Жедел іздестірудің қызметтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 18:09, реферат

Описание

Жедел іздестіру қызметі – бұл басқару және ұйымдастырушылық, жарияланған және жарияланбаған жедел іздестіру жүйесіне ғылыми негізделген шаралар, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестендіріп іске асырылған нағыз заңмен, басқада Қазақстан Республикасының заңдармен; нормативті құқықтық актілермен, арнайы мемлекеттік уәкілеттілік органдардың, азаматтардың бостандығы мен заңды мүдделерін, құқықтарын, денсаулығын, өмірлерін қорғауда қоғамның қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етуде және мемелекетті шетел мемлекеттінің тыншылық арнайы қызметінінен қорғалған деп ғылыми дәлел беріледі.

Работа состоит из  1 файл

1.docx

— 28.31 Кб (Скачать документ)

 

Қайнар Университеті

 

 

 

 

СӨЖ



 

 

 

 

Тақырыбы: Жедел  іздестірудің қызметтері

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Еркулов  А.К

Тексерген:Бөлегенова Қ.А

 

 

 

Алматы-2012 

Жедел-iздестiру қызметi

 

Жедел - іздестіру қызметінің түсінігі Қазақстан Республикасының  «Жедел іздестіру қызметі туралы»  заңның 1 бабында жедел - іздестіру  қызметіне төменгідей түсінік беріледі:

 Жедел іздестіру қызметі  – бұл басқару және ұйымдастырушылық, жарияланған және жарияланбаған  жедел іздестіру жүйесіне ғылыми  негізделген шаралар, Қазақстан  Республикасының Конституциясына  сәйкестендіріп іске асырылған  нағыз заңмен, басқада Қазақстан  Республикасының заңдармен; нормативті  құқықтық актілермен, арнайы мемлекеттік  уәкілеттілік органдардың, азаматтардың  бостандығы мен заңды мүдделерін, құқықтарын, денсаулығын, өмірлерін  қорғауда қоғамның қауіпсіздігін  сақтауды қамтамасыз етуде және  мемелекетті шетел мемлекеттінің  тыншылық арнайы қызметінінен  қорғалған деп ғылыми дәлел  беріледі.

Осы бапқа сәйкес жедел - іздестіру қызметі бұл  ең алдымен  арнайы мемлекеттің арнайы уәкілетті  органдармен іске асырылатын шаралар  жүйесі. Бұл шаралар Қазақстан  Республикасының «Жедел - іздестіру  қызметі» туралы заңның 11 бабында көрсетілген, ал оны өткізетін уәкілеттіліктер  Қазақстан Республикасының «Жедел - іздестіру қызметі» туралы заңның 6 бабында көрсетілге міндеттеріне жатады. Қазақстан Республикасының  азаматтарының  өмірін, денсаулығын, құқығын мен бостандығын және заңды мүдделерін қорғау,  мемлекеттік  және жеке меншікті сақтау.

Жедел-іздестіру қызметі- қылмыстық қол сұғушылықтан, сондай-ақ шетелдік мемлекеттер мен халықаралық  ұйымдардың арнайы кызметтерінің барлау-бүлдіру  әрекетінен меншіктің, коғам мен  мемлекеттін қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету,азаматтардың өмірі, денсаулығы, құкығы, бостандығы және заңды мүдделерін қорқау максатында, шұғыл іздестіру іс-шараларын  өткізу көмегімен, мемлекеттік органдардың  шұғыл іздестіру бөлімшелерінің, өз өкілеттіктері шетінде, жария  және жасырын түрде жүзеге асыратын қызмет түрі.

 Шұғыл-іздестіру кызметі,  заңның конституциялық, принциптеріне,  адам мен азаматтардың құқығы  мен бостандығын сақтау мен  құрметтеуге, сондай-ақ астыртын, жария және жасырын тәсілдер  мен құралдарды астастыру принциптеріне  негізделеді. Бұл қызметтің міндеттері: табу, білу, сақтандыру, алдын алу,  қылмысты ашу және т.б. болып  саналады

1-бап. Жедел-iздестiру қызметi - азаматтардың өмiрiн, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, меншiктi қорғау, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арнаулы қызметтерiнiң қылмысты қол сұғуынан, сондай-ақ барлау-бүлдiру әрекетiнен қоғам мен мемлекет қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында арнайы уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Заңға, Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен қалыптық құжаттарына сәйкес жүзеге асыратын жария және жасырын жедел-iздестiру, ұйымдық және басқару шараларының ғылыми негiзделген жүйесi.

 Ескерту. Бұл заңда азаматтар деп Қазақстан Республикасының  азаматтары, республикада тұрақты немесе уақытша тұратын немесе оның  аумағына келген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар айтылып отыр.

Жедел-iздестiру қызметiнiң мiндеттерi:

- азаматтардың өмiрiн, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн және меншiктi (нысандарына қарамастан) заңға қарсы қол сұғулардан қорғау;

- қоғамның, мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және оның экономикалық әлеуетi мен қорғаныс қабiлетiн нығайтуға жәрдемдесу;

- қылмыстарды анықтау, алдын алу, болдырмау және ашу;

- жауап алу, тергеу және сот органдарынан жасырынған, қылмыстық жазадан жалтарған адамдарды, хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды және заңмен көзделген реттерде басқа да адамдарды iздестiру жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;

- шет мемлекеттердiң және халықаралық ұйымдардың арнаулы қызметтерiнiң барлау-бүлдiру әрекетiн анықтау, алдын алу және болдырмау;

- Қазақстан Республикасы Президентiнiң және басқа күзетiлуге тиiс адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

- мемлекеттiк шекараны күзетудi қамтамасыз ету;

- мемлекеттiк және заңмен қорғалатын өзге де құпия мағлұматтардың сақталуын қамтамасыз ету; коммерциялық құпияны қорғауда кәсiпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға (меншiк нысандарына қарамастан) жәрдемдесу;

- бас бостандығынан айыру орындарында қылмыстық-атқару заңдарымен белгiленген режимдi қолдау;

- жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету.

 

Жедел-iздестiру қызметiнiң қағидаттары

 Жедел-iздестiру қызметi заңдылық, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау, қадiр-қасиетiн құрметтеу, азаматтардың заң алдындағы теңдiгi қағидаттарына сәйкес, астыртын әрекет ету, жария және жария емес әдiстердi ұштастыру, кәсiби әдеп негiзiнде жүзеге асырылады.

Жедел-iздестiру қызметiнiң құқықтық негiзi

1. Жедел-iздестiру қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен қалыптық құжаттары құрайды.

2. Республика Бас Прокурорының келiсiмi бойынша жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар өз құзыретi шегiнде осы Заң негiзiнде жедел-iздестiру шараларын ұйымдастыру мен жүргiзу тактикасын реттейтiн қалыптық құжаттар шығарады.

 Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру кезiнде жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау

1. Осы Заңмен көзделмеген мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға, сондай-ақ оларды жүргiзу барысында алынған хабарламаларды пайдалануға жол берiлмейдi.

2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органның iс-әрекетi жөнiнде жоғары тұрған органға, не прокуратураға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкiн.

3. Қылмысты әзiрледi немесе жасады деген кiнәсi заңмен белгiленген тәртiпте дәлелденбеген адам жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi органнан мемлекеттiк немесе басқа да заңмен қорғалатын құпияны жария етуге жол бермейтiн шекте өзiн тексеру үшiн негiз болған және өзiне қатысы бар хабарламалардың сипаты туралы мағлұматтарды талап етуге құқылы.

 Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органның арызданушыға қажеттi мағлұматтарды беруден бас тартуы туралы шешiмiн негiзсiз деп таныған ретте, судья өзiнiң дәлелдi ұйғарымымен, ал прокурор - ескертуiмен аталған органды осы баптың 3-тармағында көзделген мағлұматтарды арызданушыға беруге мiндеттей алады.

4. Шағымды толық және жан-жақты қарауды қамтамасыз ету мақсатында прокурордың немесе судьяның талап ету бойынша жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдармен құпия негiзде қызмет атқарушы немесе қызмет атқарған азаматтардың жеке басы туралы мағлұматтардан басқа барлық жедел-қызметтiк құжаттар берiледi.

5. Жедел-iздестiру қызметiнiң нәтижесiнде алынған адамның жеке өмiрiне, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiне қатысты мағлұматтар, егер оларда заңмен тыйым салынған iс-әрекеттер жасағаны туралы хабарлама болмаса, сақталмайды және жойылуға тиiс.

Жедел - іздестіру қызметінің міндеттері Қазақстан Республикасының  «Жедел - іздестіру туралы» Заңының 2 бабында көрсетілген міндеттемелер  жатады, олар:

 · Қазақстан Республикасының  азаматтарының  өмірін, денсаулығын,  құқығын, бостандығын және заңды  мүдделерін қорғау, мемлекеттік  және жеке меншікті сақтау;

 ·   Мемлекеттің  қоғамның қауіпсіздігін қаматамысыз  ету және оның экономикасын  нығайту, қорғау қабілеттігін  нығайту;

 ·   Қылмысты ашу,  анықтау, алдын алу;

 ·   Із түссіз  жоғалған азаматтарды және заңда  көрсетілген жағдайларды, қылмыстық  жазадан қашып жүргендерді, сот-тергеу  анықтау органдарынан қашып жүрген  тұлғаларды іздестіру шараларын  іске асыру;

 ·   Халықаралық  мекемелер шет ел мемлекеттерінің  тыншылық қызметтерін анықтау  алдын алу болдырмау;

 

 ·  Қазақстан Республикасының  Президенті мен өзге де күзетілетін  тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз  ету;

 ·  Мемелекттік шекара  қызметін қамтамасыз ету.

 Көрсетілген міндеттер  жедел - ідестіру қызметін жүзеге  асыру барысында нәтижелі болады.

Қазақстан Республикасының  жедел - іздестіру органдарының өзара  қатынасы. Жедел - іздестіру қызмет жүзеге асыру барысында органдар арасында жедел - іздестіруді жүзеге асырады, заңды және жеке тұлғалар, бұл қатынастар осы қызмет негізінде  жүзеге асырылады, осыған қатысты тұлғалар  арасында арнайы құқықтық қатынастар пайда болады, Қазақстан Республикасының  заңымен реттелінетін қатынастар.

 Жедел - іздестіру қызметін  заңымен және Қазақстан Республикасының  басқа да заңдарында құқығы  мен міндетін қалыптастырады,  тұлғаларға, мекемелерге және тағы  басқа құқыққа қайшы әрекетті  жүзеге асыратын және басқа  жедел - іздестіру қызметін мүддесін  білдіретін заңда қолданады. 

 Жедел - іздестіру қызметін  жүзеге асыруда өз қызметкерлері  арқылы жүргізіледі, жедел - іздестіру  қызметін жүзеге асыруға көмек  көрсететін азаматтар арқылы  жүргізіледі.


Информация о работе Жедел іздестірудің қызметтері