Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2012 в 18:10, реферат

Описание

Ахмет Байтұрсынов оқу-ағарту ісін өзінің азаматтық міндеті мен өмірінің мақсаты деп санаған. Білім-ғылымнан кенже қалған мал бағып марғау жатқан қазақ халқын сол қараңғылықтан алып шығуды күрес жолының мақсаты етіп қояды.
Бұл мақсатын өлеңдерінде де, публицистикалық мақалаларында да бейнелі тілмен жақсы білдіреді: «Надандық, өнерсіздік аға жолдасымыз болған соң, олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз – бәрі надандық кесапаты» деп тіпті батыра айтады.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................3
1. Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны...................................................................4

2. А.Байтұрсыновтың ғылыми-саяси шығармашылығы......................................5
3. Ахмет Байтұрсыновтың шығармалары .............................................................7
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................11
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................12

Работа состоит из  1 файл

Ahmet Bait.doc

— 103.50 Кб (Скачать документ)


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

 

Қазақстан-Британ Техникалық Университеті

 

Мамандық: “Қаржы”

 

 

 

Реферат

 

 

Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Орындаған: Абдрахманова А.А.

                                                                              Тексерген: т.ғ.к., сениор лектор

Жұматай Ғ.Б.

 

 

 

 

 

Алматы, 2012

МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ...................................................................................................................3

1. Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны...................................................................4
 

  2. А.Байтұрсыновтың ғылыми-саяси шығармашылығы......................................5

  3. Ахмет Байтұрсыновтың шығармалары .............................................................7

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................11

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................12



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ



Ахмет Байтұрсынов оқу-ағарту ісін өзінің азаматтық міндеті мен өмірінің мақсаты деп санаған. Білім-ғылымнан кенже қалған мал бағып марғау жатқан қазақ халқын сол қараңғылықтан алып шығуды күрес жолының мақсаты етіп қояды. 

Бұл мақсатын өлеңдерінде де, публицистикалық мақалаларында да бейнелі тілмен жақсы білдіреді: «Надандық, өнерсіздік аға жолдасымыз болған соң, олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз – бәрі надандық кесапаты» деп тіпті батыра айтады.

Оның қазақтар үшін өз алфавитін жасау әрекетіне де, тілін зерттеп оқулықтар жазуына да, тыңнан жол салып, бай терминология дүниесін жасауына да, тіпті қоғамдық-әкімшілік істеріне араласуына да алып келген – өзі діттеген ағартушылық мақсаты деуге болады.

А. Байтұрсыновтың ағартушылыққа байланысты білдірген ойлары мен істеген істері тек оқу-білімге шақырумен тынбайды. Ол қазақ даласындағы мектептердің жайын бала оқытудың қолдарын газет-журналдар беттерінде нақтылы сөз етеді, әсіресе бұл реттегі Қазан революциясына дейінгі хал-жағдайды жақсы көрсетеді. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны


Қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы ғалым, Ыбырай Алтынсариннен кейінгі еңбегі ерекше ағартушы-педагог, сөз кұдіретін танытқан тамаша ақың қазақ, баспасөз тілінің ұлттық үлгісін көрсеткен талантты публицист, туған халқының рухани дүниесін көтеруге көп күш жұмсаған мәдениет қайраткері, жас совет үкіметіне адал қызмет еткен ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 28(15) қаңтарда сол кездегі Торғай уезіне қарасты Тосын болысының 5-ші аулында, Сарытүбек деген жерде (қазіргі Қостанай облысы, Торғай ауданы, күні кешеге дейін «Южный» деп аталған ал бұл күнде Ахмет Байтұрсынов атындағы совхоз орналасқан жерде) дүниеге келген. Әкесі – қарапайым шаруа адамы Байтұрсын Шошақ баласы арғын Үмбетей батырдың немересі. Шошақтың төрт ұлы болған. Олар: Байтұрсың Ақтас, Ерғазы, Данияр. Бұлар жаратылысынан қажырлы, намысқор адамдар болғанға ұқсайды. Сондықтан болар, Байтұрсын жергілікті әкімдермен көп сыйыса бермейді, тіпті уезд басындағы билеушілердің зорлық-зомбылығына көнбейтіндігін көрсетеді. Сол үшін уезд басындағы полковник Яковлев 1885 жылдың қазан айының 12-сінде Жыңғылдының бойында отырған Шошақ аулына келіп, ағайынды Ақтас пен Байтұрсынды ұстамақ болады. Сол сәтте ауылда болмай шыққан Ақтасты «тауып бермедіңдер», деп елге ойран салады, әйел, бала-шағаға дейін сабап, бастарына қамшы үйіреді. Ояз бен оның әскерінің бұл бассыздығына шыдай алмаған Байтұрсын Яковлевтің өзін атынан аударып алып, қамшының астына алады, нөкерлерін ауылдан қуып шығады. Әрине, қарапайым «жабайы киргиздің» бұл қылығы жауапсыз қалмайды. Көп ұзамай ауылға жазалаушы отряд шығып, ауылды өртеп, мал-мүлкін талап, бала-шағаны шулатып, еркектерді ұрып-соғып, ағайынды Ақтас пен Байтұрсынды, Ерғазыны ұстап алып кетеді. Оларды Қазаннан келген Әскери сот соттайды. Байтұрсын мен Ақтас бірқатар туыстарымен 15 жылға Сібірге каторгіге айдалады.

Ақтас пен Байтұрсынның балаларын Шошақтың үшінші ұлы Ерғазы қамқорлығына алады: Ақтастың баласы Аспандияр мен Байтұрсынның баласы Ахметті Торғайдағы екі кластық орыс-қазақ училищесіне беріп оқытады. Бұған дейін Ахмет ауылдың мұсылманша сауатты адамдарынан хат таниды. Училищені ол 1891 жылы бітіреді.

Әкесі мен Ақтас ағасы айдауда жүрген (олар елге 17 жыл-дан кейін оралады), қамқоршы ағасы Ерғазы көп ұзамай қайтыс болған кезеңде Ахмет кедейшілік, жоқшылық тауқыметін тартады. Соған қарамастан әрі қарай оқуды армандайды. Осы мақсатпен ол жаяулап-жалпылап, оқу іздеп, Орынбор барады. Онда баяғыда Ыбырай Алтынсарин салдырған мұғалімдер даярлайтын оқу орнына – «Учительская школа» дегенге түседі. Мұнда төрт жыл оқып, 1895 жылы бітіреді. Бітірісімен ағарту-шылық ісіне кіріседі. Өзге қызметті қаламайды.

А.Байтұрсыновтың ғылыми-саяси шығармашылығы 



1910 жылдың 9 мартында Орынборға келіп, А. Байтұрсынов 1917 жылдың соңына дейін сонда қызмет етеді. Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқып жүрген қазақ жастарының, Мұхтар Әуезовтің сөзімен айтқанда, «қазақтың ерте оянған тобының» инициативасымен елден қаржы жиналып, 1913 жылы «Қазақ» атты газет шығару ұйғарылады. Газеттің редакторлығына А. Байтұрсыновты қамдайды. Сөйтіп ол 1913 жылдың басынан 1917 жылдың соңғы айларына дейін осы органның редакторы болып қыруар еңбек етеді.

