Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 20:58, реферат
Әбу Насыр Әл-Фараби (араб.: أبو نصر محمد الفارابي ) Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870 - 950 ж. ш.) - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Абайдың Фараби еңбектерімен таныстығы жөнінде нақтылы мәліметтер жоқ. Дегенмен Сағдидық: «... философияға, даналыққа зор мән берген Абай әл-Фараби, ибн Синалармен таныс болуымен бірге осы ғақпиялар кітаптарынан да мағлұматы бар еді»
(870-950)
Әбу Насыр Әл-Фараби
Әбу Насыр Әл-Фараби
(араб.: أبو نصر محمد الفارابي ) Әбу
Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн
Узлағ әл-Фараби (870 - 950 ж. ш.) - әлемге
әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик,
физик, астроном, ботаник, лингвист, логика,
музыка зерттеушісі. Абайдың Фараби
еңбектерімен таныстығы жөнінде
нақтылы мәліметтер жоқ. Дегенмен Сағдидық:
«... философияға, даналыққа зор мән
берген Абай әл-Фараби, ибн Синалармен
таныс болуымен бірге осы ғақпиялар
кітаптарынан да мағлұматы бар еді»
(Абайдың республикалық әдеби-
Адамзат тарихында
ғылыми ойдың үздіксіз даму барысында
«өзін танымақтың» немесе «жан қуаты»
туралы ойлардың қалыптасу жолдарын
танып білу күрделі мәселеге айналып,
бастан-аяқ қарама-қарсы
Фараби «Ізгі
қала тұрғындарының көзқарастары туралы
трактат» атты еңбегінде адамның
өзін танымақтығы жөнінде айтылатын
ойларын«өсімдік жаны», «хайуан
жаны», «адам жаны» деп жүйелейді.
Адам жанына (интеллект), оның ішкі және
сыртқы сезім мүшелеріне (хауас) талдау
бергенде жүрекке үнемі шешуші мән
беріп, ерекше даралай көрсетіп отырады.
Жалпы жан қуаты жөніндегі
танымға булай қарау мешаиын (перепатетиктер)
мектебіндегілерге тән құбылыс.
Бұл жөнінде Фараби мен Абайдың
ой қорытулары сабақтас, өзара іліктес
келеді. Фараби «Жүрек - басты мүше,
мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі
билемейді. Бұдан кейін ми келеді.
Бұл да басты мүше, бірақ, мұның
үстемдігі бірінші емес» (әл - Фараби.
Философиялық трактаттар. -А. , 1973, 289-6.),
- деп, жүрекке шешуші мән бере қараса,
Абай да: «Сен үшеуіңнің басыңды
қоспақ менің ісім депті. Бірақ, сонда
билеуші жүрек болса жарайды»
деген тұжырымға келеді. Бұдан
екі улы ойшылдың да жүрек жөніндегі
танымдарының негізі бір екені, тек
баяндау түрі басқаша берілгені
көрінеді. Ақын Фараби ұйғарысындай жүрекке
шешуші мән-мағына берумен қатар, оны
ізгілік, рақым, шапағат атаулының
шығар көзі, тұрар мекені деп біледі.
Ойшыл-ақын көп көңіл бөлген мораль
философиясы да осы танымға негізделген.
Абай туындыларының өн бойына таралып
отыратын адамгершілік, имандылық ойларының
бәрі де осы көзқараспен ұштасады.
