Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 18:32, реферат
Табиғат байлықтарының ішінде судың орны ерекше. Күнделікті адамзат қажеттілігі. Еліміздің су мәселесі жөнінде қазіргі уақытта көптеген қиындықтар туындап отыр. Толығырақ айтқанда келесідей мәселелер:
Ауылды таза ауыз сумен қамтамасыз ету;
Тұщы су мәселесі;
Су қатынастары мәселелерін реттеу;
Трансшекаралық су ағындарының режим проблемаларын шешу.
Табиғат байлықтарының ішінде судың орны ерекше. Күнделікті адамзат қажеттілігі. Еліміздің су мәселесі жөнінде қазіргі уақытта көптеген қиындықтар туындап отыр. Толығырақ айтқанда келесідей мәселелер:
Ауылды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету күн тәртібіндегі өткір мәселелердің бірі екені даусыз. Тіршілік нәрінсіз ілдәлдалап күн көріп отырған ауылдағы халықтың мұң-зары билік басындағылардың да құлағына тиіп, осы бағытта оң шараларды жүзеге асыру үшін қазына қаражаты қарастырыла бастады. Халық игілігіне жұмсалатын мемлекет қаражаты болғанымен оның да сұрауы бар. Сол себепті қолдағы бар қаражатты оңды-солды рәсуә етпей, оның тетіктері жан-жақты ойластырылып отыр.
Ақтөбе
облысы бойынша алты ауылдың тұрғындары
отырған орындарынан «
Бұл ауылдардың кейбіреулерінде бар-жоғы оншақты ғана үйден. Егер онда су жіберілсе, 50-60 млн. теңге кетеді екен. Одан да оларға жақын маңдағы даму болашағы бар елді мекендерден жер беріп, сонда қоныстануын қамтамыз ету әлдеқайда тиімдірек болмақ. Мұндай жерлерге су жіберілгеннен кейін газ құбырын, мектеп пен балабақша, жол салу жұмыстары да өз кезегінде туындайтыны белгілі. Ал, ол жұмыстарға шамамен 300-400 миллион теңге қарастыру қажет етіледі. Бұл туралы осы мәселені жан-жақты саралап, ой елегінен өткізген облыс әкімі Архимед Мұхамбетов мәлім етті.
Экономикалық
саралау негізін басшылыққа ала
отырып, бұдан бұрын жүргізілген
«Ауыз су» бағдарламасының
Облыс бойынша 2002 – 2010 жылдары 968 шақырымды құрайтын су құбырлары жолдарын салып, іске қосу жұмыстары жүргізілді. Бұған бюджеттен 12 млрд. теңге бөлінген. Соның нәтижесінде көптеген аймақтарда сапалы ауыз су мәселелері шешілді. Сумен үздіксіз қамтамасыз ететін жоғары деңгейлі су құбырлары Хромтау, Шалқар, Мұғалжар және Алға аудандарын қамтыды. Мұндай мүмкіндікке қол жеткізе алмай отырған шалғайда жатқан Байғанин мен Ырғыз аудандарының тұрғындары әлі күнге су тапшылығын сезінуде.
Ауылды
ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері
қарастырылған «Ақбұлақ»
2002-2010
жылдарға «Ауыз су»
Адам үшін тұщы судың негізгі көзі бұл – өзендер. Бірақ біз күнен күнге тұщы су мәселесімен жиі қақтығысамыз. Қазіргі уақытта көптеген өзендер өндіріс қалдықтарын тасиды. Өкінішке орай олар осы өзендер мен мұхиттарға түсіп жатады. Қолданылған тұщы су адамдар арқылы өзендерге ағынды су ретінде қайтарылады. Әрі тазартылған су қолдану қалпынан төмендеп барады. Өнеркәсіпке қолданылған суды мүлтіксіз тазарту мүмкін емес. Тұщы судың қазіргі негізгі мәселесі бұл сапасының нашарлауы болып табылады. Су тамақ даярлау мен ішуге жарамсыз деңгейге дейін жетті.
Әлемдік су шаруашылық балансы көрсетіп отырғандай жылына суды қолдану мөлшері 2200 м3 екен. Бұл дегеніміз дүниежүзілік тұщы судың 20 %-ы су ағынына ғана кетеді. 2005 жылдың есептеуі бойынша суды қолдану мөлшерін азайтса, ағынды суды тартып тастаса жылына 30-35 мың м3 кетеді екен. Ал бұл өте көп. Жер шарының көптеген аймақтарында су ресурстары азаюда. Сондықтан бұл мәселе жөнінде ойланған жөн. Бүкіл адамзатқа суды дұрыс бағытта қолдану қажет. Мәселен су ағынын шектеу қажеттілігі, антропогендік су топтамасын оқшаулау арқылы бұл мәселені шешуге болады.
Су
мәселесі бүгінгі таңда тек Орталық
Азияда ғана емес, тіпті жаһандық тұрғыда
талқыға түсіп жүргені белгілі.
Орталық Азия республикаларының экономикасы үшін су ресурсы өткен ғасырдың орта тұсынан-ақ өзекті де өткір проблемаға айналғанын ескерсек, оның әлдеқашан халықаралық маңызға ие болғандығы анық. ТМД мемлекеттері ішінде біздің еліміз өзен суымен өте төмен деңгейде қамтамасыз етілген. Географиялық жағынан барлық трансшекаралық – Ертіс, Сырдария, Жайық, Іле, Шу, Талас секілді өзендердің төменгі сағасында орналасқандықтан да болар, Қазақстан үшін бұл проблема күрделілігімен қатар, уақыт өткен сайын мүлдем жаңа түрге енетін құбылмалылығымен де қиындық туғызуда.
