Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 15:01, реферат

Описание

Оқыту мақсаты: Философия сөзінің мағынасы, философия ізденіс және адамның өз болмысының негізгі сауалдарына жауап табуы ретінде, философия данышпандылыққа құштарлық ретінде, парасатты және дұрыс өмір туралы ілім ретінде. Философиялық ойлаудың үлгілері. Дүниеге философиялық қатынастың ерекшелігі. Даналық - моральмен байланысқан, дұрыс өмір сүре білу дағдысымен, өз позициясын дұрыс таңдай білумен байланысты білім ретінде. Теориялық кәсіби философия және тәжірибелік өмірлік философия. Философия - адамның бағыт-бағдары тұрғысынан қарастырылатын идеялар, мәселелер туралы ойлау ретінде. Дүниетанымның типтері ретіндегі философия туралы түсінік. Миф, дін, философия, ғылым: олардың ортақ және ерекшелік сипаттары.

Работа состоит из  1 файл

Реферат философия.doc

— 64.00 Кб (Скачать документ)
     Оқыту мақсаты: Философия  сөзінің мағынасы, философия ізденіс  және адамның өз болмысының негізгі  сауалдарына жауап табуы ретінде, философия данышпандылыққа құштарлық  ретінде, парасатты және дұрыс өмір туралы ілім ретінде. Философиялық ойлаудың үлгілері. Дүниеге философиялық қатынастың ерекшелігі. Даналық - моральмен байланысқан, дұрыс өмір сүре білу дағдысымен, өз позициясын дұрыс таңдай білумен байланысты білім ретінде. Теориялық кәсіби философия және тәжірибелік өмірлік философия. Философия - адамның бағыт-бағдары тұрғысынан қарастырылатын идеялар, мәселелер туралы ойлау ретінде. Дүниетанымның типтері ретіндегі философия туралы түсінік. Миф, дін, философия, ғылым: олардың ортақ және ерекшелік сипаттары.

     Негізгі ұғымдар: Теориялық философия, дүниетанымның тарихи типтері: мифология, дін, философия.

     Қаралатын мәселелер:

1.      Философия пәні, генезисі және қазіргі әлемдегі рөлі.

2.      «Дүниетаным» ұғымы, оның құрылымы (дүниені түйсіну, дүниені қабылдау, дүниені ұғыну, дүниені түсіну).

3.     Мифологиялық       және діни дүниетанымның философиялық дүниетанымнан айырмашылығы.

4.      Философияның  даму тарихы.

5.      Философияның  негізгі функциялары.

     Философия - бүкіл ғылыми жүйелердің көнесі. Ол қауымдық құрылыс ыдырап, қоғам құл  иеленушілік дәуірге аяқ басар мезгілде, мифологиялық діни түсініктермен күрес барысында қалыптасты. Сол кезде пайда болған барлық білімнің басын құрады. Грек тілінен аударғанда «философия» ұғымы «данышпандыққа құштарлық» деген мағына беретіндігі де тегін емес. Философияның басты ерекшелігі әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастырады, оның ішкі байланысын, жалпы даму заңдылықтарын зерттейді. Яғни, ол -дүниетанымдық ғылыми жүйе болып табылады. Сондықтан философияның маңызын, құрылымын, пәнін тереңдеп білу үшін, ең әуелі, оның дүниетаныммен байланысын, арақатынасын қарастырамыз.

     Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз - айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас  дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән - мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы.

     Дүниеге көзқарас адам қоғамымен бірге пайда болған коғамдық тарихи құбылыс. Оның шығуының қайнар көзі - өмірдің өзі, адамның тіршілік болмысы. Расында, дүниенің пайда болуы, оның эвалюциялык тұрғыдан жетілу ерекшеліктері, адамның дүниедегі орны, болмыстын мән жайы, адамзат өніп - өсуінің сипаты мен бағдары сияқты мәселелер қай дәуірде де адамдарды толғандырып, көкейлерінен кеткен ізденіске салды. Сөйтіп, әлем құбылыстарын түсіндіруге талпынған әрекеттер дами берді. Ал қоғамдық өмірдің ілгері басуы, бір кезеңнен екіншісіне өтуі, олардың сабақтастығы, өмір салтының материалдық және рухани деңгейінің жоғарылауы, яғни еңбек өнімділігінің артып, тәжірибенің молаюы дүниетанымдық ықыласты жетілдіре түсті. Осы факторлар өмірдің негізгі мәселелерін ескерусіз қалдырмай, ол туралы түсініктерді үнемі дамытып, тереңдетіп отырды.

