Адам кукугы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2013 в 09:06, лекция

Описание

Адам дүниеге келген күннен бастап өзінің құқықтарына ие болары белгілі. Қазақстан Республикасы Конституциясында былай делінеді: «Адам құқығы мен бостандығы әркімге тумысынан бастап беріледі, абсолюттігі мен ажырамастығы мойындалады, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуын анықтайды...».[1]
Құқық – адам бойына енгізілген өзіндік құндылық, құқық – бұл адам бостандығының өлшемдері. Бостандық – бұл өз құқықтарыңды жүзеге асыру мүмкіндігі. [2]
Адам құқығы шектеулі, ол ешқашан абсолютті бостандықта бола алмайды. Тек құқық қана әлсізді күштіден қорғауға бағытталған. Құқықтық мүшесі ретінде де , әлеуметтен тыс нәрсе ретінде де адамға және нақты бір мемлекеттік құрылыс мүшесі ретінде азаматқа да қатысты бола алады. Кез келген елдің кез келген азаматы адам, ал кез келген адам нақты бір мемлекеттің азаматы бола алмайды.

Работа состоит из  1 файл

адам кукыгы.docx

— 26.54 Кб (Скачать документ)

Адам дүниеге келген күннен бастап өзінің құқықтарына ие болары белгілі. Қазақстан Республикасы Конституциясында былай делінеді: «Адам құқығы мен бостандығы әркімге тумысынан бастап беріледі, абсолюттігі мен ажырамастығы мойындалады, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуын анықтайды...».[1]  
Құқық – адам бойына енгізілген өзіндік құндылық, құқық – бұл адам бостандығының өлшемдері. Бостандық – бұл өз құқықтарыңды жүзеге асыру мүмкіндігі. [2]  
Адам құқығы шектеулі, ол ешқашан абсолютті бостандықта бола алмайды. Тек құқық қана әлсізді күштіден қорғауға бағытталған. Құқықтық мүшесі ретінде де , әлеуметтен тыс нәрсе ретінде де адамға және нақты бір мемлекеттік құрылыс мүшесі ретінде азаматқа да қатысты бола алады. Кез келген елдің кез келген азаматы адам, ал кез келген адам нақты бір мемлекеттің азаматы бола алмайды. Мұны Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабында «әркімнің құқығы бар» деп көрсетілген мысалдан көруге болады. Мұндағы «Қазақстан азаматтары құқылы» деп айтылған кезде, бұл тек Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық статусына қатысты екендігі көзделеді. «Азаматтық» деген терминнің өзі адамның нақты бір мемлекетке жататындығын, содан барып өзара құқықтар мен міндеттемелер туындайтындығын білдіреді. 
Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан мемлекетiнiң Ата (негiзгi) заңы. 30 тамызда Республикалық референдум өткiзу (бүкiл халықтық дауыс беру) жолымен қабылданды. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемлекеттік билiктiң қайнар көзi — өзiнiң егемендiк құқығын баянды еттi. Ата заң қабылданған күн демалыс — мемлекеттік мереке — ҚР Конституциясының күнi деп жарияланды. Конституцияның ең жоғары заңдық күшi бар және ол ҚР-ның бүкiл аумағында тiкелей қолданылады. Мұның өзi Конституциялық нормалар мен заңдардың басқа нормативтiк құқықтық актiлердiң нормаларынан үстем екендiгiн көрсетедi. 
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат – қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» және Конституцияның 12 бабының 2 тармағында: «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумасынан жазылған, оларды ешкім айыра алмайды, заңдармен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұнымен қолданылуы осыған қарай анықталады» делінген.  
Ата заңда құқықтық мемлекеттiң қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның iшiнде жеке адамның жан-жақты еркiндiгi, идеологиялық және саяси әр алуандығы (сөз және шығармашылық бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық партиялар, сондай-ақ бұқаралық қозғалыстар бiрлестiгiн құру еркiндiгi), халық билiгiн жүзеге асыратын демократиялық амалдар, экономикалық қатынастардың қызмет етуi әлемдiк талаптарға сәйкестендiрiлген. Оның нормалары тұрақты, жалпы мәнде ұзақ жылдарға бейiмделiп тұжырымдалған. 
