Әйелдер қылмысының негізгі себептері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 03:15, реферат

Описание

Заманымыз өзгеріп, қоғамымызда күрделі мәселелер қордаланып, адамзаттың азғындауы асқына бастағанда әйел затының да әлсіз тұстары әлекке сала бастады. Қылмыс әлеміне қыздар қатысып, қазақы қасиетімізге дақ түсті. Дегенмен, дүниеде себепсіз салдар болмайды. Сондықтан соңғы кезде белең алып кеткен әйел қауымының қылмысты істерінің нақты көрністерін анықтаумен бірге, оның алдын алуды да ойластырған абзал шығар.Әйелдер қылмысының салдарымен күрескеннен гөрі, себептерімен күрескен үнемі ыңғайлы әрі пайдалырақ.

Содержание

Кіріспе
1.Әйелдер қылмысының себептері.
2.Әйелдердің психологиялық ерекшеліктері.
3.Әйел адамдардың қылмыс жасау себебіне байланысты, адам өлтірудегі қолданатын әдіс –тәсілдері.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Калдибекова 2.doc

— 68.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігі

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Реферат

Тақырыбы: Әйелдер қылмысының негізгі себептері.

                  

                      Орындаған: 310 топ студенті  Калдибекова К.

                                              Тексерген: Баймырзаева Ж.

                                 

                           Алматы 2012ж

Жоспар:

Кіріспе

 1.Әйелдер қылмысының себептері.

2.Әйелдердің психологиялық ерекшеліктері.

3.Әйел адамдардың қылмыс жасау себебіне байланысты, адам өлтірудегі қолданатын әдіс –тәсілдері.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

  Заманымыз өзгеріп,  қоғамымызда күрделі мәселелер  қордаланып, адамзаттың азғындауы асқына бастағанда әйел затының да әлсіз тұстары әлекке сала бастады. Қылмыс әлеміне қыздар қатысып, қазақы қасиетімізге дақ түсті. Дегенмен, дүниеде себепсіз салдар болмайды. Сондықтан соңғы кезде белең алып кеткен әйел қауымының қылмысты істерінің нақты көрністерін анықтаумен бірге, оның алдын алуды да ойластырған абзал шығар.Әйелдер қылмысының салдарымен күрескеннен гөрі, себептерімен күрескен үнемі ыңғайлы әрі пайдалырақ. Сондықтан әйелдер қылмыстылығының себептерін іздестіру, жалпы қазіргі таңдағы әйелдер қылмыстылығының жан –күйін, оның алдын алу шараларын терең зерттеу өте маңызды міндет. әйелдер қылмыстылығының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесіне тигізетін теріс әсері мол. Егер ана қылмыс жасап, қоғамға қайшы түрде өмір сүретін блса, онда жанұядағы болатын жағымсыз жағдайдың өзі жасөспірімдерді жат қылықтарды жасай бастауына дағдыландыратыны анық. Жалпы алғанда, біздің қоғамдағы қылмыстардың себептері қылмысты заңды әлеуметтік нәтиже ретінде тудыратын обьективті және субьективті жағдайлардың жиынтығы деп санауымыз керек. Қылмыс - әлеуметтік құбылыс, сипаты жағынан оның себептері әлеуметтенген деп қорытынды жасауға болады. Қылмыстың себептері, қылмыстың өзі сияқты обьективті және заңды. Бұл біздің мемлекетіміздің барлық өткен қалыптасу кезеңінде шын мәнісінде қылмыстың болғанын және онымен күресуде қандай да бір табыстың, елеулі нәтижелердің жоқтығын дәлелдейді.  Мұны   қылмыс динамикасы, жағдайы,  құрылымының тұрақтылығын анық көрсететін мәліметтер куәлайды. Онымен қылмыстық-құқықтық күресу нәтижесінде қандай да бір қылмыс түрлерінің жойылғандығы туралы мәліметтер де жоқтың қасы. Кейбір авторлар қылмыстың  және жеке қылмыстардың себептері түсінігін субьективтілікке, психологиялық сәтке, адам санасында шоғырланған кемістікке апарып соғады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Әйелдер қылмысының себептері.

