Қазақ этнопедагогикасының ғылыми-теориялық мәселері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2012 в 22:16, реферат

Описание

Тарихи-педагогикалық әдебиеттердесоңғы уақытта "Халық педагогикасы" деген ұғымды зерттеушілер бір-біріне қарама-қайшы төрт тұрғыдан қарастырып жүр.Олардың біріншілері:халықтың санасына тән рухани құбылыс /феномен/ деп қараса,екіншілері:әр халықтың педагогикалық тәжірибесі,ал үшіншілері:халықтық педагогикалық ойлары мен іс-әрекетінің бірлігі,төртіншілері:халық тәрбиесі туралы ғылым деп қарайды.

Работа состоит из  1 файл

Қазақ этнопедагогикасының ғылыми.docx

— 17.29 Кб (Скачать документ)

                      Қазақ этнопедагогикасының ғылыми-теориялық мәселері

      Этнопедагогика мен халық педагогикасы деген ұғымдар бір ме?Болмаса олардың өзіндік ерекшеліктері,ғылыми анықтамасы бар ма?Бар болса,ол қандай?Этнопедагогиканың зерттеу объектісі не?Енді осы мәселерге арнайы тоқталайық.

      Тарихи-педагогикалық әдебиеттердесоңғы  уақытта "Халық педагогикасы" деген ұғымды зерттеушілер бір-біріне  қарама-қайшы төрт тұрғыдан қарастырып  жүр.Олардың біріншілері:халықтың  санасына тән рухани құбылыс  /феномен/ деп қараса,екіншілері:әр  халықтың педагогикалық тәжірибесі,ал  үшіншілері:халықтық педагогикалық  ойлары мен іс-әрекетінің бірлігі,төртіншілері:халық  тәрбиесі туралы ғылым деп  қарайды.                                                                                         

      Халық педагогикасының теориялық  негіздерін зерттеуші ғалым Е.Л.Христова  халық педагогикасын-"халықтың  таптық педагогикалық санасы"деп,ал"дәстүрлі  педагогиканы-белгілі ұлттық педагогиканың  санасы" ретінде қарастырады.             

      Зерттеуші педагог Г.С.Виноградов  халық педагогикасын халықтың  педагогикалық мәдениетінің құрамдас  бөлігі ретінде қарастырып,оны"жүйе" дегеннен гөрі,"білім мен дағдылар  жиынтығы" деген пікірді құптаған.Виноградовтың  пікірі бойынша,халық педагогикасын  педагогикалық теория емес,педагогикалық  практика,халықтың бала тәрбиелеу  тәжірбесі ретінде қарастыруы  қажет.

      Халық педагогикасымен ұзақ жылдар  бойы айналысып,кемелі үлес қосқан  көрнекті ғалым Г.Н.Волков педагогикалық  әдебиеттерге тұңғыш рет "этнопедагогика" деген ұғымды енгізген."Этнопедагогика-халықтың  жас ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесі  туралы,олардың педагогикалық көзқарастары  туралы ғылым.Этникалық педагогика  тарихи жағдайда қалыптасқан  ұлттық мінездегі ерекшеліктерді  зерттейді..Халық педагогикасы-халықтық  ауыз әдебиетінде,салт-дәстүрлерінде,ырымдарында,балалар  ойындары мен ойыншықтарында  мәңгі қалған педагогикалық мағлұматтар  мен тәрбиелеу тәжірибесінің  жиынтығы.Халық педагогикасы-халыққа  қажетті қасиеттерді қалыптастыру  үшін пайданылатын педагогикалық  мақсаттың,міндеттердің,әдіс-құралдардың,тәсілдердің,жиынтығы  мен өзара байланысы" дей  келе,"...бұл білім мен мағлұматтар,әдетте,ауызша  таралады.Оның зерттеу тақырыбы-тәрбие,ал  тәрбие объектісі-адам,тұлға",-дейді  Г.Н.Волков.

     Ал педагог және философ ғалым  Г.Н.Филоновтың анықтамасы бойынша:"Халық  педагогикасы-жергілікті халықтың  қабылдаған тәрбиелеу әдіс-тәсілдері.Бұлар  ұрпақтан-ұрпаққа өмір барысында  білім мен дағдылар арқылы  жасалып отырады.Халық педагогикасы  қоғамдық тәжірибенің,мінез-құлық,жүріс-тұрыс  ережелерінің,қоғамдық дәстүрлердің,белгілі  идеологияның жалғасуын бағыттап отырады.Халық педагогикасы моралъдық заңдар мен салттарда көрініс табады"

     Педагогикалық энциклопедиялық  сөздікте:"Халық педагогикасы  дегенміз-ұлттар мен ұлыстардың  әлденеше ғасырға созылған ұрпақ  тәрбиесіндегі ұлттық әдет-ғұрыптары  мен дәстүрлерінің,мәдени ойлау  процесінің эмпирикалық негіздегі  озық үлгілерінің жиынтығы.Халық  педагогикасының негізгі түйіні-еңбек  тәрбиесі және өндірістік білім,дағды,шеберліктерді  жас ұрпақтың бойына дарытып,адамгершілік,имандылық  рухында тәрбие беру",-деген  анықтама берілген.Осы анықтаманы  ғылыми дұрыс анықтама деп  санауға болады.

    Ал академик А.К.Конның басшылығымен 1983 ж."Педагогика" баспасынан шыққан  этикалық сөздікте "әдет-ғұрып  дегеніміз-белгілі бір қоғамда  немесе коллективте белгілі бір  тарихи жағдайда байланысты адамдар  арасында қалыптасқан қоғамдық  тәртіптің түрі.Ол әлеуметтік  өмірдің әр түрлілігіне және  күнделігіне қарамастан,белгілі  ұқсастық жағдайда адамдардың  біркелкі әрекет етуін қалайды.Яғни  бр қоғам ішіндегі адамдардың  еңбек ету тәсілдері мен әдістерінің  жалпыға ортақ болуын,олардың  саяси-қоғамдық іс-әрекетінің және  күнделікті тұрмыстағы қарым-қатынасында  немесе көзқарасында бірыңғайлылық  әрекеттің болуын талап етеді.Осының  бәрі әдет-ғұрыптың,салттың жиынтық  көрінісі болып табылады,"-деп  тұжырымдаса,ал"дәстүр дегеніміз-әдет-ғұрыптың  өмірдегі өсіп жетілген әр  түрлі формасы.Ол адамдардың белгілі  бір бағыттағы тұрақты іс-әрекеті  мен мінез-құлқының ұрпақтан-ұрпаққа  белгілі формада ауысып берілетін  түрі",-деген анықтама береді.

     Салт пен дәстүрдің айырмашылығы  неде дегенге келсек,салт адам  өмірінің күнделікті тіршілігінде(отбасынан  бастап қоғамдық өмірдегі қатынаста)  жиі қолданылатын мінез-құлық,қарым-қатынас  ережелері мен жол-жора,рәсім,задарының  жиынтығы.Ол жеке адам өмірінде  еңбек,іс-әрекет,адамгершілік-құқық,діни  ережелерімен байланысты көрініс  береді де,біртіндеп ауыл-аймақ,ру,тайпаға  ортақ рәсімге (ритуалға) айналады.

      Ал дәстүрлердің өрісі салттан  әлдеқайда кеңірек.Дәстүр қоғамдық  сананың барлық салаларымен байланыста  дамыған,топтасқан қауымның қалыптасқан  бірыңғай көзқарасын,әдет-заңын  марапаттайтын ритуал.Ол ғылымда,әдебиетте,мектепте,халықтық  ортақ өнерде немесе қоғамдық  қатынаста көрініс беретін құбылыс.Дәстүр  идеологияға жақындау да,ал салт  қоғамдық психологияға жақын.Мәселен,үлкенді  сыйлау,қонақ жайлық-дәстүрлер.Олар  көптеген салттардан,ырымдардан,жол-жоралардан,рәсімдерден  тұрады.

     Салт-дәстүрлер ұлттың ұлт болып  қалыптасуымен бірге туып,бірге  дамып келе жатқан тарихи жіне  көне процесс.Ол ұрпақ тәрбиесінен,мәдени  тұрмысы мен шаруашылық тіршілігінен көрініс бере отырып,адамның дүниеге келуімен бірге өрбіп, о дүниеге аттанып кеткенше құндақтайтын,тербететін алтын бесігі іспеттес.

      Дәстүр үшін өткен дәуірде  қалыптасқан көзқарас пен іс-әрекеттің  мәдени мұра ретінде сақталып,бүгінгі  күнге жетуі қажет.Мінез-құлықтың  мазмұны мен сыртқы көрінісінде,қолдану  стилінде бірізділік болуы керек.Яғни,мінез-құлықтың  сыртқы формасында ерекше тұрақтылықтың  болуы шарт.Ал ол форма белгілі  заңдылыққа айналғанда мінез-құлықтыңмазмұнына  үстемдік ете бастайды.Бұл жағдайда  дәстүр дағдылы рәсімге айналады.

      Философия ғылымының докторы,профессор  Н.Сәрсенбаев өзінің "әдет-ғұрып,дәстүр  және қоғамдық өмір" атты еңбегінде  әдет-ғұрып пен дәстүрдің қоғамдық  өмірден алатын орнына,атқаратын  қызметіне философиялық тұрғыдан  талдау жасап: "Дәстүрге әдет-ғұрыптың  өткен қоғамнан қалған озық  түрлері мен тұрмыстық формалары,ырым-жоралар,рәсімдер  жиынтығы кіреді",-дейді.Белгілі  бір қоғамда немесе ұжымда  қалыптасқан дәстүр,өзінің өмір  сүру заңдылығына толық ие  болғаннан кейін сол қоғамдық  өмірден жалғасын табады да,тұрақты  орын алады.Екіншіден,дәстүр әдет-ғұрыптың  жинақталған,көпшілікке ортақ салтанатты  түрде қолданылатын түрлері мен  рәсімдерін де қамтиды.Мысалы,әскери  салтанатты шерулер,әнұран ойнау,елтаңбаны,туларды  жатқызамыз.

      Үшіншіден,дәстүрге қоғамдық сананың  ғылым мен әдебиеттегі,көркемөнер  мен саясаттағы бағыттары енеді.Мысалы,біз  Пушкин,Горький,Абай,Науаилардың әдеби  мұраларын зерттеушілерді солардың  әдеби дәстүрін жалғастырушылар  деп,ал ғылымда Ломоносов,Менделеев,Павловтың  ілімдік дәстүрін жалғастырушылар  деп айтамыз.Дәстүр-тарихитұрақтаған,қоғамдық  қарым-қатынастық нормада бір  ұрпақтан екінші ұраққа жалғасып  жататын,көпшілік қоғам мүшелеріне  ортақ әдет-ғұрыптардың жинақталған  түрі.

      Әдет-ғұрып-рәсім арқылы көрсетілетін  әрекет,қимыл.Ол да көпшілікке  ортақ іс-әрекеттен көрініс береді.Ал  жол-жоралар,ырымдар- әдет-ғұрыптың  бөлшектері,сонан келіп салт пен  дәстүр тоғысып,туындайды.Бір әдет-ғұрыптың  бірнеше ырымдар мен рәсімдерден,дол-жоралардан  тұруы мүмкін.

      Ескере кететін жағдай,осы уақытқа  дейінгі орысша-қазақша,қазақша-орысша  сөздіктерде немесе пәндерге  арналған түсіндірмелі сөздіктерде  салт-дәстүр бір маынада беріліп  келеді.Сондай-ақ ырым,жол-жоралар,рәсімдердің  мағынасы ашылып ажыратылмаған.Тек  соңғы 1993 жылғы "Ғылым баспасы  арқылы шыққан профессор Қ.Жарықбаев  пен Ж.Наурызбаевтың қазақтың  ұлттық тәлім-тәрбие атауларының  қысқаша түсініктемесінде "Жол-жорағы (жөн-жосық) салт,дәстүр,әдет бойынша  берілетін ырым,кәде деп,біртабан  дұрыс анықтама беруге талпыныс жасаған.

      Біздің пікірімізше,ырым,рәсімдер,жол-жоралар  салттың құрамдас бөлшектері  болып саналады да,дәстүр осылардан  сұрыпталып,өмір өткелінен өтіп,тұрмысқа  тұрақты орын алған синтездік  формасы демекпіз.Ал әдет-ғұрыпқа  салттың синонимі деп қарау  керек.Бұл пікір профессор Н.Сәрсенбаев  та қуаттайды.Салт-дәстүрлер бір  жағынан халықтың тұрмыс-тіршілігімен  байланысты туған этнографиялық  құбылыс болып саналады,екінші  жағынан ұрпақ тәрбиесінің ритуалы  болып саналады.Сондықтан ұлттық  салт-дәстүрлердің мән-мағынасын  тәлімдік тұрғыда қарастырып,тозығынан  озығын айыра қарау,бүгінгі заман  талабына сай келетін прогрессивтік  мәнді дәстүрлерді ұрпақ тәрбиесінің  пәрменді құралы ретінде орынды  пайдалана білу қажет.

      Қорыта келгенде,этнопедагогика-фольклорлық шығармалар мен ұлттық салт-дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік мән-мағынасы мен оны оқу-тәрбие жүйесінде қолданудың әдіс-тәсілдерін зерттейтін педагогика ғылымының бір саласы.

      Салт-дәстүрлер халықтың тұрмыс  тіршілігімен,өмірге деген көзқарасымен  байланысты туып дамитын болғандықтан,оның  дінмен байланысын да сөз етуге  тура келеді.

      Халықтық ырымдарда шаман,ислам  дінімен байланысты наным-сенімдер  көптеп кездеседі.Мысалы,малға топалаң,ауру-індет  келгенде немесе куаңшылық,аптап  ыстық болғанда,құдайға жалбарынып  мал сойып,ақсарбас айту,тасаттық  беру,құдайдан жаңбыр тілеу немесе  бала көтермеген ата-аналардың  әулиелер басына түнеп,мал сойып,ақтық  байлауы т.б. діни наным-сенімдермен  байланысты туған ырымдар.

      Дінмен байланысты туған ырымдардың  адамды имандылыққа,тазалыққа тәрбиелеуде  прогрессивтік мәнінің болғанын,оның  халықтың табиғат-жаратылыс жөніндегі  түсінігі төмен,өзін қоршаған  ортаға эмпристік көзқарасы басым  кезіндегі түсінік,наным,сенімінің  елесі екенін жасыруға болмайды.

      Жалпы,дін мен ғылымның ұзақ  уақыт қатыр жасасып келе жатқанын,адамды  тәрбиелеуде екеуінің де белгілі  рөл атқаратынын,бірақ қоғам,табиғат-жаратылыс  заңдылықтарын түсіндіруде ғылым  мен діннің арасында үлкен  алшақтық барын ажырата білу  керек.Этнопедагогика ұлттық салт-дәстүрлердің  тәлімдік  мән-мағынасын зерттейтін  ғылым саласы болса,ал этнопсихология  халқымыздың сан ғасырлар бойы  қалыптасқан дәстүрлері мен салттарындағы  ұлттық сана-сезімін,өмірге деген  көзқарасын,өзіндік ойлауерекшеліктерін  зерттейтін ғылым.

                                                    


Информация о работе Қазақ этнопедагогикасының ғылыми-теориялық мәселері