Мәмілелер, олардың жарамды болуының шарттары, мәмілелердің жарамсыздығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 18:21, реферат

Описание

Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерi мәмiлелер деп танылады.
Мәмiлелер бiржақты және екi немесе көпжақты (шарттар) болуы мүмкiн.
Заңдарға немесе тараптардың келiсiмiне сәйкес жасалуы үшiн бiр тараптың ерiк бiлдiруi қажет және жеткiлiктi болатын мәмiле бiржақты мәмiле деп есептеледi.

Работа состоит из  1 файл

Мәмілелер, олардың жарамды болуының .docx

— 21.06 Кб (Скачать документ)

        

                       Мәмілелер, олардың жарамды болуының

          шарттары,  мәмілелердің жарамсыздығы 

   Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық  құқықтары мен мiндеттерiн белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған  әрекеттерi мәмiлелер деп танылады.

   Мәмiлелер  бiржақты және екi немесе көпжақты (шарттар) болуы мүмкiн.

   Заңдарға  немесе тараптардың келiсiмiне сәйкес жасалуы үшiн бiр тараптың ерiк  бiлдiруi қажет және жеткiлiктi болатын  мәмiле бiржақты мәмiле деп есептеледi.

   Шарт  жасасу үшiн екi тараптың (екiжақты  мәмiле) не үш немесе одан да көп тараптың (көпжақты мәмiле) келiсiлген ерiк бiлдiруi қажет.

   Бiржақты мәмiле мәмiле жасаған адамға мiндеттер  жүктейдi. Ол басқа адамдарға заң  құжаттарында белгiленген не сол адамдармен келiсiм болған реттерде ғана мiндеттер  жүктей алады.

   Бiржақты мәмiлелерге тиiсiнше мiндеттемелер  туралы және шарттар туралы жалпы  ережелер қолданылады, өйткенi бұл заңдарға, мәмiленiң табиғаты мен мәнiне қайшы  келмейдi.

   Егер  тараптар құқықтар мен мiндеттердiң  туындауын басталу-басталмауы белгiсiз  мән-жайға байланысты етiп қойса, мәмiле кейiнге қалдырылатын шартпен  жасалды деп есептеледi.

   Егер  тараптар құқықтар мен мiндеттемелердiң  тоқтатылуын басталу-басталмауы белгiсiз  мән-жайға байланысты етiп қойса, мәмiле кейiн күшi жойылатын шартпен  жасалды деп есептеледi.

   Егер  шарттың басталуы тиiмсiз болатын  тарап шарттың басталуына терiс  пиғылмен кедергi жасаса, шарт басталды деп танылады.

   Егер  шарттың басталуы тиiмдi болатын  тарап шарттың басталуына терiс  пиғылмен ықпал етсе, шарт басталмаған  деп танылады.

   Мәмiлелер  ауызша және жазбаша нысанда жасалады (жай немесе нотариалдық).

   Заңдармен немесе тараптардың келiсiмiмен жазбаша (жай не нотариалдық) немесе өзге белгiлi бiр нысан белгiленбеген мәмiле, атап айтқанда, олар жасалған кезде атқарылатын  мәмiлелердiң бәрi ауызша жасалуы  мүмкiн. Мұндай мәмiле адамның мiнез-құлқынан оның мәмiле жасау еркi айқын көрiнiп  тұрған ретте де жасалған деп саналады.

   Жетон, билет немесе әдеттегiдей қабылданған  өзге де растайтын белгi арқылы расталған  мәмiле, егер заңдарда өзгеше белгiленбесе, ауызша түрде жасалған болып табылады.

   Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде  көзделген реттерде мәмiле жасауға  ерiк бiлдiру деп танылады.

   Жазбаша түрде жасалған шартты орындау үшiн  жасалған мәмiлелер, егер заңдарға қайшы  келмесе, тараптардың келiсiмi бойынша  ауызша жасалуы мүмкiн.

   Мынадай мәмiлелер:

   1) егер мәмiлелердiң жекелеген түрлерi үшiн заңдарда өзгеше арнайы  көзделмесе немесе iскерлiк қызмет  өрiсiнiң әдеттегi құқықтарынан  туындамаса, мәмiлелердi жасау кезiнiң  өзiнде орындалатындарынан басқа,  кәсiпкерлiк қызмет үрдiсiнде жүзеге  асырылатын;

   2) мәмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде  орындалатындарынан басқа, жүз  есептiк көрсеткiш жоғары сомаға;

   3) заңдарда немесе тараптардың  келiсiмiнде көзделген өзге де  реттерде жазбаша түрде жасалуға  тиiс. 

   Егер iскерлiк қызмет өрiсiнiң әдеттегi құқықтарынан өзгеше туындамаса, жазбаша  түрде жасалған мәмiлеге тараптар немесе олардың өкiлдерi қол қоюға тиiс.

   Егер  заңдарға немесе мәмiлеге қатысушылардың бiрiнiң талаптарына қайшы келмесе, мәмiле жасау кезiнде қол қоюдың факсимилелiк көшiрме, электрондық  цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалануға  жол берiледi.

   Екiжақты  мәмiлелер әрқайсысына өзiн жасаған  тараптар қол қойған құжаттарды алмасу арқылы жасалуы мүмкiн.

   Хат, жеделхат, телефонжазба, телетайпжазба, факс, электрондық құжаттар немесе субъектiлердi және олардың ерiк бiлдiруiнiң  мазмұнын айқындайтын өзге де құжаттар алмасу, егер заңдармен немесе тараптардың  келiсiмiмен өзгеше белгiленбесе, жазбаша  түрде жасалған мәмiлеге теңестiрiледi.

   Заңдармен және тараптардың келiсiмiмен қосымша  талаптар белгiленуi мүмкiн, оларға мәмiле нысаны, атап айтқанда, белгiленген нысанды  бланкiге жазу, мөрмен бекiту сәйкес келуге және оларда осы тараптарды орындамау  салдары көзделуге тиiс.

   Егер  азамат дене кемтарлығы, науқастығы немесе сауатсыздығы салдарынан өзi қол қоя  алмаса, оның өтiнiшi бойынша мәмiлеге басқа азамат қол қоя алады. Соңғысының қойған қолын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, нотариат немесе сондай нотариалдық  әрекет жасау құқығы бар басқа  лауазымды адам, мәмiле жасаушының өзi қол қоя алмаған себептердi көрсете  отырып, куәландыруға тиiс.

   Жазбаша түрде жасалған мәмiленi орындаған  тарап екiншi тараптан оның орындалғанын растайтын құжат талап етуге  құқылы.

   Мәмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде орындалатындарынан басқа, ауызша кәсiпкерлiк мәмiленi орындаған  тараптың да осындай құқығы бар.

   Мәмiленiң  жазбаша түрiн сақтамау салдары

   Мәмiленiң  жай жазбаша түрiн сақтамау оның жарамсыз болып қалуына әкелiп  соқтырмайды, бiрақ дау туған жағдайда тараптарды мәмiленiң жасалғанын, мазмұнын немесе орындалуын куәгерлiк айғақтармен  растау құқығынан айырады. Алайда тараптар мәмiленiң жасалғанын, мазмұнын немесе орындалғанын жазбаша немесе өзге, куәгерлiк айғақтардан басқа дәлелдермен растауға құқылы.

   Заң құжаттарында немесе тараптардың келiсiмiнде  тiкелей көрсетiлген реттерде мәмiленiң  жай жазбаша түрiн сақтамау оның жарамсыз болып қалуына әкелiп  соқтырады.

   Сыртқы  экономикалық мәмiленiң жай жазбаша  түрiн сақтамау мәмiленiң жарамсыз болып қалуына әкелiп соқтырады.

   Заң құжаттарында немесе тараптардың келiсiмiмен  белгiленген реттерде жазбаша мәмiлелер  оларды нотариат куәландырғаннан кейiн  ғана жасалды деп саналады. Мұндай талапты сақтамау осы Азаматтық кодекстiң 157-бабының 3-тармағында көзделген салдармен мәмiленiң жарамсыз болып қалуына әкелiп соқтырады.

