Қазақстандағы азаматтық қоғам қалыптасуының ерекшеліктері

Автор работы: x******************@gmail.com, 28 Ноября 2011 в 18:10, доклад

Описание

Құқық жүйесінің басты саласы — конституциялық құқық болып табылады (кейбір елдерде ол "мемлекеттік құқық" деп аталады). Конституциялық құқық, құқықтың басқа салаларының жасалуы, әрекет ету мен қалыптасуының негізі болып табылады. Мұндай салалар бүгінгі күні жиырмадан астам: мысалы, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, қаржы құқығы және т.б. Конституциялық құкық маңызды мынадай мәселелерді:
қоғам мен мемлекет құрылысының негіздерін;
мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару ісін жүзеге асырудың тәртібін;
адам және азамат құқығын, бостандығы мен міндеттерін реттейді.

Работа состоит из  1 файл

Қазақстандағы азаматтық қоғам қалыптасуының ерекшеліктері.docx

— 35.54 Кб (Скачать документ)

      Кіріспе 

      Құқық жүйесінің басты саласы — конституциялық құқық болып табылады (кейбір елдерде  ол "мемлекеттік құқық" деп  аталады). Конституциялық құқық, құқықтың басқа салаларының жасалуы, әрекет ету мен қалыптасуының негізі болып табылады. Мұндай салалар бүгінгі  күні жиырмадан астам: мысалы, әкімшілік  құқық, азаматтық құқық, қылмыстық  құқық, қаржы құқығы және т.б. Конституциялық құкық маңызды мынадай мәселелерді:

      қоғам мен мемлекет құрылысының негіздерін;

      мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі  басқару ісін жүзеге асырудың тәртібін;

      адам  және азамат құқығын, бостандығы мен  міндеттерін реттейді.

      Конституциялық  құқық — адам, мемлекет пен қоғамның өз тіршілік әрекетін құруына өте  кажетті оған лайықты басты ережелерді белгілейді. Мемлекеттік билікті  жүзеге асырумен байланысты пайда болатын  қоғамдық қатынастар конституциялық құқықтың пәнін құрайды. Қазақстан Республикасында  азаматтарға мемлекеттік оқу  орындарында тегін орта білім  алуға кепілдік берілген. Азаматтардың бұл құқығын кім камтамасыз етеді? Әрине осыны жүзеге асыруға құқылы мемлекеттік органдар (мысалы, Білім  және ғылым министрлігі). Біздің елімізде әркім Қазақстан Республикасының  Конституциясын және заңнамаларын сақтауға, басқа тұлғалардын құқықтары  мен еркіндіктерін, ар-ожданы мен  абыройын қастерлеуге міндетті. Аталған  талаптар сақталмаған жағдайда оны  бұзушыларға мемлекеттік органдардың  алдында (полиция, прокуратура, сот) жауап  беруге тура келеді. Конституциялық құқық  қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге багытталған әдістер мен тәсілдер арқылы реттейді. Оларға мыналар жатады:

      міндеттеу әдісі;

      тыйым салу әдісі;

      ерік  беру әдісі;

      мойындау  әдісі.

      Қазақстанда әркім мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге  міндетті (аталған   жағдайда міндеттеу әдісі қолданылады). Республика азаматын Қазақстаннан тысқары жерлерге қуғындауға жол берілмейді (мұнда тыйым салу әдісі колданылады). Біздің елімізде әркім өзінін ана тілін, мәдениетін пайдалануға, колдануға құқығы бар екендігі белгілі (бұл жағдайда ерік беру әдісі колданылады). Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адамдардың құқықтары мен еркіндіктері танылады және оған кепілдік беріледі (көріп отырғанымыздай, мұнда мойындау әдісі колданылады). 
     
     
     

ҚР  конституциясы құқықтық мемлекет қалыптасуының  негізі 

      Мемлекет  – бұл тек аумақ, азаматтардың бірлігі, билік институттары ғана емес, ол сонымен қатар өз беттерінде келесі ұрпақтардың тәжірибесі мен жақсы  болашағының үмітін жұмылдыратын Конституция.

    Қазақстан Республикасының Конституциясы  туралы айтатын болсақ, Қазақстанға  тәуелсіздік алуға, тиісінше қолданыстағы Конституцияны қабылдауға вектор болып  табылатын кейбір тарихи сәттерді атап өткен жөн.

    Қазақстанда конституциялық құрылыс идеялары өз қайнар көзімен ғасырлар бойы жалғасып таба бермек. Олардың қалыптасуына «Қасым ханның жарық жолы», «Есім  ханның ежелгі жолы» сияқты XV-XVIII ғасырлардың  заңдар жинағы маңызды рөл атқарды. «Алаш»   Конституциясының жобасы белгілі оқиға болды.

      Қазақстанның  конституциялық құрылысының тарихында  бес Конституция болған, соның  ішінде қазіргі қолданыстағы 1995 жылғы  Конституция. Қазақстанда Конституциялар 1926, 1937, 1978 және 1993 жылдары қабылданды.

      Жаңа  конституцияларға енгізілген барлық өзгерістер көбінесе өзгешеліктерден тұратын.

      Алайда 1917-1919 жылдары қолданыста болған Алаш үкіметінің бағдарламалық құжаттарындағы атазаңдығы кеңестік барлық конституциялардан  шынайы ұғымға ие болды.

      Алаштың бағдарламасында Ресей демократиялық  Федеративті Республика болуы тиіс,  сол кезде оның құрамына Қазақстан  кірген, әр бөлек мемлекет автономды  және біркелкі құқықта өзін-өзі басқарады  деп анық тұжырымдалған. Заң шығарушы билікті мемлекеттік дума арқылы жүзеге асыруға жоспарланған, президент  институты құрылып жатты.

    Тегінен, дін тұту және жынысына тәуелсіз, сайлау құқымен барлық азаматтар иелі болатын. Депутаттар сайлауы тура, бірдей және жасырын түрде дауыс беруі  арқылы өтуі тиіс. Қазақстанда сол  кезде конституциялық құрылыс идеялары пайда болды. Бірақ оларды іске асыруға  мүмкіндік болмады. 1920 жылы қабылданған  «Қырғыз (Қазақ) АКСР еңбекшілерінің құқық  декларациясы» демократиялық нормалардан  әлде қайда алыс болды. Сол құжат  әлеуметтік төзімсіздікпен толып, «класстық  көзқарасқа» негізделген.

      1926 жылы қабылданған бірінші қазақстандық  Қонституцияда декларациядан ешқандай  өзгешілігі болған жоқ. Ол мазмұны  және нысанымен РКФСР Конституциясына  сәйкес келіп, декларацияның барлық  ережелерін енгізген болатын.  Қазақстан Кеңес Федерациясының  тура субъектісінің мәртебесін  алсада, нақты, заңды түрде де  тәуелсіздігімен атазаңдығына ие  болған жоқ.

      Қазақстанның  тәуелсіздігіне Алматы қаласындағы 1986 жылғы желтоқсандық оқиғалар алғашқы  негізін жасады. 1985 жылы жарияланған  жариялық халықтар арасында өз тарихына, өз дәстүріне сыйластық сезімін  оятты. Адамдарда үлкен бір еуразиялық континентте бірге тұрып жатқан халықтар мен ұлыстарды иесіздіктен  ажыратуға қарсы наразылық тудырды. 1986 жылғы желтоқсандық оқиғалар Қазақстан  тарихында тәуелсіздік мемлекет құрудың басы, халық тағдырының бұрылыс  кезеңі болды.

      Қазақстанның  өз мемлекеттік егемендігін нақты  жүзеге асыруы Республикалық Жоғары Кеңесімен 1990 жылы 25 қазанда қабылданған  тарихи үлкен маңыздылығы бар  құжаты - Қазақ КСР мемлекеттік  егемендігі туралы Декларациясынан  басталады.

      Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның  тарихи маңызы республиканың мемлекеттік  егемендігіне нақты мазмұнын бергені, көп ғасырлық тарихы, мәдениеті мен  қалыптасқан мемлекеттік-құқықтық дәстүрлері бар Қазақстанның өз мемлекеттігін  белгіледі.

    Декларация  Қазақстан Республикасының егеменді мемлекетінің мәртебесін іске асырған  елдің жаңа Конституциясы мен  басқа да заңнамалық кесімдер әзірлеуге  негіз болды.

      1991 жылы 16 желтоқсандағы «Қазақстан  Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі  туралы» консититуциялық заңды, 1993 жылғы Қазақстан Конституцияны  және қазіргі қолданыстағы Қазақстан  Республикасының 1995 жылғы Ата  заңды қабылдауымен тәуелсіздік  мемлекет ретінде біздің еліміздің  конституциялық ресімдеуінің қалыптасуы  аяқталды.

      Қолданыстағы  ҚР Конституциясы республикалық  референдумда көрсеткен халықтың еркін  білдіруі. Халық өз еркімен елді бірыңғай, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекітті, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен  бостандықтары.

      1995 жылғы Конституцияны қабылданғаннан  бастап елдің жаңа даму кезеңі  басталды.

      Оны қабылдауының нәтижесінде демократиялық  институттар жұмыс істеуіне қажетті  негізгі жүйе іске асырылды, ол тежемелер  мен теңдік сақтау жүйесі.

      Мемлекеттің тұрақты дамуына қажетті басқарудың президенттік нысанын, Парламенттің осы  заманғы құрылымын және нақты  құрылған билік жүйесін алдық.

      Біздің  Конституция әлемдік қоғамдастықпен нарықтық экономикасын, азаматтық қоғамының  барлық институттарын бекіту негізінде  ел дамуының демократиялық жолын  қамтамасыз ететін құжат ретінде   бағаланды. Өткен 13 жыл осы бағалауды  растады.

      1995 жылғы ҚР Конституциясы мемлекетке  адам мен азамат қатынастарының  принциптері мен нормаларын бекітті,  қазақстандық қоғамың алдындағы  міндеттері мен әлемдік қоғамдастықтың  алдындағы бастапқы міндеттерді  қалыптастырды, Қазақстан халқының  егеменді құқықтарын бекітті.

      Конституция қолданыста болып, әр дәрежеде әлеуметтік қарым-қатынастар тізбегінің барлық заңды  мәнісін қамтиды: «жеке тұлға  – отбасы – меншік қатынастары  – халық - егемендік – халықаралық  құқықтық тәртіп».

      Конституция өзі адамның және азаматтың құқықтары  мен бостандықтарына    негіздері  мен шектеуін белгілейді: конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын  сақтау мақсатында қажетті шамада және тек заңмен. Онда ешбір жағдайда да шектелмеуге тиіс негізгі құқықтар мен бостандықтар көрсетілген (Конституцияның 39 бабы).

      Қазақстан Республикасының Конституциясы  адам және адамның өмірі, құқықтары  мен бостандықтары «ең қымбат қазынасы» екенін мойындайды (Конституцияның 1 бабы). Тұлғаның жеке мүмкіндіктерін дамыту мемлекеттің маңызы мен мақсаты  болып табылады. Қазақстан Республикасында  Конституцияға сәйкес адам құқықтары  мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.

      Адамның құқықтарымен үздіксіз оның мемлекетке ұйымдастырылған құқықтық тәртіпке бағыну, адамдық тұрмыс ережелерін сақтау жөніндегі қоғам алдындағы  міндеті  танылады.

