Интеллектуалдық меншік құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2012 в 08:54, курсовая работа

Описание

«Интеллектуалдық меншік» түсінігі кейбір құқықтық институттарға қатысты, соның ішінде аса маңызды коммерциялық құпия, патенттік құқық, авторлық құқық және тауарлық белгілер сияқты құқықтық институттарға қатысты жалпы сипатқа ие.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодекстің 49 – тарау осы интеллектаулдық меншікке арналған.

Содержание

КІРІСПЕ
1 ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІКТІҢ НЕГІЗГІ ИНСТИТУТТАРЫ
11 Интеллектуалдық меншіктің негзігі ұғымы
1.2 Интеллектуалдық меншік пен ерекше құқық ұғымдарының арақатынасы
2 САБАҚТАС ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
2.1 Сабақтас құқық ұғымы
2.2 Сабақтас құқық субъектілері мен объектілері
2.3 Сабақ құқықтарды қорғау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

интеллектуалдык меншик кукык 97 - 2003.doc

— 134.00 Кб (Скачать документ)

Сабақтас құқықтарды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық, әкімшілік және қылмыстық жауаптылық туындайды [8,45б.].

Туындыларға немесе сабақтас құқықтар объекті­леріне қатысты:

1) автордың немесе өзге де құқық иеленушінің рұқсатынсыз туындыларды немесе сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды қорғаудың техникалық құралдарын қолдану арқылы белгіленген шектеулерді алып тастауға бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асыруға;

2) егер мұндай іс-әрекеттер нәтижесінде авторлық құқық­ты және сабақтас құқықтарды қорғаудың техникалық құралдарын пайдалану мүмкін болмаған не осы техникалық құралдар аталған құқықтардың тиісті қорғалуын қамтамасыз ете алмаған жағдайларда кез келген құрылғыны немесе оның компоненттерін дайындауға, таратуға, прокатқа беруге, уақыт­ша пайдалануға беруге, импорттауға, жарнамалауға, олар­ды пайда табу мақсатында пайдалануға не қызмет көрсетуге;

3) автордың немесе өзге де құқық иеленушінің рұқсатынсыз авторлық құқықтарды басқару туралы ақпаратты жоюға немесе өзгертуге;

4) автордың немесе өзге де құқық иеленушінің рұқсатынсыз мүліктік құқықтарды басқару туралы ақпараты жойылған немесе өзгертілген туындыларға немесе сабақтас құқықтар объектілеріне қатысты оларды қайта шығаруға, таратуға, тарату мақсатында импорттауға, көпшілік алдында орындауға, жалпы жұрттың назарына кәбіл бойынша хабарлауға немесе эфирде беруге, жалпы жұрттың назарына жеткізуге жол берілмейді.

Сабақтас құқықтарды қорғауды сот жүзеге асырады.

Сот:

1) құқықтарды тану;

2) құқық бұзылғанға дейiнгi жағдайды қалпына келтiру;

3) құқықты бұзатын немесе оның бұзылуына қауiп төндiретiн әрекеттердi тыю;

4) айырылып қалған пайданы қоса алғанда, шығындардың орнын толтыру;

5) құқық бұзушы авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу салдарынан тапқан табысты өндiрiп алу;

6) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген, ең төмен жалақының жиырмадан елу мыңға дейінгі мөлшерi сомасында өтем төлеу арқылы жүзеге асырылады. Зиянның орнын толтырудың немесе табысты өндiрiп алудың орнына өтемақы мөлшерiн сот белгiлейдi;

7) олардың құқықтарын қорғауға байланысты заң актiлерiнде көзделген өзге де шаралар қолдану арқылы жүзеге асырады.

Iс қаралғанға дейiн судья авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактiлiк деп жорамалданған даналарын жауапкердiң дайындауына, көшiрмелеуiне, сатуына, пайдалануына тыйым салу туралы жеке-дара ұйғарым шығаруға құқылы. Судья авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактiлiк деп жорамалданған даналарын, сондай-ақ оларды дайындау мен көшiрмелеуге арналған материалдар мен жабдықтарды пайдалануға тыйым салу және алып қою туралы ұйғарым шығаруға да құқылы.

Сот авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактiлiк даналарын, сондай-ақ оларды көшiрмелеуге пайдаланылатын материалдар мен жабдықтарды тәркiлеу туралы шешiм шығаруға құқылы. Авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактiлiк даналары оның талап етуi бойынша авторлық немесе сабақтас құқықтардың иесiне берiлуi мүмкiн не соттың шешiмi бойынша жойылуға тиiс. Оларды көшiрмелеуге пайдаланылған материалдар мен жабдықтар соттың шешiмi бойынша жойылуға не мемлекет кiрiсiне берiлуге тиiс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Интеллектуалдық меншік құқығы азаматтық құқықтың халықаралық деңгейіндегі ең жоғары дамып отырған салаларының бірі. Теориялық жағынан интеллектуалдық меншікті қоғау қатынастары бойынша халықаралық келісім-шартқа отыру – ерікті іс, шартқа отырмаған елдер Бүкіләлемдік сауда ұйымының мүшесі бола алмайды, оларға ұлы сауда державалар мәжбүрлеп енгізу әрекеттерін жүргізе отырып қысым жасай алмайды. 

