Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 07:19, доклад
Мақсаты: Мектеп бітіруші оқушылардың жекелеген қабілеттері мен мүмкіндіктеріне орай және еңбек нарығындағы сұранысқа сай мамандық таңдау аясында оқушылардың таңдау сүскіндігін қалыптастыру
Кәсіптік бағдар көрсету
Көкшетау 2012 жыл Жоспар:
Мақсаты: Мектеп бітіруші оқушылардың жекелеген қабілеттері мен мүмкіндіктеріне орай және еңбек нарығындағы сұранысқа сай мамандық таңдау аясында оқушылардың таңдау сүскіндігін қалыптастыру. Мектеп бітірген әр түлектің алдында тағы бір маңызды қадам күтіп тұр. Ол – мамандық таңдау. Қазіргі уақытта қаладағы қай ЖОО-ның маңайына көз сүзсең де, ығы-жығы халықты көресің. Дені – жастар. Мамандық таңдау ең күрделі де маңызды іс. Әлемде
мыңдаған кәсіп түрлері бар:
қажетті, қызықты, маңызды. Бүгінгі жастардың дені заңгер, экономист, қала берді, кеденші болуды армандайды. Сондықтан да қазір жоғары оқу орындарын бітіргендердің көбі, яғни 4-тен 3 бөлігі аталмыш мамандық иегерлері екен. Себебі жастар «заңгер болсам, ақшаны күреп табам», «экономист болсам, ен байлықты белшеден кешіп жүрем» деп ойлайды. Тіпті қыруар қаржы төлеп, баласын осы мамандықта оқытатындар да жетіп жатыр. Рас, ол мамандық иелерінің табысы өзгелерге қарағанда қомақты болар, бірақ бәрінің жұмыс тауып, айы оңынан туары екіталай. Аяғында бірі – базар жағалап, баласын асыраса, бірі – тіпті құрылысшы, күзетші болып, күнін күйттейді. Бізде қандай саланың мамандары тапшы? Сарапшы
мамандардың пікірінше бүгінгі
күнде маркетолог, web-дизайнер, химик,
ақпараттық технолог, өнеркәсіп
саласы мамандары жетіспейді. Ал
астрофизик, астроном сынды ғарыш
саласы мамандары мен механик,
картогроф, геодезист Міне,
жастар болашақ мамандық
Мамандық таңдау жолындағы 8 фактор: 1. Отбасы мүшелері арасындағы үлкендердің пікірі. Сенің өміріңнің қалыптасуына тікелей қатысы бар және оған жауапты үлкендер бар. Олар сенің болашақ қай салада қызмет істейтініңе көмек көрсетіп, жөн тсілтеуі мүмкін. 2. Достарың мен құрбы-құрдастарыңның пікірі: Сендердің қазіргі кездегі достық қарым-қатынастарың өте берік жіне ол мамандық таңдауға үлкен әсерін тигізуі мүмкін. 3. Мұғалімдер мен мектеп педагогтарының пікірі: Тәжірибелі педагог сабақ барысында және сабақтан тыс уақытта оқушының белсенділігін, мінез-құлқын бақылай отырып оқушы туралы керекті мәліметтердің барлығын біледі және оқушыға қандай мамандық таңдау керектігіне кеңес бере алады. 4. Жеке кәсіптік жоспарлар, яғни сен ертеңгі күні таңдаған мамандығынды қаншалықты игере алатындығын туралы ойлар. 5. Қабілеттілік. Әр адам әр нәрсеге қабілетті, бір кәсіпті істеу алу мүмкіндігі. 6. Өмір сүріп жатқан қоғамдық ортаның ыңғайына жығылу. 7. Ақпараттандырушылық. Сен өзің таңдайтын мамандық туралы барлық мәліметтер мен ақпараттарды білуің керек. 8. Бейімділік. Бейімділік сүйікті пәндер барысында байқалады жәнен оған бос уақытыңның көп бөлігін жібересің, яғни қызығушылық пайда болады. Мамандық таңдағанда мыналарға назар аудару керек: мәртебелі, жалақы мөлшері қанағаттанарлық, қызықты, жақсы еңбек шарты бар, еңбек нарығында сұранысқа ие болушылық. Мамандық таңдау
барысында жиберілетін
Мамандық таңдауда қандай құпиялар бар екен??? Проблемалық сұрақ: Мамандық таңдауда нені есепке алу керек? Мамандық таңдауда мына факторларды есепке алу керек: «ҚАЛАЙМЫН», «ОРЫНДАЙ АЛАМЫН» және «КЕРЕК». «ҚАЛАЙМЫН» факторы – жеке адамның тілегі, қызығушылығы, бейімділігі. «ОРЫНДАЙ АЛАМЫН» факторы – өзін өзі тану, өзінің жеке мүмкіндіктерін, білім деңгейін, психологиялық ерекшеліктерін тану. «КЕРЕК» факторы – мақсатқа жетудегі қажетті жол, еңбек нарығында кадрлар детіспеушілігі. НӘТИЖЕ: Жоғарыда аталған факторлар адамның мүмкіншілігін, қабілетін анықтауға көмектесіп, мамандық таңдауда өзіндік танымын қалыптастырады. Бейне –слайд (Ш.Ш. Уәлиханов атындағы КМУ). Дұрыс таңдау жаса!!! |