   Егер  нотариаттың куәландыруын талап  ететiн мәмiленi тараптар немесе тараптардың  бiрi iс жүзiнде орындаған болса, ол өзiнiң мазмұны жағынан заңдарға қайшы келмесе және үшiншi жақтардың  құқықтарын бұзбаса, сот мүдделi тараптың арызы бойынша мәмiленi жарамды  деп тануға құқылы. Бұл ретте мәмiленi кейiннен нотариаттың куәландыруы  талап етiлмейдi.

   Егер  заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге тиіс мәмілелер тіркелгеннен кейін жасалған болып есептеледі.

   Тіркеуден бас тарту жазбаша түрде ресімделуге тиіс және заңнама талаптарының бұзылуына сілтеме жасалғанда ғана мүмкін болады.

   Егер  тараптардың бірі мәміле бойынша  құқықтарды мемлекеттік тіркеуден  жалтарса, сот екінші тараптың талап  етуімен мәміле бойынша құқықтарды тіркеу туралы шешім шығаруға құқылы. Мұндай жағдайда құқықтар сот шешіміне сәйкес тіркеледі.

   Биржалық  мәмiлелер - нысаны биржадағы айналысқа  жiберiлген мүлiк болып табылатын  және тиiстi биржалар (тауар, қор және басқа) туралы Қазақстан Республикасының  заңдары мен биржалық сауда ережелерiне сәйкес онымен сауда-саттық жүргiзуге қатысатындармен жасалатын мәмiлелер.

   Биржалық  мәмiлелер осы мәмiлелердiң жасалғандығын  растау үшiн биржа беретiн құжаттармен  ресiмделедi.

   Егер  заңдардан, тараптардың келiсiмiнен  немесе мәмiленiң мәнiнен өзге жағдайлар  туындамаса, биржалық мәмiлелерге олардың  мазмұнына қарай тиiстi шарт (сатып  алу-сату, комиссиялар және басқалар) туралы ережелер қолданылады.

   Заңдарда  немесе биржалық сауда ережелерiнде  тараптардың коммерциялық құпиясы  болып табылатын және олардың  келiсiмiнсiз жария етуге жатпайтын  биржалық мәмiлелердiң ережелерi көзделуi мүмкiн.

   Биржалық  мәмiлелер жасасуға байланысты даулар тиiстi биржа жанындағы биржа төрелiгiнде  қаралады, оның шешiмiне сотта дау  айтылуы мүмкiн.

   Мәмiленiң нысанына, мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың ерiк бiлдiру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған жағдайда мүдделi адамдардың, тиiстi мемлекеттiк  органның не прокурордың талабы бойынша  мәмiле жарамсыз деп танылуы мүмкiн.

   Мәмiле жарамсыздығының негiздемелерi, сондай-ақ оны жарамсыз деп тануды талап  етуге құқығы бар адамдардың тiзбесi осы Кодексте не өзге де заң құжаттарында белгiленедi.

   Мәмiле жарамсыз деп танылған жағдайда тараптардың  әрқайсысы екiншi тарапқа мәмiле бойынша  алынғанның бәрiн қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкiн болмаған жағдайда құнын ақшалай өтеуге мiндеттi.

   Егер  мәмiле қылмыстық мақсатқа жетуге бағытталып, екi тарапта да жымысқы ниет болған жағдайда олардың мәмiле бойынша  алғандарының немесе алуға тиiстi болғандарының  бәрi соттың шешiмi немесе үкiмi бойынша  тәркiленуге тиiс. Мұндай мәмiленi бiр  тарап орындаған ретте, екiншi тараптан алғандарының бәрi және одан мәмiле бойынша  бiрiншi тарапқа тиесiлiнiң бәрi тәркiленуге тиiс. Егер тараптардың ешқайсысы  да орындауға кiрiспеген болса, мәмiледе орындалуы көзделгеннiң бәрi тәркiленуге тиiс.