Өткенге біраз шегініс жасасақ, сонау 1992 жылдың ақпан айында Алматы қаласында Орталық Азия мемлекеттері арасында Сырдария өзенінің су қатынастары мәселелерін реттеу, трансшекаралық су ағындарының режім проблемаларын шешу, әсіресе, жазғы суармалы мерзім кезінде су ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғауды бірлесіп басқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған болатын. Ал 1998 жылдың наурыз айында осы өзеннің су-энергетикалық ресурстарын келісілген шартпен іске асыру мақсатында Орталық Азия экономикалық ынтымақтастығы ұйымының үкіметаралық негіздемелік келісіміне қол қойылды. Алайда, соңғы екі жылда аталған келісімдердің ережелерін Сырдария өзенінің жоғарғы сағасында орналасқан мемлекеттер толығымен орындамай отыр. Мәселен, Қырғызстан қысқы мерзім аралығында энергетикалық режімге сәйкес 19,5 млрд. текше метрді құрайтын Тоқтағұл су қоймасынан суды көп мөлшерде жіберіп, осы өзеннің төменгі ағысында орналасқан біздің Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының елді мекендерін су басу қаупін төндіруде. Ал Өзбекстан болса кейінгі кездері жылда түзілетін Сырдария өзенінің су ресурстарын пайдалану туралы, яғни жаз айларында алынған суға қырғыздың электр қуатын қабылдап, сәйкесінше Қырғызстанға газ беруге тиіс делінген мемлекетаралық келісім-шартты мойындамай келеді. Осы шарттың орындалмауы салдарынан бар ауыртпашылықтың салмағы төменгі сағада отырған Қазақстанның мойнына ауып отыр: жазда Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарының егінді аймақтарын сумен қамтамасыз ету үшін біздің еліміз екі мемлекетке қатысты алынатын электр қуатын өтеуге мәжбүр болуда. Тағы бір айта кетерлігі, арнайы белгіленген шартқа сәйкес өзен ағысы бойындағы су шаруашылығы құрылыстары тек мемлекетаралық келісім бойынша салынуы тиіс десек, Өзбекстан бұл жерде де басқаша қадамға барып, ешқандай келісімсіз Арнасай су қоймасын салып алды. Ал бұл өз кезегінде Шардара су қоймасынан апатты жағдайда жіберілетін секөнтіне 2160 текше метр су өтімінің төмендеуіне әкеп соғуда. Басқаша айтсақ, Өзбекстан алдымен өзін сумен қамтамасыз ету жағына бет бұрып, трансшекаралық өзендерді пайдалану ережесін ескерусіз қалдырды. Қырғызстан мен Өзбекстан бұл мәселеде қазаншының еркі бардың рөлін атқаруға тырысып бағуда.
Қазақстан
тарапынан осы мәселелерді
Трансшекаралық су мәселесінің енді бір ұшы Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынасқа тіреліп отыр. Қытай жағының трансшекаралық өзендерге қатысты мәселеге әлі де болса өзімбілемдік сақтықпен қарап келе жатқаны байқалатындай. Неге десеңіз, Қытай су қатынастарына арналған бір де бір конвенцияға күні бүгінге дейін қол қоймай келе жатыр. Екі мемлекет арасында өткен жылдың қазан айында Шанхай қаласында Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-Қытай комиссиясының үшінші бірлескен отырысы өткен болатын. Онда Ертіс және Іле трансшекаралық өзендерінің суын пайдалану жөніндегі келісімді әзірлеу туралы Қазақстан тарапының ұсынысы талқыланды. Кейбір сарапшылардың сөзіне қарағанда, “Қара Ертіс-Қарамай” каналы іске қосылғаннан кейін Қытай жағы Ертіс өзенінен 800 млн. текше метр көлемінде су ала бастаған. Ал оның көлемі кейін 1,5 млрд. текше метрге дейін жетуі мүмкін деген болжам да айтылуда. Біле білгенге бұл болашақта қиын жағдайға душар ететін көрсеткіш. Егер де Ертістің жалпы су ресурсының мөлшері шамамен 9,8 млрд. текше метр екенін ескерсек, Қытайдың бұл ұстанымы Қазақстанның ғана емес, сонымен қоса Ресейдің экономикасы мен экологиясына едәуір залал келтіретін болады. Мәселенің қай жаққа қарай бағыт алуы сол отырыста Комиссия шешімі бойынша Қазақстан әзірлейтін келісімнің жобасына және оның қабылдануына байланысты болмақ. Дайын болған кезде Қытай тарапына дипломатиялық жолмен жіберуі тиіс бұл жобаны әзірлеу жолдары әлі күнге дейін қарастырылу үстінде. Сала мамандары өз кезегінде келісім жобасын жасау үшін алдымен арнайы ғылыми негіздеме енгізу, одан барып ғылыми-зерттеулер жүргізу керек дейді. Сонда барып бұл мәселе бір ыңғайына келетін болады деген ұстанымдарын алға тартуда.
Су мәселесі бойынша менің ұсыныстарым: