Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 15:40, курсовая работа
Айыппұл жазалардың қосымша түрі ретінде, Қылмыстық заңның Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда ғана тағайындалады. Айыппұлдың мөлшері айыпталушының мүліктік жағдайына және жасаған қылмысының сипаты мен дәрежесіне қарай анықталады.
Қылмыстық-атқару инспекциясының міндеттеріне, лауазыммен немесе қызметпен айналысу құқығынан айырудың орындалу барысын сотталушы жұмыс істейтін мекемеде тексеру, белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығын айыру туралы еңбек кітапшасында көрсетудің бар екендігін тексеру, сондай-ақ сотталғандардың есебін жүргізу, олармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жатады. Қылмыстық-атқару инспекциясының инспекторы, милиция қызметкерлерінің көмегімен, сотталған адамның үйіндегі жағдайға бақылауға құқылы. Егер сотталушы басқа жаққа көшіп кетсе, онды инспекция сотталған адамның жаңадан тұрып жатқан жерінің қылмыстық-атқару инспекциясына немесе сол жақтағы ішкі істер органдарына хабарлама жасайды. Сотталушының басқа жақта тұрып жатқаны расталғаннан кейін, инспекция оның есебінен шығарып, қажетті құжаттарды жаңадан тұрып жатқан жердегі қылмыстық инспекциясына жібереді.
Инспектор 6 айда кемінде бір рет, үкімнің талаптарынан шыққан құқықтық шектеулердің сақталуын бақылайды. Ол үшін сотталушының қай жерде, қандай қызмет істеп жатқанын анықтайды. Егер сотталушының жаза тәртібін бұзып, құқықтық шектеулерді сақтамай мемлекеттік немесе жеке меншіктегі кәсіпорындарда тыйым салынған қызметті, лауазымды атқарып жүргені анықталса, инспектор жұмыс беруші әкімшілікке оны басқа жұмысқа ауыстыруды, егер басқа жұмыс болмаса, жұмыстан шығаруды сұрайды. Мұндай жағдайлар байқалған кезде, инспекция қызметкері сотталушы адамға, сотпен тыйым салынған жұмысты берген мекелелердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың лауазымды адамдарына сот үкімін орындамаудың салдарын ескертеді.
Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаға сотталушылардың міндеттеріне, сот үкімінің талаптарын орындау, қылмыстық-атқару инспекциясының талап етуі бойынша жазаны атқаруға байланысты құжаттарды беру, жұмыс орнының өзгергені және жұмыстан шыққаны туралы инспекторға хабарлыу, сонымен бірге шақыру бойынша инспекцияға келу жатады.
Сот үкімінің талаптарын орындау ретінде, сот тиым салған лауазымда немесе қызметте жұмыс істемеуді түсінеміз. Ал жазаны атқаруға байланысты құжаттарды беру ретінде, сотталушының белгілі бір лауазымда болу немесебелгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылғандығы туралы жазба көрсетілген еңбек кітапшасын көрсетуі және тыйым салынғаннан басқа жұмысты істеп жүргендігі туралы жұмыс орнының анықтамасын тапсыру (справка) алынады.
Қылмыстық-атқару инспекциясының шақыруы бойынша сотталған адамның келмеуі, оны еріксіз түрде келтіру шарасына ұласуы мүмкін.
Егер сотталған адам сот үкімімен белгіленген шектеулерді сақтамаса немесе бұзса (мысалы, тыйым салынған қызметпен айналыса берсе), онда оған тыйым салынған қызметті дереу тоқтату туралы талап қояды, сонымен бірге сотталған адам жұмыс істейтін мекеме, кәсіпорынға 3 күннің ішінде оны жұмыстан босатуды немесе тйым салынған қызметтен айыруды сұрайды. Мұндай кезде сол мекеме, кәсіпорынның тиісті лауазымды адамына сот үкімін, шешімін орындамаудың қылмыстық заңның 362-бабы бойынша қылмыстық жауапшылыққа әкеліп соқтырғандығы хабарланады.
Жазаға тартылған адамның сот үкімі тәртібін сақтамауы, кейде әкімшілік жауапкершілікті тудырады. Мысалы, көлік құралдарын айдауға тыйым салынған адамның мұнан кейін де көлік құралдарын айдағаны үшін әкімшілік жауапкершілік туындайды.
Айып пұл Қазақстан Республикасы ҚК-ның 40 бабында негізгі немесе қосымша жаза түрінде көрсетілген.
Айып
пұл деп – заң белгіленген
жағдайлары мен мөлшерінде соттың шешімімен
салынып ақшалай өндіріліп
Айып пұл мөлшері жасаған қылмыстың сыр-сыйпаты мен ауырлығына байланысты және жауапкердің мүлік жағдайын ескеріп белгіленеді.
Қылмыстық-атқару заңы да, басқа заңдар саласы тәрізді, дамуды, жетілдіруді қажет етеді. Өйткені Қазақстан Республикасы аумағындағы жазаны атқарушы мекемелер қызметі ғана емес, сонымен бірге, қылмыстық-атқару заңында қарастырылуға жататын мәселелер дұрыс әрі тиімді шешілуі керек.
Мемлекеттің осы саладағы, яғни жазаны атқару мәселесіне жататын қызметтері соңғы кезде назардан тыс қалмай, қылмыстық заңмен қатар реформалану үстінде. 1998-жылдан қолданыла бастаған қылмыстық-атқару заңы өз зерттеу нысандарын кеңейтіп, қылмыстық заңның 39-бабында қарастырылған қылмыстық жазалардың барлығының атқарылуы мен өтелуінің тәртібі мен жағдайларын қамтыды. Заңның бұлай кеңейуінің негізгі себебі - ол жазаларды атқару мәселесінен туындайтын қатынастардың бір тектес қатынастар түрін немесе мемлекеттің жеке қызмет түрін білдіретіндігіне байланысты. Сондықтан бұл заң, ендігі жерде, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды да қамтиды және еңбекпен түзеу құқығы емес, қылмыстық атқару құқығы деп аталады.
Қылмыстық
атқару қызметі басқа да құқық
қорғау қызмет түрлерімен, мысалы, сот,
прокоратура, ішкі істер органдары
қызметімен байланыста жүргізіледі. Яғни
сотталушының жаза өтеуі қылмыстылық
пен айналысатын барлық құқық
қорғау органдары қызметінен тыс
қалмайды. Сотталғандардың жаза өтеу мәселесіне
байланысты жазаны атқарушы мекемелердің
басқа да құқық қорғау органдарымен байланысқа
түсуі қылмыстық атқару заңында тікелей
қарастырыла кеткен.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: