Енбек құқығы субъектілерінің

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2012 в 15:25, курсовая работа

Описание

Басқару тәртібіне қарсы кылмыстар тақырыбын қарастырар алдынды ең алдымен керекті мәліметтермен қаруланып алуымыз керек теп есептеймін.
Қазіргі кезде елімізде қылмысқа қарсы күресті күшейтуге, азаматтар мен мемлекет мүддесін қорғауға, сот беделін көтеруге қатысты құқықтық форма қадамдары одан әрі жалғасуда. Бұрынғыдай емес қазір қылмыстардың түрі де өзгерген, галстук тағып, кабинетте отырып, компьютермен, ұялы байланысты пайдалану арқылы қылмыс жасайтындар саны өсті.

Содержание

Кіріспе
1. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар.
1.1 Басқару тәртібіне қарсы қылмыстарың жалпы сипаттамасы.
1.2 Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың топталуы.
2. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың құрамы.
2.1 Мемлекеттік органдарды басқару әрекетіне байланысты өкімет өкілдері.
2.2 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының мызғамастығына қол сұғатын қылмыстар.
2.3 Ресми құжаттар мен мемлекеттік наградалардың айналым тәртібіне қарсы қылмыстар.
2.4 Әскери кызметке шақыру тәртібіне қарсы қылмыс.
2.5 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне қарсы қалмыстар.
2.6 Басқару тәртібін қамтамассың ететін жекелген ережелерге қол сұғатын қылмыстар.
Қортынды.
Қолданылған әдебиеттер.

Работа состоит из  1 файл

Басқару тәртібіне қарсы.docx

— 38.90 Кб (Скачать документ)

 

Мазмұны:

 

Кіріспе

1. Басқару  тәртібіне қарсы қылмыстар.

1.1 Басқару  тәртібіне қарсы қылмыстарың  жалпы сипаттамасы.

1.2 Басқару  тәртібіне қарсы қылмыстардың  топталуы.

2. Басқару  тәртібіне қарсы қылмыстардың  құрамы.

2.1 Мемлекеттік  органдарды басқару әрекетіне  байланысты өкімет өкілдері.

2.2 Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік шекарасының  мызғамастығына қол сұғатын қылмыстар.

2.3 Ресми  құжаттар мен мемлекеттік наградалардың  айналым тәртібіне қарсы қылмыстар.

2.4  Әскери  кызметке шақыру тәртібіне қарсы  қылмыс.

2.5 Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне  қарсы қалмыстар.

2.6 Басқару  тәртібін қамтамассың ететін  жекелген ережелерге қол сұғатын  қылмыстар.

Қортынды.

Қолданылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Басқару тәртібіне қарсы кылмыстар тақырыбын  қарастырар алдынды ең алдымен керекті  мәліметтермен қаруланып алуымыз  керек теп есептеймін.

Қазіргі кезде елімізде қылмысқа қарсы күресті  күшейтуге, азаматтар мен мемлекет мүддесін қорғауға, сот беделін көтеруге қатысты құқықтық форма қадамдары  одан әрі жалғасуда. Бұрынғыдай емес қазір қылмыстардың түрі де өзгерген, галстук тағып, кабинетте отырып, компьютермен, ұялы байланысты пайдалану  арқылы қылмыс жасайтындар саны өсті. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  үстіміздегі жылы 10 қыркүйекте құқық  қорғау органдары өкілдерімен болған алқалы жиында қылмыспен күресті  күшейтуге ерекше мән берді. Бас  прокуратура тарапынан да жергілікті буындарға талап күшейді.

Осы басқару  тәртібіне қарсы қылмыстар тақырыбын  таңдаған мақсатым осы қылмыстарға  байланысты мемлекеттік органдарды басқару әрекетіне байланысты өкімет өкілдері мен басқа адамдарға  қарсы қылмыстар, Қазақстан Республикасының  шекарасының мызғымастығына қол  сұғатын қылмыстар, Ресми құжаттар мен мемлекеттік наградалардың  айналым тәртібіне қарсы қылмастар, әскери қызметке шақыру тәртібіне қарсы  қалмыстар, Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік рәміздеріне қарсы  қалмыстар, басқару тәртібін қомтамассыз  ететін жепелеген ережелерге қол  суғатын қылмыстардын мән-жайларын, түрлерін, топталуын және құрамын  толығымен ашуға бағытталған.

 

 

 

 

 

 

1. БАСҚАРУ  ТӘРТІБІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР

 

1.1 Басқару  тәртібіне қарсы қылмыстарың  жалпы сипаттамасы

 

Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар деп  мемлекеттік кәсіпорының, мекеменің, ұйымның басқару саласындағы  бірқалыпты, дұрыс қызметін бұзтын қылмыстық занда көрсетілген  қоғамға қауіпті әрекетті немесе әрекетсіздікті айтамыз.

Жаңа  қылмыстық Кодексте осы тұрғыдағы  қылмыстардың қатарына жаңадан бірнеше  баптар қосылады.

Олар: жауапты  мемлекеттік лауазымды иеленуші лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету.

Қылмыстық кодектің 14-тарауындағы осы қылмыстардың топтық объектісі басқару тәртібі  болып табылады.

Басқару тәртiбi мемлекеттiк ұйымдастыру, мекемелердiң, кәсiпорындардың, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң басқару саласындағы  дұрыс қызметiн қамтамасыз ететiн  қоғамдык қатынастардың жиынтығы болып  табылады.

Баскару тәртібiне қарсы қылмыстар мен  мемлекеттiк қызмет мүдделерiне қарсы  қылмыстардың топтық объектiсi сырттай  қарағанда бiр-бiріне ұқсас сияқты болғанымен, бұл қылмыстар топтың объектiсi, субъектiсi арқылы бiр-бiрiнен  ажыратылады.

Басқару тәртiбiне қарсы қылмыстардың топтық объектiсi мемлекеттiк немесе мемлекеттiк  емес органдардың тек қана басқару  саласындағы дұрыс, бiрқалыпты қызметi, ал мемлекеттiк қызмет мүдделерiне қарсы  қылмыстардың топтық объектiсi мемлекеттiк  аппараттың тұтастай дұрыс, әрi бiрқалыпты қызметi болып табылады.

Басқару тәртiбiне қарсы кылмыстардың субъектiсi жай адамдар, лауазымды адамдар  болуы мүмкiн, ал мемлекеттік қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстардың субъектiсi мемлекеттiк аппараттың лауазымды  адамы немесе мемлекеттiк қызметшiлер болады. Мiне осы көрсетiлген белгiлер арқылы көрсетiлген қылмыстар тобы бiр-бiрiнен оқшауланып бөлiнедi.

Басқару тәртiбiне қарсы қылмыстардың тiкелей  объектiсi басқару саласындағы қоғамдық қатынастардың нақты түрлерi болады. Қосымша тiкелей объектiге — адамдардың өмiрi, денсаулығы, ар-намысы, адамгершiлiгi, қауіпсіздігі жатуы мүмкiн. Кейбiр  қылмыс құрамдарында (317, 323—325, 33i-баптар) қылмытстың заты және қылмыстың жәбiрленушiсi (318—322, 327-баптар) көрсетiлген.

Басқару тәртiбiне қарсы қылмыстардың құрамы негiзiнен формальдық құрамға жатады. Тек қана ҚК-тiң 322-бабының 2-тармағында, 331-бабының 2-тармағына көрсетiлген қылмыс құрамдарының мiндеттi белгiсi — ауыр зардаптардың орын алуы қажет.

Екi қылмыс құрамының (330, 331-баптар) мiндеттi белгiсi ретiнде қылмыс iстелу орны көрсетiлген.

Субъективтiк  жағынан басқару тәртiбiне қарсы  қылмыстар қасақаналықпен iстеледi. Қылмыстық ниет және мақсат қайсыбiр  қылмыс құрамдарының (318, 320, 321, 322-баптар) қажеттi белгiсi болып табылады.

Қылмыстың субъектiсi 16-ға толған кез келген адам. ҚК-тiн 326-бабында көрсетiлген қылмыс субъектiсi арнаулы — әскери қызметтен  жалтарған адам, ал 331-баптың 2-тармағы  бойынша бiрнеше рет қылмыс жасаған  адам осы құрамның, субъектiсi болып  табылады.

 

1.2 Басқару  тәртібіне қарсы  қылмыстардың  топталуы.

 

Тiкелей  объектiлерiне байланысты басқару тәртiбiне қарсы кылмыстар мына төмендегiдей  түрлерге бөлiнедi:

Мемлекеттiк  органдарды басқару әрекетiне байланысты өкiмет өкiлдерi мен басқа адамдарға  қарсы қылмыстар: Қазақстан Республикасы Президентiнiң ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу және оның қызметiне кедергi жасау. Депутаттың ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу және кызметiне кедергi жасау. Өкiмет өкiлiн қорлау. Өкiмет өкiлiне қатысты күш қолдану. Жауапты мемлекеттiк лауазымды иеленушi лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария ету.

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк шекарасының  мызғы-мастығына қол сұғатын қылмыстар: Қазақстан Республикасының күзетiлетiн  мемлекеттiк шекарасынан әдейi заңсыз өту.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын  құқыққа қарсы өзгерту.

Ресми құжаттар мен мемлекеттiк наградалардың  айналым тәртiбiне қарсы кылмыстар: ресми құжаттарды және мемлекеттiк  наградаларды сатып алу немесе өткiзу. Құжаттарды мөртаңбаларды, мөрлердi ұрлау  немесе бүлдiру. Жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлердi, мөрқағаздарды, мемлекеттiк  наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу.

Әскери  қызметке шақырылу тәртiбiне қарсы қылмыстар: әскери қызметтен жалтару.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерiне қарсы кылмыстар. Қазақстан Республикасының  Мемлекеттiк туын, Мемлекеттiк елтаңбасын немесе Мемлекеттiк әнұранын қорлау. Мемлекеттiк туды заңсыз көтеру.

Басқару тәртiбiң қамтамасыз ететiн жекелеген  ережелерге қол сұғатын қылмыстар: өзiнше билiк ету. Жауапты мемлекеттiк  лауазымды атқаратын өкiмет өкiлiнiң  немесе лауазым адамының атағын өз бетiнше иелену. Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест эмблемалары  мен белгiлерiн заңсыз пайдалану. Байланыс желiлерiн күзету ережелерiн  бұзу. Жиналыстарды, митингiлердi, пикеттердi, көше шерулерiн және демонстрацияларды  ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбiн  бұзу. Төтенше жағдайлар кезiнде  тыйым салынған ереуiлге басшылық жасау, кәсiпорынның, ұйымның жұмысына кедергi келтiру. Қоғамдық бiрлестiк  мүшелерiнiң мемлекеттік органдардың  қызметiне заңсыз араласуы. Заңсыз қоғамдық бiрлестiктер құру немесе олардың қызметiне қатысу. Шет мемлекеттердiң саяси партиялары мен кәсiптiк одақтарьң жәрдем көрсету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. БАСҚАРУ  ТӘРІБІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ  ҚҰРАМЫ

 

2.1 Мемлекеттiк  органдарды басқару әрекетiне  байланысты 

      өкiмет  өкiлдерi мен басқа адамдарға  қарсы қылмыстар

 

Қазақстан Республикасы Президентiнiң ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу және оның қызметiне кедергi жасау.

Қазақстан Республикасының Конституциясына  сәйкес Қазақстан Республикасының  Президентi — мемлекеттiң бас  шысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде  және халықаралық қатынастарда Қазакстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды  тұлға. Республиканың Президентi —  халық пен мемлекеттiң билiк  бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам мен азамат құқықтары мен  бостандықтарының нысаны әрi кепiлi (40-баптың 1, 2-тармақтары).

Қазақстан Республикасының Президентiне, оның абыройы мен қадiр-қасиетiне ешкiмнiң  тиiсуiне болмайды (46-бап, 1-тармақ). Республика Президентi мен оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және қорғау мемлекет есебiнен жүзеге асырылады (46-баптың 2-тармағы). Қазақстан Республикасының  Конституциясының жоғарыда көрсетiлген нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасының  жаңа Қылмыстық кодексiнде Республика Президентiнiң ар-ұжданы мен қадiр  касиетiне қол сұғу және оның қызметiне кедергi жасаушылық үшiн жауаптылықты көздейтiн арнаулы бап көрсетiлген.

Қылмыстың тiкелей объектiсi Қазақстан Республикасы Президентiнiң басқару қызметіне  байланысты ар-ұжданы мен қадiр- касиетiн  корғау жөнiндегi қатынастар.

Қылмыстың жәбiрленушiсi - Республика Президентi, оның жақын туыстары.

Қылмыстың объективтiк жағы Қазақстан Республикасы Президентiн жария түрде қорлау немесе оның ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу арқылы сипатталады.

Республика  Президентiн жария түрде қорлау деп басқа бiреудiң немесе көпшiлiктiң көзiнше ел Президентiн әдепсiз сөздермен, шектен шыққан арсыздығымен көзге түсетiн дене қимылдарын жасау арқылы қоғамдық мiнез-құлықтарға қайшы келетiн басқа да әрекеттер жасау арқылы, ауызша немесе жазбаша түрде тiл тигiзулер болып табылады.

