Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 10:39, реферат
Қылмыстық құқық дегеніміз – құқық саласының негізгі түрлерінің бірі ретінде қылмыстың түсінігі мен белгілерін, қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтың негізі мен шектерін, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың шарттарын айқындайтын құқықтың нормалардың жиынтығы. Жалпы қылмыстық құқықтың негізгі міндеттері - әлеуметтік құндылықтарды қорғау және қылмыстардың алдын алу (қылмыстарды болдырмау; қылмыстардың профилактикасы) болып табылады.
Заң әдебиеттерінде қылмыстық құқықтың тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыратындығы туралы пікірлер айтылған.
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1.1. Қылмыстың көптігінің түсінігі;
1.2. Қылмыстардың көптігінің жекелеген қылмыстардан ерекшелігі
1.3. Қылмыстардың көптігінің ажыратылуы:
а) Қылмыстардың бірнеше мәрте жасалуы;
б) Қылмыстардың жиынтығы;
в) Қылмыстардың қайталануы.
III Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Бірнеше рет жасалу
ұғымы, кінәлі тұлғаның сотты
болған қылмыстарымен қатар,
Бірнеше рет қайталанудың
заң тұрғысынан алғандағы мәні
мынада: біріншіден, жоғарыда айтылғанындай
ҚК-тің 54-бабының бірінші
б) Қылмыстардың жиынтығы.
ҚК-тің 12-бабының бірінші бөлігінде айтылғандай «ҚК-тің түрлі баптарында немесе баптарының бөліктерінде көзделген, адам солардың бірде-біреуі үшін сотталмаған немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған екі немесе одан да көп әрекеттерді жасау қылмыстардың жиынтығы деп танылады». Қылмыстардың жиынтығында адам, егер жасалған әрекеттердің белгілері ҚК-тің бір бабының немесе бабының бір бөлігінің неғұрлым қатаң жаза қолдануды көздейтін нормасымен қамтылмаған болса әрбір жасалған қылмыс үшін ҚК-тің тиісті бабы немесе бабының бөлігі бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.
Басқаша айтқанда,
кінәлі тұлғаның жасаған
Қылмыстар жиынтығының екі түрі болады: идеалды және нақты.
Кінәлі тұлға өзінің бір ғана әрекеті арқылы, қылмыстық заңның әртүрлі баптары бойынша сараланатын екі немесе одан да көп қылмыс жасаған жағдайда идеалды жиынтық орын алады. Қылмыстар жиынтығының бұл түрі ҚК-тің 12-бабының екінші бөлігінде тікелей қарастырылған. Идеалды жиынтық әрекеттермен қатар, әрекетсіздіктен де құралуы мүмкін. Идеалды жиынтық үшін кінәлінің жасаған ісінің бір-ақ рет орын алуының, немесе ол істің әжептәуір ұзақ уақыт аралығында жасалып келгендігінің еш маңызы жоқ1.
Үйдің
ішіндегі адамды өлтіру
Тұлғаның
өзінің әртүрлі әрекеттері
Нақты жиынтықтың идеалды жиынтықтан айырмашылығы – тұлғаның жасаған қылмыстарының арасында уақыт үзілісінің болу – болмауында. Бұл үзіліс тіпті азғандай ғана болып, бір қылмысқа екінші қылмыс ұласып отыруы мүмкін.
Қылмыстар
жиынтығының идеалды және
Біріншіден, нақты жиынтықтың болуы, әдетте, қылмыс жасаған адамның қоғам үшін анағұрлым қауіпті екендігін дәлелдейді. Ал мұның өзі жаза тағайындау кезінде соттың неғұрлым қатаң шара қолдануына әкеліп соқтырады, себебі алғашқы қылмыстың жасалуы екінші қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде ауырлатушы жағдай ретінде танылуы мүмкін (ҚК-тің 54-бабының бірінші бөлігінің “а” тармағы).
Екіншіден,
қылмыстық жауаптылыққа
____________
1 Куринов Б.А. Научные основы клалификации преступлений. М. МГУ. 1984, С.174.
Үшіншіден,
нақта жиынтық заңмен
Қылмыстардың
жиынтығын бір қылмыстың ҚК-
Ал норманың
жалпы және арнайы түрлерінің
бәсекесі кезінде арнайы норма
қолдануы тиіс. ҚК-тің 12-бабының
үшінші бөлігінде былай
Егер де арнайы нормалардың өзара бәсекесі туындаса, жазаның қандай түрі қарастырылатынына қарамастан, арнайы норма қолдануы тиіс. Сараланған және ерекше сараланған құрамдардан нормалардың бәсекесі кезінде, қылмыстың ерекше сараланған нормасынан тұратын норма қолдануы тиіс. Мысалы, ұйымдасқан топтың бірнеше рет жасаған ұрлығы саралаушы белгі ретінде бірнеше рет жасалуды қарастыратын 175-баптың екінші бөлігі мен осы баптың ерекше саралаушы белгі ретінде қылмысты ұйымдасқан топтың жасауын қарастыратын үшінші бөлігінің жиынтығы арқылы сараланбауы тиіс. Бұл жер де кінәлінің әрекеттері аталған баптың едәуір сараланған құрамнан тұратын үшінші бөлігі бойынша саралануы тиіс. Ал айыптау қорытындысы саралаушы белгілердің бәрінде яғни әрі сараланған, әрі ерекше сараланған құрамдарды құрастырушы белгілерді қамтуы тиіс. Артықшылықты екі құрамның бәсекелестігі кезінде (жеңілдетуші мән-жайлары бар) артықшылығы басым құрамға жол беріледі. Мысалы, жан күйзелісі жағдайында қажетті қорғаныс шегінен шығып, осының салдарынан, өзіне шабуыл жасаған адамды өлтірген тұлғаның әрекеттері бірден екі бап бойынша, яғни ҚК-тің 98 және 99-бабы бойынша саралануға тиіс, себебі оның жазалаушы шарасы жеңілдеу.
