуге тиіс.

Жеке мүліктік емес игіліктер  мен құқықтарға  мыналар: жеке адамның өмірі, денсаулығы қадір қасиеті, аброй , игі   аттақ, ікерлік, бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық жеке құпия мен отбасының құпиясы, есім алу құқығы,  автор болу құқығы шығармаға қол сұқпаушылық құқығы,   басқа да мүліктік емес игіліктер мен құқықтар жатады.

Азаматтық құқықтық қатынастардың  мазмұны,  бұл – біріншіден, осы  құқық қатынастары субъектісінің  субъективтік құқығы мен міндеттері  және екіншіден,  субъектінің өз субъективтік құқығы мен мідеттерін іске асырудағы іс – қимылы.  Мысалы,

  Жасалған шарттың  негізінде сатушы сатып – алушыға  мүлікті береді, ал сатып –  алушы келісім бойынша ақысын  төлейді. 


Информация о работе Азаматтық құқық негіздері