Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 12:18, научная работа
1 Су бұру жүйелерін бекітілген қалақұрылысы жобаларын, даму сызбаларын және өнеркәсіп нысандарын Қазақстан Республикасының экономикалық аудандарына, орналастыру негізінде, сондай-ақ кешенді пайдалану мен су қорғаудың бас, бассейндік және аумақтық сызбаларының негізінде жобалау қажет.
2 Су бұру жүйелерінің жобаларын санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізетін уәкілетті мемлекеттік органдармен келісілу арқылы тазартылған тоспа сулардың аумақты суару және суармалау үшін пайдалану мүмкіншілігін қарастырып, су тұтыну және тоспа суларды тарту балансына міндетті түрде сараптау жүргізіп, сумен жабдықтау жобаларымен қатар әзірлеу қажет.
Жалпы ережелер
1 Су бұру жүйелерін бекітілген қалақұрылысы жобаларын, даму сызбаларын және өнеркәсіп нысандарын Қазақстан Республикасының экономикалық аудандарына, орналастыру негізінде, сондай-ақ кешенді пайдалану мен су қорғаудың бас, бассейндік және аумақтық сызбаларының негізінде жобалау қажет.
2 Су бұру жүйелерінің жобаларын санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізетін уәкілетті мемлекеттік органдармен келісілу арқылы тазартылған тоспа сулардың аумақты суару және суармалау үшін пайдалану мүмкіншілігін қарастырып, су тұтыну және тоспа суларды тарту балансына міндетті түрде сараптау жүргізіп, сумен жабдықтау жобаларымен қатар әзірлеу қажет.
Елді мекендер мен өнеркәсіп алаңдарындағы жаңбыр сулары мен еріген суды тарту құрылыстарын жобалаған уақытта өндірістік айналымды сумен жабдықтау үшін, суару және суармалау үшін тазартылған су мен жаңбыр суын пайдалану жолын алдын ала қарастыру қажет.
3 Нысандардағы су бұру сызбасы мен жүйелерін тоспа сулардың тазалануына қойылатын талаптарды, климат жағдайларын, төңіректегі жер бедерін, геологиялық және гидрологиялық шарттарды, су бұру жүйесінде орын алған жағдайда және басқа да факторларды ескеріп таңдау қажет.
4 Жобалау барысында олардың ведомствалық төркініне қарамастан, әр шығарылуда әр нысанға бөлек-бөлек тоспа суларды есептейтін аспаптарды орнатып, нысандардағы су бұру жүйелерінің біріктірілуі орынды ма, жоқ па, соны алдын ала қарастыру қажет, сонымен қатар қолданыстағы құрылыстарға берілген техникалық, экономикалық және санитарлық бағаларды ескеру, олардың барынша тиімді түрде пайдаланылу мүмкіншілігін алдын ала қарастыру қажет.
5 Өндірістік және қаланың тоспа суларын олардың сипатына қарай және мұндай сулар екінші рет қайта пайдаланылуы әбден мүмкін деген шартпен бірге немесе бөлек тазалауға жол беріледі.
6 Өндіріс орындарынан шыққан су мен жаңбыр суын тартатын су бұру жүйесін тазалайтын тазалау құрылғыларын «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және ҚР ҚНжЕ 3.01-01 талаптарына сай арнайы белгіленген орындарға орналастыру қажет.
7 Жобаларда қолданылатын негізгі техникалық шешімдер, олардың орындалу кезектілігі СанЕжН 3.01.054.97, «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына және су нысандарының қауіпсіздігіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар», «Коммуналдық арнаудағы нысандарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» және «Қазақстан Республикасында балық шаруашылығын жүргізу ережесі» талаптарының ескерілуімен ықтимал жолдардың техника-экономикалық салыстырылуымен негізделген болуы тиіс.
Су бұру
жүйелерінің желілері мен құрылыстарын
жобалау кезінде еңбекті көп
қажет ететін механикаландырылудың,
технологиялық процесстердің
8 Техника-экономикалық есептеулерді артықшылықтары мен кемшіліктерін өткізілуін белгіленген тәртіппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мақұлдаған әдістемелерсіз анықтау мүмкін болмайтын техникалық шешімдер (технологиялар, жабдықтар, материалдар) бойынша жүргізу қажет.
Қолайлы жол еңбек күшінің азайтылуын, жұмсалатын материалдық ресурстар, электр энергиясы мен отын шығымының азайтылуын қамтитын күрделі салымдар мен жұмсалатын қаражаттың оңтайлы шамасымен, сондай-ақ ӘН 2.1.5.732, ӘН 2.1.5.1183, «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына және су нысандарының қауіпсіздігіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар», «Коммуналдық арнаудағы нысандарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар», СанЕжН 3.01.054.97 және «Қазақстан Республикасында балық шаруашылығын жүргізу ережесі» талаптарының ескерілуімен анықталуы тиіс.
9 Су бұру жүйелерін жобалаған уақытта профилактикалық және жөндеу жұмыстарын пайдаланған және жүргізген кезде жұмысшылар үшін тиісінше еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптарын, қалыпты санитарлық-гигиеналық шарттар қою қажет.
10 Су бұру жүйесінің нысандары орналасатын және коммуникациялар өтетін жерлер, сондай-ақ тазартылған тоспа сулар мен судың беткі ағынның су объектілеріне шығарылу шарттары мен шығатын жерлер санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізетін, су ресурстары мен балық қорын қорғайтын уәкілетті мемлекеттік органдармен, ал дюкер кемеде жүретін тоспа сулар арқылы өткен уақытта өзен флотын басқаратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісілуі тиіс.
11 Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы су бұру сызбасын таңдаған уақытта:
- қалдықсыз және су пайдаланбайтын өндіріс орындарын, су шаруашылығының тұйық жүйе құрылғыларын іске енгізу арқылы, суды ауамен суыту әдістерін қолдану арқылы суытудың ластанған тоспа су көлемін азайту мүмкіншілігін;
- құрамынан жекелеген компоненттерді бөліп алу мақсатында тоспа су ағындарын жергілікті тазалау мүмкіншілігін;
- сапасына түрлі талаптардың қойылуымен түрлі технологиялық үрдістерде судың ілесіп пайдаланылу мүмкіншілігін;
- өндірістік тоспа суларды су объектілеріне немесе елді мекеннің немесе басқа да бір су пайдаланушының су бұру жүйесіне жіберу шарттарын ескеру қажет.
12 Өндірістік тоспа суларды коммуникация тораптарында газ тәріздес немесе қатты заттар түзілетін химиялық процесстер жүруі мүмкін екендігін ескеріп, түрлі ластаушы заттармен қосып тазалаған орынды болғанда ғана біріктіруге болады.
13 Өнеркәсіптік кәсіпорындардың су бұру желілерін елді мекендердің желілерімен біріктірген уақытта кәсіпорын аумағынан тыс жерлерде орналасқан бақылайтын құдықтар бар ағытқыштарды алдын ала қарастыру қажет. Әр кәсіпорыннан жеке-жеке тасталатын тоспа сулардың шығымын өлшеп отыратын құрылғының болуын ойластыру қажет.
Бірнеше кәсіпорынның өндірістік тоспа суларын кәсіпорындардың әрқайсысындағы бақылайтын құдықтардан өткеннен кейін барып біріктіруге болады.
14 Қосып тартылып, елді мекеннің тұрмыстық тоспа сулармен қосып тазалануға жататын өндірістік (өнеркәсіптік) тоспа сулар су бұру жүйесінің желілері мен құрылыстарының жұмысына кедергі келтірмеуі, су бұру жүйесінің желілері мен құрылыстарындағы элементтердің материалын бүлдірмеуі тиіс. Сонымен бірге оның температурасы 40ºС жоғары болып, «Елді мекендердегі су бұру жүйелеріндегі тоспа суларды қабылдау ережесі» талаптарына сай келуі тиіс.
Аталған талаптарға сай келмейтін өндірістік тоспа сулар алдымен тазалануы тиіс.
15 Селитебті аумақтар мен кәсіпорын алаңдарындағы беткі ағын қоршаған ортаны түрлі табиғи және техногендік қоспалармен ластайтын үдемелі ластаушы көз болып табылады.
Қазақстан Республикасының Су Кодексі
мен Қазақстан Республикасының
Экологиялық Кодексінің талаптарына
сәйкес су объектілеріне белгіленген
нормативтерге дейін
16 Тазалау құрылыстарына жаңбыр жауған уақытта, қар еріген кезде және жолдың үстін жуған кезде ластануына қарай ұқсас Селитебті аумақтар мен кәсіпорын алаңдарына келетін ағынның жылдық көлемінің 70% кем болмайтын мөлшерде және аумағы уытты қасиеті бар өзіне тән заттармен немесе көп мөлшердегі органикалық заттармен ластанған болуы мүмкін кәсіпорын алаңдарындағы ағынның бүкіл көлемінен жиналатын беткі ағынның анағұрлым қатты ластанған бөлігі жіберілуі тиіс.
Қазақстан Республикасындағы елді мекендердің көпшілігі үшін бұл шарттар тазалау құрылыстары ағынды жаңбырдың есептелген қарқынынан 0,05 жылдан 0,10 жылға дейін бір мәрте асатын кезеңділікпен жиі қайталанатын, қарқыны аз жаңбырды қабылдау арқылы есептелген уақытта орындалады.
17 Өнеркәсіптік аймақтардың, құрылыс алаңдарының, қойма шаруашылықтарының, автошаруашылықтардың аумақтарынан, сондай-ақ қалалар мен елді мекендердің (жанармай құю бекеттерінің, автотұрақтардың, автобус станцияларының, сауда орталықтарының) селитебті аумақтарында орналасқан аса ластанған учаскелерден шыққан беткі тоспа сулар жаңбыр суы тартылатын жүйеге немесе орталықтандырылған су бұру жүйесіне құйылмай тұрып, жергілікті тазалау құрылыстарында тазалануы тиіс.
18 Селитебті аумақтар мен кәсіпорын алаңдарынан су объектілеріне беткі ағынның шығарылу шарттарын белгілеген уақытта қалалық тоспа сулардың тасталу шарттары үшін Қазақстан Республикасының нормативтерін басшылыққа алу қажет.
Беткі ағынды тарту және тазалау
сызбасы, сондай-ақ тазалау құрылыстарының
конструкциялары олардың
19 Селитебті аумақтар мен кәсіпорын алаңдарындағы беткі ағындарды қоса алғанда, тоспа сулардың барлық түрлерін тазалау үшін қосып тартатын ортақ сал ағызатын және жартылай бөлек су бұру жүйелерінің тазалау құрылыстарын жобалаған уақытта тұрмыстық су бұру жүйесін жобалау бойынша осы нормативтің, сондай-ақ осы жүйелердің жұмысын реттейтін басқа да нормативтік құжаттардың нұсқауларын басшылыққа алу қажет.
20 Су бұру жүйелері мен оның жекелеген элементтерінің жұмысының сенімділігін анықтаған уақытта технологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық эәне су-қорғау талаптарын ескеру қажет.
Су бұру жүйесінің немесе оның жекелеген элементтерінің жұмысының тоқтап қалуына жол беруге болмайтын жағдайларда су бұру жүйесінің немесе оның жекелеген элементтерінің тоқтаусыз жұмыс істеп тұруын қамтамасыз ететін іс-шараларды қарастыру қажет.
21 Су бұру жүйесі атқаратын жұмыстың сенімді болуы оның элементтерінің (коммуникациялардың, жекелеген құрылыстардың, жабдықтардың) сенімділік дәрежесіне байланысты болып:
- қажетті өткізу қабілетінің сақталуымен;
- тоспа сулардың шығымы мен ластаушы заттардың құрамы өзгерген уақытта (белгілі бір шекте) тоспа сулардың тазалану дәрежесімен;
- олардың су объектілеріне тасталу шарттарымен;
- электр қуатымен жабдықтаудағы іркіліспен;
- коммуникацияларда, жабдықтар мен құрылыстарда орын алуы мүмкін апаттардың салдарымен;
- жоспарлы жөндеу жұмыстарының жүргізілуімен;
- ерекше табиғат жағдайларымен (сеймикалылық, топырақтың отыруы және т.б.) байланысты жағдайлармен сипатталады.
Су бұру
жүйелерінің жекелеген
22 Жобалау кезінде су бұру жүйесінің іркіліссіз әрі сенімді жұмысы:
- су бұру нысандарының электр қуатымен жабдықталуының тиісті сенімділігімен (тәуелсіз екі көз, резервтік автономды электр станция, аккумуляторлық батареялар);
- коммуникациялардың қосарлануымен, айналма сызықтар мен айналдырып жіберу құрылғысымен, қатар тұрған құбырлардағы айырып-қосқыштармен;
- артынан тазалануымен және қалыпты режимде жұмыс істеуімен апатты (буферлік) ыдыстар құрылысымен;
- қатар жұмыс істейтін құрылыстардың саны қандай да біреуі жөндеу үшін немесе профилактикалық жұмыстар үшін өшірілген кезде қажетті және жеткілікті тиімділікті қамтамасыз ететін секцияларға бөлінуімен немесе;
- бір арнаудағы жұмыс жабдығының резервтелуімен;
- жабдықтар мен құрылыстардың қуатының, өткізу қабілетінің, сыйымдылығының, беріктілігінің қажетті қорының қамсыздандырылуымен (техника-экономикалық есептеулермен анықталады);
- жүйенің өткізу қабілетінің азайтуға болатын деңгейінің немесе апатты жағдайларда тоспа сулардың тазалану тиімділігінің анықталуымен (уәкілетті мемлекеттік органдармен келісіліп) қамтамасыз етілуі тиіс.
23 Құрылыстардың біреуінде апат болған немесе ол жөнделген кезде осы арнаудағы қалған құрылыстарға түсетін жүктеме тоспа суларды тазалау тиімділігінің азаюысыз есептелген жұмыс өнімділігінің 8% бастап, 17% дейінгі көлемнен аспауы тиіс.
24 Су бұру жүйелерінің құрылыстарынан тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар мен тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары ғимараттарының шекарасына дейінгі санитарлық-қорғау аймақтарды келешекте кеңейтілетіндіктерінің ескерілуімен:
- елді мекендердің су бұру жүйелерінің құрылыстары мен сорғы станцияларынан;
- «Коммуналдық
арнаудағы нысандарға