Сараланған және артықшылықты бар құрамдардан тұратын нормалардың бәсекесі артықшылықты құрамнан тұратын норманың пайдасына шешіледі. Мысалы, кенет пайда болған жан күйзелісі жағдайында, жәбірленушінің заңға қарсы әрекеттеріне байланысты субъекті екі адам өлтірсе, оның әрекеттері 96-баптың екінші бөлігінің “а” тармағы бойынша емес, ҚК-тің 98-бабының екінші бөлігі бойынша саралануы тиіс1.
____________
1 ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы қаулысы.
Бөлшек
пен бүтіннің бәсекелестігі
Егер де басқа қылмысты жасаудың тәсілі болып табылатын әрекет, бұл қылмыстың заң арқылы қарастырылатын міндетті белгісі болып табылмаса, мұндай әрекет жеке қылмыс ретінде танылып, істелген әрекеттердің барлығы ҚК-тің Ерекше бөлімінің тиісті баптарының жиынтығы бойынша сараланады. Мысалы, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алудың немесе ысырап етудің жолы болып табылатын қызметтік жалғандық жасау, ҚК-тің мұндай мүлік ұрлау үшін жауаптылық қарастырылатын баптарының (ҚК-тің 176, 180-баптарының) белгілерімен қамтыла алмайды, сондықтан ол ҚК-тің 314-бабы бойынша қосымша саралануы тиіс. Қылмыстардың жиынтығының заң тұрғысынан алғандағы мәні, оның орын алған кезінде, ҚК-тің 12-бабының бірінші бөлігіне сәйкес тұлғаның әрбір жасалған қылмысы үшін ҚК-тің тиісті бабы немесе бабының бөлігі бойынша қылмыстық жауапқа тартылатындығында.
в) Қылмыстардың қайталануы.
Қайталану – қылмыстың бірнеше мәрте жасалуының бір түрі болып табылады. ҚК-тің 13-бабының бірінші бөлігіне сәйкес қылмыстардың қайталануы бұрын қасақана қылмыс жасауы ретінде түсіндіріледі. ҚК-тің осы бабының төртінші бөлігінде 18 жасқа толмаған адамның жасаған қылмысы үшін соттылығы, сондай-ақ Кодексте белгіленген тәртіп бойынша алынып тасталған немесе жойылған соттылық қылмыстың қайталануын тану кезінде ескермейді делінген. Қылмыстардың қайталануы қылмыскердің қоғам үшін қауіптілігінің жоғары екендігін білдіреді, себебі бұл – оған алғашқы қылмысы үшін қолданылған жазаның мақсатының орындалмағандығы. Қылмыстың қайталануының орын алуы, кінәлі қылмыстық жауаптылыққа тартылар кезде міндетті түрде ескерілуі тиіс.
ҚР Жоғарғы
Соты Пленумының 1994 жылғы 25 мамырдағы
«Соттардың қайталанған
_____________
1 Сб. Пост. Пленума Верховного Суда РК (Казахской ССР) 1961-1997. Алматы, «Санат», Т.1. С. 220.
Жасалатын қылмыстардың сипатына қарай қайталану – ж а л п ы және а р н а й ы болып бөлінеді.
Жалпы қайталану – бұрын соттылығы бар тұлғаның кез келген жаңа қылмыс жасауы. Мысалы, алаяқтық үшін сотталған тұлға бұзақылық жасауы мүмкін.
Жалпы
қайталанудың заңдылық
Соттылығы
бар тұлғаның ұқсас немесе
біртекті жаңадан қылмыс
Арнайы қайталанудың заңды тұрғыдан алғандағы мәні мынада: біріншіден, ол заңмен қарастырылған жағдайларда саралаушы немесе ерекше саралаушы жағдай болып табылады (ҚК-тің 170-бабының екінші бөлігі,175-бабының үшінші бөлігі т.б.). Екіншіден, жалпы қайталану сияқты, арнай қайталануды да егер де ол ҚК-тің Ерекше бөлімінде саралаушы белгі ретінде көрсетілмесе, сот жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар ретінде ескереді. Және де, үшіншіден, егер де арнайы қайталан сотталушының бұрын жасаған қылмысы үшін субъект бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеген болса арнайы қайталану да жалпы қайталану сияқты салдарға әкеліп соқтырады.
Қоғамдық қауіптілігінің деңгейі бойынша қайталану қ а р а п а й ы м , қ а у і п т і және ө т е қ а у і п т і болып бөлінеді.
Қарапайым қайталану – бұл қауіпті және өте қауіпті қайталанудың белгілеріне сәйкес келмейтін қайталану.