Массивтер ұғымы, олардың бағдарламада сипатталуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 07:18, лекция

Описание

Аналық тақша - дербес компьютердің ең маңызды құрылғыларының бірі. Аналық плата процессор мен оперативті жадты байланыстыратын ақпараттық кеңарна - басқаша айтқанда «шина» орналасады. Шина сонымен қатар компьютердің басқа да ішкі құрылғыларын бір-бірімен байланыстырып тұрады. Аналық платаның жұмысын микропроцессордың микросхемалар жиынтығы - чипсет басқарып отырады.

Работа состоит из  1 файл

analik takwa.doc

— 381.00 Кб (Скачать документ)

    Қазақстан Республикасы Білім  және ғылым министрлігі

         Оңтүстік  Қазақстан облыстық білім басқармасы

             Кентау  көпсалалы колледжі 
         
         
         

     Зертханалық жұмыс №3 
 

Тақырыбы: Аналық тақша және қатқыл диск. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                           Тобы: АСУ 09-1

                    Орындаған: Өмірзақ С.

                                                     Әділханова А.

                                                     Тастанбеков М.

                       Қабылдаған: Ботабекова Ә.  
               
               
               
               
               
               
               

                      Кентау  2011ж

Тақырыбы: Аналық тақша және қатқыл диск.

Мақсаты: Аналық тақша және қатқыл дискке жеке-жеке анықтама бере отырып жұмыс істеу принциптерін меңгеру.

Кұрал-жабдықтар: компьютер, оқулықтар.

Жұмыстың  орындалу тәртібі.

    Аналық тақша - дербес компьютердің ең маңызды құрылғыларының бірі. Аналық плата процессор мен оперативті жадты байланыстыратын ақпараттық кеңарна - басқаша айтқанда «шина» орналасады. Шина сонымен қатар компьютердің басқа да ішкі құрылғыларын бір-бірімен байланыстырып тұрады. Аналық платаның жұмысын микропроцессордың микросхемалар жиынтығы - чипсет басқарып отырады.

    

             1-сурет. Аналық тақша 

Бейнебейімдеуіш немесе бейнетақшаның (сызбалық бейімдеуіш) кескіндерді сақтау үшін ғана пайдаланылатын меншікті оперативті жадысы бар (1-сурет). «Тұрғылықты жері» бойынша бұл жады көбінесе бейнежады (videoRAM немесе VRAM) деп аталады. Бейнежады көлемі неғұрлым үлкен болса, компьютер кескіндер мен бейнероликтерді соғұрлым үлкен ажыратылымдықпен және түрлі түстермен бейнелейді.

           

           1a-сурет. Сызбалық бейімдеуіш

     Дыбыстық тақша (дыбыстауыш) (1б-сурет). компьютерге жоғары сапалы дыбыс тудыруға және оны компьютерге жазуға мүмкіндік береді (1.10-сурет). Дыбыстық тақша ұсынатын дыбыспен жұмыс істеудің кеңейтілген мүмкіндіктері компьютерлік ойындарда және басқа қазіргі заманғы бағдарламаларда талап етіледі.

         

         1б-сурет. Дыбыстық тақша

     Порттар(1в-сурет).  – корпустың алдыңғы немесе артқы тақтасындағы ажыратқыштар, оларға әдетте кабель арқылы әр түрлі құрылғылар қосылады (1.13-сурет). Порттарға қосуға болатын құрылғылардың саны мен түрі компьютер порттарының саны мен түріне тәуелді болады.

             1в-сурет. Порттар.

     Желілік тақша компьютерді компьютерлер желісіне қосуға мүмкіндік береді (1г-сурет). Желілік тақшалардың бірнеше түрі бар: Ethernet, token ring және сымсыз желілерге қатынас құруға арналған тақшалар; ең танымалдары – Ethernet және сымсыз желілер

             

             1г-сурет. Желілік тақша

    Процессор немесе микропроцессор(1д-сурет).  компьютердегі орталық мәліметтер өңдеу құрылғысы болып табылады Процессор микросхема ретінде ұсынылған және оперативті жадымен қатар аналық тақшада орналасады. Процессорлар бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді орындайды. Процессор неғұрлым шапшаң болса, компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы соғұрлым жоғары болады. 
Процессордың жылдамдығы мегагерцпен (МГц) немесе гигагерцпен (ГГц) өлшенетін оның ырғақтық жиілігімен анықталады.  
Процессордың үстіне радиатор, радиаторға процессорды салқындатуға арналған желдеткіш (кулер) орнатылады.

               
        1д-сурет. Микропроцессор.

      Оперативті жад (ОЖҚ) – процессор жұмыс істеп тұрған кезде пайдаланылатын барлық бағдарламалар мен деректерді сақтауға арналған негізгі жад. Оперативті жадты осы бағдарламалар мен деректерді сақтау үшін қолданылатын ұяшықтардың жиынтығы десе де болады. Компьютер жұмыс жасап тұрған кезде процессор өзіне қажетті деректерді осы ұяшықтардан алып отырады. Оперативті жадта деректерді сақтау үшін оны үздіксіз электрмен қоректендіріп отыру керек. Компьютерді ажыратқанда – оперативті жадтағының бәрі өшеді, ал компьютерді қосқанда – барлық бағдарламалар мен деректерді процессордың өңдеуі үшін оперативті жадқа қайта жүктейді. Қазіргі операциялық жүйелер бірнеше бағдарламаларды қатар орындауға мүмкіндік береді және әрбір бағдарлама (немесе деректер файлы) жадтың өзіне бөлініп, арнайы бөлігіне жүктеледі. Оперативті жадтың көлемі неғұрлым үлкен болса соғұрлым көп бағдарламаны қатар орындауға болады. Компьютер жұмыс жасап тұрған кезде қолданылатын барлық деректер мен командаларды оперативті жадты қолданбай-ақ неге қатқыл дискінің өзінде сақтамасқа деген сұрақ тууы мүмкін. Бұл мүмкін емес, өйткені процессор қатқыл дискінің жадымен салыстырғанда оперативті жадтың ұяшықтарымен мыңдаған есе жылдам байланысады.

             

             1ж-сурет.  Дискжетек.

    Компьютердегі бағдарламалар мен деректерді ұзақ уақытқа сақтау үшін қатқыл диск немесе винчестер қолданылады. Компьютерді өшіргенде қатқыл дискідегі ақпарат ешқайда жоғалмайды. Қатқыл диск бір емес, сырты магнитпен қоршалған айналмалы бірнеше дискілерден тұрады. Қатқыл дискінің басты параметрі ретінде оның ақпарат сыйымдылығын айтуға болады. Қатқыл дискідегі ақпарат гигабайтпен (1гигабайт = 1024мегабайт) өлшенеді. Қазіргі қатқыл дискілерде 80-160гигабайтқа дейін ақпарат сыйғызуға болады.

      Қатқыл  дискіге «винчестер» деген атау әуелі қалжың ретінде берілген болатын, өйткені бұл құрылғының кейбір техникалық сипаттамалары шынында да осы бір американдықтардың сүйікті мылтығына ұқсас келеді. Кейін бұл атау үйреншікті болып кеткендіктен, винчестер деп тек қана мылтықты емес қатқыл дискіні де атайтын болды.

      Қатқыл  дискінің «қатқыл» деген атауына  қарамастан, бұл құрылғы аса күтімді  қажет етеді. Қатқыл дискіні қатты соққылардан, вибрациядан, магниттік өрістерден және суық пен ыстықтан қорғау қажет. Қатқыл дискіні басқа жерге тасымалдағанда аса ұқыпты, абай болу қажет.

                        

                       2-сурет. Қатқыл диск

             Қорытынды

      Біз аналық тақша мен қатқыл дисктер туралы мәліметтер жинадық. Аналық тақшаның ішкі құрылғыларымен таныстық. Аналық тақша мен қатқыл дисктің не екенін білдік.   

           Пайдаланылған әдебиеттер

 «Информатикадан 30 сабақ жалпы білім беретін мектептің жоғарғы сынып технологиялық колледждерге арналған» Е. Балапанов, Б. Бөрібаев, Дәулетқұлов Алматы – 2003 ж

«Информатика  негіздері» О. Камардинов Шымкент – 2003 ж

«Интернет» Л. Малахова С.П - 2000 ж

«Информатика  негіздері» ғылыми әдістемелік журнал

Информация о работе Массивтер ұғымы, олардың бағдарламада сипатталуы