      Қазақстан халқымен қабылданған Конституцияны  сыйлау, салықты төлеу және қажетті  жағдайда Отанды қорғау, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасау, табиғат байлықтарына ұқыпты қарау – бұл барлығы қоғамда өмір сүруге табиғи құқығынан шығатын азаматтың конституциялық міндеттері.

      Адамның табиғи құқықтарын мойындап, оларды негізгі  конституциялық құқықтар мен бостандықтарда бекітіп, Ата заң оларды қорғау механизмін қамтамасыз етті. Республика Конституциясымен құқықтар мен бостандықтарды қорғайтын  екі маңызды тәсілі бекітілді: сот  арқылы және әкімшілік.

      Бірінші кезеңде бұл өз құқықтары мен  бостандықтарын сот арқылы қорғалуына құқығы. Құқықтық мемлекет жағдайында тәуелсіз сот адамның құқығын  қорғауының негізгі құралы болып  табылады.

    ҚР  Конституциясы қазақстандық қоғамың  әртүрлі қоғамдық-саяси күштерінің келісімін қамтамасыз еткені Негізгі  заңның басты әлеуметтік құндылығы  болып табылады. Бұл Конституцияны  саяси тұрақтылығының факторы, бейбітшішік  пен келісімнің кепілі.

      Бүгінгі күні Қазақстан ішкі тұрақтылығына  жетті, әлеуметтік даму базасының сенімділігі  қамтамасыз етілді, өңірдегі ең үздік  экономика құрылды.

      Экономиканың  тұрақты дамуы экономиканың өсуіне және қаржылық мүмкіншіліктерге сүйеніп  қажетті реформаларды жүргізуге  мүмкіндік береді.

      2007 жылы еліміз одан әрі жүйелі  демократиялық реформаларды іске  асыруға кірісті.

      Биліктің  өкілдік органдарының өкілеттігін  кеңейтуі саяси жүйесін дамытуда маңызды бағыттарының бірі болып  табылды. Осыған байланысты аталған  реформаларды стратегия мен тактикасын әзірлеу жөнінде үлкен жұмыс  атқарылды.

      Атқарылған  жұмыстардың нәтижесі Конституцияға  енгізілген «ҚР Конституциясына  өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР 2007 жылғы 21 мамырдағы  № 254 Заңы, тиісті түзетулер болды.

    Негізгі заңдағы өзгерістер демократиялық  және саяси-парламенттік биліктің жүйесін  құруға бағытталған. Бұл Сенатта  да, Мәжілісте де депутаттардың санын  көбейтуге әкелді.

    Мәжіліс депутаттарының санын көбейтуі демократизациялау  мақсатымен, Парламенттің сапалық құрамын, саяси партиялардың   толық  өкілеттігін және пікір әралуандығын қамтамасыз етуімен байланысты.

    Парламент Мәжілісінің келісімімен Президентпен Премьер-Министрді тағайындау, Үкіметке Мәжіліс және Парламентпен сенімсіздік  білдіру ресімдері белгіленді. Мерзімнен  бұрын өкілеттігін тоқтатуына байланысты Мәжілістің уақытша болмаған кезеңінде, Республика Парламентінің функцияларын орындау жөнінде Сенаттың құқық өкілеттігі бекітілді.

      Енгізілген  өзгерістерге сәйкес Палаталардың бірлескен  отырыстарында қаралатын мәселелердің тізбесі қысқартылды, сонымен қатар  әр Палаталардың өкілеттіктері кеңейтілді.

      Енді  екі Палата да Конституциялық кеңесін, Республикалық бюджетті орындалуын бақылау жөніндегі Санақ Комитетін, Орталық сайлау комиссиясын қалыптастыруға қатысады.

      Түзетулерге сәйкес, Парламент депутаттарының сайлауы  конституциялық заңымен реттеледі. Бұл саяси партиялардың депутаттық корпус арқылы жаңа сайлау жүйенің  құруына белсенді қатысуын көрсетеді.

Информация о работе Қазақстандағы азаматтық қоғам қалыптасуының ерекшеліктері