Ерітінділер туралы ұғым

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Декабря 2011 в 06:57, реферат

Описание

Екі немесе одан да көп заттардың біркелкі араласу нәтижесінде түзілген өн бойында қасиеті бірдей жүйелер ерітінділер деп аталады.
Заттардың агрегаттық күйлеріне байланысты ерітінділер былай бөлінеді:
Газ күйіндегі ерітінділер қатарына газдар қоспасы – ауа, тұман, мұнай бетіндегі газ күйіндегі көмірсутектер қоспасын жатқызуға болады.

Работа состоит из  1 файл

Ерітінділер туралы ұғым.docx

— 12.14 Кб (Скачать документ)

Ерітінділер туралы ұғым.

Екі немесе одан да көп заттардың біркелкі араласу  нәтижесінде түзілген өн бойында  қасиеті бірдей жүйелер ерітінділер  деп аталады.  
Заттардың агрегаттық күйлеріне байланысты ерітінділер былай бөлінеді:  
Газ күйіндегі ерітінділер қатарына газдар қоспасы – ауа, тұман, мұнай бетіндегі газ күйіндегі көмірсутектер қоспасын жатқызуға болады.  
Сұйық ерітінділер – сұйық бойында еріген қатты, сұйық, газ заттары, теңіз, мұхит сулары, бензин, керосин, бояулар және т.б. дүниеліктер.  
Қатты ерітінділер түрі – құймалар (болат, шойын) түрлі минералдар.  
Табиғатта таза зат өте сирек кездеседі, көбісі қоспа, ерітінді түрінде ұшырасады.  
Жан – жануарлар, өсімдік дүниеліктерінде орын алатын биохимиялық, физикалық және химиялық құбылыстар сұйық ерітінді түрінде өтеді.  
Сұйық ерітінділер – еріткіш бір немесе бірнеше затты еріту арқылы алынатын болғандықтан, бұлардың түзілу табиғатын талдау барысында екі түрлі көзқарас бар – физикалық және химиялық.

Ерітінділердің  физикалық теориясы.

ХІХғ – ң  соңында ерітінді физикалық түзіліс, онда еріткіш пен еріген зат арасында ешбір әрекеттесу жоқ деп есептелді. Ерітіндінің түзілуін еріткіштің енжар  ортасында еріген зат бөлшектерінің  таралуымен түсіндірген. Кейін келе бұл теория тек идеалды ерітіндінің  тәртібін ғана сипаттайтыны белгілі  болады (мысалы, көптеген газ ерітінділері), онда еріген зат бөлшектерімен еріткіш  бөлшектері өзара ешбір әрекеттеспейді. Бұл теорияны Я.Вант – Гофф, С.Аррениус, Оствальд т.б. ғалымдар жақтады.

Ерітінділердің  химиялық теориясы.

Д.И.Менделеев  ерітінділерді зерттеуге 40жылдай ғылыми жұмысын арнаған оның ерітінділердің химиялық теориясы 1887ж жасалды және экспериментпен бекітілді.  
Бұл теорияның негізгі шарты:  
1. Еру – ол, физика – химиялық күрделі процесс, оған энергияны жұмсауды талап ететін (∆H>0), бөлінуімен (∆H2<0) байланысқан, еріген заттың молекуласы мен еріткіш молекуласының әрекеттесуі енеді.  
2. Еру процесі экзотермиялық (мысалы, суда NaOH H2SO4 ерігенде), эндотермиялық (мысалы, суда NH4NO3 ерігенде) болуы мүмкін. Зат ерігенде бөлінетін жылуды еру жылуы деп атайды

Информация о работе Ерітінділер туралы ұғым