Бес жылдай (1913–1918) уақыт өз қаражатымен сол кезең үшін үлкен тиражбен (8000 дана) шығып тұрған «Қазақ» газеті ең алдымен қазақ, халқының ұлттық азаттығы мен мәдени-әлеуметтік дамуы үшін күрескен және қазақ қоғамының мүдделерін көздейтін проблемалар көтеріп, оларға әлеуметтік үн бере білген орган болды. Газет әсіресе тіл мәселесін бірінші орынға қойды. Қазақ тілін сақтап, әрі қарай дамыту керектігін ол үшін қазақ балалары сауатын ана тілінде ашып, ана тілінде оқу керектігін ұлт мектептеріндегі оқу-тәрбие ісін дұрыс жолға қою қажеттігін жиі жазды.
Патша үкіметінің өз қол астындағы халықтарға қатысты саясатына, әкімшілік тәртіптеріне қарсы пікір айтып, шындықты жазғаны үшін жергілікті үкімет орындары тарапынан бұл газетке бірнеше рет штраф салынады, редакторы түрмеге жабылады. Әрине, бұл газет өзінің бес жылдық өмірінің ішінде бастан-аяқ біркелкі бағытта болған жоқ оның беттерінде әрдайым прогрессивтік, демократтық сипаттағы материалдар ғана орын алып қойған жоқ. Дегенмем әр құбылысты, әр нәрсені қазіргі өлшеммен емес, өз кезеңіндегі мән-маңызына қарап бағалау керек деген марксизм-ленинизм қағидаларына сүйенсек, «Қазақ» газетінің халқымыздың мәдениет тарихында елеулі орын алуға тиістігі көрінеді. Оның үстіне, тілі мен стилі жағынан бұл газет - революцияға дейінгі қазақ баспасөзінің ішінде ең бір жақсы үлгісінің бірі, ол әсіресе қазақ әдеби тілінің нормаларын қалыптастырып, таза сақтап отырған қазақ публи¬цистика стилін жетілдіре түскен орган болды. Мұнда редактордың саналы турде жүргізген жұмысы мен сіңірген еңбегі көзге түседі.

А. Байтұрсынов 1917 жылдың соңында газеттен кетіп, осы кезден бастап 1919 жылдың наурызына дейін «Алаш» партиясының жұмысына араласады, «Алашорда» атты уақытша халық кеңесінің (үкіметінің) оқулықтар жазу жөніндегі Комиссиясы-ның құрамында қызмет етеді. «Алаш» - жылдық орта тұсында құрылып, 1920 жылдың орта шенінде тараған ұйым болатын. Ұлттық-ұсақ буржуазиялық идеологияны негізге алған бұл партияның алғашқы кезеңдегі платформасы ұлттық даму, ұлттық тең праволық үшін күрес болса, бұл идея сол теңдікке оқу-білім арқылы, халықтың мәдениетін көтеру арқылы жетуге болады деп танып, осы майданда ширек ғасырдай аянбай тер төгіп, еңбек етіп келе жатқан Байтұрсынов сияқты адамды елеңдетпей тұра алмады. «Алашқа» қызмет ете жүріп, ол өзге партиялардың да ұстанған бағыттары мен көздейтін мақсаттарына үңіледі, оны қазақ халқы үшін қайсысының программасы қолайлы деген ой толғандырады. «Алаш» партиясының Қазан революциясынан кейінгі ұстаған автонымшыл-ұлтшыл платформасы қазақ, қоғамының әрі қарайғы дамуына қол емес екенін түсінеді. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ахмет Байтұрсыновтың шығармалары 



А. Байтұрсынов оқу-ағарту ісін өзінің азаматтық міндеті мен өмірінің мақсаты деп санаған. Ол 1911 жылдың өзінде:

Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса, 
Сап-сары, аяқтары ұзын маса. 
Өзіне біткен түрі өзгерілмес, 
Дегенмен қара я қызыл маса. 
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп, қанаттары бұзылғанша. 
Ұйқысын аз да болса белмес пе екен
Қоймастан құлағына ызыңдаса, 


деп, білім-ғылымнан кенже қалған мал бағып марғау жатқан қазақ халқын сол қараңғылықтан маса болып ызыңдап оятып, алып шығуды күрес жолының мақсаты етіп қояды. Бұл мақсатын өлеңдерінде де, публицистикалық мақалаларында да бей-нелі тілмен жақсы білдіреді: «Надандық, өнерсіздік аға жол-дасымыз болған соң, олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ор-далы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз – бәрі надандық кесапаты» деп тіпті батыра айтады.