Адам қоғамының көптүрлігіне  және қоғамдық қатынастардың үйлесімділігіне, онда құрылған заңды және физикалық субьектілерге алып келеді. Барлық қоғамдық қатынастардың негізін  қоғамның экономикалық базисін құратын және барлық басқа құрылыстық тәртіп: саяси, құқықтық, моральдық қатынастарының  сипатын анықтайтын өндірістік қатынастар құрайды. Қоғамдық қатынастар адам санасына ене отырып, олардың барлық іс-әркекттерін айқындайды. Оған адамдардың қылмыстық әрекеті ретінде бірінші себебі де кірген. Сол себепті, автор қылмыскерлік себебтері деп заңды түрде қылмысты әлеуметтік құбылыс ретінде көрсететін, базистік және құрылымдық тәртіптің қоғамдық қатынастарында  орын алған жағдайлардың үйлесімділігін санайды. Қалай болғанда да, қоғамдық қатынастар ақиқатқа негізделген болып келеді, яғни, біздің қоғамымыздың алға қарай жылжуына әсер ететін, қоғамның дамуының обьективті заңдарының әрекетін бекітуші болып келеді. Бұл қатынастар қоғам өмірінің барлық салаларында бар. Әйелдер қылмысының себептерін зерттеу барысында қоғамдық қатынастарда орын алған жағдайлардың жиынтығын, физикалық және психологиялық өзгешелігінен көрінетін әйел табиғатының ерекшелігін де ескеру қажет. Әйелдер қылмысының интенсивті өсуі қоғамда белсенді әрекет ететін құбылыстар мен үрдістер қатарымен түсіндіріледі. Бұл құбылыстар мен үрдістерге белгілі бір мөлшерде әсер ету, қылмыстық құрамды иеленген әлеуметтік қайшылықтардың тегістелуі әйелдер арасындағы құқық бұзушылық деңгейін түсіру үшін маңызы зор. Өкінішке орай, бүгінгі таңда әйелдер қылмысының өзі де, оны айқындайтын себептер де барлығы бірдей  назар аударатындай тақырыпқа айнала қойған жоқ. Барлық шыққан мәселелер мұқият зерттелмейді және талданбайды, ал алдын алу шаралары көбінде күнәлілерді жазалаумен шектеледі, сонда олармен тең дәрежеде қылмыстық әрекеттер пайда болған жағдайлар жойылуы керек.Әйелдер қылмысының себептерінің негізінде, қоғам өмірінің нақты және белгілі бір шартарымен тығыз байланысты қылмыс себептерінің әлеуметтік сипаты жатыр. Ал қоғамдық қатынастар жүйесінде әйелдердің орны, ролі үлкен мағынаны береді, сондықтан да, қамықпаса да әйелдер қылмыскерлігі үнемі қоғамның даму барысында пайда болатын табиғи және шарасыз құбылыс. Әйелдер қылмысының пайда болуына, оның қоғамдық қауіпті күшейтуіне, басымдылық пен қаталдық көрсетуге әсер ететін белгілі бір факторлар бар. Біздің мемлекетіміз ауыр экономикалық және саяси дағдарысты бастан кешірді. Бұл халықтың тұрмыс жағдайына кері әсерін тигізді, бұл өз кезегінде жеке адамдардың адамгершілігінің қалыптасуына, өмірде қалыптасқан жағдайлар мен қақтығыстарға жағымсыз әсер етті. Әйелдердің кәсіби орнында бірқатар өзгешеліктер болды, олар не үздіксіз материалдық құндылықтарды өндірумен шұғылданады, немесе басшылық бөлімдерде жұмыс істейді. Мұнда әйелдер мен ер адамдардың еңбек саласындағы теңдігі айдан анық көрініп тұр. Тұрмыстағы әйелдердің жағдайы ауыр: балаларды тәрбиелеудегі қажеттілік, тамақ дайындау, мемлекеттік кәсіпорындар тұрмыстық қызметінің жоқтығы, шектеулі уақыт. Бұрын бұл адамның өз күнәсімен түсіндірілетін, егер, оның тұрмыста, отбасында мәселелері туындаса, «отбасы прогресі көп жағынан экономикадағы прогрестен қалып қоятын».