     Дүниеге көзқарастың негізгі ұғымдары «дүние»  және «адам». Олар ажырамас бірлікте. Яғни адамнан бөлектенген дүние және табиғат, сондай- ақ сыртқы дүниемен салыстырылмаған  адамның іс - әрекеті, ішкі рухани өмірі, әрқайсысы өз бетінше дүниетанымды құрай алмайды. Дүниеге қатынасы арқылы адам өзінің тағдыры мен өмірлік позициясы, сүйіспеншілігі мен сенімі туралы белгілі бір көзқарастар аумағын кеңейтеді. Адам мен дүние арақатынастары бір - бірімен жаңа байланыста қаралған сайын, сыртқы материалдық әлем және ішкі рухани дүние туралы түсініктер тиянақталынады.

       Осыдан келіп дүниеге көзқараста

      1) әлем, табиғат және қоғам туралы, олардың бірлігі туралы,

     2) адам және оның дүниедегі орны  туралы 

     3) болмыс пен болашақтың мән - жайы туралы көңілге қонымды түсініктер қалыптаса бастады.

     Дүниетанымның, дүниеге көзқарастың тұтастығын құрастыратын негіз- білім. Ертедегі ойшылдар тек білім ғана надандықты жоятынын, қала берсе, халық пен халықты  теңестіретін күш екеніне кәміл сенді. «Ештеңе білмейтін және бірдеңе білейінші деп талпынбайтын адам өте нашар адам» - деп ертедегі грек философы Платон бекер айтпаған. Әл-Фараби бабамыз айтқандай: «Білімді болу деген сөз - белгісіз нәрсені ашу, игеру қабілетіне ие болу деген сөз». Ал халық «білім - ырыс қазығы» дейді. Білім тереңдеген сайын, ғылыми арнаға түскен сайын одан бастау алатын дүниеге көзқарас та нақтыланып. ерекшеленіп, жүйелік тұрақтылық сипатқа ие болды. Білім адамның көкірегіне қоныс теуіп, санасына ұялап, оның өмір тәжірибесінің елегінен өтіп барып, сенімге айналады. Сенім - дүниеге көзқарастың түп қазығы, бағыттаушысы, адамның өз позициясына, тоқыған ойына, істеген іске, ұмтылған мұрат мақсатына деген беріктігі, сенімі берік адамның көзқарасы, дүниетанымы нақты, ісі қонымды, бағыты қашан да айқын.

     Дүниеге көзқарас адам қызметіне, оның белсенділігі мен әлеуметтік бағдарына шешуші ықпал етеді. Сондай-ақ, дүниеге көзқарастың  қалыптасуы мен дамуының өзі табиғи әлеуметтік және нақты мәдени ортаға тәуелді. Осы тұрғыдан алғанда дүниеге көзқарастарды ғылыми және ғылыми емес, қарапайым деп бөлуге болады.

     Дүниеге көзқарастың кең тараған түрі - ғылыми емес, қарапайым көзқарастар. Олар күнделікті қызмет - әрекет барысында  қалыптасады. Өмірдің қалған салаларына назар аудармайды, жеке фактілерден нәр алып, олардың сапалық ерекшеліктерін ескере бермейді. Дәйекті білімнен гөрі жалпылама. сыдыртпа «білімпаздық» басым. Сөйтіп, қарапайым дүниетанымда мифологиялық, діни және ғылыми көзқарастар, материалистік және идеалистік ағымдар араласып, шатысып жатады.

     Ал  тарихи тұрғыдан алғанда қоғамдық өмірдің  болмысы мен санасының жетілу дәрежесіне байланысты дүниеге көзқарастың  мифологиялық, діни, натурфилософиялық  және философиялық түрлері қалыптасты. Адамзат қоғамымен бірге қалыптасқан  мифологиялық дүние көзқарасына тән нәрсе - адам қоршаған ортадан өзін ажырата алмауы, құбылыстардың құрамындағы ұқсастықты ғана пайымдау, сананың, өнердің, дәстүрдің бір ғана сипатына - символдық қызметіне ерекше көңіл бөлу. Осыдан келіп, мифтік көзқараста білімсіздік, ырымшылдық, аңқаулық, алданушылық, бұрмалаушылық пен соқыр сенім элементтері қат-қабатымен кезігеді. Миф - адамның қауымдық санасының алғашқы қалыптасуының көрінісі. Ол ешбір құбылыстың түп негізін, шығу себебін ашпайды. Тек ғажайып құбылыстарға көңіл аударады, оларды сол күйінде ұғынуды, қабылдауды талап етеді.

     Дүние негіздегі дүние көзқарасы мифологиялық сананың табиғи жалғасы. Діни дүниетаным табиғаттан тыс, құдіретті күшке адамның мүлтіксіз бағынуын уағыздайды. Адам санасында табиғи құбылыстардың бұрмаланған бейнесін туғызады, оны табиғатты өзгерту мүмкіндігінен шеттеуге бейімдейді.

     Мифология мен діни сананың кемістіктеріне қарсы күресті біршама батылдықпен жүргізген натуралистік философия болды. Ол жеке жаратылыстану ғылымдарының тұжырымдарына сүйене отырып, табиғат туралы тұтас көзқарас қалыптастыруға тырысты. Бірақ онда дүниені өзгермейтін нәрсе ретінде қарастыру басым еді.

     Натуралистік  дүниеге көзқараста жаратушының даралығын дәлелдейтін тұжырымдар да аз емес. Әйтсе де, Х^Ш-ХІХ ғ. бұл дүние танымда табиғатқа деген материалистік көзқарас жүйеге келтірілді. «... сол кездегі философияның сіңірген аса зор еңбегі мынау деп білу керек , - дейді Энгельс, - ол өз заманындағы жаратылыстану-ғылыми білімдердің таяздығына қарамастан, түзу жолдан жаңылған жоқ. Спинозадан бастап ұлы француз материалистеріне дейін ол дүниенің мәнін өзі арқылы түсіндіруге табандылықпен әрекеттеніп, мұны толық дәлелдеп шығу ісін болашақ жаратылыстануға тапсырды ».

     Ал, философиялық ой-толғамдар мен тұжырымдар таптық қоғамның орнығуы барысында, яғни ертедегі Қытай, Греция, Үнді елдерінде  айқынырақ қалыптасты. Осы кезде  экономика мен сауда-саттық, саяси  құрылым мен мәдениет ошақтары ірі-ірі қалаларда шоғырланды. Жерге жеке меншік орнады. Өндіріс құралдарының шоғырлануы еңбек бөлінісін тездетті, әрі тереңдетті.

     Біреулердің қолында өндіріс байлығы, саяси  билік, жерді, сондағы бар мүліктерді иемденуге мүмкіндіктері сақталынды. Басым көпшілік, бұқара қауым мұндай игілік пен праводан мүлде айырылды.

     Өндіріс өсті, өндіріспен бірге өндіргіш күш  те жетілді. Осыдан адамның табиғи ортадан  тәуелсіздігі дербестелінді, керісінше, адамдар арасындағы қарым - қатынаста  практикалық саяси тәуелділік тұрақталынды. Қоғамдық қайыршылықта адамның әлеуметтік жағдайы мен жеке билік арасындағы алшақтық күшейе түсті. Жеке билік өзімшілдікті орнықтырды, оған әлеуметтік мән берді. Таптық қайшылық қоғамдық өмірдің күрделі мәселелерін күн тәртібіне қойды. Қайшылық салдарынан таным мен өндіріс қызметі, ой еңбегі мен дене еңбегі бір-бірінен дараланып бөлінді. Білім жеке биліктің есебімен ғана практикалық қолдау тапты. Міне, осы жағдайда дүниеге деген көзқарас қалыптасты. Бір жағынан, өмір мен сұлулық, бақыт пен болашақ жайлы сезімтал көзқарастар дами түсті. Жеке адамның артықшылығын мойындаушылық үдеді. Адамзат күші табиғаттағы ең керемет күш деп ұғынушылық негіз алды. Адам өз тағдыры үшін өзінің де, өзгенің де ой-пікіріне талғаммен қарайтын болды.

