Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2011 в 07:12, реферат
Медиация сөзі ағылшын тілінде кез келген дауды оған ешқандай да қатысы жоқ үшінші бір адамның – медиатордың араласуы арқылы альтернативті түрде реттеу деген мағынаны білдіреді. Демек, медиатор дегеніміз – өзара жанжалдасушы немесе дауласушы тараптардың арасында орын алған даулы мәселелерді олардың өздерін қатыстыра отырып, тараптарға тиімді жағдайда шешуді жүзеге асыратын маман.
Кіріспе
Медиация – ұғымы мен тарихы;
II. Негізгі бөлім:
«Медиация туралы» Заңның қоғамдағы алатын орны;
Заңды қолдану ерекшеліктері;
Қойылған талаптар.
III. Қорытынды
ЖОСПАРЫ:
Медиация
– ұғымы мен тарихы;
II. Негізгі бөлім:
III.
Қорытынды
Медиация
– ұғымы мен тарихы.
Медиация сөзі ағылшын тілінде кез келген дауды оған ешқандай да қатысы жоқ үшінші бір адамның – медиатордың араласуы арқылы альтернативті түрде реттеу деген мағынаны білдіреді. Демек, медиатор дегеніміз – өзара жанжалдасушы немесе дауласушы тараптардың арасында орын алған даулы мәселелерді олардың өздерін қатыстыра отырып, тараптарға тиімді жағдайда шешуді жүзеге асыратын маман. Жалпы, осы саланың бүге-шігесін терең меңгерген мамандардың айтуынша, медиаторларды бітімгер немесе мәмілегер деуге әбден болады. «Бітімгер» деген мамандық қазірде қоғамда болмаса да, ауыл арасында қолданылады. Сөзге шешен ақсақалдар араздасқан екі жақты мәмілеге келтіріп, ауызша келісіммен айыбын төлетіп, бейбіт жағдайда мәселені шешеді.
Мұның тарихының түп-тамыры тереңде. Адамдар арасында алғашқы дау қай кезде туындаса, бітімгершілік те сол ықылым заманда пайда болған. Сондықтан бұл әдіс алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінде де болған. Бұрын медиация халықаралық, этносаралық дауларды шешу барысында қолданылғанынан тарихшылар хабардар. Мұндай жол келіссөздер нәтиже бермей, екі жақ тығырыққа тірелген кезде қолданылатын.
Тарихшылар мұның түп-тамырын ежелгі Финикия мен Вавилоннан тапқан. Өйткені, оларда сауда жақсы дамыған болатын, соған байланысты даушар да тыйылмайтын.
Одан кейін бітімгершілік институты Грекияда дамығанға ұқсайды.
Ал, ежелгі Римде медиаторлар ережесі алғаш рет заңды тұрғыда бекітілген.
Ежелгі Русьте делдал қызметін діни қауым өкілдері атқарған.
Ал
қазіргі күйіндегі медиация институты
ХХ ғасырдың ортасында АҚШ-та қалыптасты.
Дәл осы кезеңде Америка экономикасында
даулардың жаңа түрі – кәсіподақтар мен
жұмыс берушілер арасындағы келіспеушіліктер
орын ала бастады. Оларды шешу үшін арнайы
федералды орган – медиация және бітімгершілік
процедуралары жөніндегі АҚШ-тың федералдық
қызметі құрылды. Ол әлі күнге дейін жұмыс
істейді. Кейін медиация тек еңбек дауларында
ғана емес, отбасындағы, коммерциялық
саладағы келіспеушіліктерді де реттеу
үшін қолданыла бастады.
Негізгі бөлім:
1)
«Медиация туралы» Заңның
қоғамдағы алатын орны.
Еліміздің 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушылардың құқықтарын барынша іске асыру, жеке адамның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекет мүддесін уақытылы қорғау және қалпына келтіру мақсатында бірқатар іс-шаралар қамтылған болатын.
Оның ішінде, жеке құқықтық даушарлар тараптары арасындағы ымыраға қол жеткізудің сот және соттан тыс тәртіппен қолданылатын түрлі жолдары мен әдістерін белгілеуге бағытталуы мүмкін әрекеттер де көрініс тапқан еді. Осыған орай, биылғы жылдың басында Елбасы ҚР–ның «Медиация туралы» Заңына (әрі қарай - Заң) қол қойды.
Заңның мақсаты – дауды шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу және тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету болып табылады.
Заң бүгінгі таңдағы құқық және сот саласына арналған заңдардың ішіндегі шоқтығы биік құжат деп айтуға болады. Заңда дәйектеліп отырған екі тараптың өзара мәмілеге келу мәселесі айыпты жеңілдету немесе оған жаза бермеу жоғарыда айтылғандай біздің ата дәстүрімізде болып келген үрдіс.
Кішігірім қылмыстар болған кезде, екі адам бір-бірімен ренжісіп қалады немесе ол адам затын пендешілік пиғылмен ұрлап, жаза басуы мүмкін. Сондай-ақ, адам біреуге байқамай балағат сөз айтып, оның намысына тиюі мүмкін. Ашу үстінде ауыр сөз айту жеңіл болғанымен, ол басқаға қатты тиетіні белгілі.
Осының бәрін заңға салып қарайтын болсақ, қылмыс болып шығады. Сол секілді, берген қарызын қайтарып ала алмай жүретін азаматтық даулар болады. Осы тектес келіспеушіліктердің нәтижесінде адамдар бір-бірін сотқа сүйреп, әуре-сарсаңға салып жатады.
Күні бүгінге дейін азаматтардың түсініспеушілігінен туындаған осындай дау-дамайлар немесе жанжалды мәселелер тараптардың сот билігіне жүгінуі арқылы шешілуде.
Өмір тәжірибесінің өзі көрсетіп отырғанындай, кез-келген мәселенің сотта қаралуы бір күнде немесе бір аптада шешіле қоюы қиын.
Ал Заң кез-келген азаматтық келіспеушіліктерді айлап, апталап қарамай-ақ, керісінше, істің күрделілігіне қарай бір-екі сағатта немесе бір күнде шешуге жол ашады. Бұл ең алдымен, азаматтардың онсыз да жетпей жататын алтын уақыттарын жоғалтудан сақтайды.
Сонымен
қатар, Заң сотта қаралатын істердің санын
азайтып, ондағы күрделі істердің сапалы
қаралуына мол мүмкіндік туғызып отыр.
Сондықтан, медиация институтын қоғамға
енгізіп, жұмыс жасатуды қарапайым адам
да, ғалым да, депутаттар да қолдаған болатын.
2)
Заңды қолдану ерекшеліктері.
Жаңа Заңға сәйкес азаматтық, еңбек, отбасы және басқа да құқықтық қарым-қатынастан туындаған дауларды медиация жолымен шешуге әбден болады. Мәселен, ерлі-зайыптылардың арасындағы некені бұзуға, ата-ана құқықтарына, балалардың тұратын орнын анықтауға, оларды асырауға қосатын үлестеріне қатысты мәселелер медиация жолымен реттелуі мүмкін.
Сондай-ақ аса ауыр емес және орташа ауыр қылмыстық істер бойынша да тараптар медиатордың көмегіне жүгіне алады.
Алайда, дау екі тараптан басқа тағы біреудің немесе әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың мүдделерін қозғаса, мұндай іске медиаторлар араласа алмайды.
Сондай-ақ тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүддесіне қарсы және сыбайлас жемқорлыққа қатысты істерге медиация қолданылмайды.
Ең бастысы, Заң екі жақты дауларды қараудың сапалылығын арттырады.
Сотта қаралған қылмыстық істердің көпшілігі жәбірленушінің сотталушыға кешірім беріп, өзара татуласып, келген залалдың орнын толтыруына байланысты өндірістен алынады.
Сондай-ақ кез-келген уақытта тараптар бітімгерлік рәсімдерді жалғастырудан бас тартып, жалпы тәртіппен сотқа жүгіне алады.
Заңның құпиялық туралы бабы бойынша медиацияға қатысушы тұлғалардың бітімгерлік рәсімдер барысында белгілі болған мәліметтерді осы ақпаратты берген тараптың келісімінсіз жария етуге құқысы жоқ.
Сонымен қатар, медиатор тараптармен бірлескен немесе жеке кездесулерді өткізуге, қажет болған жағдайда даудың техникалық аспектілері бойынша сарапшының қорытындысын талап етуге құқылы.
Тек бұл ретте тараптар оған байланысты шығындарды төлеуі тиіс. Тағы бір айта кетерлігі, бітімгердің өзінің қызметін жүзеге асыруына кедергі келтіретін мән-жайларды білген жағдайда істен өздігінен бас тарта алады.
Соттың қарауында азаматтық дауларды реттеу кезінде медиация туралы шарт жасалса, онда сот істі жүргізуді тоқтата тұрады.
