Жанна Д`Арк

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Марта 2013 в 08:44, реферат

Описание

Жанна Д’арк , Орлеан қызы (1412 ж. ш., Франция, Дотреми — 30.05.1431, Руан) — Францияның ұлттық батыр қызы. Жүз жылдық соғыс (1337 — 1453) кезінде француз халқының ағылшындарға қарсы азаттық күресін басқарған. Шаруа отбасында дүниеге келген. Бала кезінен діншіл болған ол өзін құдай Францияны азат етуге жіберді деп сенді.

Работа состоит из  1 файл

Жанна Д арк мәлімет.doc

— 33.00 Кб (Скачать документ)

Жанна Д' арк

Жанна Д’арк , Орлеан қызы (1412 ж. ш., Франция, Дотреми — 30.05.1431, Руан) — Францияның ұлттық батыр қызы. Жүз жылдық соғыс (1337 — 1453) кезінде француз халқының ағылшындарға қарсы азаттық күресін басқарған. Шаруа отбасында дүниеге келген. Бала кезінен діншіл болған ол өзін құдай Францияны азат етуге жіберді деп сенді. 1429 жылы ақпанда әрең дегенде Карл VІІ-нің қабылдауында болып, соғыс қимылдарын бастау керек екендігіне оның көзін жеткізді. Жанна д’арк. басқарған жасақ үлкен жеңістерге жетіп, 1429 жылы 8 мамырда ағылшындардың қолында болып келген Орлеан қаласын азат етті. Осы еңбегі үшін халық оны Орлеан қызы деп атады. Әрі қарай жеңісті жорықтарды жалғастырған ол Рейме қаласына келіп жетіп, 1429 жылы 17 шілде күні Карл VІІ-ні таққа отырғызды. Бұл жеңістер Жанна д’арк есімін халық арасында аңызға айналдырғанымен, халықтық соғыстың өршуі король мен сарай ақсүйектерін қатты шошытты. Олар Жанна д’аркты әскери қимылдардан шеттете бастады. 1430 жылы 23 мамыр күні қоршаудағы Компьен қаласы түбіндегі шабуылда ағылшындардың одақтасы бургундардың тұтқынына түсіп, олар Жанна д’аркты ағылшындарға сатты. Руандағы шіркеу соты оны құдайдан безген, сиқыршы деп айыптап, өртеп жіберді. 1456 жылы осы іс қайта қаралып, оның есімі салтанатпен ақталды. 1920 жылы католик шіркеуі оны әулиелер қатарына қосты. Француз әдебиетімен жақсы таныс болған Абай ғақлияларының Отыз жетінші сөзінде. «Сократқа у ішкізген, Иоанна Аркті отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? - деген сүрақ қойып алады да, «Ол - көп, ендеше көпте ақыл жоқ. Ебін тап та жөнге сал» деп жауап береді. Ақын кім не айтса соған сеніп, әлдеқандай біреулердің қол шоқпарына айналып отырған қараңғы көпшілік бұқараны ашына сынайды. Өзі өмір сүрген ортадағы, өз айналасындағы күштінің алдында қойдай ыққан, ырықсыз тобырдың парықсыз істерін әлем тарихындағы осындай деректермен дәлелдейді.

1360 жылы Англия мен Франция арасында бітім жасалды. Ол бойынша Франция жерінің үштен бір бөліғі ағылшындар қарамағына көшті. 1369 жылы соғыс қайта жалғасты. Француздар ағылшындарға соққы бере отырып, біраз жерлерін қайтарып алды.

1415 жылы ағылшын әскерлері  Францияның солтүстігіне жорыққа  шықты. Азенкур деген жерде француз әскері санының көптігіне қарамастан, тас-талқаны шығып, жеңіліп қалды. 1420 жылы француздар үшін намысты қорлайтын бітім шарты жасалды. Ол бойынша Франция өзінің тәуелсіздігін жоғалтып, Біріккен ағылшын-француз корольдігінің бір бөлігі ғана болып қалды.

Ол келісімге қарамастан, француз королі өлген соң оның 15 жасар баласы елдің оңтүстігіне  қашып барып, өзін VII Карл деген атпен король (1422-1461) жариялады. Соғыс қайта жалғасты. 1428 жылы ағылшындар Орлеан қаласын қоршады. Оны алса, ағылшындар үшін оңтүстікке жол ашылатын еді.

1429 жылы VII Карл сарайына ер адамның киімін киген 17 жасар шаруа қызы Жанна д'Арк келеді. Ол дофиннен (тақ мұрагерінен) Францияны азат ету үшін жасақ беруін өтінді. Жаннаға рыцарьлар отряды берілді. Ол отрядпен Жанна тоғыз күннен кейін Орлеанды ағылшындардан босатты. Осы 1429 жыл соғыстың барысындағы үлкен бетбұрыс жылы болды. Француз әскері жеңістен-жеңіске жете бастады. Реймс қаласының ескі шіркеуінде корольдің таққа отырып, тәж кию рәсімі өткізілді. Тақтың қасында корольдің туын ұстаған Жанна тұрды.

1430 жылғы Компьен түбіндегі ұрыста Жанна тұтқынға түсті. Ағылшындардың шіркеу соты оны сиқыршы деп айыптап, 1431 жылы отқа өртеп жіберді. Осы қайғылы оқиға француз халқының намысын бұрынғыдан да бетер оятты. Ол ұлт-азаттық соғысына жалғасты. Француздар ақыры жеңіске жетті. 1453 жылы 17 шілдеде Бордо түбегіндегі шайқас француздар пайдасына шешілген соң, ағылшындар Франциядан кетуге мәжбүр болды. Осы жыл соғыстың біткен жылы деп саналды. Еуропа тарихындағы ең ұзақ соғыс арнайы құжатта бекітілмей бітті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Өндіріс факторы ретінде және қаржы ретінде пайдалануға болады.
  • Өндіріс факторы ретінде капитал өндіріс құралдарын сипаттайды. Мұнда ұзақ уақыт пайдаланылатын өндіріс құралдары (машина, құралдар) жер қысқа мерзім пайдаланылатын өндіріс құралдары (шикізат, энергия қуаты, жол байланыс қызметі).

Нақты капитал пайда болу үшін өндіріс құралдарын сатып алуға қаржы қажет. Осы қаржы ақша капиталы болып табылады. Өндіріс құралдарын сатып алуға капиталдың жұмсалуы қаржыландыру, ал ақша капиталын нақты капиталға айналдыру- инвестициялау деп аталады.


Информация о работе Жанна Д`Арк