Оның қазақтар үшін өз алфавитін жасау әрекетіне де, тілін зерттеп оқулықтар жазуына да, тыңнан жол салып, бай терминологоия дүниесін жасауына да, тіпті қоғамдық-әкімшілік істе-ріне араласуына да алып келген – өзі діттеген ағартушылық мақсаты деуге болады.

А. Байтұрсыновтың ағартушылыққа байланысты білдірген ойлары мен істеген істері тек оқу-білімге шақырумен тынбайды. Ол қазақ даласындағы мектептердің жайын бала оқытудың қолдарын газет-журналдар беттерінде нақтылы сөз етеді, әсіресе бұл реттегі Қазан революциясына дейінгі хал-жағдайды жақсы көрсетеді. 1913 жылы «Қазақ» газетінде «Оқу жайы» деген бас мақала жарияланады. Мұны жазған А. Байтұрсынов болатын. Бұл мақалада оқу-білімнің қажеттігін халықтың экономикалық тұрмыс жағдайымен байланыстырып дәлелдейді: «Қазақ жерінде өндіріс жоқ, шикізатын сатады, ал сол шикізаттан жасалған өнімді 2-3 есе қымбат түрде сатып алады. Бұл надандықтан келген кемшілік»,-дейді. «Надандық» деп отырғаны, әрине, білім-ғылымнан қалыс қалушылық. Ал қалыс қалуға үлкен себеп – қазақ жерінде мектептер өте аз дейді. Оның үстіне сол мектептерде бала оқытатын мамандардың да өте тапшы екенін ашып айтады. Оның тапшы болу себебінің бірі – оқытушылар даярлайтын оқу орындарына, мысалы, Орынбордағы Учительская школаға қазына есебінен (яғни стипен¬дия алатын) 7-8 орын ғана берілетіндігі, оқуға түскісі келген балалар өз қаражатымен оқуға тиіс болатындығын айтады. Қаражаты бар ауқатты қазақтар баласын ақша жұмсап оқытуға ынталы еместіктен кедейлердің шамасы келмегендіктен сол школаға жылына оқуға түсуге 50-60 бала келсе, солардың тек төртеу-бесеуі ғана түсетіндігін баяндайды (Орысша оқушылар [басмақала].– «Қазақ», 1913, №26, 15 тамыз).

Қазақ халқы қараңғы дегенде, кінә халықта емес, сол қараңғылықтан құтқаратын мүмкіндіктердің жоқтығында екенді-гін алты миллион қазаққа алты ат жегіп, тарта алмады деп өкпелеу жөн бе?» деп келісті сауал қояды.
Балаларға білім берудің бірінші басқышы – бастауыш мек-теп. Сондықтан А. Байтұрсынов оқу-білімнің осы бірінші саты-сына қатты назар аударады. 1914 жылы «Бастауыш мектеп» атты көлемді мақаласын жариялайды. ('«Қазақ», 1914. № 61, 9 мамыр). Мұнда автор қазақтың бастауыш мектептері қандай болуы керек деген мәселе қойып, сол кездегі қазақ жеріндегі ауыл мектептерінің жай-жағдайы мәз емес екендігін оларда программа, оқу құралдары дегендердің, жоқтығын мұғалімдер-дің жетіспейтіндігін айтады. Бастауыш мектеп миссионерлік саясаттан аулақ болуы керек дей келіп, халық сауатын ана ті-лінде ашуы керек, атап айтқанда бастауыш мектеп бес жылдық болсын алғашқы үш жылда балалар ана тілінде, кейінгі екі жылда орысша оқысын деген ұсыныс білдіреді. Бастауыш мек¬тептерде: оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, жағрапия, шаруа-кәсіп, жаратылыс[тану] пәндері жүретін болсын дел нақты айтады.