Интеллектуалдық меншіктің халықаралық құқықтық аспектісінің басқа да ерекшеліктері бар. Халықаралық қауымдастықта бірқатар мемлекеттер интеллектуалдық меншіктің экспортері болса, басқалары импортерлер болып табылады. Интеллектуалдық меншіктің елеулі мөлшері ірі көпұлттық корпорациялармен өндіріледі. Олар бүкіл әлемде өз құқықтарын қорғауда мүдделі. Мысалы, жақсы фильм Европада, Азияда және Солтүстік Америкада да бірдей үлкен табыспен сатылуы мүмкін. Кіші елдегі, мысалы Финляндияның жаңа ұялы телефонның өндірушісі өзінің құқықтарын АҚШ немесе Жапонияда тіркеуге мүдделі, себебі тауарды бұл елдерде сату үлкен табысты әкеледі. 

Қазақстанда ғылым, әдебиет, өнермен байланысты интеллектуалдық меншік аз дамыған. Сондықтан да Қазақстанның интеллектуалдық меншіктің импортері деп айтудың уақыты әлі келген жоқ. Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа енуі және қатысушылармен тең жағдайда әрекет етуі тек интеллектуалдық меншіктің іс жүзінде қорғалуы негізінде жүзеге асырылуы мүмкін. Бірақ өкінішке орай бұл мәселені шешу үшін елімізде қажетті алғышарттар қалыптасқан жоқ. Саяси және экономикалық тұрақсыздық, заңсыздық, қылмыстың қоғам өмірінің барлық салаларына кірудің салдарынан, құқықтық мәдениет деңгейі мен азаматтардың салғырттығы және т.б. көптеген факторлар интеллектуалдық меншіктің дамуына қолайлы жағдай жасайды деп айтуға болмайды. Қорыта келгенде елімізде қарапайым тәртіп орнамайынша интеллектуалдық меншікті қорғау жайлы сөз қозғаудың ешқандай негізі жоқ.

Интеллектуалдық меншiк құқығының объектiлерiне:

1) интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерi;

2) азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулердi дараландыру құралдары жатады.

Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерiне:

1) ғылым, әдебиет және өнер туындылары;

2) эфирлік және кәбілдік хабар тарату ұйымдарының орындаушылығы, қойылымдары, фонограммалары мен хабарлары;

3) өнертабыс, пайдалы үлгiлер, өндiрiстiк үлгiлер;

4) селекциялық жетiстiктер;

5) интегралдық микросызба топологиялары;

6) ашылмаған ақпарат, оның iшiнде өндiрiс құпиялары (ноу-хау);

7) осы Кодексте немесе өзге де заң актiлерiнде көзделген реттерде интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң басқа да нәтижелерi жатады.

Интеллектуалдық меншік құқығы объектілеі ішіндегі қазіргі таңда кездесетін маңызды мәселлер саьақтас құқық болып табылады.

Сабақтас құқықтар - орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлiк және кәбiлдiк хабар тарату ұйымының мүлiктiк құқықтары және орындаушының жеке мүлiктiк емес құқытары.

Сабақтас құқықтың субьектісі болып, тікелей және кабельдік хабарлау ұйымдарының әуенжазба өндірушілері мен орындаушылары болып табылады.

Сабақтас құқықтар қойылымдарға, орындаушылықтарға, фонограммаларға, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдарының хабарларына олардың мақсатына, мазмұны мен сапасына, сондай-ақ жеткiзiлу әдiсi мен нысанына қарамастан қолданылады.

Сабақтас құқықтардың пайда болуы және жүзеге асырылуы үшiн қандай да болсын формальдылықты сақтау талап етiлмейдi. Фонограмма шығарушы және (немесе) орындаушы өз құқықтары туралы хабарлау үшiн фонограмманың әр данасында және (немесе) оның әрбiр қорбындата көрсетiлетiн және үш элементтен тұратын сабақтас құқықтарды қорғау белгiсiн пайдалануға құқылы, олар:

1) қоршауға алынған латынша Р әрпi: Р

2) айрықша сабақтас құқықтар иесiнiң есiмi (атауы);

3) фонограмманың алғаш жарияланған жылы.

Егер өзгеше дәлелденбесе, фонограммада және (немесе) оның қорабында есімі немесе атауы көрсетілген жеке немесе заңды тұлға фонограмма шығарушы болып танылады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (ҚР-ның 2004 жылғы 11 мамырдағы №552-ІІ Заңымен енгізілген өзгертулер мен толықтырулар) – Алматы: ЮРИСТ, 2004. – 309б. 

2. «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 26.07.1999, №456-І 

3. Интеллектуалдық меншік құқықтарын қорғау концепциясын жариялау туралы ҚР Үкіметінің Қаулысы. 26.09.2001. №1249 

4. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10.06.1996, №6-І

5. «Авторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 
Қазақстан Республикасы әділет министрінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі N 146 бұйрығы.

6. Рысбек Тасболатов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті Азаматтық және кәсіпкерлік құқық кафедрасының магистранты. «Заң» Астана: «Арай», 5/2004, 52с. 

7. Гражданское право. Учебник. Часть III / Под ред. А.П.Сергеева, Ю.К.Толстого. - М.: Проспект, 1998. 

8. Гражданское право: Учебник. в 2т./ под ред. Е.А. Суханова, 1993. 
 

 

 

24

 



Информация о работе Интеллектуалдық меншік құқығы