Президенттiң ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу деп ол туралы шындыққа сай келмейтiн жалған сөздер тарату, плакаттар салу, адамгершiлiгiн, қадiр-қасиетiн көрiнеу аяққа басатың, оны жұртшылық алдында масқаралайтын, беделiн түсiретiн жалған лақаптар айту, тарату сияқты әрекетгердi айтамыз.

Қылмыс құрылысы жөнiнен формальдық құрамға жатады және ол Президенттi жария түрде қорлау немесе оның ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiне қол сұғатын әрекет жасаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Қылмыс субъективтiк жағынан тiкелей қасақаналықпен және әртүрлi ниетпен жасалады. Қылмыстық ниет iс-әрекеттi саралауға әсер етпейдi, бiрақ жаза тағайындағанда еске алынады.

Қылмыстың субъектiсi 16-ға толған адам. Осы қылмыстың ауырлататын түрi — бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасалған нақ сол әрекет үшiн жауаптылық ҚК-тйң 318-бабының 2-тармағында көрсетiлген.

Бұқаралық ақпарат құралдарына - газет, журнал, радио, телехабар және басқа да көпшiлiкке  арналған осындай құралдар жатады.

Кылмыстык кодекстің 318бабының  ескертуiне сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң  жүргiзiп отырған саясаты туралы сын тұрғасында айтылған жария сөздер осы бап бойынша қылмыстық  жауапқа тартуға әкеп соқпайды.

Депутаттың  ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiне қол  сұғу және оның қызметiне кедергi жасау.

Қылмыстың тiкелей объектiсi — Қазақстан  Республикасы Парламентiнiң мемлекетгiк  заң шығару қызметiне байланысты ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiн қорғаут жөнiндегi қоғамдық қатынастар. Қылмыстың жәбiрленушiсi Республика Парламентiнiң депутаты.

Қылмыстың объективтiк жағы, субъектiсi және субъективтiк  жағы, ауырлататын және аса ауырлататын  түрлерi бойынша ҚК-тiң 318-бабындағы  көрсетiлген құрамдағы белгiлермен ұқсас. Айырмашылық қылмыстың жәбiрленушiсiнде  ғана. 318-бапта қылмыстан жәбiрленушi Республика Президентi, ал 319-бапта Республика Парламентiнің депутаттары. Депутаттың ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiне қол  сұғу, қорлау оның депутаттың мiндеттерiн  атқару кезiнде немесе оны атқаруға байланысты жүзеге асырылады. Мұндай болмаған ретте iс-әрекет жеке адамға қарсы қылмыс ретiнде саралануы мүмкiн.

Өкiмет  өкiлiн қорлау.

Қылмыстың тiкелей объектiсi қызметтiк мiндеттерiн  атқарып жүрген немесе атқаруына  байланысты өкiмет өкiлiнiң заңды  қызметi болып табылады.

Қосымша тiкелей объект — олардың беделi мен абыройы.

Қылмыс  объективтік жағынан қылмыс бабындағы  мендеттерiн атқарып жүрген немесе оны атқаруына байланысты өкiмет  өкiлiн қорлау әрекетi арқылы жүзеге асырылады.

Өкiмет  өкiлiнiн беделiн, абыройын, адамгершiлiгiн  көпшiлiк алдында аяққа басатын, оларды масқаралайтын әрекеттердi қорлау деймiз. Оларға өкiмет өкiлi туралы ауызша немесе жазбаша, көзiнше немесе сыртынан, болмаса баспасөз құралдарын пайдаланып, оларды масқаралайтын, даттайтын, абыройын аяққа басатын әрекеттер жатады. Осы қылмыстың жасалу себебi өкiмет  өкiлiнiң өз қызметiн жүзеге асыруына, атқаруына тiкелей байланысты. Қылмыстың  объективтiк жағының тағы бір  белгiсi өкiмет өкiлiн қорлау жария  түрде - копшiлiк алдында болуы  қажет. Көпшiлiк алдындағы қорлау деп өкiмет өкiлiн қорлауды бөтен  адамның көрiп, естiп тұруы немесе бiр топ адамның осы әрекетке куә болуы. Жазбаша қорлау деп  баспасөз кұралы арқылы көпшілiкке  мәлiм болған жағдайларды айтамыз.

Информация о работе Енбек құқығы субъектілерінің