   Қылмыстық мақсатқа жету жөнiндегi жымысқы ниет тараптардың бiрiнде ғана болған жағдайда оның мәмiле бойынша алғандарының бәрi екiншi тарапқа қайтарылуы тиiс, ал соңғысының алғаны не оған мәмiле бойынша  тиесiлiсi тәркiленуге тиiс.

   Нақты мән-жайларды ескере отырып, сот  жарамсыз мәмiле бойынша алынған, не алынуға  тиiс мүлiктi тәркiлеуге қатысты  бөлiгiнде iшiнара не толық қолданбауға  құқылы. 

   Сот мәмiленiң жарамсыз болуын туғызған әрекеттердi жасауға кiнәлi тараптан мәмiленi жарамсыз деп тануға байланысты екiншi тараптың залалын оның пайдасына өндiрiп беруi мүмкiн.

   Жарамсыз  мәмiле заңдық салдарға әкелiп соқтырмайды, бұған мәмiленiң жарамсыздығына байланысты және ол жасалған кезден бастап жарамсыз мәмiлелер кiрмейдi.

   Мәмiленi жарамсыз деп тани отырып, сот нақты  мән-жайларды ескеру арқылы оның одан әрi орындалуына тыйым салумен  шектелуге құқылы. 

   Мазмұны заң талаптарына сәйкес келмейтiн, сондай-ақ құқықтық тәртiп негiздерiне немесе адамгершiлiкке көрiнеу қайшы  келетiн мақсатпен жасалған мәмiле жарамсыз болады.

   Заң талаптарын, заңды тұлғаның жарғысын не оның органдарының құзыретiн бұзатын  мәмiленi қасақана жасасқан адамның, егер мұндай талап пайдакүнемдiк себептерден  немесе жауапкершiлiктен жалтару ниетiнен туындаса, мәмiленi жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы жоқ.

   Егер  мәмiлеге қатысушылардың бiрi оны мiндеттемесiн  орындаудан немесе үшiншi жақ не мемлекет алдындағы жауапкершiлiктен жалтару  ниетiмен жасалған ретте, ал мәмiленiң  басқа қатысушысы бұл ниет туралы бiлген болса немесе бiлуге тиiс болса, мүдделi жақ (мемлекет) мәмiленi жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы.

   Қажеттi лицензия алмай, не лицензияның қолданылу  күшiнiң мерзiмi бiткеннен кейiн  жасалған мәмiле жарамсыз болады.

   Терiс  пиғылды бәсеке мақсатын көздейтiн  немесе iскерлiк әдеп талаптарын бұзатын  мәмiле жарамсыз болады.

   Азаматтық Кодекстiң 23-бабында көзделген мәмiлелердi қоспағанда, он төрт жасқа толмаған адам жасаған мәмiле жарамсыз болады.

   Он  төрт жасқа толған кәмелетке толмаған баланың ата-анасының (асырап алушыларының) немесе қамқоршыларының келiсiмiнсiз  жасаған мәмiлесiн, заң бойынша  оның өзi дербес жасауға құқығы бар  мәмiлелердi қоспағанда, сот ата-анасының (асырап алушыларының) немесе қамқоршысының  талабы бойынша жарамсыз деп тануы  мүмкiн.

   Есуастық  немесе ақыл-есi кем болуы салдарынан әрекет қабiлеттiгi жоқ деп танылған адам жасасқан мәмiле жарамсыз болады. Кейiннен әрекет қабiлеттiгi жоқ деп  танылған азамат жасасқан мәмiле (осы  Кодекстiң 26-бабы), егер мәмiленi жасау кезiнiң өзiнде-ақ бұл азаматтың психикалық шатасу жағдайында болғаны дәлелденсе, оның қорғаншысының талабы бойынша сот мәмiленi жарамсыз деп тануы мүмкiн.

   Сот әрекет қабiлеттiлiгiн шектеген адам жасасқан мәмiленi сот оның қамқоршысының  талап етуi бойынша жарамсыз деп  тануы мүмкiн.

Информация о работе Мәмілелер, олардың жарамды болуының шарттары, мәмілелердің жарамсыздығы