Қылмыстық іс жүргүзу мерзімдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 08:29, доклад

Описание

Құқықтық нормалардың мазмұны белгілі бір мақсаттармен негізделген және сол мақсаттарға жету үшін белгіленген. Сондықтан қылмыстық іс жүргізу заңы белгісіздік пен жөнсіздікке жол бермеу үшін іс жүргізу әрекеттерінің нақты мерзімдерін анықтайды. Заң бойынша белгіленген мерзімдер іс жүргізу саласындағы кепілдіктің құрамдас бөлігі.

Работа состоит из  1 файл

эссе кылмыстык ис жургизу мерзимдери.doc

— 35.50 Кб (Скачать документ)

 

 Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы

Мемлекеттік басқару  академиясы

 

 

 

 

 

Мамандығы: заңтану

 

 

 

 

 

 

 

ЭССЕ

 

 

 

 

Тақырыбы:      Қылмыстық іс жүргүзу мерзімдері 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       Орындаған:  Д.Д.Тарап

 

        Тексерген: А.Ш.Мәлікова 

 

 

 

 

Астана қаласы, 2013 ж.

 

«Уақыт  бізге берілген үлкен сый.

Бізді ақылдылыққа, талаптылыққа, жігерлілікке

үйрететін басты ұстазымыз – осы» 

(Томас Манн)

 

 

Құқықтық нормалардың  мазмұны белгілі бір мақсаттармен негізделген және сол мақсаттарға  жету үшін белгіленген. Сондықтан қылмыстық іс жүргізу заңы белгісіздік пен жөнсіздікке жол бермеу үшін іс жүргізу әрекеттерінің нақты мерзімдерін анықтайды. Заң бойынша белгіленген мерзімдер іс жүргізу саласындағы кепілдіктің құрамдас бөлігі.

Іс жүргізу мерзімдері қылмыстық істердің соттық шешілу жылдамдығын, азаматтардың құқықтарын және занды мүдделерін сақтауды, прокурорлық қадағалау мен салалық бақылауды қамтамасыздандырады. Іс жүргізудің жылдамдығын анықтайтын мерзімдерге қылмыс туралы арыздарға байланысты шешім қабылдау, жекелеген тапсырмаларды орындау, алдын ала анықтау, тергеу, үкімдерге шағым және наразылық білдіру сияқ -тыларды жатқызуға болады. Сезіктіні ұстау және тергеу, айып тағылғанға дейін сезіктіге бұлтартпау шараларын қолдану, айып тағу және айыптыны тергеу, шағымдарды, іске қатысушылардан бас тарту туралы арыздарды қарау азаматтардың құқығы мен занды мүдделерін қорғайтын іс жүргізу мерзімдеріне жатқызуға болады.

ҚР ҚІЖК-нің 54-бабына сәйкес мерзімдер сағаттармен, тәуліктермен, айлармен, жылдармен есептеледі. Мерзімдерді есептеу кезінде мерзімнің өтуі басталатын сағат пен тәулік есепке алынбайды. Мерзiмдi есептеу кезiнде оған жұмыс уақыты емес уақыт та кiредi.     

  Мерзiмдi тәулiкпен есептеу кезiнде мерзiм оның ақырғы тәулiгiнiң жиырма төрт сағатында аяқталады. Мерзiмдi айлармен немесе жылдармен есептеу кезiнде мерзiм соңғы айдың тиiстi күнiнде аяқталады, ал егер бұл айдың тиiстi күнi болмаса, мерзiм осы айдың соңғы күнi аяқталады. Егер мерзiмнiң аяқталуы жұмыс күнi емес (демалыс, мереке) күнге келсе, онда ұстау, қамауға алу, үйiнде қамауда ұстау және медициналық немесе арнаулы оқу-тәрбие мекемесiнде болуы кезiндегi мерзiмдi есептеу жағдайларын қоспағанда, одан кейiнгi бiрiншi жұмыс күнi мерзiмнiң ақырғы күнi болып саналады.     

  Адамды қылмыс жасады деген күдiк бойынша ұстаған кезде мерзiм осы шара iс жүзiнде қолданылған сәттен (сағаттан) бастап есептеледi.

Мысалы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 184-бабында көрсетілгендей егер құқық қорғау органдарына қылмыс туралы арыз немесе хабар түссе, шешім ол түскен күннен бастап үш тәуліктен кешіктірілмей қабылдануға тиіс. Қажет болған жағдайда қосымша мәліметтер алу, құжаттарды немссе өзге материаддарды талап ету, оқиға өткен жерді қарау, сараптама жүргізу үшін бұл мерзімді анықтау органының бастығы, тергеу бөлімінің бастығы он тәулікке дейін, ал ерекше жағдайларда - бір айға дейін ұзарта алады, бүл туралы жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорға хабарлануға тиіс.    

 

 

 

      1. Егер шағым,  өтiнiш немесе өзге де құжат  мерзiм аяқталғанға дейiн почтаға  тапсырылса, оны қабылдауға уәкiлеттi адамға берiлсе немесе мәлiмделсе, ал күзетпен ұсталушы не медициналық  ұйымға орналастырылған адамдар  үшiн, - егер шағым немесе өзге де құжат күзетпен ұстау орнының немесе медициналық ұйымның әкiмшiлiгiне мерзiм аяқталғанға дейiн тапсырылса, мерзiм өтiп кеткен болып саналмайды. Шағымды немесе өзге де құжатты почтаға тапсыру уақыты почта штемпелi бойынша, ал оны қабылдауға уәкiлеттi адамға немесе күзетпен ұстау орнының немесе медициналық ұйымның әкiмшiлiгiне тапсыру уақыты - бұл ұйымдар кеңсесiнiң немесе лауазымды адамдарының қойған белгiсi бойынша айқындалады.     

2. Лауазымды адамдардың белгiленген  мерзiмдi сақтауы iс жүргiзу құжаттарында тиiстi көрсетумен расталады. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысушы адамдарға тапсырылуға жататын құжаттардың алынғандығы iске қоса тiгiлген олардың қолхатымен расталады.     

3. Iс жүргiзу мерзiмдерi тек осы  Кодексте белгiленген жағдайларда  және тәртiппен ғана ұзартыла алады.

 

 

      

 

 

      1. Мерзiм аяқталғаннан  кейiн процеске қатысушылармен  жасалған iс жүргiзу әрекетi жарамсыз  болып саналады.     

2. Дәлелдi себептермен өткiзiлiп  алынған мерзiм, мүдделi адамның  өтiнiшi бойынша, анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың немесе iс жүргiзiп отырған судьяның қаулысымен қалпына келтiрiлуi мүмкiн. Бұл орайда мерзiм, егер қылмыстық процестi жүргiзушi органның тиiстi шешiмiмен өзгеше көзделмесе, басқа адамдар емес, оны өткiзiп алған адам үшiн қалпына келтiрiледi.      

3. Мүдделi адамның өтiнiшi бойынша  белгiленген мерзiм өткiзiлiп алып  шағым жасалған шешiмдi орындау  өтiп кеткен мерзiмдi қалпына келтiру  туралы мәселе шешiлгенге дейiн  тоқтатыла тұруы мүмкiн.     

4. Мерзiмдi қалпына келтiруден бас  тартуға осы Кодексте белгiленген тәртiппен шағым (наразылық) жасалуы мүмкiн.


Информация о работе Қылмыстық іс жүргүзу мерзімдері