     Екіншіден, шындық пен білім үшін күрес ымырасыздықпен жүргізіліп, шынайы күшке қуат берді. Ертедегі грек ойшылдары үшін философия дегеніміз - болмыстың алғашқы бастамасы мен себебін іздеу, мән жөніндегі ілім, шындықты пайымдау, болмысты құдірет күш - аллатағаламен теңестірудің баламасын табуға үйрететін қабілеттілік деп түсінді.

     Парасат пен дүниені ұғыну өздігімен  келмейді, күресте қалыптасады. Ал күрес  білім мен практиканың көкжиектерін кеңейтті, мифологиялық наным мен  теріс ұғыныстардың қай - қайсысына  болмасын бөгет жасады. Әлеуметтік дертке қарсы күресте адам да, қоғам да, олардың көзқарастары да мәдениеттің жаңа сатысына көтерілді. Билікке қарсы ымырасыздықтың барысында ескі мифологиялық санадан жаңа философиялық білімге бетбұрыс басталды.

     Ой  жүйесінің жоғарғы деңгейі - дүниеге философиялық көзқарас. Дүниеге философиялық көзқарас дегенде дүниені, табиғи және қоғамдық құбылыстарды ой жүзінде түсініп - ұғыну, табиғат пен адам арасындағы байланыстар, әрекеттің және қарым - қатынастың санада ерекше бейнелеу формасын айтамыз.

     Адамдардың  жаһанды танып - білуге, тіршілік болмысының мән - жайын ұғынуға және болашаққа көз жеткізуіне көмектесетін идеялар, принциптер, теориялар, мақсат- мұраттар дүниеге философиялық көзқарасты құрайды. Сонымен бірге сана қызметін реттеуші ой - пікірлер, адамның әлеуметтік позициясын бейнелейтін білімдер бағдары да оған негіз болады.

     Философия адам санасының мазмұны мен табиғаты туралы мәселені зерттейді. Сана дүние  туралы ой, бейне мен ол ойдан  тысқары тұрған әлем арасындағы қатынас  арқылы талдауға алынып, карастырылады. Басқаша айтқанда, философ өз ойлауының жемісін өзінен тысқары тұрған тәуелсіз дүниемен салыстырады. Осы бағытта ол ақиқат пен адасудың, білім мен болжамның, болмыстың шындығы мен ол туралы қиял пікірдің ара жігін ажыратудың қажеттілігін және маңызын түсінеді.

     Философия таным процесінде ненің дәлелді, дұрыстығын және керісінше, ненің дәлелсіз, қателігін көрсететін мәселелерді  қарастырады, теориялық ойланудың  жалпы танымдық мәселелерімен шұғылданады. Философияның тарихында дүниеге  көзқарас ұдайы өзгеріп, толысып отырады. Дегенмен дүниетанымдық процесте үнемі кезігіп отыратын мәселе де бар. Ойлаудың болмысқа қатынасы туралы мәселе .   
 
 
 
 
 

      Негізгі әдебиет:

Спиркин А.Г. Философия. Оқулық. М., 2000. Философия. Оқулық. Губин  В.Д. М., 1996. Философиялық сөздік. М., 1996. Кішібеков Д., Сыдыков Ү. Философия. А., 2000. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Философия тарихы. А., 1999.   

Қосымша әдебиет:

Мир философии: в 2-ч. раздел І. Предмет философии. М.,

 

Информация о работе Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және дамуы