Кішігірім қылмыстардан туындайтын істер бойынша дауларды реттеу кезінде бітімгерлікті өткізу туралы шарт жасалған күннен бастап отыз күнде аяқталуы тиіс. Қажет болған жағдайда оны тараптардың келісімімен тағы да ұзарта алады. Алайда, ол мерзімнің алпыс күннен аспағаны ләзім.
Бітімгершіліктің басты мақсаты - қылмыс жасаушылар қатарын бірыңғай бас бостандығынан айыру жазаларымен жазалау емес, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қалпына келтіру.
Бітімгершілік үрдісі сот сияқты ашық емес, құпия жүргізіледі.
Сот отырысы тараптардың бірінің еркінен тыс өткізілуі мүмкін, ал бітімгершілік тек ерікті түрде басталады.
Судья тағайындалады, бітімгер сайланады. Сот шешімді заңға сәйкес қабылдайды, ал бітімгершілік барысында шешім тараптардың мүддесін ескере отырып, бірақ Заң аясында қабылданады. Сот барысы тым ұзаққа созылып кетуі мүмкін, ал медиация жедел және бейресми түрде өтеді. Сотта екі жақ сайысса, бұл жерде тараптар ынтымақтаса әрекет етеді.
Заңының ерекше назар аударуды қажет ететін баптарының бірі – 15 бап, яғни жергілікті қоғамдастық мүшелерінің медиацияны жүргізуі.
Нақтырақ айтқанда, өз қызметін кәсіби емес негізде жүзеге асыратын медиаторлармен қатар, медиацияны жергілікті қоғамдастықтың жиналысы (жиыны) осындай мақсатта сайлайтын жергілікті қоғамдастықтың өмірлік тәжірибесі мол, абыройлы және мінсіз беделі бар мүшелері жүргізе алады.
Заңының 15 бабының 2 тармағына сәйкес, жергілікті қоғамдастық мүшелерін кәсіпқой емес медиаторлар ретінде сайлау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) хаттамасы он жұмыс күні ішінде Заңда көзделген құжаттармен, сондай-ақ мәліметтермен қоса, кәсіпқой емес медиаторлар тізіліміне қосу үшін уәкілетті органға жіберіледі.
Сонымен қатар, Заңның 16 бабына сәйкес қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі (уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының аумағында кәсіби емес негізде медиацияны жүзеге асыратын кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді.
Медиацияны кәсіби емес негізде жүзеге асыратын медиаторлар кәсіпқой емес медиаторлар тізіліміне қосылу үшін уәкілетті органға жеке куәліктерінің көшірмелерін (салыстырып тексеру үшін жеке куәлігінің түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмесін); үміткердің тұрғылықты жері бойынша наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымнан және психоневрологиялық ұйымнан берілген медициналық анықтамаларды; соттылығының жоқтығы туралы анықтаманы қоса ұсына отырып жүгінуге міндетті.
Кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімі уәкілетті органның интернет-ресурсында не жұртшылық үшін қолжетімді жерлерде қазақ және орыс тілдерінде орналастырылуға және оған медиаторлардың енгізілуіне қарай жаңартылып отыруға тиіс.
Уәкілетті
орган мерзімді баспасөз басылымдарында
кәсіпқой емес медиаторлар тізілімін
жариялауға құқылы.
Заңның 9 бабына сәйкес тәуелсіз, бейтарап, істің нәтижесіне мүдделі емес, медиация тараптарының өзара келісімі бойынша таңдалған, медиаторлар тізіліміне қосылған және медиатордың функцияларын орындауға келісім берген жеке тұлға медиатор бола алады.
Медиатордың қызметі кәсіби негізде (кәсіпқой медиатор) және кәсіби емес негізде (қоғамдық медиатор) жүзеге асырылуы мүмкін.
Медиатор тараптардан, мемлекеттік органдардан, басқа да заңгерлік, лауазымдық және жеке тұлғалардан тәуелсіз болуы керек.
Жаңа Заң бойынша бітімгерлер бұл шаруамен кәсіби және кәсіби емес негізде шұғылдана алады.
Жасы 40-қа толған, жақсы атаққа ие, беделді, көпті көрген және тізілімге енгізілген азаматтар бұл кәсіппен кәсіби емес негізде айналысуына болады. «Басы ауырған бақсыға барады, даулы кісі жақсыға барады» дегендей, мұндай адам төрелік айтуға шын мәнісінде лайық жан болуы керек.
Кәсіпқой емес бітімгерлердің тізілімін жергілікті атқарушы орган жүргізеді. Олардың өз жұмысын ақысыз жүзеге асыратындығы осы Заңмен көрсетілген. Бітімгерге медиацияны жүргізуге байланысты келген шығындар өтеледі.