   Әйелдердің антиқоғамдық  мінез-құлықтарының тағы бір себебі  отбасылық міндеттері. Әйелдер қылмысының  себептері оның өсуне әкеліп  соғуда. Антонян Ю.М. өзінің «Әйелдер  арасындағы қылмыс» кітабында келесі құбылыстар мен процестерді бөліп көрсетеді.

1)    Әйелдердің қоғамдық өндіріске белсенді араласуы;

2)    Әлеуметтік институттардың әлсіреуі, соның ішінде отбасының;

3)    Қоғамдық шиеленістің өсуі, ондағы қатығыспен пен қастандықтың пайда болуы.

4)    Антиқоғамдық құбылыстардың өсуі, есірткі, маскүнемдік, жезөкшелік, қаңғырушылық, қайыр сұраушылық.

   Антонян Ю.М.  төртінші құбылысты ерекшелігін  ескере келіп, қылмыс тудыратын  антиқоғамдық қылмыстық емес  құбылыстарға жатқызады. Бұл келтірілген құбылыстардың барлығы әйелдердің қылмысын туғызады, оның өзі біздің мемлекетімізде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, мәдени жаһандық құбылыстарға байланысты. Біздің ойымызша осы құбылыстардың әрқайсысын егжей-тегжейлі қарастыру керек. Және де әйелдердің қоғамдық өндірісте жұмы істеу мәселесін де атап өту керек. Қоғамдық өндірісте жұмыс істейтін әйел материалды құндылыққа ие болады. Алайда оның өзі оны ұрлыққа итермелеуі мүмкін, егер де оның бірнеше ай еңбек ақы алмауын ескерсек, ұят туралы сөз қозғаудың өзі дұрыс емес. Себебі бірнеше ай ақша болмаса, үйде аш балалар отырса тонаушылыққа бармағанда не істесін? Соныдықтан да кейбір адамдардың жұмысқа орналасуының өзінде, жұмыс орнынан алатын факторды да ескеруі мүмкін. Қылмыс динамикасымен оның жағдайының тұрақты құрылымдарының жеткілікті түрде айқын көрінуі қылмыс себебінің ашылуына жол береді. Ал әйелдер қылмысына келетін болсақ, әйелдер қылмысының себебін білу үшін, болған жағдайдың біркелкілігін ғана емес, сонымен қатар әйелдер табиғатындағы физикалық және психикалық көрнулермен сипатталады. Шынайы қоғамдық қатынастардың пайда болуындағы процестер мен қоғамдағы құбылыстардың белсенді әрекет етуі, әйелдер қылмысының интенсивті өсуімен қатар түсіндіріледі. Арнайы әлеуметтік процестер мен құбылыстардың қарама –қарсы әрекет етуі, криминогендік қасиеттерге ие, әйелдер арасындағы құқық бұзушылық деңгейінің жоғары көрсеткіш көрсетуі, бүгінгі күндегі әйел адамдардың қоғам өміріне белсенді араласуында. Әйелдер қылмысының негізгі себебі, қоғам өміріндегі нақты жағдайлармен тығыз байланыста болуы. қоғамдық қатынас жүйесіндегі әйел адамдардың орны және ондағы атқаратын функциялары мен рөлдерінің үлкен белгі алуында жатыр, сондықтанда әйелдер қылмысы табиғи құбылыста және шарасыз түрде болуы. Арнайы факторлардың әсер етуіне байланысты қоғамдық қауіптілік, қатігездік және агрессивтіліктің көрінуі әйелдер қылмысының пайда болу себебіне әкеледі. Әйелдердің кәсіби өзгерістеріне байланысты, басқару топтарында немесе материалдық құндылықтар өндірісніде, яғни тікелей еңбек сферасында ер адамдар мен әйел адамдардың құқықтары тең қалыптасқан. Барлық аталған құбылыстар, әйелдер қылмысының пайда болуына сәйкес келеді. Әйелдер қылмысынң пайда болуына ең басты әсер ететін себептің бірі, қоғамдық өндіріске қатыса отырып материалдық құндылықтарды алуға байланысты, егерде тапқан пайдаларын, қаражаттарын бермеген жағдайда әйел адамдар жанұя жағдайын қамтамассыз ету үшін, яғни балаларын асырау керек болған жағдайда, әйел адамдар жұмыс орынында қандай да бір ұрлық жасайды. Нәтижесінде әйел адамдар аз мамандандырылған және ауыр жұмыс істеулеріне байланысты, ақыр соңында қылмыстық әрекеттерге тап болады.

 

  Әйелдердің психологиялық ерекшеліктері.

 Осындай көптеген  жағдайларға байланысты әйел  адамдар дөрекі, агрессивті болып келеді. Ю. М. Антонян көрсеткен екінші әйелдер қылмысына әсер ететін құбылыс әлеуметтік институттар, оның ішінде бірінші орында жанұя болып табылады. Әйел адамдар аналық және жанұялық міндеттерді орындауды кәсіби іс -әрекетпен бріктіруге болмайды, себебі екі жақтық тепе –теңдікті сақтау мүмкін емес. Нәтижесінде әйел адамдар үнемі жұмыс істеулеріне байланысты, шаршаңқылықтың көрінуі, психикалық бұзылыстардың пайда болуы, агрессивтіліктің көрінуі және бейімделе алмаушылық жағдайларына байланысты, әйел адамдар жанұяға және жұмысқа көңіл аудармай, қоғамға қарама –қарсы өмір бейнесіне жеңіл түсіп кетеді. Осындай жағдайлардан кейін әйел адамның аналық міндетері мен жанұя функцияларын орындамауына байланысты жанұя бұзылады. Әйелдер қылмысының себебіне келесі фактрлар әсер етеді, қоғамдық күйзелістер мен мазасызтықтардың әсер етуі. Сыртқы қауіптің шабуылдауы және ішкі мазасыздықтар әйел адамдарды агрессивтілікке итермелейді. Әлеуметтік жағымсыз жақтар мен қақтығыстарды және күйзелістерді уайымдап, терең сезінеді, себебі әйел адамдарда барлық жанұялық міндеттерді орындау жүктелген, жанұяны тамақпен және басқа да заттармен қамтамассыз ету, балаларды тәрбиелеу және оларға қарау жағдайында әйел адамдар барлық қысымдарға төзе алмай қылмыстық әрекеттерге, жағымсыз қылықтарға барады. Әйел адамдардың өзін және жақындарын физикалық қауіптен қорғауға талпыныс зорлық қылмысын жасауға итермелейді, ал басқаларға тәуелді болу өзінің жағдайына сенімсіздік, матералдық құндылықтарды уайымдау барысында құқық бұзушылыққа және пайдакүнемдікке итермелеиді.

Әйелдердің қылмысқа бару себептеріне байланысты, қылмыстық  әрекеттердің түрлерге бөлінуі:

1. адам өлтіру және адам денесіне ауыр жарақат салу;

2. ұрлық жасау;

3. алаяқтық;

4. қорқытып алушылық;

Мұндай жағдайларда  қылмысты шартты түрде екі жағдайға бөлуге блады:

1. адам өлтіру анық жағдайда жасалған;

2. адам өлтіру анық емес (белгісіз) жағдайда жасалған.

   Әйелдер тарапынан  жасалынатын кісі өлтіру қылмысына  ерекше көңіл бөліну керек. П.Н. Тарновская өзінің зерттеулеріне сәйкес барлық кісі өлтіруші әйелдерді екі топқа бөлген: бірінші топқа кенеттен сезімінің оянуынан немесе қызба мінезінен кісі өлтіретін әйелдер жатқызылған, яғни, оларға жыныстық сана сезім мен ана махаббаты салдарынан, пайдакүнемдік пен қызғаншақтықтан, кек алушылық пен жек көрушіліктен қылмыс жасайтын әйелдерді жатқызамыз. Ал, екінші топқа айналасындағыны ұғыну қабілетінің жетілмегендігінен кісі өлтіретіндер, яғни, көңіл қанағатының жеткіліксіздігіне, жыныстық жағынан болатын ауытқуларға байланысты, сонымен қатар, жүйке жүйесі ауыратын әйелдер жатқызылған. Нәрестесін өлтіру қылмысы да көптен бері көпшіліктің назарын аударып жүрген мәселелердің бірі. Әдетте, өзінің жаңа туған нәрестесін өлтірген әйел ерекше психикалық жағдайда болады. Мұндай ауыр қылмысқа көбінесе отбасы мен тұрғылықты мекен-жайы жоқ, материалдық жағдайы өте төмен қыз-келіншектер барады. Алайда, жоғарыда аталған себеппен шектеліп қалуға болмайды, себебі қазіргі кезде жыныстық қатынастың орынсыз босаңсып, ашық түрде орын алуынан қалада болсын, ауылда болсын некесіз жүкті болу санының артуына әкеліп соғып отыр. Қалада аборт жасау мүмкіндігі артық болғандықтан, қалалық әйелдер абортқа жүгіну арқылы өз проблемаларын шешеді. Ал, аборт жасауға мүмкіндігі жоқ кейбір қыз-келіншектер нәрестесін өз қолымен өлтіруге дейін барады. Сондықтан, өз баласын өзі өлтірген әйелдерді қатаң түрде жазалаудан бұрын ол осы ауыр қылмысқа қалай барғанын анықтап, оны терең зерттей талдап психологиялық-психиатриялық сараптама жүргізу керек. Әйел адамдарда адам өлтіруде анық жасалған қылмыстың себебі, әдетте «тұрмыс -тіршіліктік» қатарына жатады, олар көбіне, күнделікті тұрмыс –тіршіліктегі болатын отбасындағы, қақтығыстарға байланысты немесе күйеулерінің және бірге тұратын адамынан ұзақ уақыт бойы қандай да бір қиыншылық көру және мәжбүрлеуіне байланысты қылмыстық әркетке барады, себебі әйел адамдар үнемі психикалық күйзелісте болады, сондай –ақ көршілердің, болмаса туысқандардың тағы басқа да жақын танитын адамдардың бір –бірімен ұрыс –керістері, өзара келісе алмаушылықтарынан туындаған жанжалдар мен жеке бастық араздар. Әйел адамдар мұндай қылмыстарды жасауға байланысты алдын ала айла әдістерді таңдап, оның ізін жасыруға алдын ала дайындалмайды. Керісінше күтпеген жерден туындаған жанжалдың нәтижесінде қолына түскен тұрмыс –тіршілікте қолданатын заттарды, қылмыс қаруы ретінде пайдаланады. Ал белгісіз жағдайда жасалған қылмыста әйел адамдар көптеп кездесе бермейді, себебі мұндай жағдай арнайы жоспарланып, қылмыс көп жағдайларда жоспарланып, қылмыстың ізін жасыруда әдіс –тәсілдерді таңдап алып, арнайы адам өлтіру немесе ол қылмысты жасауға қатысу ниеті мен мақсатында жасалады. Әйел адамдардың адам өлтіруге баратын себебі, кейбір жекеленген жағдайларда әрекетсіздік жолымен де қылмыстар жасайды, жаңа туған нәрестелер мен өзіне -өзі күтім жасай алмайтын адамдарды тамақтандырмай қою арқылы жасалуы мүмкін. Әйел адамның адам өліміне бару себебіне әсер ететін факторлар: жәбірленуші мен айыпкердің жасы, жылы, физикалық дамуы, қылмыстың жасалу ниеті мен мақсаты, қылмыскер мен құрбанның өзара байланысының болуы, оның сипаты, сондай –ақ басқа да жағдайлар.

   Әйел адамдардың қылмыс жасау себебіне байланысты, адам өлтірудегі қолданатын әдіс –тәсілдері.

Әйел адамдардың қылмыс жасау себебіне байланысты, адам өлтірудегі қолданатын әдіс –тәсілдері:

-         өзінің ар –намысын сақтау үшін әр түрлі құралдарды, заттарды қолдану арқылы денеге жарақат салу;

-         өзіне төнген қауіптен құтылу үшін адамды дәрменсіз күйде қалдыру;

-         өмірлік жағдайға байланысты, өз баласынан бас тартып, баланы тұншықтырып немесе тастап кетуі;

-         қандайда бір пайданы көздеуіне байланысты жәбірленушінің ағзасына улы заттарды жіберу.

   Әйел адамдар  ер адамдар сияқты өз құрбандарын  таңдамайды. Әйелдерде адам өлтіру қылмыстарын жасау кезінде қылмыс құралы ретінде тұрмыс –тіршілікте пайдаланатын (асханалық және жинамалы пышақ, балға, балта, т. б.) заттарды қолданады. Қылмыс жасауға себеп болатын жағдайларға -әйел адамдар мен оның құрбанының арасындағы жеке бас араздығы, бұзақылық, кек алу, көре алмаушылық, қызғаншақтық, пайдақорлық ниеттер қылмысқа итермелеуге себеп болып келеді. Қылмыс жасаудың екінші түрі ұрлқ жасау. Әйел адамдар мұндай қылмысқа не үшін барады? Ұрлық дегеніміз –бөтеннің мүлкін жасырын түрде алу болып табылады. Ұрлық жасайтын әйелдердің жеке тұлғасының ерекшеліктерін қарастыратын болсақ, оларды екі негізгі топқа бөле аламыз. Бірінші топқа ер адам және әйел адамдар ішінде жұмыс жасағысы келмейтін бұрын сотталған, алдын ала өз әрекеттерін егжей –тегжейлі ойластыратын, қылмыс жасау дағдысы, тәжірибесі бар адамдарды жатқызамыз. Екінші топтағы адамдар қатарына –жұмыссыз қалғандар, тұрақты мекен –жайлары, отбасылары жоқтар жатады. Олар үшін ұрлық қалыпты жағдайда аяқ астынан пайда болған ниет бойынша жасалынады немесе қылмыс жасау жағдайы алдын ала еш дайындықты талап етпейді. Әелдердің ұрлаққа баруының себебі алуан түрлі болып келеді. Біріншіден жанұяда ер адамның болмағандығына байланысты балаларн жалғыз өзі асырап, жеткізу кезінде отбасындағы материалдық жетіспеушіліктер, екіншіден жас қыздарымыздың өз қызығушылықтрына қол жеткізе алмағандықтарына байланысты, үшіншіден мақсатты түрде өз пайдасын жүзеге асыруды көздеген әйелдер ұрлық қылмысына брады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 Соңғы кездері қоғамда көптеп кездесетін әйелдердің қылмысы, бұл алаяқтық. Алаяқтық, яғни бөтен мүлікті ұрлау немесе мүлікке құқықты алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы алу меншікке бағытталған қылмыстар қатарына жатады. Меншікке қарсы қылмыстардың ішінде алаяқтық қылмысы сирек кездесетін, бірақ кейінгі жылдары әйелдердің қоғамға, билік басына араласуына байланысты, оның өсу қарқыны бірден көзге түсе бастады. Әйелдерде көбінесе алаяқтық әрекетті жүзеге асырғанда қылмыстық қол сұғушылық заты болып ақша табылады. Әйелдер алаяқтық қылмыстардың төмендегідей тәсілдерін қолданады: банктік несиелерді жалған құжаттар арқылы алу; жалған фирмалар құрып кейіннен халықтың қаражатын иелену; тұрғын үйлерді алу (сату, айырбастау, кепілге беру) үшін жалған құжаттар жасау; валютаны айырбастау, шетелдік куәліктерді, визаларды рәсімдеу кезіндегі жалған құжаттарды қолдану. Әйелдердің мұндай алаяқтық қылмысқа баруларының себебі, өзінің материалдық құндылықтарын толығымен қатамассыз етуді көздеу және осы арқылы жоғарғы сатыға көтерілуді көздеу арқылы алаяқтық қылмысқа барады.

Информация о работе Әйелдер қылмысының негізгі себептері