Мемлекеттік кредит

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 09:51, реферат

Описание

Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың (жергілікті атқарушы органдардың) қарамағына елдің заңи және жеке тұлғаларының бос ақша қаражаттары да, сонымен бірге, басқа елдердің (үкіметтердің, қаржы -кредит мекемелерінің) және халықаралық қаржы-кредит институттарының ресурстары да несие капиталы ретінде уақытша пайдалануға жұмылдыру үшін және бюджет тапшылығы проблемаларын шешу үшін тартылуы мүмкін. Оны алудың басты әдісі мемлекеттік кредит болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

Мемлекеттік кредиттің мәні.docx

— 30.75 Кб (Скачать документ)

Мемлекеттік кредиттің қисынды нысаны - бұл елдің орталық эмиссиялық банкісінің қаражаттарын тарту болуы мүмкін. Бұл нысан, тіпті егер мұндай қарыз алу коммерциялық негіздерде, яғни несиелік пайыздың қолданыстағы нормасын ескере отырып жүзеге асырылса да, айналыстағы ақша массасының инфляциялық құнсыздануымен қабаттаса жүреді, бұл экономикаға ақшаның едәуір біржолғы құйылуымен байланысты, ал оны алу (егер бұл болған жағдайда) ұзаққа созылуы мүмкін. Мемлекет бұл нысанға мемлекеттік кредиттің әр түрлі келеңсіз себептерден -дағдарыстық жағдаяттардан, мемлекеттік бағалы қағаздарға сенімнің жоғалуынан, төтенше жағдайлардан туатын басқа нысандарын пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда иек артады.

Үкіметтің, жергілікті органдардың қарамағына ақшалай қаражаттарды тартуға қарама-қарсы мемлекеттің операциялары олар жағынан заңи және жеке тұлғаларға кредиттер беру болып табылады. Кредиттің бұл нысаны мемлекеттік (қазынашылық) несиелер деп аталады және бұл нысан шаруашылық жүргізуші субъектілерге немесе бюджеттік қаражаттар есебінен мемлекеттік билік пен басқару органдарының халыққа қаржылық көмек көрсету жөніндегі ақшалай қатынастарын білдіреді және кәсіпорындарды, ұйымдарды қаржылық қиындықтар немесе дамуға қаражаттардың жеткіліксіздігі кезінде олардың ақшалай ресурстарға кезек күттірмейтін жағдайда қолдауға арналған.

Бюджеттік кодексте мемлекеттік қарыздардың мынадай түрлері мен нысандары қарастырылған:

1. Мемлекеттік қарыздар қарыз алушыға қатысты алғанда: Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздары; Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қарыздары; жергілікті атқарушы органдарының қарыздары болып бөлінеді.

2. Несие капиталының рыноктары бойынша мемлекеттік қарыздар: сыртқы мемлекеттік қарыздар; ішкі мемлекеттік қарыздар болып бөлінеді.

3. Қарыз алу нысаны бойынша мемлекеттік қарыздар: мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару; қарыз келісімшарттарын жасасу болып бөлінеді.

4. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар қолданылу мерзімі бойынша: айналыс мерзімі 1 жылға дейін, қысқа мерзімді; айналыс мерзімі 1 жылдан 5 жылға дейін, орта мерзімді; айналыс мерзімі 5 жылдан артық, ұзақ мерзімді болып бөлінеді.

5. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару мақсаттары бойынша: бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсатында шығарылатын; борыштық құралдардың ішкі рыногын дамытуға жәрдемдесу мақсатында шығарылатын болып бөлінеді.

Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар құжаттамалық және құжаттамалық емес нысандарда, ал ұсынушыға арналып тек құжаттамалық нысанда ғана, атаулы және дисконтталған құны бойынша сыйақының тіркелген және тіркелмеген (құбылмалы) мөлшерлемесімен шығарылуы мүмкін. Мемлекеттік емес қарыз - Үкіметті, Ұлттық банкті және жергілікті атқарушы органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденті- қарыз алушы болатын қарыздық қатынастар.

Мемлекеттік кредиттің әдістері сан алуан және баяндалған нысандарға сай келеді. Мемлекеттік қарыздарда - бұл қаражаттарды тартудың және оларды кейін кайтарудың амалдары, тәсілдері. Олар қарыздарды шығарудың келісімшарттарымен анықталады: табыстылықты анықтаудың және табыс алудың әдістерімен, іс- қимылдың мерзімімен, орналастыру амалдарымен(облигацияларды, боналарды еркін сатып алу және сату, жазылу, мәжбүрлеме орналастыру), өтеу амалымен (облигациялар бойынша ұтыстар, қордаланған пайыздық кірісі бар облигацияларды төлеп сатып алу, мерзімсіз қарыздарда - пайыздық кірісті кезеңдік төлеу). Қарыздардағы әдістерге сондай-ақ мемлекеттік борышты басқару әдістері де жатады.

Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерде мыналар әдістер болып табылады:

дисконттың мөлшері,

кесіп тастау бағасы,

көрсетулі құны бойынша МҚМ- ды өтеу,

өтеу мерзімі,

аукциондарды өткізудің тәртібі (реті).

Мемлекеттік кредиттің нысандары кезінде - мемлекеттік банктердің депозиттік ресурстарының қалдықтарын пайдалану кезінде - мұндай пайдаланудың шарттары істер болып табылады: мемлекеттің қаржылық ресурстары ретінде тартылатын ресурстардың үлесі, қайтару мерзімі, табыстылық нормасы. Елдің орталық эмиссиялық банкісінің қаражаттарын тарту келісімшарттары - әдістері ұқсас болады, бұл әдістер мұндай қарыз алудың инфляциялық ықпалын азайтуы тиіс. Мемлекеттік несиелер нысанындағы әдістер кәдуілгі банк кредитінің әдістеріне ұқсас болып келеді

Информация о работе Мемлекеттік кредит