Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 12:39, реферат

Описание

Әкімшілік құқық – бұл қоғамдық қатынастардың ерекше тобын реттеуге арналған ҚР құқықтық жүйесінің саласы. Олардың басты ерекшелігі олар
Әкімшілік құқықтың пәні - бұл мемлекеттік басқару сферасында туындайтын, дамитын және тоқтатылатын қоғамдық қатынастар.

Работа состоит из  1 файл

әкімшілік құқық бұзушылық.doc

— 123.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының  Әкімшілік Құқығы 
 

     Әкімшілік құқық – бұл қоғамдық қатынастардың ерекше тобын  реттеуге арналған ҚР құқықтық жүйесінің саласы.  Олардың басты ерекшелігі олар  

     Әкімшілік құқықтың пәні -  бұл мемлекеттік басқару сферасында   туындайтын, дамитын және тоқтатылатын  қоғамдық   қатынастар. 

     Әкімшілік құқықтың пәніне мына қатынастарды жатқызуға болады: 

1)  Атқарушы  билік органдарының ұйымы байланысты;

2) Басқаруда  атқарушы билік органдарының  әкімшілік – биліктік өкілеттіліктерді  жүзеге асыру  барысында және  азаматтармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес  ұйымдармен өзара  әрекеттерінде  туындайтын;

3) Әкімшілік  құқық  бұзушылықтарды   істегені  үшін  туындайтын; 

     Әкімшілік құқық  үшін тән құқықтық реттеу әдістері: 

1) Билік әдісі  – бағындыру, немесе  тура бұйыру  әдісі ( қатынастар әкімшілік құқықтың шегінде біреуінің екіншісіне бағынуына  тұрғызылады);

2) Ұсыну  әдісі  (басқару  субъектісінің ұсыныстары  егерде оны  басқару екінші  қатысушысы қабылдаған жағдайда  заңды күшке ие болады)

3) Келісу әдісі (өзара бағыныштылықта болмайтын қатысушылар арасында)

4) Теңдік  әдісі  (мемлекеттік механизмнің  бір   деңгейінде  тұратын  субъектілер   әкімшілік келісімшарт түрінде   бірлескен әрекеттерді қабылдайды) 

     Әкімшілік құқықтың жүйесі -  бұл салаларды құрайтын салашықтарға жиыстырылған топтар – құқықтық институттар бойынша  бөлінген  құқық нормаларының  ғылыми – ұйымдастырылған  жиынтығы – біртұтас  нормативті  құрылым. 

     Әкімшілік құқықтың қайнар көздері – бұл басқару қатынастарының субъектілерінің  мінез – құлық ережелері көрсетілген  және бекітілген мемлекеттік билік   ресми түрде мақұлдаған нысандар. 

     Құқықтың қайнар көзі болып табылуы үшін  әрбір осындай нысанда бірқатар мынадай белгілер болуы қажет: 

1) Субъектілердің  белгілі бір категориялары  орындау үшін  міндетті  бір немесе бірнеше мінез – құлық ережелері (құқық нормалары) болуы қажет.

2) Осындай   болуы  үшін  мемлекеттік билік  ресми түрде  мақұлдауы қажет. 

     Әкімшілік құқықтың басқа құқық салаларымен  арақатынасы -  әкімшілік құқық бірыңғай жүйенің  құрамды бөлігі бола отырып құқық  салаларының барлығымен өте  тығыз байланысты. 
 

Әкімшілік құқық бұзушылық 

     ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 28 бабына сәйкес Әкімшілік құқық бұзушылық – бұл  мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, белгіленген басқару  тәртібіне  қол сұғатын, құқыққа қайшы, кінәлі әрекет немесе әрекетсіздігі, сол үшін заңнамада әкімшілік жауаптылық қарастырылған (мультимедиялық-презентация).              

     Әкімшілік құқық бұзушылық ерікті мінез –құлық актісі – іс-қимыл болып табылады және мінез – құлықтың екі аспектісінен тұрады: әрекет немесе әрекетсіздік. Әрекет-бұл міндеттерді, заңды талаптарды белсенді о орындамау, сонымен қатар тиым салушылықты бұзу (мысалы, егінді улау немесе ауыл шаруашылық дақылдарын жою, көкнәр немесе сораны заңсыз егу және өсіру). Әрекетсіздік  -бұл міндеттемелерді бәсең орындамау, мысалы, мемлекеттік статистикалық байқауды жүргізуден бас тарту, өндіріс қалдықтарын көму бойынша және ағынды суларды төгудің талаптарын орындамау. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау әкімшілік жауаптылықтың, тұлғаға әкімшілік жаза  қолданудың  фактілік негізі болып табылады(нормативті негізі – құқық нормасы, соған сәйкес әкімшілік жауаптылық  белгіленеді және қолданылады). 

     Әкімшілік құқық бұзушылықтың негізгі белгілері: 

1) қоғамдық қауіптілік -  бұл іс - әрекеттің қоғамның, мемлекеттің, азамататрдың мүдделеріне  зиян келтіруі, мысалы, ұсақ бұзақылық,  мас күйінде  көлік құралдарын  басқару

2) құқыққа қайшылық  – құқық нормасын бұзатын іс-әрекеттерді  жасауы

3) кінәлілік  – бұл ерікті, саналы іс - әрекет. Кінә тұлғаның істеген ісіне және оның салдарына психикалық қатысын білдіреді. Іс-әрекетті құқық бұзушылық деп деп тану үшін оның  ерік-жігерлік және саналы көрініс екендігін анықтау қажет, яғни саналы ойлайтын адамның психикалық қызметінің нәтижесі екендігін анықтау қажет.

4) жазаланушылық  – бұл іс-әрекет әкімшілік  құқық бұзушылық деп танылады, егерде оны істегені үшін заңнамада  әкімшілік жауаптылық қарастырылған  болса.

5) жаппай өріс  алуы  (массовость) - бұл егерде  қандайда болмасын іс-әрекетті істеудің таралуы, жаппай өріс алуы  қоғамдық қатынастарға  қауіп төндірсе, заң шығарушы  осы қатынастарға қорғалатын мәртебе  беруге мәжбүр, заңнамалық түрде мінез-құлық ережесін  бекітуге және   оны бұзғаны үшін жауапкершілік белгілеуге  мәжбүр болады.  

     Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы - бұл әкімшілік жауапкершілікке тартатындай жеткілікті белгілердің (элементтердің) жиынтығы. 
 
 

Әкімшілік жауапкершілік түсінігі мен негізгі белгілері 

 

     Әкімшілік жауапкершілік – бұл әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаға өкілетті органның (лауазымды тұлғаның)  қолданатын әкімшілік жаза түріндегі әкімшілік  мәжбүрлеу. 

       Әкімшілік  құқық бұзушылық  жасаған  кінәлі адамға өкілетті  мемлекеттік органдар әкімшілік  жауапкершілік  түрінде  мемлекеттік  мәжбүрлеу шараларын қолданады. Әкімшілік жауапкершілікті  сот және Парламент, Президент, Үкімет, заңды негізде  мемлекеттік жергілікті өкілді және атқарушы органдарда белгілеуге құқылы. Әкімшілік жауапкершілікті реттейтін негізгі нормативті-құқықтық акт - ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі (2001 жылы 30 қаңтарда қабылданған). Әкімшілік жауапкершілікке мынадай белгілер тән: 

1) құқықтық тәртіпті  бұзудан қорғау  құралы болып  табылады;

2) әкімшілік  жауапкершілікті заңдар, заң күшіндегі   актілер немесе олардың әкімшілік  құқық бұзушылық туралы нормалары белгілейді;

3) әкімшілік  жауапкершіліктің негізі - әкімшілік  құқық бұзушылық;

4) әкімшілік  құқық бұзушылық жасағаны үшін  әкімшілік жаза қарастырылған;

5) әкімшілік  жазаны  мемлекеттік басқару органдары және олардың лауазымды тұлғалары өздеріне бағынышты емес құқық бұзушыларға қолданады;

6) әкімшілік  жазаны қолданғанда бас бостандығынан  айырлмайды және жұмыстан шығару  негізі болып табылмайды;

7) әкімшілік  жауапкершілік шараларын әкімшілік  құқық бұзушылық туралы істер бойынша  реттейтін заңға сәйкес қолданады. 

         Әкімшілік жауапкершілікке  әкімшілік  құқық бұзушылық жасаған кезде  16 жасқа толған  тұлғалар тартылады. 

        Кәмелетке толмағандардың  әкімшілік  - құқықтық жауапкершілікке тартылуы.  16 жастан 18 жасқа дейінгі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған  тұлғаларға кәмелетке  толмағандардың істері  бойынша Комиссия туралы жағдаймен қарастырылған шаралар қолданылады. Қазіргі уақытта  Қазақстан кәмелетке жасы толмағандардың құқық бұзушылықтарын қарау үшін Ювеналдық юстиция енгізілі отыр. 

       Әскери қызметкерлердің жауапкершілігі. Әскери қызметкерлер және  әскери  міндетін өтеуге шақырылғандар,  Ішкі Істер органдарының қатардағы   және басшылық ету құрамындағы   тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық жасағанда  тәртіптік жарғылары бойынша жауапкершілікке тартылады. Осы аталған  тұлғалар жер қойнауын, жер  және су ресурстарын, атмосфераны, жан-жануарлар мен өсімдік әлемін тиімді пайдалану және қорғау ережелері мен нормаларын  бұзғаны үшін, жол жүру режелерін, кедендік ережелерді, карантин бойынша ережелерді бұзғаны үшін және контрабанда үшін жалпы негізде   әкімшілік  жауапкершілікке тарталады.  

         Осы аталған тұлғаларға  әкімшілік  қамау қолданылмайды. 
 
 

Әкімшілік жаза  түсінігі мен  түрлері 

 

     ҚР  ӘҚБтК 44 бабының 1 тармағына сәйкес  әкімшілік жаза – бұл  әкімшілік  құқық бұзғаны үшін  заң бойынша  өкілетті сот, орган (лауазымды тұлға)   қолданылатын  және   ҚР  ӘҚБтК  осындай құқық бұзушылық жасаған  тұлғаның  құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе  шектеу    көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу  шарасы болып табылады.     

     Әкімшілік жазалар  әкімшілік бұлтартпау шараларымен  өте ұқсас болып келеді, өйткені  оларды мәжбүрлеу шараларын қолдану  негіздерінің ортақтығы біріктіреді, сондай – ақ осы мәжбүрлеу шараларының ортақ мақсаты -  жаңа құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады. Бірақта,  әкімшілік бұлтартпау шаралары  жазалау шаралары болып табылмайды және олар, ең бастысы,  құқық бұзушылықты тоқтатуға және  құқық бұзушыны жасаған құқық бұзушылық сипатына  сәйкес  жауапкершілікке тарту  мүмкіндігінне бағытталған. Әкімшілік бұлтартпау шаралары  көбінесе  әкімшілік  жаза шараларын  қолданудың алғы шарты болып табылады.  

     ҚР  ӘҚБтК 44 бабының 1 тармағы бойынша  әкімшілік жаза  әкімшішілік  құқық бұзушылық істегені үшін заң бойынша осыған өкілетті судьялармен, органдармен (лауазымды тұлғалармен) қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы болып табылады,  және  әккімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаның  құқықтары мен бостандықтарынан айыруды немесе шектеуді білдіреді. 

 Әкімшілік  құқық бұзушылықты істегені үшін  жеке тұлғаға  мынадай әкімшілік  жазалар  қолданылуы мүмкін: 

1) ескерту;

2) әкімшілік  айыппұл;

3)  әкімшілік  құқық бұзушылықты жасау  құралы  немесе  тікелей объектісі болып  табылатын затты ақысын төлеп алу;

4)  әкімшілік  құқық бұзушылықты жасау  құралы  немесе  тікелей объектісі болып  табылатын затты, әкімшілік құқық   бұзушылықты жасау салдарынан  алынған табысты, ақша мен құнды  қағаздарды тәркілеу;

5) арнайы құқықтан  айыру;

 6) лицензиядан, арнайы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен)  айыру немесе  оның әрекет  қызметтің қандайда бір түріне немесе  нақты әрекеттерді істеуді доғару;

7)  жеке кәсіпкерлік  қызметті  доғару немесе тиым  салу;

8)  өз еркімен   тұрғызылған немесе тұрғызылып жатқан құрылысты мәжбүрлеп бұзу;

9)  әкімшілік  қамау; 

10)шетел азаматын  немесе азаматтығы жоқ тұлғаны   ҚР шегінен тыс әкімшілік қуып  шығару; 

      Әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған заңды тұлғаларға мынадай әкімшілік жазалар қолданылуы мүмкін: 

1)  ескерту; 

2)  әкімшілік  айыппұл; 

3)  әкімшілік  құқық бұзушылықты жасау  құралы  немесе  тікелей объектісі болып  табылатын затты ақысын төлеп  алу; 

4)  әкімшілік  құқық бұзушылықты жасау  құралы  немесе  тікелей объектісі болып  табылатын затты, әкімшілік құқық  бұзушылықты жасау салдарынан алынған табысты, ақша мен құнды қағаздарды тәркілеу;

5)  арнайы  құқықтан айыру; 

6)  лицензиядан,  арнайы рұқсаттан, біліктілік  аттестатынан (куәліктен)  айыру  немесе  оның әрекет  қызметтің   қандай – да бір түріне немесе  нақты әрекеттерді істеуді доғару;

7)   жеке  кәсіпкерлік қызметті  доғару  немесе тиым салу;

8) өз еркімен   тұрғызылған немесе тұрғызылып  жатқан құрылысты  мәжбүрлеп  бұзу. 

        Әкімшілік жазаны салу ережелері  ҚР ӘҚБтК 60-66 баптарымен  реттеледі. 
 

Әкімшілік жазаны салу ережелері 

 

     Әкімшілік жазаларды  салу ережелері ҚР ӘҚБтК 5 бөлімінде бекітілген.  Әкімшілік  құқық бұзушылық жасағаны үшін  жаза ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы Кодексіне және әкімшілік  құқық бұзушылық туралы өзге де актілерге сай жасаған әкімшілік құқық бұзушылығы үшін жауаптылық қарастыратын  нормативті  актілерде  белгіленген шекетерде салынады.  

Информация о работе Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқығы