Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2013 в 16:36, реферат
Салық жүйесі – бұл әлеуметтік-саяси, экономикалық шарттардың әсерінен сол мемлекетте қалыптасқан жиынтық салықтардың өзара байланысы. Салықтық жүйе мемлекеттің заң шығарушы актілеріне сәйкесетін алым-салықтарды өндіріп алу және құрудың нақты әдістерін бекітуімен негізделеді. Салықтық жүйеде ең маңызды элемент болып салық табылады. Салық дегеніміз – бұл бір жақты тәртіпте уәкілетті орган тұлғалары ретінде мемлекетпен белгіленетін және мемлекеттің табысына түсетін міндетті ақшалай және нақты төлемдердің құқықтық формасына жататын, анықталған мерзім және анықталған мөлшерде салық субьектілері жүргізетін, қайтарымсыздық, эквивалентсіздік, тұрақты сипат алатын, мемлекеттік еріксіз шаралардан қамтамасыз етілетін төлемдер.
Кіріспе................................................................................................................3-5
І тарау. Салық жүйесінің қызмет етуінің теориялық негізі...........................6-17
1.1. Салық жүйесі туралы түсінік,оның құрылымы..............................6-8
1.2. Салықтардың түрлері,салықтық қатынастар және салық органдары............................................................................................................9-13
1.3. Салық қызметі органдарының мақсаттары мен міндеттері........14-17
ІІ тарау. Қазақстан Республикасы салық жүйесінің қызмет ету жағдайына талдау................................................................................................................18-24
2.1. Салықтық төлемдер – мемлекеттік бюджет кірістерінің көзі.....18-22
2.2. Салық қызметі органдарының бақылау – экономикалық қызметіне талдау......................................................................................................22-24
ІІІ тарау. Салық жүйесін жетілдіру жолдары................................................25-27
Қорытынды.......................................................................................................28-29
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................30
Қосымшалар......................................................................................................31-36
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
Экономикалық факультеті
"Қаржы және несие" кафедрасы
“Қаржы” пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Орындаған: Ф-32к тобының
студенті Әуесбаева М.
Астана 2005
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................
І тарау. Салық жүйесінің қызмет етуінің
теориялық негізі........................
1.1. Салық жүйесі туралы түсінік,оның құрылымы......................
1.2. Салықтардың түрлері,салықтық қатынастар
және салық органдары.....................
1.3. Салық қызметі органдарының мақсаттары мен міндеттері........14-17
ІІ тарау. Қазақстан Республикасы салық
жүйесінің қызмет ету жағдайына талдау........................
2.1. Салықтық төлемдер – мемлекеттік бюджет кірістерінің көзі.....18-22
2.2. Салық қызметі органдарының бақылау
– экономикалық қызметіне талдау........................
ІІІ тарау. Салық жүйесін жетілдіру жолдары.......................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................
Қосымшалар....................
КІРІСПЕ
Салық жүйесі – бұл әлеуметтік-саяси, экономикалық шарттардың әсерінен сол мемлекетте қалыптасқан жиынтық салықтардың өзара байланысы. Салықтық жүйе мемлекеттің заң шығарушы актілеріне сәйкесетін алым-салықтарды өндіріп алу және құрудың нақты әдістерін бекітуімен негізделеді. Салықтық жүйеде ең маңызды элемент болып салық табылады. Салық дегеніміз – бұл бір жақты тәртіпте уәкілетті орган тұлғалары ретінде мемлекетпен белгіленетін және мемлекеттің табысына түсетін міндетті ақшалай және нақты төлемдердің құқықтық формасына жататын, анықталған мерзім және анықталған мөлшерде салық субьектілері жүргізетін, қайтарымсыздық, эквивалентсіздік, тұрақты сипат алатын, мемлекеттік еріксіз шаралардан қамтамасыз етілетін төлемдер.
Бюджетте қарастырылған шаралардың үздіксіз қаржыландыру республикалық және жергілікті деңгейлерде қаржылық ресурстардың жүйелі толтыруды талап етеді. Бұл негізінен жеке және заңды тұлғалардың салық және басқа төлемдерді төлеу есебінен жүргізіледі. Әрекет етуші заң шығару және басқа нормативтік актілерге сәйкес төлеушілер көрсетілген төлемдерді белгілі уақытта және белгіленген мөлшерде төлеуі міндетті.
Бірақ, өкінішке орай, тәжірибеде жеке және заңды тұлғалар салықты және басқа да міндетті төлемдерді объективті және субъективті себептерге байланысты дер кезінде төлемейді. Нарықтық қатынасқа өту кезінде экономиканың әр түрлі аяларында өзінің қаржылық – шаруашылық қарекетін жүзеге асыратын жаңа кәсіпорын құрылады. Олардың ішінде бухгалтерлік есеп саласындағы білікті мамандар жеткіліксіз. Ереже бойынша мұндай кәсіпорындар есебінде қателер жіберіледі. Есептік мәліметтердің зерделі бұрмалануы жиі кездесетін жағдай. Қазіргі уақытта әрекет етуші заңнаманы бұзбай – ақ және де заңмен тыйым салынған тәсілдермен салық салудан жартылай немесе толығымен бас тартуға мүмкін болғанда, салықтан бас тарту қалыпты жағдай болып отыр.
Осының барлығы салық салынатын базаны азайтып жіберуге және бюджетке салық және басқа да оған теңесетін төлемдердің түспеуіне әкеп соғады. Сондықтан мемлекеттік бюджетке түсетін салықтық кірістердің толығымен орындалуы салықтық бақылау арқылы қамтамасыз етіледі. /19. 3 /
Сондықтан, бұл курстық жұмыс салық жүйесі мен салық жүйесінің түсінігі, оның қызмет ету жағдайына талдау жасауға және жетілдірудегі кейбір мәселелерге арналған.Осыған байланысты бұл жұмыстың басты мақсаты – Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі салық жүйүесін, оның құрылымын, түрлерін, салық қызметі органдарының мақсаттары мен міндеттерін нақты көрсету, салықтық төлемдер мен салық қызметі органдарын бақылау. Сонымен қатар салық жүйесін жетілдіру жолдарын табу.
Бұл жұмыстың тақырыпты
зерттеу міндеті – Қазақстан
Республикасындағы салық
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде салық жүйесінің мәні мен құрылымы жазылған, салық органдары мен оның мақсаттары мен міндеттеріне сипаттама берілген.
Екінші бөлімде 2003 – 2004 жылдардағы ҚР-ның салық жүйесінің қызмет ету жағдайына талдау жасалған.
Үшінші бөлімде ҚР-нда салық жүйесін жетілдіру жолдары көрсетілген.
Курстық жұмыс жазылу
барысында келесідей оқу-
І тарау САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Салық жүйесі туралы түсінік, оның құрылымы
Салық жүйесі – салықтар, оларды белгілеу, қолдану, төлеу және салықтық міндеттемелердің орындалуына бақылауды қосатын кешен. Яғни, салық төлеушілер мен мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында бір – бірімен өзара байланысты болатын салықтардың жиынтығынан құралған жүйе. Салық қаржы категориясы ретінде «Теория финансов» еңбегінде қарастырған Б. Н. Сабанти салық жүйесіне мынандай анықтама береді: «Салық жүйесі – салықтардың өзі және олардың қатысуымен байланысты туындайтын қатынастар мен осы қатынастарды реттейтін салық органдарының жиынтығы». Салық жүйесінің негізгі бағыттары (принциптері):
Бұл принциптердің бұзылуы салықтардың ауыртпалығына, инвестициялық процестердің тежелуіне, қоғамдық бөлініске әкеледі. Әрбір салықтық жүйеде салықтан басқа алымдар да бар. Егер салықтар тек бюджеттік қорға түссе, онда алымдар біртұтас мақсатты сипатты иеленеді және мақсатты ақша қорларын қалыптастырады. Салық жүйесінің теориялық негізін оның элементтері құрайды. Олардың негізгілері мыналар болып табылады:
Төлеуші – салықты төлеу міндеттемесін атқаратын жеке немесе заңды тұлға.
Салық салу объектісі – табыс, жер рентасы, мүлік т. б.
Салық салу бірлігі –
салықты есептеуде негізге
Салық салынатын табыс – бір салық төлеушіден алынатын жалпы салықтық сома.
Салық жеңілдігі – салықтық ауыртпашылықтың азаюы.
Салық санкциясы – салық заңнамасын бұзған жағдайда, салық ауыртпалығының жоғарылауы.
Қандай да болмасын
Салық жүйесін белгілі бір кешен ретінде қарастыратын болсақ, онда ол келесі элементтерден тұрады:
Қазақстан Республикасының салық жүйесіне тоқталсақ, салық жүйесі Қазақстан Республикасының салық кодексіне сәйкес салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден салықтық қатынастарды реттейтін заңнамалық базадан және мемлекеттік салық қызметі органдарынан құралады.
Әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын салық жүйесін құру принциптерін Я.Корнай ұсынған:
Мемлекетте алынатын салық түрлерінің жиынтығы, олардың құрылу әдістері мен түрлері, салық қызметі органдары мемлекеттің салық жүйесін құрайды.
1.2 Салық түрлері, салықтық қатынастар және салық органдары
Кез – келген мемлекет өзінің белгілі бір материалдық, қаржылық базасынсыз өмір сүре алмайды. Демек, мемлекет өзінің аппаратын ұстау, жүктелген функцияларын атқару процесінде туындайтын шығындарды жабу үшін ақшаны иелену тиіс. Қажетті ақшаны тауарларды сату жолымен алуға болады. Бірақ мемлекеттік қызмет өзінің табиғатында тауар түріндегі жаңа құнды қалыптастырмайтын басқарушылық қарекетке жатқызылады. Мемлекет өзіне қажетті ақшаны табуда көптеген әдістерді қолданады. Бір жағдайда меншік иелерінің мемлекетке өз еріктерімен ақшаны беруінде мемлекеттік займ әдісі қолданса, екіншіден мемлекет өз мүлкін қолдануға беруден табыс алатын болса, үшіншіден мемлекет қандай да бір тауарларды сатушы ретінде қызмет көрсетулерден төлем алады. Осындай әдістердің бірі салық болып табылады. Экономикалық әдебиеттерде салықтар кең мағынада. Тар мағынада салық дегеніміз мемлекетпен белгіленген, оның пайдасына жүргізілетін және белгілі бір талаптарға жауап беретін анықталған төлемдердің алуантүрлілігі. Кең мағынада салық мемлекет табысына алынатын кез – келген ақша қаражаттары. Салық халыққа ертеден таныс мемлекетпен байланысты міндетті төлем болып табылады. Салық бір мезгілде материалдық, экономикалық және құқықтық категория ретінде көп қырлы күрделі құрылыс. Материалдық мағынада салық дегеніміз белгіленген мерзім мен бекітілген тәртіпте салық төлеушінің мемлекетке беруі тиіс анықталған ақша сомасы. Салықтың материалдық белгісі ақшалай немесе табиғи нысанда болуы. Экономикалық мағынада салық – бұл бекітілген мөлшерде, белгіленген мерзім мен анықталған тәртіпте төлеушіден мемлекетке бір жақты құн қозғалысына негізделген ақшалай қатынас. Салықтың экономикалық белгілері:
Құқықтық мағынада салық – бұл анықталған мөлшерде, белгіленген мерзімде, бекітілген тәртіпте мемлекетке тұлғаның ақша сомасын беру міндеттемесін туғызатын мемлекеттік бекітілім. Салықтың құқықтық белгілері:
Информация о работе Салық жүйесі және оның қазіргі кездегі қызмет етуі