Міне, бұл айтылғандардың барлығы А. Байтұрсыновтың оқу-ағарту жайындағы ой-пікірлерін көзқарасын тілек-талаптарын танытады. Өткен ғасырдың II жартысынан бастап көтерілген оқу-ағарту мәселесі қазақ қоғамы үшін әлеуметтік мәндегі үлкен проблема болса, оны іс жүзінде қолға алған тұңғыш ағартушы Ыбырай Алтынсарин екендігін. білеміз. Осы салада одан кейінгі нақты іс істеген екінші адам («екінші Алтынсарин») Ахмет Байтұрсынов болды. 

Міне, осы орайда Ахмет Байтұрсынов қазақ мәдениеті көгін-де жалаң ағартушы болып қана емес, ғалым-ағартушы болып та көрінді. Ол қазақ тілі мен әдебиетін пән ретінде қазақ тілін-де тұңғыш баяндаушы ғалым.
А. Байтұрсынов – қазақ тілін зерттеуші. 

Атап айтқанда, А.Байтұрсынов 1910 жылдардан бастап қазақ жазуымен (графикасымен) айналыса бастайды. Сол күнге дейін өзге түркі халықтары сияқты, қазақтар да пайдаланып отырған араб таңбалары таза сол күйінде қазақ тілі үшін қолайлы емес екендігін біліп, оны қазақ тілнің дыбыс жүйесіне икемдеп, қайта түзуді қолға алады. Ол үшін алдымен қазақ тілінің фонетикалық құрамын зерттеуге кіріседі.

1929 жылы 1 мамырда өз қолымен жазған (орыс тілінде) өмірбаянында «1901 жылдардан бастап, бала оқытқан кездерден бос уақыттарымда өз бетіммен білімімді толықтырдым, әдебиетпен шүғылдандым. Ал Орынборға келгеннен кейін ең алдымен қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық, құрылысын зерттеуге кірістім. Одан кейін қазақ алфавитін және емлесін ретке салып, жеңілдету жолында жұмыс істедім. Үшіншіден қазақ жазба жұмысын бөгде тілдік қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің [жағымсыз] әсерінен тазартуға әрекеттендім. Төртіншіден қазақ прозасын (яғни іс қағаздар тілін публицистика мен ғылыми тілін) жасанды кітаби сипаттан арылтып, халықтың сөйлеу тәжірибесіне икемдеу үшін ғылыми терминдерді жасауға кірістім және стильдік өңдеу үлгілерін көрсетумен шүғылдандым» деп жазады (Архив ҚазПИ им. Абая. Опись Л–I, связқа № 6 «Б», д. 209).

Қазақ тілінің дыбыс жүйесі мен оны таңбалайтын әріптер туралы пікірлерін ол 1912 жылдан бастап «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің беттерінде білдіре бастайды. «Айқаптың» 1912 жылғы 9–10 нөмірлерінде «Шаһзаман мырзаға» атты кө-лемді мақала жазып, онда қазақ дыбыстарын білдірмейтін: «3 және жуан т, с.1 сияқты араб таңбаларын қазақ алфавитіне енгізбеу керектігін сөздің тұтас жіңішкелігін білдіру үшін оның алдына дәйекші дейтін таңба қою қажеттігін дәлелдейді, «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 34-інші және әрі қарайғы сандарында «Жазу мәселесі» деген үлкен мақала жариялап, онда кейбір дауысты дыбыстарды таңбалау жайындағы өзінің пікірлерін айтады.

А. Байтұрсынов – қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсаған адам. Сол үшін қазақша сауат ашатын әліппе құралын жазды. Ол «Оқу құралы» (қазақша әліф-бе) деген атпен алғашқы рет 1912 жылы Орынборда басылды. Солардың қатарында шыққан А. Байтұрсыновтың әліппесі – «Оқу құралы» 19І2-1925 жылдар арасында 7 рет қайта басылып, оқу-ағарту жұмысында ұзағырақ әрі кеңірек пайданылды.
«Оқу құралы» таңбаларын танытудан басталады. Кітап бетінің төменгі тұсындағы сілтемеде хат таныту жолы көрсетіліп, сабақ әдісі қоса беріледі.

