Азамат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 05:40, реферат

Описание

Отбасы – некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алуыдың өзгеде нысандарынан туындайтын мүліктік жіне мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын ныңайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы. Некеге, отбасыға балалардың асырап алу, оларға қамқорлық жасау, ата-аналарды ата-ана құқығынан айыру және т.б. осы сияқты қатынастарды 17 желтоқсан 1998 жылы қабылданған ҚР Неке және отбасы туралы Заңдары реттейді.
Отбасылық құқықтық қатынастар – құқық нормасымен реттелген отбасы мүшелері арасындағы қатынастар. Отбасылық құқықтық қатынастардың субъектілері: ерлі-зайыптылар, балалар, басқа отбасы мүшелері мен жақын туыстары, заңмен белгіленген басқада адамадар.
Бұл жұмыста ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу нысандары жайлы, яғни балаларды асырап алушылар қорғаншылар мен қамқоршылар, патронаттар, асырап алудың Неке және отбасы Заңнамасы туралы қалай жүзеге асатыны, сонымен қатар ата-аналарды ата-ана құқығынан айыру туралы қарастырамыз.

Содержание

Кіріспе
1. Ата-аналардың қамқорсыз қалған балаларды тәрбиелеу нысандары.
2. Бала асырап алудың күшін жою.
3. Бала асырап алуды жарамсыз деп тану.
4. Қорғаншылык және қамқоршылық.
5. Ата-ана құқығынан айыру тәртібі.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Право №71 Есиркегенов Нурсултан.docx

— 34.50 Кб (Скачать документ)

Қорғаншы және қамқоршы болу жөніндегі міңдеттер тегін жүзеге асырылады. Қорғаншылық жасаушы  адам (қамқоршы) қамқорлыққа алынған  баланы өз каражатымен бағып, күтуге міндетті емес. Қамқорлыққа алынушылар өздерінің қаражатының есебінен (жалақысынын, алиментінің, зейнстақысының) күтімге алынады.

Қамқорлыққа алынушылардың  қаражат жағдайы болмаған кезде  қорғаншы және қамқоршы органдар оларды бағып, күтуге арналған жәрдем төлеуді  белгілеулері керек. Қорғаншылық жасаушылар қамқорлыққа алынушылардың заңды  өкілі ретіңде танылады және солардың атынан кажетті мәмілелер жасайды. Қамқорлыққа алынғандардың мүлкіне  иелік етудің тәртібі "Неке және отбасы туралы" Заңның 114-бабы арқылы реттеледі.

Қамқоршылық жасаушы адамдар  мәмілені өз бетінше жасай береді, бірақ бұл ретте қамқорлыкқа  алынушылардың келісімі қажет, онсыз  келісім заңсыз деп табылады.

Кейбір мәмілелерді қорғаншылар  мен қамқоршылар мүлде істей  алмайды. "Неке және отбасы туралы Заңның 114-бабының 3-тармағына сәйкес, қорғаншылык  және қамқоршылық жасаушы адамдар  өздерінің қамқорлыққа алып отырғандарымен мәміле жасауды жүзеге асыра алмайды. Қорғаншы адамдар камқорлықтарындағы адамдар мен өздерінің жұбайлары  немесе жақын туыстары арасында мәміле жасасылуын жүзеге асыра алмайды, ал қамқоршылық етушілер келісім жасалуына  рұқсат ете алмайды. Қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалмастан бұрын туындаған  қамқоршылыққа алынушының қорғаншысына (қамқоршысына), оның жұбайына немесе туыстарына қарыздары қорғаншы және қамқоршы органның рұқсатымен төленеді.

Қорғаншылардың және қамқоршылардың әрекетіне кез келген адам қамқорлыкқа  алынушының мүдделеріне сай қорғаншы және қамқоршы органға не оның тұрғылықты жері бойынша шағым жасай алады ("Неке және отбасы туралы" Заңның 117-бабы).

Қорғаншылық және қамқоршылық  жасаушы адамдар ауруға шалдығуына орай немесе басқа да себептермен  кызметтерін атқара алмай тын  болса, өздерінің өтініштері бойынша  бұл міндеттен босатылады.

Өзінің өкілеттігін теріс  пайдаланған жағдайда қорғаншыны (қамқоршыны) қорғаншы және қамқоршы орган міндетін орындаудан босатуы мүмкін.

Заңда қарастырылған шарттар  көзделген мақсат үшін орындалмаса, мысалы баланы басқа біреу асырап алатын болса, онда қорғаншылық пен  қамқоршылық жасау тоқтатылады. Кәмелетке толған, әрекетке қабілетті  адамдарға (мүгедектер, жасы келген адамдар) қамқоршылық жасау олардың өздерінің  арыздары бойынша тоқтатылады ("Неке және отбасы туралы" Заңның 115-бабы).

Заң жекелеген жағдайларда  қорғаншылық пен қамқоршылық  жасауды патронат нысанына да белгілейді. Патронат деп баланы тәрбиелеуге  алуға тілек білдіруші адам мен  қорғаншы және қамқоршы органдар арасында жасалған келісім бойынша баланың  сол отбасындағы азаматтың қарауына тәрбиелеуге берілуін айтады.

Патронат тәрбиешілер  тәрбиеге алынған балаға қатысты  қорғаншылар мен қамқоршылар  сияқты құқықтар мен міндеттерге  ие болады және оларға да осылармен  бірдей талаптар қойылады. Патронат тәрбиешілер сңбегіне қарай ақы алуға, қорғаншы және қамқоршы органдардан кемек сұрауға, тәрбиелеуге алынған балалар санына қарай жеңілдіктерге ие болуға құқылы ("Неке және отбасы туралы" Заңның 119-123-баптары).

 

Ата-ана құқықтарынан айыру.

Егер ата-аналар (олардың  біреуі):

  • ата-ана міндеттерін орындаудан, оның ішінде алимент төлеуден қасақана жалтарса;
  • өз баласын перзентханадан (бөлімшесінен) не өзге де балаларды тәрбиелеу, емдеу немесе басқа да мекемелерден алудан дәлелді себептерсіз бас тартса;
  • өздерінің ата-ана құқықтарын пайдаланып қиянат жасаса;
  • балаларға қатыгездік көрсетсе, оның ішінде олардың денесіне немесе психикасына зорлық-зомбылық жасаса, олардың жыныстық пәктігіне қастандық жасаса;
  • заңдарда белгіленген төртіп бойынша маскүнемдікпен, нашақорлықпен ауырады деп танылған болса, олар ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.

Өз балаларының не жұбайының  өміріне немесе денсаулығына қарсы  қасақана қылмыс жасаған жағдайда ата-аналар (олардың біреуі) ата-ана құқығынан  айырылуы мүмкін («Неке және отбасы туралы» Заңның 67-бабы).

Ата-ана құқығынан айыру сот тәртібімен жүргізіледі. Ата-ана құқықтарынан айыру балалармен туыстық фактісіне негізделген барлық құқықтардан, оның ішінде бала тәрбиелеу құқығынан, баланың мүддесін қорғау мен оның атынан өкілдік алу, баланы бөтен адамдардың қысымынан қорғау, кәмелетке толған балаларынан алимент алу, олар қайтыс болған жағдайда зейнетақымен қамтамасызетілу, балаларының мүліктерін мұраға алу құқықтарынан айырылуға және т.б. әкеп соғады («Неке және отбасы туралы» Заңның 69-бабы).

Ата-ананың бірі ата-ана құқықтарынан айырылған кезде бала оның екіншісінің  қарауына беріледі. Ал, ата-аналардың  екеуін де атаана құқығынан айырғанда  бала қорғаншы және қамқоршы органдардың  қамқорлығына беріледі.

Ата-ана құқығынан айыру  оларды өз баласын асырау міндетінен босатпайтынын есте ұстау керек.

Ата-ана құқығынан айыру  айыру ұзақ мерзімге белгіленеді. Сонымен  бірге балалардың мүддесін қажет  ететін болса, заң ата-ана құқықтарын қалпына келтіруді көздейді. Ата-ана  құқықтарын қалпына келтіру тек  сот шешімімен жүзеге асады. Сот  мұндай істі қараған кезде ата-аналардың  мінез-құлқы, тұрмыс салты өзгергенін және олардың балаға дұрыс тәрбие бере алатынын ескере отырып шешім  қабылдауға тиіс. Егер баланы басқа  біреу асырап алған болса және асырап алудың күші жойылмаса, сондай-ақ ол жарамсыз деп танылмаса, онда ата-ана  құқықтарын қалпына келтіруге болмайды («Неке және отбасы туралы» Заңның 70-бабы).

Неке және отбасы туралы жаңа Заң ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айырумен бірге оларды құқықтарынан айырмай-ақ, оны шектеу мүмкіндіктерін де қарастырады («Неке және отбасы туралы»  Заңның 71-73-бабы).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қорытынды жасайтын болсақ, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу үшін ҚР Неке және отбасы туралы Заңында бекітілген талаптарға сай келу керек. Балаларды асырап алу жөнінде Неке және отбасы туралы Заңның 80-бабына сәйкес шарттарында көрсетілгендер, кәмелетке толған адамдардан басқаларға, бала асырап алуға шектеулер бар. Заң бала асырап алудың күшін жоюдан басқа, бала асырап алуды жарамсыз деп тануды да қарастырады. "Неке және отбасы туралы" Заңның 92-бабына сәйкес бала асырап алу осы бапта қарастырылған жағдайларда жарамсыз деп танылады. Қорғаншылық пен қам-қоршылық ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу үшін, сондай-ақ өзінің құқығы мен оған жүктелген міндеттерді өз бетінше жүргізу мүмкіндігінен айырылған адамдардың жеке және мүліктік мүдделерін қорғау үшін белгіленеді.

Ата-ана құқығынан айыру сот тәртібімен жүргізіледі. Ата-ана құқықтарынан айыру балалармен туыстық фактісіне негізделген барлық құқықтардан, оның ішінде бала тәрбиелеу құқығынан, баланың мүддесін қорғау мен оның атынан өкілдік алу, баланы бөтен адамдардың қысымынан қорғау, кәмелетке толған балаларынан алимент алу, олар қайтыс болған жағдайда зейнетақымен қамтамасызетілу, балаларының мүліктерін мұраға алу құқықтарынан айырылуға және т.б. әкеп соғады («Неке және отбасы туралы» Заңның 69-бабы).

Ата-ананың бірі ата-ана құқықтарынан айырылған кезде бала оның екіншісінің  қарауына беріледі. Ал, ата-аналардың  екеуін де атаана құқығынан айырғанда  бала қорғаншы және қамқоршы органдардың  қамқорлығына беріледі.

Ата-ана құқығынан айыру  оларды өз баласын асырау міндетінен босатпайтынын есте ұстау керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Ғ.Төлеуғалиев.Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. 1-том.-Алматы 2001ж.
  2. С.Д.Баққұлов.Құқық негіздері.-Алматы 2004ж.
  3. Ғ.А.Жайлин. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім.1,2-том.Алматы 2003ж.
  4. Баянов Е. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері. Алматы 2003ж.
  5. Қ.И оспанов. Құқық негіздері. Алматы «Жеті жарғы» 2006ж.

Информация о работе Азамат