Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 18:35, реферат
Прокурорлық қадағалау актілерінің міндеттілігі. Прокуратураның ұйымдық қүрылымы. Прокуратураның құқықтық актілері.
Өтініштер — мемлекеттің, занды және жеке тұлғалардың құкықтары мен заңды мүдделерін бұзуға байланысты қандай да бір мәселелерді шешу мақсатымен прокурордың сот органдарына жолдайтын құжаты. Мәселен прокурор мемлекетке, қоғамдық ұйымдарға, азаматтарға келтірілген шығындардыц орнын толтыру туралы сотқа талап етінішін бере алады, ата-аналык құкықтан айыру, әрекет қабілетінің шектеулігі және басқалар женіңде өтініш беруі мүмкін. Прокурор сондай-ақ өзінің қадағалау актісін қабылдамаған немесе белгіленген мерзімде қарамаған жағдайда, өз құқығын қорғау үшін сотка тініш беруіне болады. Прокурордың барлық отініштеріне мемлекеттік баж салығы және өзге де алымдар салынбайды.
Нұсқама — заң бұзушылықты жою туралы прокурордың жазбаша екімі, заң бұзуға жол берген органға немесе лауазымды адамға немесе бұзылған заңды қалпына келтіруге құзыретті іауазымды адамға беріледі. Онда бұзылған нормалар құқык-бұзушылық сыйпаты және оны түзеудің шаралары туралы нақты нұскама ұсыныстар болады. Ол міндегті түрде орындалуға жатады.
Ұсыным— зандылықтың бұзылуын, оған жол беруге себеп болған жағдайларды жою туралы прокурордың кұқықтық актісі. Ол сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституция-сына сәйкес жеке басына қол сұқпаушылық қүқығы бар адамдарды осы құқынан айыру мәселелері жөнінде және заңда қаралған басқа да жағдайларда ұсынылады. Ұсыным өзінің нысаны жағынан белгілі талаптарға сай болуға тиіс.
Үсыньш бір ай мерзім ішінде қаралуға тиіс. Оның нәтижелері женінде жазбаша хабарланады.
Заңды тусіндіру. Зандарды білмеу немесе дұрыс түсінбеу оларды органның немесе лауазымды адамның, немесе азаматтың дұрыс қолданбауына соқтыруы мүмкін деуге жеткілікті негіз болған жағдайда, прокурор заңның мазмұнын, ал қажетті жағдайларда - заңда қаралған жауапкершілікті түсіндіреді.
Прокурорлық қадағалау актілері
бұқаралық ақпарат құрал-
Құқықтық статистика және ақпарат. 1997 жылғы 22 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы құкық қорғау органдары жүйесін одан әрі реформалау шаралары туралы» Жарлығымен Мемлекеттік тергеу коми-тетінің қылмыстық акпарат орталығы, ішкі істер министрлігі мен Әділет министрлігінің статистикалық қызметі базасында Бас прокуратура жанынан Құқықтық статистика және ақпарат орталыгы құрылды. Жаңа құрылған Орталық қызметінің негізгі бағыттарына құқық қорғау және құқық қолдану органдар кызметі саласының назарына іліккен оқиғалар мен адам-дар есебін орталықтандыру, соның негізінде бастауыш есеп құжаттарын жинау мен ендёудің бірізді принциптерін қамтамасыз ете алатын біртұтас құқықтық статистикасын калыптас-тыру, олардың нысандарын жасау және енгізу, қылмыстык проблемалардың ахуалына талдау жасау, есептік-тіркеу тәртібінің жағдайына және құқық қорғау және сот органдары беретін бастауыш статистикалық құжаттардың дұрыстығына бақылау жасау енгізілді. Орталыкқа занды тұлға құқығымен Бас прокуратураның бас басқармасы мөртебесі берілді. Құқықтық статистика және ақпарат субъектілерінің қатарына прокуратура, ішкі істер, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, салык және әскери полиция, кеден, әділет органдары, судьялар кіреді. Орталык ақпаратын пайдаланушылар қатарына —Президент Әкімшілігі, қауіпсіздік Кеңесі және Қазакстан Республикасының Үкіметі кіреді. Құқықтық статистика жөне ақпарат Орталығы Қазақстан Республикасының Бас прокуроры алдында есеп береді.