Ақынның «хауас», «үш құю» (имани
гүл), «жә уан мәрелік», «әділет»,
«шапағат» жайлы ой толғаныстарының
желісі де осы таным шеңберіндегі
ұғымдар. Бұлар Ф-дің жоғарыда аталған
еңбегіндегі адамның жеке басының
ең кемелденген (камили инсани) үлгі-өнегесі
жайлы арналы танымының негізіне
саяды. Осы Фараби дәстүрінің жалғасы
Абайдың«толық адам»жөніндегі ой-пікірінен
айқын сезіледі. Абайда жиі сөз
болатын «толық адам», «жарым адам»,
«адам болу», «инсаниаттың кәмаләттығы»,
«бенделіктің кәмаләттығы», «толық инсаниат»,
«адамшылық», «адамның адамдығы», «адам
болу» т. б. атаулық мәні бар ұғымдар,
сөздер тобы, ол жайлы пікірлердің
шығар көзі Фараби еңбектеріндегі ой
желісінен туындайды. Фараби «Табиғат
ғылымдарының негіздері» (космогония)
жайлы еңбегінде жалпы хакасқа,
әсіресе, оның хауаси хамса заһири деп
аталатын сыртқы сезім мүшелеріне ерекше
назар аударған. Фарабидің қоршаған
орта болмысының сырын тануда басты
орын алатын сезім мүшелері - хауаси
хамса жайлы филос. ұғымдары Абайдың
Жиырма жетінші, Отыз сегізінші қарасөзі
мен «Алла деген сез жеңіл»
өлеңінде сол түпнұсқадағы қалпында
берілген. Ақынның «Жансыз
Фараби заманында
мұсылман қауымының ой санасында
бүкіл болмысты, ондағы сан түрлі
құбылыстың бәрін мүтекәллимиңдік
негізде түсіндіретін жаңа бағыт
қалыптасты. Мүтәкәллиминдердің танымындағы
түбірлі қателігін аяусыз сынаған
Фарабидің сыншыл ойын Абай панисламизм
идеясы қанат жайған тұста одан әрі
дамыта түсті. Ақынның Фараби сынаған
мүтәкәллиминді: «Ақыл мен хауас
барлығын, Білмей дүр жүрек, сезе дүр,
Мүтәкәллимин, мантикин, Бекер босқа
езе дүр..,» - деп, түбегейлі әшкерелеп
терістеуінде терең таным сыры жатыр.
Абай арнайы көтеріп отырған хауас
жайындағы ұғымы ақын шығармаларында
«хауаси хамса заһири», «хауас сәлем»,
«хауас»деген үш түрлі мағына даушы
растады. «Алла деген сөз жеңіл»
өлеңіңде мүтәкәллиминдер мен
Туған жері
Әбу Наср Әл-Фараби Әбу Наср Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870, Отырар қаласы — 950, Сирия, Шам) — ұлы ғалым, ойшыл философ, математик, астролог, музыка теоретигі. Әскербасының отбасында дүниеге келген.
Оқу жолы
Отырар медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұхара, кейін Харран, Мысыр, Халеб (Алеппо), Бағдад шаһарларында білім алған.
Шығармашылық жолы
Әбу Наср Әл-Фараби — түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, “Әлемнің 2-ұстазы” атанған ғұлама. Оның заманы “Жібек жолы” бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Әбу Наср Әл-Фараби Орта Азия, Парсы, Ирак, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады (Аристотельдің “Метафизика”, “Категория”, “Бірінші және екінші аналитика” сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған). Арабтың атақты ғалым-географы ибн-Хаукал өзінің “Китаб Масалик уә мамалик” атты еңбегінде және 13 ғасырлырда өмір сүрген ибн-Халликан өзінің “Уфиат әл-аиан фи әл-Заман” атты еңбегінде Әбу Наср Әл-Фарабидің арғы аталарының аттары (Тархан, Ұзлақ) таза түркі тілінде келтірілген. Болашақ ғалым алғашқы сауатын туған жерінде өз тілімен ашса да, 12 — 16 жас шамасында керуенге ілесіп, білім іздеп Бағдадқа кетеді. Әбу Наср Әл-Фараби дүниеге келгенге дейін 126 жыл бұрын түркілердің үлкен мәдени орталығы болған Фараб қаласы бейбіт жолмен ислам дінін қабылдаған болатын. Ол кез санасы ашық әрбір мұсылманға ислам діні ғылымымен шұғылдануды парыз еткен. Осы кезден бастап Әбу Наср Әл-Фараби араб тілді ғалым болып есептеле бастады.
Қасиетті Құран
Кәрім тек діни қағидалар жинағы
ғана емес, сонымен қатар талай
ілімнің құпия кілтін бойына бүккен
ғаламдық кітап болғандықтан, Әбу
Наср Әл-Фараби бүкіл ислам ғалымдарына
парыз болған — иджтихад (ойлау
қабілетінің шыңына жету үшін беріле
еңбек ету) және муджтахид (иджтихадпен
шұғылданған адамның өз жаңалықтарын
Құран Кәрім мен Хадис Шариф
— парыз-сүннет амалдарына негіздеп
отыруы) жолына түскен. Кеңес өкіметі
тұсында атеистік идеологиканың
ықпалымен әл-Фараби діннен тыс ғалым
ретінде көрсетілді. Әйтсе де оның
ислам бірлігін сақтауға қосқан зор
үлесі туралы мынадай дерек сақталған.
