Жедел іздестіру қызметін қадағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 18:32, реферат

Описание

срочно

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Word (2).docx

— 16.23 Кб (Скачать документ)

Жедел-iздестiру қызметiне қадағалау

   34-бап. Қадағалаудың мазмұны мен мәнi

   Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру, жедел-iздестiру шараларын жүргiзу барысында адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы, сондай-ақ жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға өкiлеттi органдар мен лауазымды адамдардың актiлерi мен iс-әрекеттерiнiң заңдылығы қадағалаудың мәнi болып табылады.

   ҚР 09.08.02 ж. N 346-II Заңымен 35-бап өзгертілді

   35-бап. Прокурордың жедел-iздестiру қызметiнде заңдылықты қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiгi

   Жедел-iздестiру қызметiне қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор:

   1) жедел-iздестiру қызметiнiң тоқтатылған немесе жүргiзiлiп жатқан iстерiн, жедел-iздестiру қызметiнiң барысы туралы материалдарды, құжаттар мен басқа да қажеттi мәлiметтердi алады, бұған жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдарда жасырын негiзде қызмет ететiн немесе қызмет еткен азаматтардың жеке басы туралы мәлiметтер қосылмайды;

   2) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың арнайы жедел-iздестiру шараларын өткiзу заңдылығын тексередi;

   3) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне жасалған шағымдар мен өтiнiштердi қарайды;

   4) жедел-iздестiру қызмет жүзеге асыратын органдар шығарған жедел-iздестiру шараларын ұйымдастыру мен өткiзу тактикасын реттейтiн, Конституцияға, заңдарға және Республика Президентiнiң актiлерiне қайшы келетiн нормативтiк құқықтық актiлерге наразылық жасайды;

   5) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырған кезде заңның, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бұзылғаны анықталған жағдайда өзiнiң қаулысымен жедел-iздестiру шараларын тоқтатады;

   6) жедел-iздестiру шараларын жүзеге асырған кезде құқыққа қарсы әрекеттерге жол берген қызметкерлер жөнiнде қылмыстық және тәртiптiк iс қозғау туралы қаулы шығарады;

   7) жедел-iздестiру қызметiнiң заңдылығына қадағалауды жүзеге асырған кезде заңды бұзудың анықталған фактiлерi бойынша прокурорлық қадағалаудың осы Заңда көзделген өзге де актiлерiн шығарады;

   8) заңсыз ұсталған адамдарды босатады;

   9) қажет болған кезде жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар басшыларынан заң бұзушылықты жою мақсатында өздерiне бағынысты органдарда тексерiс жүргiзудi талап етедi;

   10) заңдарда белгiленген жағдайларда жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге санкция бередi.

   36-бап. Жедел-iздестiру қызметiнiң заңдылығына қадағалауды жүзеге асыратын прокурорлар

   Жедел-iздестiру қызметiнiң заңдылығына қадағалауды Республиканың Бас Прокуроры және өзге прокурорлар заңдарда белгiленген құзыретi шегiнде жүзеге асырады.

Информация о работе Жедел іздестіру қызметін қадағалау