Мысалы, қазіргі заманғы халықаралық құқықта адам құқына қатысты тұтастай құқықтық актілер кешені қалыптасты. Халықаралық құқық нормалары нақты мемлекеттегі адам құқын тікелей реттемейді. БҰҰ Жарғысы (1-баптың 3-тармағы)мемлекеттерді олардың аумағында тұратын барлық адамдардың, қандай да болсын кемсітуге жол берместен негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге міндеттейді. БҰҰ шеңберінде осы мәселе бойынша: «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» (1948 ж.), «Адамдардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары туралы», «Адамдардың азаматтық және саяси құқықтары туралы» (1966), «Балалар құқы декларациясы» (1959), «Әйелдердің саяси құқы туралы конвенция» (1954 ж) және басқа бірқатар құжаттар қабылданды. Алайда «азаматтың құқы» азаматтың құқынан ерекшеленеді, өйткені мемлекет азаматқа мейлінше кең құқықтар мен бостандықтар беріп, мемлекеттің өз азаматтарына деген ерекше қатынастарына орай оған айрықша міндет жүктейді. Міне, осы негізде Қазақстан Республикасының Конституциясы жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қалыптастырады. 
Конституциялық Кеңес – Қазақстан Республикасының 1995 жылы бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданған Конституциясы күшіне енгеннен кейін құрылған еліміздің барлық аумағында Ата Заңның үстемдігін және мызғымастығын қамтамасыз етуші, тәуелсіз мемлекеттік орган. Бұл органның Ата Заңның тұрақтылығы мен елімізде конституциялық заңдылықтың дамуына, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын баянды болуына қосқан үлесі айтарлықтай. Конституциялық Кеңес өзіне Ата Заң арқылы берілген өкілеттіктердің шеңберінде әрқилы дауларды конституциялық ретке келтіріп, билік тармақшалары немесе өзге де мемлекеттік органдардың арасындағы, сырт көзге қарағанда шешімі жоқтай көрінген тартыстарды конституциялық-құқықтық жүйеге келтіріп отырды. Конституциялық Кеңес өз қызметін жүзеге асыру кезінде саяси және өзге де себептерді негізге алмай тек қана құқықтық қағидаларды басшылыққа ала отырып, қорытынды шешімдер шығаратын орган. 
Кеңестің қызметі, негізінен, еліміздің Ата Заңының нормаларын түсіндіруді, Конституция нормаларын қолдану кезінде туындаған мәселелер бойынша турасын табу үшін жолдаған өтінімдерді қарауды, сонымен қатар, Парламент қабылдаған, бірақ әлі Президент қол қойып күшіне енбеген заңдардың, әлі де болса ратификацияланбаған (Парламент арқылы бекітілмеген) Республиканың халықаралық шарттарының ел Конституциясына сәйкестігін тексеруді қамтиды. Әрине, конституциялық бақылау органының қызметі онымен шектеліп қалмайды. Дау туған жағдайда Республика Президентiнiң, Парламент депутаттарының сайлауын өткiзудiң дұрыстығы және республикалық референдум өткiзу туралы мәселенi шешу, Конституцияның 47-бабында көзделген реттерде, яғни, Республика Президентін науқастануына байланысты қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатуы немесе Парламент оны қызметiнен кетiруi мүмкiн жағдайларда қорытындылар беру де соның өкілеттігінде. Сонымен қатар, соттардың өтініштері бойынша қолданыстағы заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілердің конституциялығын қарайды. 
Конституцияның 78-бабының талаптарына сәйкес республика соттары Ата Заңда баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға құқылы емес. Егер сот қолдануға тиісті заң немесе өзге де нормативтік-құқықтық акт Конституцияда баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірді деп тапса, іс жүргізуді тоқтата тұрып, осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті. Әрине, мемлекеттік билік органдары ішінде заң актілерін күнделікті қызметінде сараптама жасай отырып, ең көп қолданатын соттар. Осыны есепке ала отырып Конституция, Конституциялық Кеңес пен соттар қызметтерін ұштастыру арқылы, тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды Ата Заңның үстемдігін дәріптеудің арнайы тетігі арқылы алға қойған.[6] 
Тақырыптың зерттелу маңыздылығы өте зор, өйткені әр мемлекет халықтан басталады, әр халық отбасыдан басталады, ал әр отбасы адамнан басталады.  
Адам құқығы - бұл жеке адамның өмірін, адам қасиеттері мен қоғамдық өмірдің барлық саласындағы іс-әрекет бостандығын қамтамасыз ететін табиғи мүмкіндіктері.


Информация о работе Адам кукугы