Тегі түркі болып табылатын баһадүр
қолбасшы Мұхаммед Ихшид ибн Тұғыт
Әмір ислам жолын бұзған “қармат”
елін талқандаған соң, Әбу Наср Әл-Фарабимен
кездеседі. Меккеге барар жолды
кесіп “қажылық” жасауға мұрша
бермеген қарматтардың жеңілгеніне
қуанған Әбу Наср Әл-Фараби іштей
“қажылық” етуге ниет етіп, араб
халифының саид-задаларымен
Әбу Наср Әл-Фарабидің
жас кезінен Бағдадқа баруының мынадай
екі сыры бар. Біріншіден, сол кездегі
Бағдад халифатын басқарған Аббас
әулетінің сенімді уәзірлері
негізінен түркістандық Фараб қаласынан
болған. Екіншіден, Бағдад шаһары ғылым
мен өнер жолына бет алған адамдарға
қақпасын кең ашып, барынша жағдай
жасаған. Бағдадта “Баит әл-хакма”
атты ғалымдар үйі және әлемдегі ең
бай кітапхана болған. Алғашқы
кезде Әбу Наср Әл-Фараби өзін ақын,
әнші, күйші ретінде танытып, одан
соң ежелгі грек ғалымдарының қолжазбаларын
оқу арқылы күрделі ғылыми зерттеулермен
шұғылдануға кіріскен. Фарабидің
алғашқы ұстаздары Иса
Әбу Наср Әл-Фараби
өзінің философия көзқарастарында
басты үш бағыт анық аңғарылады:
ол дүниенің мәңгілігін мойындады, танымның
болмысқа тәуелділігін растады, ақыл-парасат
туралы ілімді саралады. Мәңгілік пен
тәуелділік бастауларын құдіретті
Алладан, аспан әлеміндегі құбылыстардың
мәнінен, ақыл-парасаттан, адамның жан-дүниесінен,
түр мен материя арақатынасынан
іздеді. Аристотель қағидаларынан өз
дүниетанымына жақындарын қабылдады
және оны осы тұрғыдан түсіндірді.
Әбу Наср Әл-Фарабидің философиялық
көзқарасын тарихи жағдайда, оның өз дәуірімен
байланысты қарағанда ғана терең
түсінуге болады. Орта ғасырларда философиялық
ойдың дамуы діни ілім негіздеріне
сүйенді. Демек, Әбу Наср Әл-Фарабидің
философиялық ілімін де өз кезеңінің
діни түсініктері тұрғысынан қарастырған
лазым. Бірақ ол бұл түсініктерді
философиялық тұрғыдан дамытты. Ол, әсіресе,
“Аспан астындағы дүние” ілімінен
неғұрлым айқын көрінеді. Бұл Аристотельдің
жасампаз ақыл жөніндегі көзқарасын
әрі қарай дамыту еді. Жасампаз ақыл
— тек “аспан астындағы дүниенің”
қозғалыс себебі ғана емес, өз алдына логос.
Осы дүниенің заңдылығы — жер
бетіндегі дүниеге іштей тән
ақыл. Жеке адамның ақылы әлемдік
санамен ұштасса ғана дамиды. Соңғысы,
яғни әлемдік сана — мәңгі. Адам
болса дүние салады, өткінші. Осыдан
барып жанның мәңгі екенін және басқа
жаққа ұшып кетуін бекерге шығару
туады, мұның өзі діни қағидалар
мен философияның арасындағы күреске
тиек болған тезис еді. Ұлы ойшыл
философияға үлкен мән берді,
оған көп үміт артты. Ол философияны
қоғамды оятатын зерде, парасат
шамшырағы, халықты әділетті қоғамға
жеткізетін негізгі бағыт, ұрпақтар
арасындағы рухани-мәдени сабақтастықты
ғасырларға жалғастыратын құрал, әлеуметтік-этикалар
күрделі мәселелердің шешімін, уақыт
талаптарының жауабын табатын әдіс
деп түсінді. Осы деңгейде дұрыс
ойланып, оңды әрекеттену үшін философияның
9 қағидасын оқып-білу қажеттігін ескертеді.
Мұндағы мақсат — тұтастықты, ақиқатты,
ізгілікті, жаңа игілік көздерін іздестіру,
соған қол жеткізу. Философ адамды
өз болмысын өзі танып білуге тәрбиелеу
ісіне үлкен мән берді. Бұл
мәселені логикалық, этикалық, педогогикалық,
тілдік тұрғыдан кеңінен саралап, бұларды
бір-бірімен өзара