Иллюстрация ретінде көбірек келтірілген тұтас текстер «Тіл-құралдың» синтаксиске арналған 3-кітабы мен ересек-тердің сауатын ашуға арналған әліппе – «Сауат ашқыш» деген кітапта орын алған. Бұларда автор Қожанасыр, Алдаркөсе әңгімелерінен бастап, халық аузындағы аңыз-әңгімелерді, билер сөздерің бұрынғы өткен ақын-жыраулар мұраларын Абай, Ыбырай және өзінің өлеңдерің аударма және төлтума мысалдардың Жуковский, Красновский сияқты орыс ақындарынан жасалған аудармаларды, Ыбырай Алтынсариннің «Хрестоматиясындағы» кейбір әңгімелерді, Нысанбай ақынның «Кеңесары – Наурызбай» поэмасынан алынған үзінділерді пайдаланған. Бұл текстердің мазмұнында оқушыға теріс тәрбие беретін жамандыққа баулитын идея; жоқ, керісінше, оқу-білімге, еңбекке шақыратын адамгершілікті уағыздайтын жолдар көзге түседі. 

Міне, А. Байтұрсыновтың қазақ тілін зерттеудегі және оқу-ағарту майданындағы істеген істері мен жасаған еңбегі осындай. А. Байтұрсынов – қазақ әдебиетін зерттеуші. А. Байтұрсыновтың жас қазақ ғылымына еткен қызметі тек білімі саласында емес, әдебиеттану саласында да айрықша зор болды. Өткен ғасырдық II жартысында-ақ халық. ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, жарыққа шығару дәстүрі отандық филологияда бел алған игілікті іс болды. Бұл дәстүрді әр халық интеллигенциясы-ның озат екілдері жақсы қабыл алып, өздері де ат салысқанда-ры мәлім. А. Байтұрсынов та 1895 жылы «Тургайская газета-нын» бетінде, № 39, 24 қыркүйектегі санында «Киргизские приметы-пословицы» деген атпен материалдар жариялайды. Мұнда шаруашылық жайын ойлап, жазғы-кысқы, ертеңгі-кешкі ауа райын болжап айтқан 36 түрлі халық сөзін береді. 1923 жылы «Ер Сайын» жырын Москвада жарыққа шығарады, оған алғы-сөз жазып, түсініктемелер береді. 1926 жылы «23 жоқтау» атты жинақ түзіп, оны да Москвадан шығарады. Мұнда да қазақ ауыз әдебиеті үлгілері берілген. Қазақ тарихының 400 жылың қамтитын- мұндай үлгілерді жариялаудың мақсат-мәнісін кітаптың алғы сөзінде түсіндіріп кетеді. Әдебиетке қатысты ой-пікірлерін білдірудіа басы деп оның «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 39-41 сандарында жарияланған «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласын атауға бола-ды. Бұл – ұлы Абайдың творчествосы туралы арнайы жазылған алғашқы еңбектердің бірінен саналады. А. Байтұрсынов-тың «Әдебиет танытқыш» атты келемді еңбегі – әдебиеттану ғылымы мен қазақ, әдебиеті тарихына арналған тұқғыш зерттеу жұмысы мен бүгінгі әдебиеттану саласынық басы. Әрине, қазіргі ғылым дәрежесімен өлшегенде, бұл кітап әдебиеттанудың бүкіл теориялық мәселелерін түгел қамтымағанмен» осы саладан қазақ оқырманына ұсынылған алғашқы таным-білім. Оның құндылығы да осында. Мұнда да автор әдебиет теориясына қатысты көптеген мәселелерді өзі талдап-танытып, әдебиет қатегорияларының терминдерін өзі ұсынады. Бұл терминдер де күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқандығын көреміз. Ғалымның ауыз әдебиеті мұраларын халықтың рухани қазынасынын сарқылмас көзі деп тануына және әдебиетті зерттеп, теориясын сөз етуіне оңың сөз өнерін жалпы өнер атаулыны, оның ішінде музыка өнерін сүйе білгендігі себепкер болған. Ахмет Байтұрсынов музықадан мол хабары бар, оны тани білетін адам болған өзі жақсы домбырашы да болған пианинода да ойнай білген. Қазақтық музықа өнерін тұңғыш зерттеп, әлемге танытушы атақты А. Затаевич «Қазақ халқының 1000 әні» деген 1925 жылы Орынборда шыққан кітабында Ахмет Батұрсыновтың өз жұртының әндерін жақсы білетіндігін және ол әндерді тамаша орындайтындығын әрі шебер домбырашы болға-нын жазады.
А. Байтұрсыновтың тіл мен әдебиет қана емес, этнография, тарих мәселелерімен де шұғылданғанын айту керек. М. Әуезовтің 1923 жылы жазғанына қарағанда, ол 1923 жылы «Мәдениет тарихы» атты кітабын жазып бітірген екен. 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ



Ахмет Байтұрсынов – қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсаған адам. Сол үшін қазақша сауат ашатын әліппе құралын жазды. Ол «Оқу құралы» (қазақша әліф-бе) деген атпен алғашқы рет 1912 жылы Орынборда басылды. Үстіміздегі ғасырдың 1910 жылдарынан бастап қазақ қоғамын-да оқу-ағарту идеясының жандануына байланысты балалар-дың сауатын ашатын әліппе кұралдарын жасау қолға алына бастады. Уфа, Орынбор қалаларының баспаханаларында бір-қатар авторлардың (М. Нұрбаев, М.Малдыбаев, 3.Ерғалиев т.б.) қазақша әліппелері жарық көрді. Бірақ бұлардың көбі бірер басылымнан артық жарияланбай, кеңінен қолданыс таба алмады. Солардың қатарында шыққан А. Байтұрсыновтың әліппесі – «Оқу құралы» 19І2-1925 жылдар арасында 7 рет қайта басылып, оқу-ағарту жұмысында ұзағырақ әрі кеңірек пайданылды. «Оқу құралы» таңбаларын танытудан басталады. Кітап бетінің төменгі тұсындағы сілтемеде хат таныту жолы көрсетіліп, сабақ әдісі қоса беріледі. Барлық әріптерді өтіп болған соң, танымдық материалдар ұсынылады. Мысалы, «Туысқан-туған іліктес» деген тақырыпта ата, баба, ана, әже, шеше, аға, Іні... деген сөздер беріледі. Сол сияқты киімдердің, ойындар мен ойыншықтардың т.б. атаулары ұсынылады. Және бір көңіл аударатын жері – автор балаларға лайық тілмен жазылған тәрбиелік мәні бар жұмбақ-жауаптарды, мақал-мәтелдерді, шағын өлең текстерін береді. 96 беттік бұл оқулық «Ұсақ әңгімелер» деген атпен автордың өзі құрастырған 24 шағын текспен және «Балалық күй» атты өлеңмен аяқталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



1. Ахметов К. Әдебиеттану әліппесі. – Алматы: Қазақпарат, 2000. – 184 б.

2. Әбдіраш Ж. Парыз. Парасат. Пайым: Әдеби сын /Құраст., баспаға әзірлеген Н. Мергенбаева. – Алматы: Өнер, 2001. – 312 б. 

3. “Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010
4. Әбдіғазиев Б. Асыл арна. – Алматы: қазақ университеті, 1992. – 127 б.

5. Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: “Аң арыс” баспасы, 2009

6. Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 

7. Әдебиеттану терминдер сөздігі /Құраст.: З.Ахметов, Т.Шаңбаев. – Алматы: Ана тілі, 1998. – 384 б.

8. Әлімқұлов Т. Жұмбақ жан. – Алматы: Жазушы, 1993. – 223 б.

9. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 

10. Әуезов М. Әдебиет туралы. – Алматы: Санат, 1997. – 302 б.

 

 

12

 



Информация о работе Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы