Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 20:54, реферат
Осы жұмысты азаматтық құқық жөніндегі қысқаша оқулық десе де болады. Әрине мұнда азаматтық құқықтың барлық мәселелері қаралауы мүмкін де емес, дегенмен бір тақырыпқа аса назар аудармыз. Қазақстан заңдары осынау өтпелі кезең атап жүрген, жаңадан қоғам мүлде басқаша қарым-қатынастар түзе бастаған әлеуметтік-экономикалық реформалардың өрбуі жағдайында азаматтық заңдар бұрынғы кеңестік қоғамдағы заңдарды алмастырып, оларды түбегейлі өзгертіп жаңа заманға лайықтап нарықтық экономикалық қатынастарды реттеуге бейімдеу жылдары болғаны айқын. Қазіргі кезде біздер бірнеше жыл бұрынға қарағанда мүлдем басқа құқықтық аяда өмір сүріп жатырмыз.
Кіріспе 2
1. Азаматтық құқықтың пәні 2
2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларымен шекарасы 7
3. Азаматтық құқықтың қағидаттары (принциптері) 9
4. Азаматтық құқық жүйесі 11
Қорытынды 15
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi. 16
МАЗМҰНЫ
Осы жұмысты
азаматтық құқық жөніндегі қысқ
Сонымен өзіме берілген азаматтық құқық тақырыбының біреуін, атап айтқанда азаматтық құқық құқық саласының бірі, оның түсінігі туралы баяндауға көшемін.
"Азаматтық
құқық" атауы ежелгі уақыттан
бері белгілі, оны римдік
Тарихтан белгілі римдіктердің құқығы осы атаумен белгіленді (квириттер құқығы). Римдік жүйе көне римдегі азаматтардың мемлекеттік, қоғамдық және жеке өзіндік қатынастарын реттеді және қазіргі Азаматтық құқыққа қарағанда ұғымы әлдеқайда кең болды. Қазіргі кезде Азаматтық құқықтың римдік атауы сақталғанымен онын мазмұны барынша өзгерді. Дей тұрғанмен оған қарамастан «цивил» атауы еуропалық құқықтануға еніп қана қоймай, заң терминологиясына кірді. Сондықтан да азаматтық құқықты цивилистік деп атайды, ал бұл саладағы мамандарды — цивилист деп жүр.
Римде құқықты жария және жеке деп екі салаға бөлгенін білеміз. Жария және жеке құқықтардың классикалық ара-жігін Ульпиан былайша ашып көрсетеді: "жария құқық дегеніміз рим мемлекетінің құқықтық мәртебесіне қатысты, ал жеке құқық болса жекелеген адамның мүлдесіне сай келеді".
Қазақстан Республикасының қазіргі құқық жүйесі жария және жеке құқық деп бөлінбейді. Біздің ұлттық азаматтық құқықты жеке және жария деп бөлу бірқатар елдерде, айталық Францияда, фРГ-де және басқаларында кездеседі. Бірақ мұндай бөлуді ағылшын құқығынан кездестіре алмаймыз. Олар құқықты "жалпы құқыққа" және "әділдік құқығына", тағы басқа деп бөледі. құқық тек өзіне ғана тән және белгілі бір ерекшеліктері бар институттардың аясында қалыптасты дей аламыз.
Сонымен қатар
азаматтық құқықтың әртүрлі жүйелерінің
арасында белгілі бір дәрежеде ұқсастықтар
бар. Сондықтан әлемдік азаматтық
құқықтық жүйелерде болып жатқан
процестер Қазақстан
Азаматтық құқық - Қазақстан
Республикасының құқық
Алдымен Азаматтық құқық пәнін анықтап, басқаша айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал азаматтық құқықтың пәнін анықтаудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы.
Құқық жүйесі іштей құқық салаларына бөлінетіндігі белгілі. Әдетте құқықтың қандай салаға жататындығын анықтау үшін оның пәні мен құқықтық реттеу әдістемесі қолданылады. Дәл осы пән мен әдістеме арқылы азаматтық құқықты Қазақстан Республикасының басқа құқық салаларынан ара-жігін айыра отырып, сонымен бірге оның салалық ерекшеліктерін де айқындауға болады.
Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды. Сонымен қатар мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар Азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар басқа заң құжаттарында өзгеше көзделмеген не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды (АК-тің 6 бабының 2-тармағы).
Азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар негізінен мүліктік қатынастар болып табылады. Материалдық игіліктермен (мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, құнды қағаздар және басқа да мүліктермен) байланысы бар қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мұндай қатынастар иемдену немесе мүліктің тиістілігіне қарай (заттық қатынас), мүліктің бір адамнан екіншісіне ауысуы, өтуі, меншік иесінің кайтыс болуына байланысты заттың тағдырын шешу (мұрагерлік қатынас) тәрізді қатынастар тұрғысынан көрінсе, онда олар азаматтық заңмен реттеледі. Бір сөзбен айтқанда, мүліктік қатынас дегеніміз мүліктерді сатып алу, иемдену, басқа адамдарға беру мен пайдалану жөніндегі қатынас болып табылады.
2. Азаматтық құқықтың әдістемесі
Құқықтың әрбір негізгі саласының өзіне тән құқықтық реттеу әдістемесі болады. Ал оның жеке қырлары субъектілердің құқылық жағдайында (статусында), құқық қатынастарын қалыптастыру негіздерінде, олардың мазмұнын айқындау әдістерінде және заң санкцияларында топтастырыла көрсетілген.
Мүліктік және мүліктік емес
қатынастардың азаматтық-
а) азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың жалпы құқықтық жағдайы олардың тауар-ақша және басқа қатынастарына негізделген Заңды түрдегі теңдігімен сипатталады (АК-тің 1 және 2-бабының 1-тармағы). К.Маркс "Капиталда" былай деп жазды: "Бұл заттар бір-біріне тауар ретінде қатысуы үшін тауар иелері бір-біріне адам ретінде, бұл заттарды еркімен билейтін адам ретінде қатысуға тиіс: сонымен, бір тауар иесі тек екіншінің еркі бойынша, демек олардың әрқайсысы екеуіне ортақ ерікті акт арқылы, өз тауарын басқаға бере отырып, өзге тауарды өзі иемденеді. Демек, олар бірін-бірі жекеменшіктік деп білуге тиіс". Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың заң жүзіндегі теңдігіне келсек, олардың азаматтық айналымда тең құқықты, тәуелсіз субъектілер екендігін көреміз, әрі оның әрқайсысы мүліктік окшаулыққа ие болады, сондай-ақ бір-бірімен қарым-қатынаста тең дәрежеде әрекет етеді. Бұл азаматтық құқық субъектілерінің бірде-бірі Азаматтық құқық қатынасында екінші жаққа біржақты міндет жүктеуіне болмайды деген сөз. Сонымен қатар құқықтық қатынастағы жақтардың араларында дау туындаған жағдайда, екінші жақ үшін міндетті болып табылатын шешімді қабылдай алмайды;
ә) азаматтар мен Заңды
тұлғалар өздерінің Азаматтық құқық-
б) тараптар азаматтық құқықтық қатынастарда тең дәрежеде қорғану құқығына ие және қорғанудың белгілі бір мүмкіндігін таңдауға ерікті (теңдік және тұлғалардың өз құқықтарын толық пайдалану мүмкіндігі).
Азаматтық құқықты қорғау
сотпен (төрелік сотпен немесе аралық
сотпен) жүзеге асады, бұл орайда Азаматтық
кодекстің 9-бабына сәйкес, қорғанудың
азаматтық істерді жүргізу
Бұдан бұрын айтылған құқықтық
реттеудің пәні мен әдістемесі азаматтық
құқықты онымен шектес басқа салалардан
бөліп қарауға мүмкіндік
Азаматтық және еңбек құқықтарының ара жігін ашу белгілі бір жағдайда өзіндік қиындықтар да туғызады. Бұл орайда Азаматтық кодекстің кейбір нормаларының тікелей еңбек қатынастарын реттей алатындығына мән берген жөн. Атап айтар болсақ, Азаматтық кодекстің 19-бабының 3-тармағы жеке кәсіпкер мен азаматтардың арасындағы еңбек шартын, оның ішінде келісім-шартты жасасу мүмкіндігі жөнінде болып келген дауларға нүкте қояды. Жоғарыда айтып өткеніміздей, еңбек қатынасына азаматтық құқықты қолдану мүмкіндігі Азаматтық кодекстің 1-бабының 3-тармағында ап-анық көрсетілген. Осы тұжырымдаманы түсіндіру жөнінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты 1995 жылы 22 желтоқсандағы Пленумында өзінің 110 қаулысын (нормативтік сипаты бар) қабылдады. Бұл қаулы "Моральдық зиянды өндіртіп алу туралы заңды соттардың қолдануы туралы" деп аталды. Оның 5-тармағында былай делінген: "Еңбек туралы заңдарда рухани немесе дене зардабын шеккендерге өтем төлету жөнінде тікелей айтылмауына қарап, жәбірленуші зиянның орнын толтыруға құқығы жоқ деуге болмайды. Сот КСРО мен республикаларының азаматтық заң негіздерінің 131 -бабына сүйене отырып, жұмыскерді заңсыз жұмыстан шығарғаны не басқа жұмыска ауыстырғаны үшін, оған еңбекақы төлемей, жұмыста мүгедектікке, кәсіби ауруға үшыратқаны үшін, сөйтіп, рухани жэне дене зардабына жол бергеніне байланысты жұмыс берушіден өтем төлеуді міндеттеуге құқылы".
Осы орайда еңбек құқығы пәнінің азаматтық құқықтан айырмашылығы — оның еңбек үрдісіндегі қатынасты реттеуінен көрінеді. Себебі онда еңбек нәтижесін алып беру жоқ. Жұмыс күші тауар болып табылмайды. Сол себепті де жекелеген жағдайда жалақы жұмыс күшінің құнын бағалаудың нысаны бола алмайды, жұмыскердің еңбегіне ақы төлеу — оның істеген ісінің саны мен сапасына қатысты келеді. Құқықтық реттеу әдістемесі тұрғысынан қарағанда жұмыскер жұмыс берушімен шарт жасасып, сол арқылы тең құқықты әріптеске айналатынын байқау қиын емес, дей тұрғанмен жұмыскер ақыр аяғында енбек тәртібіне бағынып, әкімшіліктің талабын, сондай-ақ оның еңбек ету міндетіне жататын басқа да міндеттерді орындайды.
Отбасы құқығы некеге және отбасына қатысты қатынастарды реттейді. Отбасы құқығы некеге тұру, некені бұзу және оны жарамсыз деп танудың жағдайы мен тәртібін реттейді, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасында қалу тәртібі мен түрін, азаматтық хал актілерінің тіркелу тәртібін, сондай-ақ отбасы мүшелері арасындағы мүліктік емес жеке қатынастарды айқындайды. Қажет кезінде туыстар мен басқа да адамдар арасындағы жағдайлар заңда көзделген ретте қаралады.
Отбасы құқығына реттеудің ерекше әдістемесі тән, ол ерікті түрде болады, ал жарлық ету түріндегісі — императивті, яғни бұйрықты сипатқа ие. Осы екі бастаудың өзі оның ерекшелігін білдіреді.
1. "Принцип''
(қағидат) термині латынның
Қағидаттар
Азаматтық құқық жүйесінде