Гидромелиоративтік жүйелер туралы жалпы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 19:46, реферат

Описание

Мелиорацияланған жердегі ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруде гидромелиоративтік жүйені ( ГМЖ ) осы жердің мелиоративтік режимін ( су, жылу, химиялық және қоректік заттар ) оңтайлы түрде реттеуге (басқару) арналған, ауылшаруашылығы өндірісі кешенінің бір бөлігі деп қарастыру керек.
Мелиорацияланған жер деп гидромелиоративтік жүйелер қызмет жасайтын ауылшаруашылығына арналған жерлерді айтады.

Работа состоит из  1 файл

Гидромелиортаивтік жүйелер СОЖ.doc

— 48.00 Кб (Скачать документ)

Гидромелиоративтік  жүйелер туралы жалпы түсінік.

 

Мелиорацияланған  жердегі ауылшаруашылығы өнімдерін  өндіруде гидромелиоративтік жүйені ( ГМЖ )  осы жердің мелиоративтік  режимін ( су, жылу, химиялық және қоректік заттар ) оңтайлы түрде реттеуге (басқару) арналған, ауылшаруашылығы өндірісі кешенінің бір бөлігі деп қарастыру керек.

 

Мелиорацияланған  жер деп гидромелиоративтік жүйелер қызмет жасайтын ауылшаруашылығына арналған жерлерді айтады.

 

А.Н.Костяков бойынша  техникалық жағынан гидромелиоративтік жүйе – жетіспейтін судың көлемін алып және оны мелиорацияланған жерге беруді қамтамасыз ететін, ауылшаруашылығы жерінің мелиоративтік режимін реттейтін, артық суды әкететін және оны тастайтын гидротехникалық бірлескен механизмінің жиынтығы. Ол қосымша екі жүйені енгізеді: суландыратын және құрғататын.

 

Суландыратын ( су әкелетін ) қосымша жүйе – жетіспейтін  судың көлемін су көздерінен алып оны мелиорацияланған жерге беруді қамтамасыз ететін, осы жерлердің  мелиоративтік режимін реттейтін  жүйелерді айтады. Олар, су алатын ғимараттардан ( су көзіндегі түйіндер ), реттеуші және өткізетін тізбектерден, суару техникасынан тұрады.

 

Құрғататын ( су әкететін ) қосымша жүйе  ауылшаруашылығы  жерінің мелиоративтік режимін  реттеуді қамтамасыз ететін, осы жерден артық судың көлемін және солармен бірге егінге зиянды тұздарды әкету, артық суларды су қабылдағыштарға тастау. Олар, реттейтін, өткізетін тізбектерден және су тастайтын ғимараттардан тұрады.

 

Гидротехникалық бөлімнен ( каналдар, ғимараттар ) басқа  гидромелиоративтік жүйе тағы екі түрлі нысана қосады: пайдалану мен басқаруға керекті техникалық құралдар мен жүйені басқаратын еңбек ұжымы.

 

 

Пайдалану мен басқаруға керекті техникалық құралдарға кіретіндер: ғимараттар, арнайы ғимараттар, техникалық қондырғылар, оның ішінде құрал-саймандар, артық бөлшектер және пайдалануға керекті заттар, ақпарат жинауға, жөндеуге, жеткізуге және дыбыс беру мен басқаратын орталықтар құру.

 

Еңбек ұжымы пайдалану қызметтерінің бөлімдер бойынша біріккен.

Кибернетиканың  көз қарасы ( басқарушы ғылым ) бойынша гидромелиоративтік жүйелердегі осы нысанның екі түрі қосымша басқару жүйелері болады, ал оның гидротехникалық бөлімі – қосымша жүйелерді басқару нысанасы болады.

 

Қосымша жүйелерді басқарушы гидромелиоративтік жүйелердегі судың ағынын жедел түрде, ауылшаруашылығы жерінің мелиоративтік режимін, гидромелиоративтік жүйелердің техникалық жағдайын қамтамасыз етеді. Қосымша жүйелерге басқару белгілерін беру үшін ол шешім қабылдайды, ал ол жақтан басқару нысанының жағдайы жайлы ақпарат түседі.

 

Гидромелиоративтік жүйелерде бірлесіп әрекет жасайтын екі қосымша жүйенің болуы ( басқарылатын және басқарушы ) оларды су шаруашылығы кәсіпорны деп қарастыруға негіз береді. Сонымен, гидромелиоративтік жүйе – бұл су шаруашылығы кәсіпорны, ауылшаруашылығы дақылдарынан жоғары өнім алу мақсатында, өзінің жұмыс істеу үрдісінде ауылшаруашылығы жерінің мелиоративтік режимін ыңғайлы басқару, топырақтың құнарлығын жақсарту үшін, оның эволюциялық заңдылыққа сай дамуын қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау.

 

Гидромелиоративтік жүйелерді олардың тағайындалуына байланысты суландыру, құрғату немесе құрғату ылғалдандыру деп атайды.

 

Ылғалдың жетіспеушілігіне және ауа-райының ыссы құрғақтығына байланысты құрғақ және шөлді аймақтарда суармалы гидромелиоративтік жүйелердің орны жоғары ( сурет 1 ).

 

Ылғалы мол және климаты  салқын, бірінші орында негізінен  құрғату, ал суару екінші орындағы гумидті  аймақтарда гидромелиоративтік жүйелерді  құрғату – ылғалдандыру жүйелері деп те атайды.

 

Жауын-шашыны мол  және ауа-райының температурасы төмен гумидті аймақтардың солтүстік – батысында суға деген мұқтаждықтың болмауы мүмкін. Бұндай жағдайда гидромелиоративтік жүйелер қосымша құрғату жүйесінен ғана тұрады, бұндай жүйелерді құрғату жүйелері деп атайды (сурет2).

 

Гидромелиоративтік  жүйе бір ізбен орналасқан және келісіп  әрекет жасайтын бірнеше бөліктерден  тұратын бөлімшелерден құралады, олардың бір-бірінен айырмашылығы міндеттеріне және құрылымдық орындалуына  байланысты.

 

Әдетте ГМЖ  келесі бөлімшелерге бөлінеді: сағадағы су алатын ғимарат; шаруашылық аралық суармалы тізбек; шаруашылықтың ішіндегі суармалы тізбек; суару техникасы; шаруашылықтың ішіндегі құрғату немесе суды әкету тізбегі; шаруашылық аралық құрғату немесе суды әкету тізбегі.

 

Сағадағы  су алатын ғимарат ( су алатын түйін ) суландыру көзінен су алуға арналған және келесі негізгі бөлшектерден тұрады: су алатын ғимарат ( су қабылдағыш ),  бөгет ( бөгеттегі су алу жағдайында ), сорап бекеті ( суды машиналар арқылы көтеру жағдайында ), қалқыған заттарды ұстайтын керегелер, балық қарғайтын гимараттар; тұндырғыштар; магистрал каналының бас бөлімшесі ( сағадағы су өлшейтін бектке дейін ).

 

Шаруашылық  аралық суармалы тізбек суарылатын (ылғалданатын) жерге суды әкелу ( тасымалдау ) және оны суармалы  алқаптармен су тұтынатын шаруашылықтарға бөлу үшін қызмет етеді.

 

Шаруашылық  аралық суармалы тізбек магистрал каналынан (каналдардан), шаруашылық аралық тартушы  каналдар мен құбырлардан, әр түрлі  гидротехникалық ғимараттардан (басқару  түйіндер мен су үрлегіштер, шаруашылыққа су беретіннүктелер, пропорциональді су үрлегіштер және т.б.) тұрады.

 

Құрғату – ылғалдандыру жүйелерінде жерді ылғалдау, тірек  жасау үшін қалқаланған жақтау шлюздерінің  көмегімен су тікелей өзен жақтаулары арқылы түсуі мүмкін.

 

Басқару түйіндер – бұл табиғи төмен жерлерге ( сай, өзендер, балқала ) суды тастауға арналған су шығаратын немесе арнайы тастайтын каналы бар, магистрал каналындағы су шығыны мен деңгейін реттеу және ұстап тұруға арналған түйіндегі гидротехникалық ғимараттар.

 

Су бөлетін  түйіндер – бұл төменгі реттегі шаруашылық аралық каналдарға және шаруашылықтарға су бөлетін нүктелерде суды бөлуге арналған түйіндердегі гидротехникалық ғимараттар.

 

Шаруашылыққа  су бөлетін нүкте – бұл суды тікелей су тұтынушыларға беруге арналған су шығаратын гидротехникалық ғимарат.

Шаруашылықтың ішіндегі суармалы тізбек суды ауыспалы егістерге , бригадаларға, суармалы бөлімшелерге бөлу және оны танаптардағы суару техникаларына  беру үшін қызмет етеді. Шаруашылықтың ішіндегі тізбек шаруашылықтың ішіндегі бөлгіш және танаптық каналдардан, астаулардан, құбырлардан, уақытша каналдардан, әр түрлі гидротехникалық ғимараттардан тұрады.

 

Суару техникасы ауылшаруашылығы дақылдарын суаруға арналған. Ол, жаңбырлатқыш аппараттарды, жаңбырлатқыш және суару машиналарын (қондырғылар) , суару түтікшелері және құбырларды, суаратын астауларды, суару жүйектері мен жолақтарын, атыздарды топырақ қабатындағы ( топырақ астындағы ) ылғалдағыштарды, аздан су шығаратын ( тамшылатқыштар ) құбырларды қосады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Қорқыт  Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік  университеті

 

 

«Су шаруашылығы» кафедрасы

 

 

 

 

Тақырыбы:  Гидромелиоративтік жүйелер туралы жалпы түсінік.

Орындаған:  Нұртазаева А.

Тобы:  ВРВ-08-1

Қабылдаған:  Тобжанова А.

 

 

 

Қызылорда 2011ж.

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Натальчук М.Ф., Ахмедов Х.А. Ольчаренко В.И. Эксплуатация гидромелиоративных систем. М.: Колос, 1983.
  2. Натальчук М.Ф., Ольчаренко В.И., Сурин В.А. Эксплуатация гидромелиоративных  систем. М.: Колос, 1985.
  3. Бочкарев Я.В., Натальчук М.Ф. Практикум по эксплуатации и  автоматизации гидромелиоративных систем. М.: Колос, 1980.
  4. Шаров И.А. Эксплуатация гидромелиоративных систем. М.: Колос, 1968.
  5. Ольчаренко В.И., Волковский П.А. и др. Эксплуатация гидромелиоративных  систем. М.: Колос, 1980.
  6. Водный кодекс Республики Казахстан.– Алматы: Юрист, 2004.-69 с.

 

 


Информация о работе Гидромелиоративтік жүйелер туралы жалпы түсінік